І. Сабақтың басы
|
1.Сабақ тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.
Оқушыдан Scratch программалау бағдарламасы жайында өздері білетін ақпараттар сұралады, мұғалім тарапынан қосымша мәліметтер беріледі.
1. «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын талқылау.
- Айнымалы ұғымы саған таныс па?
- Суретке қарап математика пәнінде айнымалыны қолдану жайлы не айтуға болады(1-сурет)?
Жаңа сабаққа кіріспе
«Ортақ белгі табу» (немесе «4 сурет 1 тақырып») әдісін қолданып оқушы алдыңғы сабақты еске түсіре отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын логистикалық тізбек негізінде табады.
Scratch программалау ортасында айнымалыларды қолдану туралы бейнематериалды тыңдай отырып қажетті ақпаратты алу.
|
Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін мұғалімнің көмегі арқылы танысады.
Оқушы Scratch программалау бағдарламасын еске түсіреді. Білімдерін ортаға салады.
Оқушы Scratch программалау ортасында айнымалыларды қолдана алады.
|
Оқушы мен мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі: «Екі жұлдыз, бір тілек».
|
https://youtu.be/HV4nBrtq2VI
|