Сабақ жоспары Пәні Ішкі аурулар Тобы е-18-1 Күні



бет1/4
Дата21.01.2022
өлшемі29.76 Kb.
#454728
түріСабақ
  1   2   3   4
гелминтоз11.11




« КЕЛІСІЛДІ » « БЕКІТЕМІН » Әдіскер _________Джунусбекова Ә.М. Директордың оқу ісі жөніндегі «_____»_________2021 ж орынбасары___________К.А.Жумабаева

«_____»_________2021ж

Сабақ жоспары

Пәні Ішкі аурулар

Тобы

Е-18-1

Күні

11.11.2021

І. Сабақтың тақырыбы: Гельминтоздардың емдеу қағидалары және емдәммен емдеу. Науқастарды динамикалық бақылау. Алдын алу.


ІІ. Сабақтың мақсаттары:

Сабақтың көрнекі құралдары: плакат кітап, дәптер

Оқыту тәсілі: Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, дәріс оқу, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу, жаттығулар орындау

Пәнаралық байланыс: ___анатомия, физиология, педиатрия

ІІІ. Сабақтың барысы мен мазмұны:

1. Ұйымдастыру кезеңі:4 мин. (сәлемдесу, түгелдеу, студенттердің зейінін сабаққа аудару)

2. Үй тапсырмасын тексеру: 20 мин.

3. Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин.

Гельминтоз – тамақ және байланыс арқылы жұғатын адам мен жануарлардың паразитті инвазиясы. Мектепке дейінгі жастағы балалардың ішекқұртты жұқтыру ықтималдылығы 100% -ға тең. Себебі бұл жаста олардың гигиеналық машықтары әлі толық дамымайды, олардың көбі қоршаған ортаны тануды ауыз арқылы жүзеге асырады. Сондай-ақ, нәресте мен сәбилердің инвазияға қарсы қорғаныш механизмдері әлсіз болады (асқазандарындағы ортаның қышқылдылығы аз, иммунитеттері әлсіз). 7 жастан асқан балалардың ішекқұрт жұқтыру ықтималдылығы мектепке дейінгі жастағылардан соншалықты аз емес.

КЛИНИКАСЫ
Гельминтоздың клиникалық белгілері ересектерге қарағанда балаларда анығырақ көрінеді. Гельминттер өздерінің дамулары үшін қоректік заттарды пайдаланады. Олар адам ағзасына келіп түскен қоректік заттардың ішекте қорытылуына, бала ағзасындағы заттек алмасуына (метоболизм) кедергі жасап, зиян келтіреді, осылайша баланың денсаулық жағдайына әсер етеді. Көңіл күйі көтеріңкі әрі белсенді бала бірден енжар тартып, қыңырлық көрсетіп, жаңғалақ күйге түседі. Тез шаршайтын болады, тәбеті төмендеп, не керісінше артып кетеді, бас ауруы пайда болады. Сонай-ақ, балалардың ақыл-ой және физикалық тұрғыда дамуы да тежеледі. Ішекқұрттар ішекте тұрақтайтындықтан ішектің дұрыс жұмыс істеу тәртібі бұзылады, ішектің дәрумендерді сіңіруге шамасы келмей қалады. Іш ауырып, іш өтіп, іш қатып, жүрек айнып, құсып, дене қызуы көтеріліп, аллергендерге сезімталдық артып, дисбактериоз пайда болады. Паразиттер ағзаның қорғаушы күшіне теріс әсер етеді, сондықтан иммунитет төмендеп, жіті респираторлы және жұқпалы аурулар жиілеп, созылыңқырап, аурудың ағымы ауырлайды. Гельминтоз кезінде балалар аурудың алу мақсатындағы екпелерге бейадекваттылық реакция көрсетеді. Сондай-ақ, нематодоздарда, әсіресе энтеробиоз бен аскаридозда көтен (анус), бұтаралық және сыртқы жыныс органдарында қан кернеуі мен тітіркену пайда болады. Қыз балалардың сыртқы жыныс органдарында вульвовагинит сияқты жұқпа (инфекция) жиі пайда болады. Ішекқұрт инвазиялары әсіресе жаз-күз айларында пайда болатын болса, бірінші пайда болған аллергияға себеп болуы мүмкін. Гельминтоз кезіндегі аллергиялық реакциялар өте тез және аллергияға қарсы дәстүрлі терапияға қарсы тұрады (резистентті) деуге болады. Жалпы талдауда эозинофилия аллергияның да, паразитті аурулардың да белгісі ретінде көрінеді, бірақ ол гельминтоз кезінде жиі көріне бермейді (3-5% ғана). Кейбір жағдайларда ішекқұрттар LgE жалпы деңгейінің неғұрлым өсуіне әкеліп соқтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет