139
жиі кездесетін бейнелеу тәсілдерінің бірі. Ж.Әбдіраштың «Көше
тәр-тібі» өлеңінде осы тәсілді көреміз:
Мінетін жерің – мына ара,
Түсетін жерің – мына ара,
Тоқтайтын жерің – мына ара,
Соқпайтын жерің – мына ара,
Өтетін жерің – мына ара,
Жететін жерің?...
Сұрама!
Прозалық шығармаларда да сөздерді қайталау ойға эмо-
циялық ажар, әуезділік сипат береді. Ол мәтінге ырғақ, ерекше
экспрессивтік бояу дарытады. О.Бөкеев
шығармаларындағы
қайталау - поэтикалық тілдің элементі. О.Бөкеев туындыларында
жекелеген сөздерді, сөз тіркестерін әр кезеңде қайталап отыру
табиғат
суретіне айрықша реңк дарытып, оның саздылығын,
әсерлілігін күшейтеді. Жазушының баяндау мәнерін ерекше-
лендіретін синтаксистік тәсілдің бірі экспрессивтік даралау қыз-
метіндегі қайталаулар болып табылады. Мысалы,
қаламгер
«Мезгіл әуендері» суреттемесінде көктем мезгілін: «Ұйқылы-ояу
табиғат дүр сілкінді де, жылдар бойы қаңсып,
табанын тас
отарлаған жасыл жағалаулы көне арнамен, алтын ағысты, асығыс
ағысты, сұрапыл шуымен сел ақты; ол
көктемгі тасқын;
ұмытылған қаңсық арнаға оқыс құлаған, бір кезде қағажу көрген
судың байып, өз еркі, өз ырқы өзіне тиген соң, құлындай
құлдыраған әрі бақытты, әрі шаттықты, уа, қайғылы сұңғыла са-
пары - оң сапары еді; бұлақты адасып барып, алжасып барып ар-
насын тапқан тасқынның Толқыны, салтанатты Толқыны, шыр-
қап салған ғажап даусы жарып барады... е, ақсарбас... е, ақсарбас
-
жылайды Толқын,
шулайды Толқын, тулайды Толқын; бұл -
ғайыптан емес, табиғаттан пайда болған, жаһан құрсағын тепсіне
шығып, еңіреп келген айналайын
алапат тасқынның кеуделі де
кесірлі Толқыны!» - деп суреттейді.
«Толқын» сөзінің жиі қайталануы автор толғанысына эмо-
циялық әр қосып, ерекше ырғақ, көтеріңкі леп берген.
Мұндай
тәсіл автордың табиғат тамашасына бас ию, табыну көңіл-күйін
күшейтеді. Бөкеевте лексикалық қайталаулар анағұрлым күрделі
тәсіл синтаксистік қайталаудың бір компоненті түрінде көрінеді.
140
Жиі кайталанып, тұрақты түрде кездесетін сөздер шығарманың
негізгі ойын ашуға септеседі.
4.
Достарыңызбен бөлісу: