С. Н. Саденова А. Ж. Мукантаева


-nақырып. Баға белгілеудің теориялық негіздері



бет2/9
Дата04.07.2016
өлшемі0.88 Mb.
#177584
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1-nақырып. Баға белгілеудің теориялық негіздері


«Баға белгілеу» курсының пәні. Баға нарық категориясы ретінде. Баға белгілеудің әдістемесінің ғылыми негіздемесі. Құн заңы – тауар өндірісінің объективті экономикалық заңы.

Бағаның функциялары: есесптік, ынталандырушы, бөлуші, реттеуші. Баға белгілеудің мақсаттары: өмір сүруді қамтамасыз ету, пайданы максимизациялау, нарық бөлігін жаулап алу, өткізімді қамтамасыз ету.

Баға белгілеу принциптері: сұраныс пен ұсыныс заңдарының талаптарын сақтау, ішкі және әлемдік бағалардың ара байланысы, ауылшаруашылығы және басқа да салалар арасындағы бағалық пааритетті сақтау.

Бос, монополисттік бәсекелестіктегі, олигополия мен монополия нарығындағы баға белгілеу ерекшеліктері.

Баға белгілеу үрдісі: әдістемесі, маңызы. Нарықтық баға белгілеу шарттарындағы кәсіпорын: баға белгілеу бойынша жұмысты ұйымдастыру мен реттеу.
2-тақырып. Баға жүйесі және оның классификациясы

Баға жүйесінің түсінігі. Баға жүйесінің құрылымы: көтерме бағалары, құрылыс өнімдерінің бағалары, сатып алу бағалары, бөлшектік бағалар, көлік пен байланыс тарифтері. Бағаның әртүрлі блоктарының арасындағы арабайланысы мен арақатынасы. Бағаның классификациясы, олардың критерилері және қасиеттері. Бағаның құрылымдық элементтері. Тауар қозғалысы кезеңдеріне қатысты баға құрылымы: кәсіпорынның көтерме бағасы, өнеркәсіптің көтерме бағасы, бөлшектік баға. Есептік, басылым бағалары. Трансферттік баға. Сату-сатып алу (фактурлық баға) бағалары, катты және жылжымалы баға.


3-тақырып. Баға деңгейіне әсер ететін факторы

Бағаға әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды талдау: шығындар, тұтынушылар, бәсекелестер, өтім каналының қатысушылары, мемлекет. Бағаны негіздеу кезінде шығындардың ролі. Өнімнің өздік құны – бағаның алғашқы негізі. Шекті шығындарды талдау – баға белгілеу стратегиясын жасап шығаруға және негіздеуге қажетті шарт. Баға мен тұтынушының сатып алынған заттарының арасындағы байланыс. Баға туралы шешім қабылдау кезінде икемділіктің ролі. Бағалық және бағалық емес бәсекелестік. Бағаларды мемлекеттік реттеу.


4-тақырып. Баға белгілеу әдістері

Тауарға алғашқы баға белгілеудің есептеу әдісі. Толық және тура шығындар негізінде баға белгілеу. Мақсаттық пайданы қамтамасыз ету әдістері. Параметрлік әдістер. Бәсекелестікке бағытталған әдістер: көшбасшы артынан еру әдістері, тендерлік әдіс. Әр әдістің артықшылықтары мен кемшіліктері, қолдану шарттары.


5-тақырып. Баға саясаты және баға стратегиясын таңдау

Фирманың мақсаттары және олардың баға белгілеу саясатындағы көрінісі. Баға саясаты және фирманың бағалық стратегиясы. Баға белгілеудің жасалған стратегиясына қатысты бағалық саясатты әзірлеу. Бағалық стратегияны әзірлеу кезеңдері: алғашқы ақпаратты жинақтау, стратегиялық талдау, стратегияның құрылуы. Қазіргі заманғы бағалық стратегиялардың түрлері және оларды жүзеге асырудың нәтижелері.


6-тақырып. Баға белгілеу тактикасы

Бағалардың ынтамен өзгеруі. Жеңілдіктер жүйесін қолдану. Жеңілдіктер түрлері: төлемдер үшін қолма-қол, мерзімдік, бонустық, арнайы. Сатып алудың үлкен көлеміне жеңілдіктер: некумулятивтік және кумулятивтік жеңілдктер. Баға белгілеудегі тәуекел. Инфляция шарттарында баға белгілеу. Баға стратегиясының негізденген кезіндегі инфляциялық тосуды бағалаудың ролі. Инфляцияны сипаттайтын көрсеткіштер. Баға жағдайы туралы сыртқы мәлімет. Бағаны келісіп дайындау.


7-тақырып. Маңызды салалық кешендердің өніміне баға белгілеудің ерекшеліктері

Өндірістік – техникалық бағыттағы өнімнің нарығының ерекшеліктері. Өндірістік – техникалық бағыттағы өнімге баға белгілеудің негізгі мәселелері. Өндірістік-техникалық бағыттағы өнімге бағаны құру. Жанармай -энергетикалық, металлургиялық, машинажасау, көлік кешенінде баға белгілеу. Құрылыс өніміне баға белгілеудің ерекшеліктері. Сметалық нормативтер жүйесі. Сметалық құжаттардың құрылымы. Бағаны құрылыс-монтаждық жұмыстарға белгілеу.

Агроөнеркәсіптік кешен жүйесінде баға белгілеуа: баға жүйесі, бос сатып алу бағалары.

Тауарлар мен қызметтерге бөлшектік бағалар. Баға белгілеу позициясымен тұтынушы тауарларының құрылымы. Тұтыну тауары мен қызметіне баға белгілеудің спецификалық тәсілдері. Тұтыну тауары мен қызметіне баға белгілеу.


8-тақырып. Дүниежүзілік бағалар және оларды құрудың механизмі

Дүниежүзілік бағалардың негізгі түрлері. Дүниежүзілік бағалар туралы ақпарат көздері және оларды қолдану ережелері.

Дүниежүзілік бағаларды құрудың негіз құрушы факторлары: өндіріс шығындары және айналымдар, сұраныс пен ұсыныс арсындағы қатынас және олардың баға белгілеудегі реттеуші ролі. Дүниежүзілік бағалардың құрылуына және қозғалысына әсер ететін басқа факторлар: инфляция, саяси өзгерістер, спекуляция, валюталық курс.

Халықаралық келісім-шарттардың бағалары. Ұлттық нарықтардың ішкі бағаларының дүниежүзілік бағалармен арақатынасы. Дүниежүзілік және ұлттық бағалардың деңгейлерінің сәйкес келмеуі.


9-тақырып. Сыртқы сауда бағалары

Сыртқы сауда бағаларын құрудың негізгі принциптері. Экспорттық және импорттық тауарларға ұлттық және сыртқы сауда бағаларының жүйесі. Экспорттаушы және импорттаушы тауарларға бағаларды құру ережелері. Сыртқы сауда бағалары және олардың бағаға көліктік және жеткізу бойынша басқа да шығындарға қатысты классификациялау. Экспорттық және импорттық тауарларға ішкі бағалар, оларды құрудың принциптері мен әдістері. Баға белгілеудің және өнеркәсібі дамыған елдерде бағаны реттеудің тәжірибесі.


Тәжірибелік сабақтарының тізімі

1-тақырып. Баға белгілеудің теориялық негіздері


Сабақтың мақсаты:

  • баға маңызы туралы студенттердің жалпы түсінігін құрастыру;

  • аналитикалық ойлау дағдыларын жаттықтыру;

  • баға маңызын талқылау кезінде жаңа ақпаратты қабылдау және аргументацияны ұсыну дағдыларын дамыту;

  • коллективпен жұмыс жасау дағдыларын игеру.

Оқыту әдістемесі: командада жұмыс жасау, студенттің жеке жұмысы
2-тақырып. Бағалар жүйесі және олардың классификациясы

Практикум: көтерме және бөлшектік бағаны анықтау. Баға құрылымын анықтау.

Сабақтың мақсаты: көтерме, жіберу, бөлшектік және көтерме-жіберу бағаларын есептеу әдістемесін игеру.

Әдістері: жеке жұмыс


3-тақырып. Баға деңгейіне әсер ететін факторлар

Практикум: «Бағаға сұраныстың және сұраныс икемділігінің әсер етуін анықтау. Баға белгілеудегі шығындардың ролі.»

Сабақтың мақсаты:

- өздік құнды құру бойынша теориялық білімдерді бекітіп, тәжірибелік дағдыларды алу;

- кәсіпорын шығындарының құрылымын зерттеу;

- ҚР баға белгілеуді ұйымдастыруды және бағаны мемлекеттік реттеуді қайта қарастыру.

Әдістері: жеке жұмыс, топта нәтижелерін талқылау.
4тақырып. Баға белгілеу әдістері

Практикум: «Толық және тура шығындар негізінде бағаларды есептеу. Мақсаттық пайданы қамтамасыз ету негізінде бағаларды есептеу. Бастапқы бағаны анықтаудың параметрлік әдістері».

Мақсаты: шығындарды құру облысында шешімдерді қабылдау бойынша, баға белгілеу әдісін таңдау бойынша және шекті бағаны белгілеу бойынша дағдыларды алу; салықтың әртүрлі түрлерін есептеудің (және мұнда студент өзі ҚР салық негізін оқиды) және қорытынды қаржылық нәтижені құрудың тәжірибелік дағдыларын алу.

Әдістері: жеке жұмыс, топта нәтижелерді талқылау.


5-тақырып. Баға саясаты және баға стратегиясын таңдау

Мақсаты: алғашқы ақпаратты талдауды,сытқы айналаның және ішкі ортаның факторын анықтауды, және стратегиялық талдаудың нәтижелерінің негізінде кәсіпорынның бағалық стратегиясын әзірлеуді үйрету.

Әдістері: топта жұмыс жасау, интерактивтік бақылау

6-тақырып. Баға белгілеу тактикасы

Практикум: «Инфляция шарттарында бағаларды есептеу. Жылжымалы бағаны анықтау. Бағаны құруда жеңілдіктер мөлшерін анықтау»

Мақсаты: теориялық материалды бекіту және инфляция шарттарында бағаны есептеудің тәжірибелік дағдыларын алу, жылжымалы бағаны анықтау, бағаны құруда жеңілдіктердің мөлшерін анықтау.

Әдістері: жеке жұмыс, интерактивтік талқылау.


7-тақырып. Маңызды салалық кешендердің өніміне баға белгілеудің ерекшеліктері

Мақсаты: жанармай-энергетикалық, металлургиялық, машинажасау, көлік, агроөнеркәсіптік кешендерде баға белгілеудің ерекшеліктерін қарастыру және талдау. Құрылыс өнімдеріне баға белгілеу ерекшеліктері. Тұтынушылық тауарлар мен қызметтерге баға құрудың ерекше құбылыстар.

Әдістері: дайындалған баяндама мен рефераттарды топта талқылау
8-тақырып. Дүниежүзілік бағалар және оларды құрылу механизмі

Мақсаты: теориялық материалды бекіту және дүниежүзілік бағалар туралы ақпартты талдау дағдыларын алу.

Әдістері: топта жұмыс жасау, баяндаманы талқылау.
9-тақырып. Сыртқы сауда бағалары

Практикум: «Экспорттаушы және импорттаушы өнімге мүмкін бағаны есептеу».

Мақсаты: Экспорттаушы және импорттаушы өнімге баға белгілеу ерекшеліктерін игеру.

Әдістері: топта жұмыс жасау, интерактивтік талқылау


Студенттердің өзіндік жұмыстары түрлерінің тізімі
Тақырыптық жоспарға және бақылау шараларының календарлық кестесіне сәйкес пәнді игеру барысында, Сіз төмендегі аудиториядан тыс жұмысты орындауларыңыз керек:

- дәріс сабақтарына дайындалу;

- тәжірибелік сабақтарға дайындалу;

- міндетті, бірақ дәріс материалына енбеген курс тақырыптарының қысқаша клнспектісін жазу;

- бақылау шараларына дайындалу.
Өзіндік оқуға арналған тақырыптар




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет