Рефлексия
1.Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?
|
Орта мерзімді жоспарда көрсетілген оқу мақсаты бойынша ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты құрылған сабақ мақсаттары уақытпен белгіленген деңгейде жүзеге асырылды. Сабақ мақсатымен тығыз байланысты бағалау критерийі бойынша берілген тапсырмаларды оқушылар бірлесе және өз оқуына дербестік ала отырып, белсенді түрде орындап отырды. Оқылым, тыңдалым мәтініндегі тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтады, бір-бірінің пікірін толықтырып, ортақ тұжырымға келді.
|
2.Бүгін оқушылар не үйренді?
|
Алғашқы ғарышкерлердің ғарышқа сапары және мақсаты туралы қызықты танымдық ақпаратпен танысты. Тірек сөздер арқылы жетекші сұраққа жауап беруге, өздері сұрақ құрастыруға дағдыланып, негізгі ойды анықтауды білді. Сын есім шырайлар қажетіне қарай қолдану жолдарын үйренді. Сын тұрғысынан ойлауды, топтық жұмыс барысында жауапкершілікпен бірлесе жұмыс жасауды, өмір бойы оқуға дайын болуды, мұқият тыңдауға, байланыстыра сөйлеуге, бірін-бірі әділ бағалауға дағдыланды.
|
3.Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
|
Сабақтың оқу мақсатына, ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкес жоспарланған тапсырмалар жүйелі орындалды. Топтық, жұптық, жеке тапсырмалар үшін қолданылған әдіс-тәсілдер белсенді оқу ортасының қалыптасуында, өз бетінше білім алу дағдыларын дамытуда тиімділігін көрсетті. Жеке және топпен бірлесе жұмыс істеу қабілеті, сын тұрғысынан ойлау дағдылары, сөйлеу мәдениеті қалыптасты.
|
4.Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)
|
Білім алушының жеке қажеттіліктері мен сөйлеу әрекеттеріне негізделген топтық, жұптық, жеке тапсырмалар танымдық тұрғыдан нақты, жүйелі, қызықты болды. Белсенді әдістермен ұсынылған тапсырмалар арқылы оқушының оқыту мен оқу үдерісінде өзін-өзі реттеуіне, уәжінің артуына қолдау көрсетілді. Деңгейлік тапсырмаларды таңдау еркіндігі, қабілетін таныту құзыреттілігі, оқуын ілгелірету
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |