С. В. Самаркин Жыл сайынғы қайта бекіту туралы мәлімет


II бөлім. Шетелдегі қазақ ұлт зиялылары мен көрнекті өкілдері



бет5/11
Дата24.04.2016
өлшемі0.98 Mb.
#78738
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

II бөлім.

Шетелдегі қазақ ұлт зиялылары мен көрнекті өкілдері
Бөлімнің мақсаты – ХІХ ғасырдың аяғынан бүгінге дейінгі шетелдегі қазақ арасынан шыққан, сондай-ақ эмиграцияда жүріп, ел тағдырына жанашыр болған ұлт зиялылары мен көрнекті өкілдердің өмірі және шығармашылығымен таныс болу.
8 тақырып. Ақыт қажы Үлімжіұлы
Тақырып Алтайдағы қазақ ұлт зиялыларының ұстазы болған Ақыт қажының өмірі мен шығармашылығы, діни тұрғыдағы өсиет өлеңдері, нақыл сөздері, Қазанда басылған кітаптары (8 кітаптың авторы), Шыңжан мен Қобдадағы мешіт-медреселерді салуға қосқан үлесі, діни сауат ашу және ұстаздық қызметі, Алтай, Қобда бетіндегі діни сауатты ізбасарлары (Күдері, Жәлел, Дөңтай, Тілеуберді, Қылыш молдалар) жайында қаралады.
Әдебиеттер:

  1. Қазақ диаспорасы: кешегісі, бүгіні, ертеңі. Ғылыми конференция материалдары.

Семей – Баян-Өлгей. 2009.

  1. Қиянатұлы З. Жылаған жылдар шежіресі. Алматы, 1995.

  2. Сарай А. Революциядан бұрынғы Моңғолия қазақтары. Өлгий-1992. 36-бетте.

  3. Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы. Материалдар жинағы. Алматы,

2007.

  1. А.Сарай - Революциядан бұрынғы қазақ халқы. Баян-Өлгий, 1991, 4 б.



9 тақырып. Халифа Алтай. Ислам Қабышұлы.
Бірінші сұрақ Қазақстан Діни басқармасының құрметті өкілі Х.Алтайдың өмірі мен қызметі, шетелдегі қазақ диаспорасы жөнінде қалдырған еңбектері, пікірлері, діни ұстаздығы, теолог-ғалым ретінде құранды алғаш қазақшаға аударғандығы, ұлт, дін жайындағы ғылыми еңбектері, қажылық сапары жайында қаралады.

Екінші сұрақта И.Қабышұлының “Моңғолия қазақтарының тарихы” монографиясы, қазақ халқының Қобда бетіне қоныстану тарихының кезендері, Баян-Өлгей қазақтарының мәдениеті, тұрмысы, өнері, шаруашылығы жөнінде жазған ғылыми еңбегі (Баян-Өлгей, 1960), «Құпия шежіре», «Алтын дәптерді» қазақ тіліне аударып, деректердегі қазақ халқының қалыптасуына кейбір келтірілген мәліметтерге көзқарасы талданады.
Әдебиеттер:

  1. Халифа Алтай. Алтайдан ауған ел. А., 2005.

  2. Қиянатұлы З. Жылаған жылдар шежіресі. Алматы, 1995.

  3. Ислам Қабышұлы. Моңғолия қазақтарының тарихы. Баян-Өлгей. 1980, 18 б.

  4. Жеменей И. Иран қазақтары. Алматы, 2007.


10 тақырып. Махмет Құлмұхамед. Нығмет Мыңжан.
Бірінші сұрақ көрнекті ғалым Махмет Құлмұхамед жайында.

Екінші сұрақта Н.Мыңжанның “Қазақтың қысқаша тарихы” ғылыми еңбегі, қазақ тарихына қатысты қытай мұрағат деректерін пайдалану арқылы жаңа бетбұрыс жасауы, бұрынғы отаршылдық идеяға басқаша бетбұрыс жасау арқылы, қазақ тарихының өткені мен бүгініне жаңа пікір қалыптастырундағы еңбегі талданады.
Әдебиеттер:

  1. Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. А., 1993.

  2. Оралтай Х. Елім-айлап өткен өмір. Алматы, 2005, 67-б.

  3. Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы. Материалдар жинағы. Алматы,

  4. 2007.



5. Оқытушы басшылығымен игеретін студенттің оқу жұмысы
1 тақырып. Қазақ халқының Шығыс Түркістанға қоныстануы.
Тапсырма:

  1. Ақтабан шұбырынды заманында Шыңжан бетіне өткен қазақ ауылдары.

2. ХІХ ғ. ортасындағы отарлау саясаты салдарынан қазақтың Шығыс Түркістанға өтуі.

3. “Петербор келісімі” немесе орыс-қытай шекарасы бөлінуден кейінгі Шыңжанды тұрақтап қалған қазақтың өмірі.



ОБСОЖ түрі: Лекция материалдарын негізге ала отырып, жазба жұмысына кеңес алу.
әдістемелік нұсқау:

- Алтай, Тарбағатай, Ереңқабырғадағы қазақтың көшіп барған алғашқы жылдарындағы Қытай үкіметі тарапынан жасалған шаралар;

- Тайпиндер көтерілісі (Ұйғырлар қозғалысы);

- Қытайдың толқушыларға қолданған жазалау шаралары, оның қазақ халқына тигізген зардабы;

- Шекарадағы қақтығыстар;

- 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс кезінде Жетісудан Шыңжанға өтіп кеткен қазақтың Қытай өкіметіне қарау туралы шешімі;

- XX ғ. 20 – 30 жылдарындағы саяси өмір;

- Алтайдағы қазақтардың үдере көшуі, оларды қайтару туралы Қытайдың жауыз әрекеті;

- Үндіқытайдағы (Гималай тауындағы) қазақ көші мен қытай жендеттері арасындағы қақтығыстар.
Ұсынылған әдебиеттер:


  1. Қазақ диаспорасы: кешегісі, бүгіні, ертеңі. Ғылыми конференция материалдары.

Семей – Баян-Өлгей. 2009.

  1. Оралтай Х. Елім-айлап өткен өмір. Алматы, 2005, 67-б.

  2. Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы. Материалдар жинағы. Алматы,

2007.

  1. Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. А., 1993.

  2. А.Сарай - Революциядан бұрынғы қазақ халқы. Баян-Өлгий, 1991, 4 б.


2 тақырып. Өзбекстан, Түркімен, Қырғыз, Тәжікстандағы қазақтың тарихы.
Тапсырма:

1. ХХ ғ. басындағы қазақтың ахуалы.

2. Мәдениеті.
ОБСОЖ түрі: Қазақстанмен шектес жатқан елдердегі қазақ ирредентінің шекара бөлінген кездегі қалып қоюы, кеңес үкіметі тұсындағы олардың этномәдени өміріндегі өзгерістерді карта жасау арқылы көрсету.
әдістемелік нұсқау:

- бұрынғы Қоқан, Хиуа хандықтары мен Бұқар әмірліктері тұсындағы қазақ-қырғыз, қазақ-өзбек, адай-түрікпеннің қарым-қатынасынан хабардар болу. Ташкент, Жизақ, Науаи облыстары мен Қарақалпақ еліндегі қазақтың қоныстану ерекшеліктері. Өзбекстандағы қазақтың санына қатысты даулы мәселелер. Кенесары Іле, Жоңғар Алатауына барған кездегі қазақ ауылдарының қырғыз жұртында қалып қоюы назарда болу керек. Түркімен қазақтарының ахуалы. Демографиялық өсу көрсеткіштері. Жер–су реформасы және ұлт – азаттық көтеріліске дейін Тәжіктің Гулаб елін мекендеп қалған қазақтың тұрмысы. «Қазақ гүзардан» асқан Адай – Қосай елі.Түркімен, қарақалпақ арқылы қуғын-сүргіннің салдарынан және сауда жолымен тәжік жеріне асып кеткен қазақтардың барған уақытын анықтау.

- қазақтың ежелден келе жатқан салт-дәстүрінің сақталуы, қисса-дастан, жыршы-жыраулық дәстүр, шаруашылығы, оқу-білім, ұлттық мектепетерде оқу мәселесі, үй тұрмысы, кілем тоқу, зергерлік, қолөнер, жұмыспен қамтылудағы кейбір олқылықтар.үй салу, әдеп-ғұрыптар, қолөнер суреттерімен танысу.
Ұсынылған әдебиеттер:


  1. Жеменей И. Иран қазақтары. Алматы, 2007.

  2. Қазақ диаспорасы: кешегісі, бүгіні, ертеңі. Ғылыми конференция материалдары.

Семей – Баян-Өлгей. 2009.

  1. Оралтай Х. Елім-айлап өткен өмір. Алматы, 2005, 67-б.

  2. Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы. Материалдар жинағы. Алматы,

2007.
3 тақырып. Қазақ жерлерінің Ресей әкімшілік аумағында қалып қоюы.
Тапсырма:
1. Ресей қазақтарының революцияға дейінгі өмірі.

2. ХХ ғасырдағы Ресей қазақтарының өмірі.

3. Ресейдегі қазақ ұлттық орталықтар.
ОБСОЖ түрі: саяси реформалардың салдарынан Ресей аумағына өтіп кеткен қазақ жерлерінің тарихы, мәдениеті жөнінде дөңгелек үстел өткізу.
қаралатын мәселелер:

- Сібірдегі байырғы қазақ өмірі, Алтайдың Құлынды өлкесіндегі Керей, Найман тарихы, Омбыдағы «Он алтынның зары», Орынбор қазағының тарихы, Түмен, Қорған Аштархан мен Еділ бойындағы қазақтың салтындағы ерекшеліктер;



- КСРО кезіндегі Ресейдегі қазақтың Қазақстанмен байланысы, қазақ тіліндегі оқулылықтармен қамту мәселесі, газет-журналдар шығару, мал, егін шаруашылығы, қолөнері;

- Барнауылдағы «Атамұра» қазақ мәдениет орталығы, «Аманат», «Болашақ» ұлттық – мәдени автономияларының заңды рәсімделмей қалуы, «Асыл мұра» ұлттық мәдени орталығының жай-күйі, РФ–дағы 50 жергілікті, 6 аймақтық қазақ ұлттық орталығының жай-күйі.
Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Қазақ диаспорасы: кешегісі, бүгіні, ертеңі. Ғылыми конференция материалдары.

Семей – Баян-Өлгей. 2009.

  1. Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы. Материалдар жинағы. Алматы,

2007.

3. Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождение и развитие. А., Ғылым, 1994.

4. Мендикулова Г.М. Казахская ирредента в России (история и современность)// Евразийское сообщество. 1995, № 8.

5. Мендикулова Г.М. Трудовая иммиграция казахской диаспоры в 1960-1990-е годы// Евразийское сообщество. 1995, № 8.


4 тақырып. Батыс Еуропа мен басқа да алыс-жақын шет елдердегі қазақтардың қоныстану тарихы.

Тапсырма:

1. Венгриядағы қазақ жұрты. Германия, Англия, Франциядағы қазақтың көшіп бару тарихы.

2. АҚШ-тағы қазақ диаспорасы.
ОБСОЖ түрі: кейінгі орта ғасырлардағы Еділ-Дунай арқылы Шығыс Еуропаны қоныстанған қыпшақтардың жүріп өткен картасын жасау, ХХ ғасыр басындағы отарлаудың салдарынан Қытай, Үндістан жерлері арқылы Түркияға, содан Батыс Еуропа мен Америкаға оқу-білім іздеп барып, сонда тұрақтап қалған қазақ жастарының өмірімен бейнетаспа арқылы танысу.
әдістемелік нұсқау:

- Қыпшақ даласынан Кавказ, Қырым арқылы поляктың жерін басып, венгр еліне барған, кейін сонда тұрақтап қалған мадьяр жұрты және ХХ ғасырдың 50-80 жж. Түрік елінен Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде білім алған қазақ жастарының сол жерде бір-бірімен некелесіп, қызмет бабымен қалып қойғандығы, Мюнхен, Кельн, Берлин қазақтары. Лондон, Париждегі азғана қазақ., Будапештің айналасындағы Мадьяр – Қыпшақтар мен олардың байырғы салт ұстану ерекшеліктері, Еуропа қазақтарының тілі, мәдениет тұрғысындағы кейбір мәселелері, Еуропадағы «Азаттық радиосы», қазақтардың қазіргі кездегі Қазақ елімен байланысы, бұқаралық ақпарат тарату, тіл, салт-дәстүр ұстануы.

- ХХ ғасырдың ортасынан бастап Еуропадан Солтүстік Америкаға жеткен қазақтардың АҚШ астанасы, сол маңдағы ірі қалалар мен елді-мекендерге қоныстанып, ел әкімшілігі тарапынан қолдауға ие болуы, Вашингтон мен Нью-Йорктегі қазақ диаспорасы, олардың Қазақстанмен қарым- қатынасы, АҚШ тарапынан жасалатын көмек-мұқтаждар, Еуропа мен АҚШ-тағы қазақ ұл-қыздарының білім алу деңгейі, олардың бүгінгі тұрмысы, елшілікпен байланысы.
Ұсынылған әдебиеттер:


  1. Оралтай Х. Елім-айлап өткен өмір. Алматы, 2005, 67-б.

  2. Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы. Материалдар жинағы. Алматы,

2007.

  1. Жеменей И. Иран қазақтары. Алматы, 2007.

  2. Қазақ диаспорасы: кешегісі, бүгіні, ертеңі. Ғылыми конференция материалдары.

Семей – Баян-Өлгей. 2009.
5 тақырып. Оспан батыр Исламұлы

Тапсырма:

1. Шығыс Түркістан ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы.

2. Оспан Исламұлы – “Қуыршақ үкіметтің” құрбаны.
ОБСОЖ түрі: “Оспан батыр – халық қаһарманы” атты дөңгелек үстел.
қаралатын мәселелер:

- “Үш аймақ” әрекеті. Есімхан, Ырысхан бастаған Көктоғай, Шіңгіл елінің Шың Шы-Сай өкіметіне қарсы қарулы көтерілісі. Оспан батырдың КСРО, Моңғол елдерімен араздығы. Шығыс Түркістан жұмхұриятының құрылуы.

- Оспан батыр –Алтай аймағын азат етуші әрі осы аймақтың губернаторы. Қайраткердін жаңа үкіметтен бас тартуы. Жаңа майдан ұйымдастыруы. КСРО, Моңғол үкіметінің Оспан батырға қарсы ұйымдастырған іс-шаралары. Алтай аймағы губернаторлығынан бас тартуы. АҚШ, Ұлыбритания елшіліктерімен байланысы .Оспанның қолға түсуі мен жазалануы.
Ұсынылған әдебиет:

1. Оралтай Х. Елім-айлап өткен өмір. Алматы, 2005, 67-б.



Қосымша әдебиет:

  1. Сәмитұлы Ж. Алтайда неше Оспан болған? Қазақ тарихы. 1995, №4.

  2. Қайратұлы Б. Даланың соңғы нояны. “Егемен Қазақстан”, 2008, 22-наурыз.

  3. Қ.Қиысхан. Сендер 1937 жылы Мәскеуге апарып өлтірген Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейханның басын әкеліп беріңдер. / Қостанай таңы. 2009, 27 қаңтар.



6 тақырып. Мұстафа Шоқай – ХХ ғ. басындағы ұлт-азаттық көтерілістің көрнекті қайраткері.

Тапсырма:

1. Түркістан автономисының құрылуы мен М.Шоқайдың қызметі.

2. Батыс Еуропадағы алғашқы Түркістан эмиграциялық орталығы және оған М.Шоқайдың қосқан үлесі.
ОБСОЖ түрі: “М. Шоқай түркі дүниесінің рухани көсемі” атты пікірсайыс.
қаралатын мәселе:

Кеңестік Қазақстан тарихшылары мен Батыс Еуропа ғалымдары және шетелдегі қазақ тарихшыларының еңбектеріне баға беру.



Ұсынылған әдебиеттер:

1. Алаш қозғалысы. Материалдар жинағы. А., 2009 ж.

2. Оралтай Х. Елім-айлап өткен өмір. Алматы, 2005.
6. Студенттің өз бетімен жұмыс орындауына әдістемелік нұсқау беру
ЖОО кредиттік жүйе студенттердің өзіндік жұмысты жоғары деңгейде орындап, сапалы білім алуын талап етеді. Аталған пән бойынша студентке төмендегідей дайындық әдістері қарастырылған:

- лекция кезінде тыңдаған ақпараттарды пысықтау;

- семинар сабақтарының барлығына дайын болу;

- пән бойынша емтиханға толық дайындалу;

- баяндама және реферат дайындау.

Оқытушы басшылығымен студенттің игеретін оқу жұмысының көлемі



Студенттің өз бетімен істейтін жұмыстың тақырыптық жоспары





п\п

Жұмыс түрі

Тақырыбы

Сағат мөлшері

Бақылау


1.

лекция конспектімен жұмыс жасау

Кіріспе.




конспект тексеру

Қазақ халқының Шығыс Түркістанға қоныстану тарихы.

2

Қазақ халқының Батыс Моңғолия жеріне қоныстану тарихы.

1

Өзбекстан, Түркімен, Қырғыз, Тәжікстандағы қазақтың тарихы.

1

Қазақ жерлерінің Ресей әкімшілік аумағында қалып қоюы

1

Үндістан, Иран, Ауғанстан қазақтарының қоныстану тарихы

1

Түркиядағы қазақтың тарихы

1

Батыс Еуропа мен басқа да алыс-жақын шет елдердегі қазақтардың қоныстану тарихы.

1

Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы. Шет елдердегі қазақтардың Отанға оралу мәселесі.

1

Ақыт қажы Үлімжіұлы

1

Оспан батыр Исламұлы

1

Мұстафа Шоқай

1

Халифа Алтай. Ислам Қабышұлы

1

Махмет Құлмұхамед. Нығмет Мыңжан.

1

Х.Оралтай. З.Қинаятұлы. Ә.Қара. И.Жеменей

1

2.

семинар сабақтарына

дайындық




әрбір семинар сабағына студент кем дегенде 2 сағат уақыт жұмсау керек


15

семинарда жауап алу

3.

емтиханға дайындық

барлық тақырыптар бойынша


7,5




4.

баяндама және реферат дайындау

таңдаған тақырып бойынша


7,5





барлығы

45



7. Негізгі және қосымша әдебиет тізімі

а) негізгі әдебиет


    1. Ислам Қабышұлы. Моңғолия қазақтарының тарихы. Баян-Өлгей. 1980, 18 б.

    2. Жеменей И. Иран қазақтары. Алматы, 2007.

    3. Қазақ диаспорасы: кешегісі, бүгіні, ертеңі. Ғылыми конференция материалдары.

Семей – Баян-Өлгей. 2009.

    1. Қиянатұлы З. Жылаған жылдар шежіресі. Алматы, 1995.

    2. Сарай А. Революциядан бұрынғы Моңғолия қазақтары.

Өлгий-1992. 36-бетте.

    1. Оралтай Х. Елім-айлап өткен өмір. Алматы, 2005, 67-б.

    2. Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы. Материалдар жинағы. Алматы,

2007.

    1. Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. А., 1993.

    2. А.Сарай - Революциядан бұрынғы қазақ халқы. Баян-Өлгий, 1991.


ә) қосымша әдебиет


      1. Қабышұлы И. “Құпия шежіренің” құпиясы. \Егемен Қазақстан, 2007, 20 желтоқсан.

      2. Күзембайұлы А., Әбіл Е. История Казахстана. С-П, 2004. 7-е изд.

      3. Назарбаев Н.Ә. Құшағымыз бауырларға айқара ашық. Мына кітапта: // Дүниежүзі

қазақтарының құрылтайы. Алматы, 1993.

      1. С.Мұқанов. Қытайға саяхат. // Жұлдыз. – 1959 - №5.

      2. Толыбеков С.Е. Общественно-экономический строй казахов в

ХVІІ-ХІХ вв. Алма-Ата. 1959.

      1. Тортаева Ә. Шығыс Түркістан қазақтары. // Қазақ тарихы. –

1998, №1.

      1. М.Тәтімов. Ауылдағы демографиялық ахуал. А.,1990, 64 бет.

      2. Омарбеков Т. Голощекин Қазақстанда. \Лениншіл жас. 1990, 5 тамыз.

      3. М.Қойгелдиев, Т.Омарбеков. Тарих тағылымы не дейді? А.,1993.

      4. Тәтімов М. Ауылдағы демографиялық ахуал. А.,1990, 64 б.

      5. Тәтімов М. Демография және халықтану. \\ Қазақ тарихы. 2004, № 6.

      6. Қозғанбаева Г.Б. Қазақ диаспорасы қашан, қалай пайда болды?// Қазақ тарихы,

1995. №4, 43-49 б.

      1. Шәрбақынұлы З. Киелі қанның тамшысы. Көкшетау,2005.

      2. Мауқараұлы А. Қызыл қырғын.// Ақиқат, 1994, №9.

      3. Сәмитұлы Ж. Алтайда неше Оспан болған? Қазақ тарихы. 1995, №4.

      4. Қайратұлы Б. Даланың соңғы нояны. “Егемен Қазақстан”,

2008, 22-наурыз.

      1. Төлепберген М. Шетелдегі қазақтар: тіл және ақпарат.

\Егемен Қазақстан, 2006 жыл 7-қазан.

      1. Кәмалашұлы Б. Малды сетерлеу. "Қазақ елі", 1996, 20 қыркүйек.

      2. Мауқараұлы А. Көшпенді керейлер. Шалқар, 1994.

      3. Тынышбаев М. Қазақ халқы тарихынан мәліметтер. Алматы, 1990.

      4. Есімов Қ. Қазақстан тарихы деректануы - Қарағанды, 1999.

      5. Күзембайұлы А., Әбіл Е. История Казахстана. С-П, 2004. 7-е изд.

      6. Ә.Марғұлан. Тамғалы тас жазуы \\ Жұлдыз, 1984. №1.

      7. Қозыбаев М.Қ. Ата тарихы туралы сыр (Қазақ халқының тағдыры хақында) // Дүниежүзі

қазақтарының құрылтайы. Алматы, 1993.

      1. Қайдаров Ә. Ана тілі азбасын, атамекен тозбасын. // Дүниежүзі

қазақтарының құрылтайы. Алматы, 1993.

      1. Сартаев С. Қуат күшіміз бірлікте. // Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы. Алматы, 1993.


8. Студент білімін бағалау нәтижесі
Бағалау әрбір тапсырма нәтижесінің қорытындысы бойынша анықталады:

- аралық бақылау мен білім деңгейі, пәнді меңгере білуі;

- лекция басында және барысындағы бекіту сұрақтары;

- семинар сабақтарында негізгі түсініктер мен заңдылықтарды игеру;

- семинар (ОБСӨЖ) сабақтарында тәжірибелік тапсырмаларды орындауды игеру.
І. Рейтинг балдарын бақылау бойынша анықтау




Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрі

Балл қою

1


емтихан

Қорытынды бақылау

40

Аралық бақылау

5+5

Кезекті бақылау

50







Барлығы

100

Аудиториялық сабақтар төмендегідей анықталады:

лекция – 15 сағат;

семинар – 15 сағат;

барлығы – 30 сағат.
ІІ. Кезекті және аралық бақылау балдарын (30) анықтау:

Семестр бойынша 2 аралық бақылау өткізіліп, олардың әрқайсысына 30 балдан бөлінеді.


Аралық бақылаудың өткізілу кестесі:

Бақылау түрі

Формасы

Мерзімі

Жоғары балл

Тақырыптар

Аралық бақылау

Тест тапсырма-лары, тақырып-қа сәйкес тап-сырма

7 апта

5

1-7 оқу аптасы

Аралық бақылау

Кешенді тап-сырма, бақылау жұмысы

15 апта

5

8-15 оқу аптасы


ІІІ. Орындалған тапсырмаларға балл қою:
Тапсырма түрі:

- семинар (ОБСӨЖ) сабағында жауап берген кезде

- өте жақсы – 1 балл;

- жақсы – 0,7 балл;

- қанағ. – 0,5 балл;

- қанағатсыз. – минус 0,5 балл

- лекцияға қатысып, конспект болса – 0,2 балл;

- қосымша – 0,3-0,5 балл;

- баяндама – 1,0 балл;

- реферат – 1,5 балл;

- бақылау жұмысы – 0,3 балл;

- глоссарий – 0,2 балл;

- кроссворд құрастыру – 0,3 балл;

- студентік конференцияға дайындық – 1 балл;

- мерзімдік баспасөзге талдау жасау – 0,2 балл;

- лекция, семинар (ОБСӨЖ) сабақтарын қалдырса – 0,5 балл.

Семинар (ОБСӨЖ) сабақтарын қалдырса, студент кесте бойынша сол сабақтарды қатаң түрде өтейді.

Сабақ қалдырған студентке кезекті бақылау жұмысы тапсырған кезде, төменгі жағдайларға назар аудару керек:



  • егер студент себеппен сабақ қалдырған болса, оның өтелген сабағының бағалауы төмендемейді, мысалы студент «5» ке жауап берсе, баға сақталады.

  • егер студент себепсіз сабақ қалдырған болса, оның бағалау коэффициенті төмендейді: берілген тапсырма бір аптаның ішінде орындалса – 0,8 балл, келесі аптада орындалса - 0,6 балл, екі аптадан кейін орындалса – 0,4 балл, одан кейінгі орындалған тапсырмалар қабылданбайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет