М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі
Сабақ жоспары
Педагогикалық қарым-қатынастың формасы коммуникативтік іс-әрекет (сабақ тақырыбы)
Модуль /пән атауы: Педагогикалық шеберлік негіздері
Дайындаған оқытушы: Серикбаева Карлыгаш Торебековна
20. 10.2022 ж.
Жалпы мәліметтер
Курсы _3_ оқу жылы 2022-2023 ж.ж. топ ҚТ-Ж-20к
Сабақ типі: Аралас
Мақсаты, міндеттері
Пәннің мақсаты:
-Студенттерге патриоттық тәрбиені сабақ процесінде де, сабақтан тыс тәрбие саласында да үзбей беріп, алға қойған ең негізгі мақсаты, маңызды түрде қалыптастыру;
- Білімділік, біліктіліктерін шыңдау, кәсіптік шеберлікке ынталандыру, қарым-қатынас ұғымының ғылыми категория екендігін түсіндіру;
- Қарым-қатынас ұғымын философия, әлеуметтану, психология, педагогика және т.б. ғылымдарымен байланыстыра қарастыру.
- Қарым-қатынас мәдениетін зерттеген ғалымдардың еңбегін талдау тәрбиелеу, соған сәйкес атқарар іс-әрекеттің тетіктерін ұсыну.
Пәннің міндеті:
- Білім алушыларды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;
Педагогтардың шеберлік кәсіптік мінез-құлықтарының ұстанымдарын, нормалары мен ережелерін танытып білдіру;
- Педагогтардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін сұранысқа сай қалыптастыру, реттеу, бағалау әдіс-тәсілдерін ұсыну, соған жаттықтыру;
- Педагогтардың кәсіби мінез-құлықтарын анықтауш сыртқы,ішкі факторлар жүйелерімен таныстыру;
- Кәсіптік қарым- қатынас аясында педагогикалық процеске қатысушылардың бірін-бірі қабылдау ерешеліктерін білуге,педагог тұлғасының маңызды қасиет-қаблеттерін бағалауға үйрету;
- Педагог тұлғасының ерешеліктерін қызметінің кәсіптік талаптарына сәйкестендіру тетігімен таныстырып,іске асыруға үйрету;
- Педагогикалық қызметте болатын қателікті іс-әрекетердің зиянды салдары мен қолайсыз факторларды жоюға жол ашу .
Достарыңызбен бөлісу: |