автордың кейіпкер образын ашудағы сөз қолданысын ажыратады;
1
Шығармадан алған әсерін өз пікірі арқылы жазбаша (авторға хат, өлең жазу) жеткізеді
2
шығармадан алған әсерін сипаттап жазады;
1
хат құрылымын сақтайды;
1
хат жазады.
1
Барлығы
7
Рефлексия «ҚҚҚ» кестесі
Қызық болған 1 нәрсе
Қиын болған 1 нәрсе
Құнды болған 1 нәрсе
Есте қалған қызықты оқиға Топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі Допты бір - біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады.
Сұрақтарға жауап береді.
«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» стратегиясы бойынша бірінші бағанға өлеңнен өзіне әсер еткен үзінділерді жазады. Екінші бағанға осы үзінділердің әсер ету себептерін көрсетеді.
Бүнгі сабақ бойынша алған білімдеріне «ҚҚҚ» кестесі арқылы рефлексия жасайды.
Ауызша мадақтау мадақтау Жарайсың! Керемет шешім! Ойлы шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін! Дескриптор: Білім алушы -стратегия бойынша болашақ ұрпақ атынан авторға хат жазады;
-хат мазмұнында Отанға деген сүйіспеншілік сезімі туралы жеткізеді;
-шығармадан алған әсерін кейіпкерлер әрекетімен байланысты
рады;
-хат құрылымын сақтайды.
3.Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, бағалау критерийі айтылады
4.Мақал-мәтелдердің жалғасын табу арқылы топқа бөлінеді. Мақал-мәтелдердің бүгінгі тақырыпқа қатысын баяндайды.
1) Еңбексіз өмір жоқ, Ауырсыз жеңіл жоқ. 2) Еңбек қылмай ер оңбас, Бірлік қылмай ел оңбас. 3) Еңбек ерлікке жеткізер, Ерлік елдікке жеткізер. 4) Жан қиналмай жұмыс бітпес, Талап қылмай мұратқа жетпес.
Мұғалім түсіндірмесі Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушы-педагогі, қа ақтың жазба әдебиетінің негізін салушы, балалар әдебиетінің атасы. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазіргі Қостанай облысы Затобол ауданында дүниеге келген. 1850 жылы тоғыз жасар Ыбырай Орынборда қазақ балалары үшін ашылған мектепке оқуға түседі. 1857 жылы мектепті үздік бітіріп, атасы Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болып жұмыс істейді. Көп оқыған талапты Ыбырай халқына пайдалы болуды ойлайды. Кейіннен тілмаштық қызметін тастап, өзі сұранып 1860 жылы Торғайда ашылған төрт сыныптық қазақ мектебінде орыс тілінің мұғалімі болып қызмет атқарады. Ол қазақ балаларын орыс тіліне үйретіп, мәдениетті, білімді болуға үндейді.
Ыбырай «Кел, балалар, оқылық!» атты өлеңінде:
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңдар, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей-ақ табылар, – деп балаларды білім алуға шақырады. Өзге елдердің мәдениетін үлгі ету ақынның «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңінде айқын көрінеді. Ыбырай әң гімелерінің басты тақырыбы – еңбек, еңбек адамы, адамгершілік асыл қасиеттер. «ҚыпшақСейітқұл», «Атымтай жомарт» «Әке мен бала», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Дүние қалай етсе табылады» әңгімелерінде еңбектің маңызын көрсетеді, еңбекпен тәрбиелеуді үйретеді.
1-тапсырма Жигсо әдісі бойынша әңгімені оқып, талдау жасайды. 1-топ: А бөлімі
2-топ: Ә бөлімі
3-топ: Б бөлімі
4-топ: В бөлімі
2-тапсырма Әңгіменің сюжеттік желісі бойынша қарапайым жоспар құр.
1._________________________
2. ________________________
3. _________________________
4. _________________________
5. _________________________
6. _________________________
7. _________________________
3-тапсырма Шығарманың мазмұны жайында ойыңды «ПОПС» формуласы бойынша түсіндір.
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, - .....»
Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ….»
Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім.... ».
Жаңа кәсіппен айналысқан ел
Сейітқұл ағасының тағдыры
Жұрт ағасы болған Сейітқұл
Сейітқұлдың жайлы қоныс іздеуі
Рефлексия Плюс – оң әсер еткен жағдайды атаңыз.
Минус-қай тапсырма түсініксіз болды?
Барлығы түсінікті Жартылай түсінікті Түсініксіз
Психологиялық ахуал
«Айна»
Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады.
1-топ: «Еңбек» тобы 2-топ: «Дәулет» тобы 3-топ: «Талап» тобы 4-топ: «Бірлік» тобы
Топтарға әңгіме бөлігі таратылады. Әңгіме бөлігін оқып, өз топтарында талқылайды. Талқылауға аз ғана уақыт беріледі. Бастапқы топқа қайта келіп, қолдарындағы мәтін бөліктерін құрастырады. Топтарға мәтіннің толық нұсқасы таратылады. Толық мәтін мазмұнымен танысып, мәтін желісін топ мүшелері бірлесіп отырып аяқтайды.
Әңгіменің сюжеттік желісі бойынша қарапайым жоспар құрады.
Шығарманың мазмұны жайында өз ойын «ПОПС» формуласы бойынша жазбаша түсіндіреді.
Бүгінгі сабақта оң әсер еткен жағдайларды, алған білімін сараптайды.