Кішкене балаларды белсенді, олар үшін қызықты, қызмет арқылы оқыту мүмкіндігі – дидактикалық ойындардың айқын ерекшелігі. Бірақ, ойыншылардың жүре біткен білімі мен машықтары, олар үшін қызметтің қосалқы өнімі болып табылады, өйткені негізгі мүдде оқыту мақсаты емес (сабақ кезінде болатындай), мектепке дейінгі ерте және орта жастағы балалар үшін - ойын әрекеттері, және мектепке дейінгі үлкен жастағы балалар үшін - ойын мақсатының шешілуі деп көрсетіледі.
Дидактикалық ойындардың халықтық Тамырлары
Дидактикалық ойындар көп ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатыр. Олардың бірінші жасаушылары халық болған, жас
413
балалардың таңқаларлық ерекшелігін байқаған – ойындар мен ойыншықтар көмегімен, ойын кезінде оқытуға зеректігін. Адамзаттың бүкіл тарихында әр елдің өзінің дидактикалық ойындары құралған, өзіне тән дидактикалық ойыншықтар жасалған, олар сол ұлт мәдениетінің бөлшегі болған. Дидактикалық ойындар мен ойыншықтардың мазмұнында сол халықтың ұлттық мінез-құлықының, табиғатының, тарихының, еңбегінің, тұрмысының ерекшеліктері көрінеді. Бірақ барлық дидактикалық ойындар мен ойыншықтарға тән, олардың жер шарының қай түкпірінен шыққанына байланыссыз кейбір ортақ ұқсастығы бар. Оларда барлық ұлттардың көзқарасында бала деген өзінің толық жетілуі үшін қоршаған әлемді тануда, қуанышты көңілкүйге, айналадағы өзіне жақын адамдармен эмоционалды ашық боялған қатынасқа, белсенді қозғалысқа, өзін ашатын, көрсете алатын қозғалысқа мұқтаж жан иесі деп қалыптасқан. Ұлттық дидактикалық ойындарды баланың күшіне, мүмкіндіктеріне, даму тенденцияларына гумандық түрде, құрметтей, ұқыпты қараған деп толық негізбен айтуға болады.
Ұлттық дидактикалық ойындар баланың жасына байланысты психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп тәрбиелік және оқыту әсерлерінің өзара байланысын қамтамасыз етеді. Халық
дидактикалық ойындары баланың жасына сай психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелік және оқыту әсерлерінің өзара байланысын қамтамасыз етеді. Халық дидактикалық ойындарына нақ айқындалған ойын, бейнелілік, динамикалық ойын әрекеттері формасындағы эмоционалды-танымдық мазмұн тән. Ойынның мазмұны оқиғалық, яғни балаға белгілі бір эмоционалдық әсер беретін, оның әлеуметтік тәжірибесін молайтатын оқиға немесе жағдайды көрсетеді.
Келесі дидактикалық ойындар орыс халық педагогикасының классикасына айналған: «Сорока-белобока», «Гули-гули», «Ладушки», «Прыгунки», «Фанты», «Барыня», «Краски» және
414
т.б. Сөйлеу мәнерін, ерік күш-жігерін, зейінін, туралықты, қозғалыс үйлесімділігін дамытатын, түсі, пішіні, көлемі, заттардың кеңістікте орналасуы (бирюлькалар, жиналғыш бочоктар, жұмыртқалар, әртүрлі өлшемдегі түрлі түсті конустар, матрешкалар, пирамидалар, мұнаралар) туралы түсінікті қалыптастыратын халықтың дидактикалық ойыншықтары ұрпақтан ұрпаққа берілуде. Дидактикалық ойыншықтардың мазмұны мен құрылымында орыс халық педагогикасына сәйкес келетін ұлттық сипаттағы маңызды ерекшелігі ретінде балалардың өз дербестігін тәрбиелеу туралы түсінік орын алды.көптеген ойыншықтарда ойын іс-қимылдары, олардың қайталануы, мақсаттың дұрыс шешімін табу, сәтті нәтижеге жету арқылы баланың өзіндік оқыту мүмкіндігі берілген. Ойын іс-әрекеттерінің тәсілін көбінесе халық дидактикалық ойыншығының конструкциясының өзі ойға салады, бұл ойын кезінде дербестікке тәрбиелеу мақсатына жауап береді.
Орыс ұлттық педагогикасында әр түрлі жастағы балаларға арналған дидактикалық ойындар мен ойыншықтар бар: ерте жастан мектеп жасына дейін.
Олар бала өміріне өте ерте кезден - бір жасынан ене бастайды. Анасы 7 - 9 айлық баласыныі назарын айналасындағы заттарға аударып, алғашқы ойын әрекеттеріне үйретеді. Мысалы, «Сорока-белобоканы» тыңдай отырып бала қолының саусақтарын қозғалтып, қолдарын басына қойып «Шу,шу! Басыма қонды!» деген сөздерге еліктейді. Ал 2 жастағы бала аттарын атау ойынына қуана–қуана қосыла отырып, сөйлеуді
үйренеді, диалогқа қатысады, тәртіп нормалары туралы алғашқы түсініктер алады. Естушілердің қайталау тілегін тудыратын қарапайым рифмалық тексттер оңай ойын әрекеттерін ынталандырады, баланың көңілді көңіл-күйін қалыптастырады, қоршаған ортаны тану белсенділігін арттырады.
Үлкенірек жастағы балаларға орыс халық педагогикасы, баланың белсенділігін, жылдамдағын, бастамашылдығын,
415
тапқырлығын дамытуға бағытталған дидкатикалық ойындарды ұсынады. Бұл ойындар ақыл-ой, қиял жұмысы үшін мол азық болып табылады және мектепке дейнгі жастағы балалардың қимылдау, құрдастарымен қарым-қатынаста болу қажеттілігін қамтамасыз етеді. Ойдан шығарылған нәрселер, әзіл-оспақтар, оптимисттік сипат - орыс халық ойындарының негізгі ерекшеліктері болып табылады. Олар баланы қиындықты жеңуге, жеңіске қуануға, сәтсіздікті ерлікпен жеңуге үйретеді. Әрбір халық ойынында тәрбилеу-оқыту мақсаттарының кешені шешіледі. Мысалға, «Барыня» ойынында тыйым салатын ережелер көп кездеседі («ия» ,»жоқ» деуге, күлуге, күлімсіреуге, ақ пен қараны таңдауға болмайды). Бұл жағдай баланы шыдамдылыққа, сезімін ақылға бағындыруға, есте сақтау қабілетін жетілдіруге, ойлау икемділігіне үйретеді.
Уақыт өткен сайын халық ойындары балалардың өздері
енгізген өзгерістерге ұшырайды (мазмұнын жаңарту, ережелерді күрделендіру, басқа ойын материалдарын қолданау). Ойын нұсқаларын педагог-практиктер әзірлейді. Халық ойындарына енгізілген идеяларға сүйене отырып ғалымдар жаңа дидактикалық ойындарды ойлап табады, осындай ойындардың бүтін бір жүйелерін ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |