Сабақ №6 Тақырыбы : «Патогенді микобактериялар. Туберкулез және алапес қоздырғышы.» №6. Дәріс сұрақтары


Емдеуі. Аминогликозидтер (стрептомицин, канамицин және т.б.), тетрациклин, левомицетин, эритромицин қолданады. Арнайы сақтандыруы



бет7/11
Дата20.06.2023
өлшемі37.37 Kb.
#475243
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Аудиторное занятие № 6,15.02 (8)

Емдеуі. Аминогликозидтер (стрептомицин, канамицин және т.б.), тетрациклин, левомицетин, эритромицин қолданады.
Арнайы сақтандыруы. Алдын алу шаралары кеміргіштермен күресуге, су көздерін қорғауға, санитарлық-ағарту жұмыстарына негізделген.
Белсенді иммунитет туғызу үшін эпидемиялық көрсеткіштер бойынша туляремиялық тірі вакцина қолданады.
4.Бруцеллез ( сарып) қоздырғыштары
Бруцеллез -brucella туыстығына жататын бактериялар тудыратын жұқпалы ауру, ұзаққа созылған дене қызбасы, қимыл –тірек аппараты, жүйке, жүрек –қан тамыр және зәр шығару, жыныс жүйелерінің зақымдануымен сипатталады. Қоздырғыш туыстастығының аталуы 1886 жылы бруцеллез қоздырғышын алғаш рет ашқан Д.Брюс ғалымның атымен байланысты.
Таксономиясы. Бруцеллездің негізгі қоздырғыштары – brucella melitensis, brucella abortus, brucella suis, brucella туыстығына Gracilicutes бөліміне кіреді.
Морфологиясы және тинкториалдық қасиеттері. Бруцеллалар – ұсақ грам теріс сопақша пішінді таяқшалар. Спора түзбейді, талшықтары және капсуласы жоқ.
Дақылды өсіру. Бруцеллалар – облигатты аэробтар. Вrucella abortus өсіру үшін 5-10% көмір қышқыл газын қажет етеді. Оптималды өсу температурасы-37 градус, қолайлы орта рН -6,8-7,2. Бруцеллалар қоректік ортаға талғампаз және арнайы қоректік орталарда өседі (бауыр қосқан және т.б). Олардың ерекшеліктері- баяу өсуі (2-3апта ішінде).
Ферменттік белсенділігі. Бруцеллалардың биохимиялық белсендігі жоғары емес.
Антигендік құрылымы. Бруцеллалардың О - антигендері бойынша 2 түрі анықталған – А және М. Бұл антигендер түрге арнайылығы бар; brucella melitensis-тің М антигені басым, ал Вrucella abortus және Вrucella suis - А –антигені артады.
Бруцеллалардың биохимиялық, антигендік қасиеттері бойынша, тионин және фуксин бояулары қосылған қоректік орталарда өсу қабілеті бойынша түр ішінде биоварлары ажыратылады.
Патогенді факторлары. Бруцеллалар жоғарғы инвазиялық қасиетке ие эндотоксин және агрессия ферментеріне жататын гиалуронидазаны түзеді. Олардың адгезия қасиеттері –сыртқы мембрана ақуыздарымен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет