Үйге тапсырма беру: 78-суретте берілген геометриялық денелердің профиль проекцияларын сал.
Сабақ: №
Сабақтың тақырыбы:
Кесіндіде, жазық фигурада және дененің бетінде жатқан нүктелердің проекциялары.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Кесіндіде, жазық фигурада және дененің бетінде жатқан
нүктелердің проекцияларын түсіруге, логикалық ойлауға
қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Сабақ барысымен таныстыра отырып, оқушылардың
ой-өрісін, ойлау қабілетін, пәнге деген
қызығушылығын арттыру.
б) Тәрбиелілік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа,
ізденімпаздыққа, өздігімен жұмыс істеуге, білімділікке
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
АВ кесіндісінің фронталь және горизонталь проекциялары, М нүктесінің фронталь проекциясы М1 берілген. М1 А1В1 (79, а-сурет). М нүктесі АВ
кесіндісінде жатыр. Оның горизонталь проекциясын салу керек болсын. Ол үшін М1 нүктесі арқылы вертикаль түзу (байланыс сызығын) жүргіземіз. Осы вертикаль түзу АВ кесіндісінің горизонталь проекциясын М2 нүктесінде қияды (79, ә-сурет). Табылған М2 нүктесі — берілген М нүктесінің горизонталь проекциясы. Нүкте кесіндіде жатуы үшін нүктенің проекциялары кесіндінің аттас проекцияларында жатуы керек. Мысалы, С нүктесі АВ кесіндісінде жатпайды. Өйткені С2 нүктесі А2В2 кесіндісінің бойында жатпайды (79, а-сурет). N нүктесі де АВ кесіндісінде жатпайды. Өйткені оның фронталь проекциясы кесіндінің фронталь проекциясынан тыс жатыр (79, ә-сурет, N1 А1В1.) Нүкте жазық фигурада жатуы үшін ол жазық фигурада жатқан түзуде жатуы керек. Ал түзу жазық фигурада жатуы үшін, оның екі нүктесі сол жазық фигурада жатуы қажет.
АВС үшбұрышының фронталь және горизонталь проекциялары, М нүктесінің фронталь проекциясы М1 берілген (80, а-сурет). А1 және М1 нүктелері арқылы түзу жүргізсек, ол түзу В1С1 кесіндісін D1 нүктесінде қияды. ВС кесіндісінде жатқан D нүктесінің фронталь проекциясы бойынша оның горизонталь проекциясын - D2 нүктесін тұрғызамыз. А2 және D2 нүктелері арқылы түзу жүргіземіз (80, ә-сурет). АD кесіндісі АВС үшбұрышында жатады, өйткені оның екі нүктесі А мен D - осы үшбұрыштың нүктелері. АD кесіндісінде жаткан М нүктесінің фронталь проекциясы бойынша оның горизонталь проекциясы — М2 нүктесін саламыз. Проекциялары М1 және М2 нүктелері болатын М нүктесі АВС үшбұрышында жатыр, себебі М нүктесі АВС үшбұрышында жатқан АD кесіндісіне тиісті.
Енді проекциялаушы жазық фигура мен нүктенің орналасуын қарастырайық. Горизонталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр АВС үшбұрышында жатқан М нүктесінің фронталь проекциясы (М1) берілген, оның горизонталь проекциясын салу керек болсын (81, а-сурет). М1 нүктесі арқылы вертикаль байланыс сызығын А2С2 кесіндісімен қиылысқанша жүргізіп, қиылысу нүктесін қарастырайық. Қиылысу нүктесі М2 берілген М нүктесінің горизонталь проекциясы болады (81, ә-сурет). Сөйтіп, проекциялаушы жазық фигурада жатқан нүктенің фигураның кесінді болмайтын проекциясымен аттас проекциясы берілсе, ол нүктенің басқа проекциясын салу оңай екен. Енді осыған керісінше, АВС үшбұрышында жатқан N нүктесінің горизонталь проекциясы – N2 нүктесі беріліп, оның фронталь проекциясын салу керек болсын (81, а-сурет). N2 нүктесі арқылы жүргізілген вертикаль байланыс сызығы үшбұрыштың фронталь проекциясын 1 және 2 нүктелері шектейтін кесінді бойымен қияды. Сонда N2 нүктесі 1, 2 және олардың аралығындағы көп нүктелердің қайсысының проекциясы екенін ажыратуға болмайды. Сондықтан бұл жағдайда есептің шешуі бірмәнді емес.
АВСDЕҒ үшбұрышты призманың бетінде жатқан М нүктесінің фронталь проекциясы М1 бойынша горизонталь проекциясын табуды пайымдайық (82, а-сурет). М1 нүктесін бастыра вертикаль байланыс сызығын жүргізсек, екі нүкте табамыз: М2 және М2 (82, ә-сурет). М1 нүктесі фронталь проекциясы болатын нүкте призманың АВЕҒ және АСDҒ жақтарының біреуінде жатуы мүмкін. Егер М нүктесі призманың АВЕҒ жағында жатса, оның горизонталь проекциясы М2 нүктесі, ал М нүктесі призманың АСDҒ жағында жатса - М2 нүктесі болады. Бірінші жағдайда М нүктесінің фронталь проекциясы көрінетін нүкте болса, ал екінші жағдайда – көрінбейтін нүкте. Призманың бүйір беті ВСDЕ төртбұрышында жатқан N нүктесінің фронталь проекциясын оның горизонталь проекциясы N2 бойынша анықтауға болмайды (82, а-сурет). Өйткені нүктесі N2 - 1, 2 және олардың аралығында орналасқан нүктелердің ортақ проекциясы (82, ә-сурет). N2 нүктесі сол көп нүктелердің қайсысының проекциясы екені айтылмаған.
Цилиндр бетінде жатқан нүктелердің проекциялары туралы да осыны қайталауға болады (83-сурет). Фронталь проекциясы М1 нүктесі болатын цилиндр бетінде жатқан нүктенің горизонталь проекциясы М2 (егер М нүктесінің фронталь проекциясы көрінетін болса) немесе М2 (егер М нүктесінің фронталь проекциясы көрінбейтін болса) нүктелерінің біреуі болады (83, ә-сурет). Ал горизонталь проекциясы N2 нүктесі болатын цилиндр бетіндегі нүкте фронталь проекцияда анықталмайды.
Пирамида бетінде жатқан нүктелердің проекцияларын салу қиынға соқпайды. SАВС пирамидасының бетіндегі М нүктесінің горизонталь проекциясы - М2 нүктесі берілген (84, а-сурет). М нүктесінің фронталь проекциясын тұрғызуды қарастырайық. М нүктесі горизонталь проекцияда көрінуі немесе көрінбеуі мүмкін. Егер М нүктесі горизонталь проекцияда көрінсе, онда ол SАС үшбұрышында жатады. SАС үшбұрышындағы SЕ кесіндісінің көмегімен М1 нүктесін табамыз (84, ә-сурет). Бұл жағдайда М нүктесі фронталь проекцияда көрінбейді. Егер М нүктесі горизонталь проекцияда көрінбесе, онда ол SВС үшбұрышында жатады. SВС үшбұрышында жатқан SҒ кесіндісін пайдаланып М1 нүктесін табамыз. Бұл жағдайда М нүктесінің фронталь проекциясы көрінеді. Берілген нүкте пирамиданың қырында жатса, осы нүкте арқылы өтетін көмекші кесіндіні тұрғызудың қажеті жоқ. 85, а-суретте пирамиданың SС қырында жатқан N нүктесінің фронталь проекциясы (N1) берілген. Оның горизонталь проекциясы (N2) N1 нүктесін бастыра жүргізілген вертикаль байланыс сызығының S2С2 кесіндісімен қиылысу нүктесі ретінде салынады
(85, ә-сурет).
Үйге тапсырма беру: 85-суретте көпжақты геометриялық дененің фронталь, горизонталь және профиль проекциялары көрсетілген. Осы дененің көрінбейтін бетінде жатқан А, В және С нүктелерінің көрсетілмеген проекцияларын салып көрсет.
Сабақ: №
Сабақтың тақырыбы:
Геометриялық денелерді жазықтықпен қию.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Геометриялық денелерді жазықтықпен қию тәсілдерін
және олардың сызбаларын түсіруге үйрету, логикалық
ойлауға қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, пәнге деген
қызығушылығын арттыру.
б) Тәрбиелілік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа,
ізденімпаздыққа, өздігімен жұмыс істеуге, білімділікке
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Дұрыс үшбұрышты призманы фронталь проекциялаушы жазықтықпен қияйық (86-сурет). Тұтас призманың проекциялары 86, а-суретте кескінделген. Онда қиюшы жазықтықтың түзуге кескінделетін проекциясы а1 көрсетілген. Осы а жазықтығымен қиғанда призма екіге бөлінеді. Призманың бөліктері 86, ә-суретте
қиғашбұрышты фронталь диметриялық проекцияда көрсетілген. Призманың жоғарғы бөлігін алып тастайық, ал оның қалған бөлігіне көңіл аударайық. Бұрын призманың бүйір қырлары өзара тең еді, енді олар тең болмай қалды. Алғашқыда призманың табандары параллель еді, енді олар параллель емес. Қимада пайда болған АВС үшбұрышы фронталь проекцияланушы фигура болады. Сондықтан оның төбелерінің фронталь проекциялары - А1, В1 және С1, нүктелері бір түзудің бойында жатады. АВС үшбұрышының горизонталь проекциясы призманың горизонталь проекциясымен беттеседі, ал оның профиль проекциясын тұрғызу керек. Ол үшін А1, В1 және С1 нүктелері арқылы горизонталь байланыс сызықтары призманың сәйкес қырларының профиль проекцияларымен қиылысқанша жүргізіледі. Табылған А3, В3 және С3 нүктелерін кесінділермен қосамыз (86, б-сурет).
Пирамиданы табанына параллель жазықтықпен қиғанда пайда болатын геометриялық денені қиық пирамида дейді. Төртбұрышты қиық пирамиданың пайда болуы 87-суретте көрсетілген. Дұрыс төртбұрышты пирамида
Достарыңызбен бөлісу: |