№ 3 сабақ жоспары
Сабаққа жіберілді
__________________
Сабақ тақырыбы: «Қазіргі кездегі білім беретін оқу орындарындағы
тәрбиенің ерекшеліктері»
Модуль /пән атауы: «Балалармен тәрбие жұмысын жоспарлауда тәрбие әдістерін, нысандарын, тәсілдерін, құралдарын қолдану»
Педагог Камысбаева И.М. дайындады
2022 жылғы «27» қыркүйек
1. Жалпы мәліметтер:
Курс, топ: ІІ-курс, МДТ-21-9-2
Сабақ түрі: Жалпы білімді меңгерту
2. Мақсаты, міндеттері:
Білімділігі: студенттерге қазіргі кездегі білім беретін оқу орындарындағы тәрбиенің ерекшеліктері жайлы мағлұмат беру, білімдерін кеңейту.
Дамытушылығы:
Жұйелі ойлауға баулу. Есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі:
Ұжымшылдыққа тәрбиелеу, досының пікірін тыңдап, ойын еркін жеткізуге баулу.
3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі:
-қоғамдағы өзгерістер, ғылыми техникалық прогресс жайлы ақпарат алу;
-балабақшадағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері
4. Қажетті ресурстар: тірек-сызба, жапсырма қағаздар
5. Сабақтың барысы
Кіріспе бөлім:
Студенттердің сабаққа зейінін аудару.
Негізгі бөлім:
Жаңа тақырыпты түсіндіру, меңгерту.
Бүгінгі қоғамдағы өзгерістер – ғылыми- техникалық прогресс, ізгілендіру үрдісі білім беру жүйесінің алдында күрделі міндеттер туындатып жатыр.
Бүгінгі білім беру жүйесінде құрылыпжатқан жаңа типті гимназия – балабақшалары қоғамның сұранысына сай жан – жақты білім беруге, гимназисттерді рухани жетілдіруге негізделеді.
Қазіргі кезде Қазақстанда 10857 балабақша бар. Онда 900670 бала тәрбиеленуде. Кезінде орыстың әйгілі педагогы К.Д.Ушинский еуропа халықтарының тәрбие саласында педагогикалық формулаларының ұқсастығына қарамастан, әрқайсысының өздеріне тән ерекше ұлттық тәрбие жүйелерінің, ерекше мақсаттарының, сол мақсаттарға жетуде өздерінің ерекше құралдарының болғанын айтқан. «Тәрбие халықтық сипатқа ие болған жағдайда ғана өз мақсатына жетеді» - деген ол. Халықтың тарихы, оның тіршілігі тәрбиенің мақсатын анықтайды. Сондықтан оқу – тәрбие жұмысында оның бағытын, мазмұнын, формалары мен әдістерін таңдауда көзсіз еліктеушілік оң нәтиже бермейді – деген өнегелі өсиеті бүгінгі таңда қазақ елінің тәлім - тәрбие саласында ұстанып отырған бағытын анықтайды. «Халықтық тәрбиені бала құрсақта жатқаннан бастайды. Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір – бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен іске асырылады».
Олай болса, жасөспірім бойына халқымыздың салт – дәстүрлерін, әдет- ғұрыптарын, имандылық пен ізгілік нұрын сіңіруге баса назар аудару, бүгінгі таңда басты мақсат – мұраттарымызға айналып отыр. Ол үшін өз елін, өз жерін сүйетін, өз халқының тарихын, тілін, мәдениетін қадірлеп-қастерлейтін азаматты тәрбиелеу, ұлттық санасын дамыту – балабақшалардың басты міндеті болмақ. Ұлттық бағдарламалардың алғашқы түрлері бар, олар «Атамекен», «Жұлдыз», «Кәусар бұлақ», «Алтын көмбе» бағдарламалары. «Әдеп әліппесі» (бастауыш мектеп), «Әдеп пен жантану» (орталау мектеп), «Қазақ этнопедагогикасы» (жоғары мектеп) пәндері арнайы бағдарламалар негізінде оқытыла бастады. Бүкіл тәрбие процесі баланың жеке тұлғасын дамытуға, ұстаздар мен балалар қарым – қатынасын демократияландыруға, ізгіліктендіруге, ата – аналар қауымымен ынтымақтаса жұмыс істеуге бағытталған. Еліміздің әлеуметтік – экономикасын жетілдіру кезеңі мен нарық экономикасы жағдайында адам факторы жаңа негізде қаралып, жаңа адамды қалыптастыру тың мәселе болмақ. Келешекте кез келген техникалық білімді меңгертуде тірек болатын ең жалпы, іргелі политехникалық білімнің маңызы артпақ. Олай болса заман талабына сай компьютер тілін меңгерген білімді де білікті ұрпақты даярлау – бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі бола бермек.
Осы бағытта жаңа типті оқу орындары пайда болуда: лицейлер, гимназиялар, колледждер, жеке меншік мектептері.
Жалпы адамзаттық дамудың техникалық, экономикалық және мәдени – рухани қарқынды кірігулері (интеграция) әлемде ешбір ұлт, ешбір халық өзімен-өзі томаға – тұйық дамымайтындығын, оның есік терезесі әлемдік тәжірибеге әрқашан ашық болу керектігі бүгінде еш дау тудырмауы керек. Осыған байланысты ұлттық мектебімізді халықтық педагогикаға негіздей отырып, оны әлемдегі басқа да озық педагогикалық идеялармен байытып отыру – нағыз өркениеттіліктің белгісі. Оқу мен тәрбие - өзара байланысты екі процесс. Олардың міндеттері әрқилы, дегенмен, бір – бірімен ажырамас ұштасқан күйде бір уақытта қатар жүріп отырады, бірақ ұйымдасу әдістері және формалары тұрғысынан түбегейлі өзгеше.
Жалпы балабақша гимназиясының тәрбие беру үрдісіндегі міндеті:
Жеке тұлғаны ұйымдастырылған іс-әрекет үрдісінде, тәрбие беруде және басқа да уақытта жан-жақты қалыптастыру.
Балабақшаның мақсаты - мектепке дейінгі балалардың жеке тұлғасын интеллектуалды және жан-жақты дамытуға қолайлы жағдай жасау. Отбасымен бала тәрбиесін дамыту үшін психологиялық ахуалын жақсартуда байланыс жұмыстарын ұйымдастыру.
Жаңалық енгізудің негізгі түрі – жаңашылдық (потенциалы) мүмкіндіктері.
Тәрбиелік іс - әрекет тәрбиешінің жекеленген әрекет аймағы түрінде (өз мақсаттарына, міндеттеріне, мазмұнына ие) немесе оқу процесіне тікелей енген (себебі оқу тәрбиелік сипатқа ие) қалыпта болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |