3-топ: Шығарма әсерін талдай отырып, рухани дүниеге үңіліңіздер. Сын көзбен қарап, пікір алмасыңыздар
Қаратұрықтан Шелекке қарай жүретін жолда сол жақта сулы сай бар, ол бір батырдың моласы бойынша - Қорам деп аталады. Ол жолмен қатарласа орналасқан. Оның Шелекке жететін аяғы батпаққа айналған, жайылым шөбі көп өседі. Оның екінші жағындағы құрғақ жерде қамалдардың қирандысы, дұрысын айтқанда, қазылған ор орындары жатыр, қасында құдық бар. Қазақтардың аңызы бойынша, мұнда қалмақтардың бекінісі болған және Абылай хан оны қиратып, Шелек алқабын жаудан тазартқан. Шелектің өзінде, Бауағаштан жоғары жерде одан да үлкен қорғанның үйінділері жатыр. Маған сарыбағыштар айтқандай, марқұм Орман батыр осы жерлерде көшіп-қонып жүргенде әйелдер мен балалар сол жерлерден інжу, маржан, лағыл, моншақ тағы басқа бұйымдар тапқан. Менің өзім алғашқы балшықтан жасалған құман мен қыш құмыра сынықтарын тауып алдым.
Біздің отрядтағы қазақтар таудың басынан аю, бұғы, қабан көрдік десті. Тіпті Ыстықкөлдің маңынан жолбарысты да кездестіруге болады екен. Ары қарай жолдың ортасында, өзен ағысының оң жағынан кең сай ашылады, ол Кеңсу деп аталатын көлге тіреледі. Ол басында Тобылғотының Түпке құюынан пайда болған. Тобылғоты Үшінші Мерке ағатын таудың оңтүстік баурайынан шығады. Олардың шатқалы біз жоғарыда айтқан Тобылғоты асуын құрайды.
26 - мамыр күні менің қасымда қырғыз жыршысы болды. Ол Манас поэмасын біледі екен. Поэманың тілі, ауызекі тілге қарағанда, түсінуге әлдеқайда жеңіл. Поэма қаһарманы Манас - ноғайдан әйел жинаудың қайтпас қайсар батыры. Оның барлық өмірі соғыс пен сұлуларды іздеуден тұрады. Тек оның мінезі шығысқа тән емес - ол өзінің әкесін жиі балағаттайды, малын қуып әкетеді, онымен дөрекі сөйлеседі. Бұл жағы түсініксіз. Барлық көшпенді халықтар қарттықты құрметтейді, ақсақалдар ерекше сый құрметке ие.
Бұл поэмада Шу, Ташкент, Іле және Ыстықкөлдің маңындағы үш халық - қырғыз, қазақ, ноғай тағдыры суреттеледі. Олардың араласуы мүмкін емес, өздері айтқандай, олардың көлге келуі 70 жылдан аспаған. Қырғыздарға ноғай аңыздары жат емес. Олар Едігені біледі және олардың аңызы да қазақтарға ұқсайды. Таңқаларлығы, ноғайлар ортазиялық көшпенділердің барлық поэмаларында кездеседі. «Ташкенттік» ноғайлар Манаста аталады. Жәнібек, Асан Қайғы мұнда да танымал. Қаншама қайғы әкелетін ала тай қазақтарды да толғандырады. Ноғайлар туралы әңгімеміз жетіп қалар.
....Мұнда күндіз өте ыстық, ал түнде өте суық. Көлдің алқабынан аптап ыстық кетпейді деседі. Қазақтардың айтуынша, олар үнемі «жаңбыр шақыруға» мәжбүр.
Олардың арасында дұға оқып, жаңбыр шақыратын сиқыршылар бар, оларды «жайшы» деп атайды. Бұл сенім көне түркілік, шығыстық тарихшылар жаңбыр жауғызатын жуд тас туралы айтады, ол қасиет түркілердің атасы Яфеске, оның ұрпақтарына деген ерекше ықыласын білдіру үшін құдай берген дейді.
4-топ: шығармаңың эстетикалық құндылығын зерделеңіздер. Үзіндіні оқып, шығармадан алған әсерлеріңізді талдай отырып, пікір алмасыңдар. Шығармадан алған әсерлеріңзді, сезімдеріңізді тұжырымды түрде жазыңдар.
18 сәуірде біз Семейден Аягөзге бет алдық. Казак бекеттері арқылы өтетін жол сусыз сортаң далада жатыр. Біз мұнда бірінші рет көк шөп көрдік. Біз шыққан күні жылы болды, бозторғайлар өздерінің әдеттегі әніне салуда. Сулы шалғындарда бізге әртүрлі үйректер кездесті, әсіресе, Каспий теңізінде болатын тұрпан немесе атайка деп аталатын түрі жиі кездесті, олар тұзды суды жақсы көреді және осындай шөл далаларда ұшырасады, көбіне топталып емес, жеке - ұрғашысы мен еркегі болып жүргенді жақсы көреді. Өсімдіктерден тек қарапайым мал жейтін шөптер: жабайы аскөк пен бақбақ ғана көрінеді. Біршама жетіліп өскен тобылғы мен қараған көп болды, бірақ жаңа жапырақ жайып келеді.
Бұл сортаң аймақ Аягөзге қарай өрлеп, Арқат төбесіне айналады, одан ары қарай төмендей бастайды. Қалай болғанда да Аягөз ылдиы Ертістікінен жоғары. Арқаттың қырлы жоталары көгілдір сілемденіп алыстан менмұндалап, көңілсіз әрі тірі жан жоқ жолды сәл де болса әрлендіреді. Арқат таулары жайылымға жақсы екенімен танымал, сондықтан мұнда Аягөз округы наймандары мен уақ болыстарының қыстаулары шоғырланған. Бұл жерде бізге дейін және біз өтіп бара жатқанда жүз үйден аса сарт өтті. Өздерінің айтуынша, олар бұл жерде 70 жылдан аса көшіп жүр. Алғашында оларды көшпенділікке күнкөріс үйреткен. Семей арқылы азиялық өнімдерді саудалай жүріп, керуендерді жөнелту үшін олардың өз жылқылары мен түйелері болу керек еді - оларды бағып-жаю қажет, оған қоса олар қымызды жақсы көреді, міне осыдан қазақтардан жалға жер алып, бірнеше отбасы болып киіз үйде тұрған. Бүкіл Азияға тән көшпенді, еркін өмір оларға ұнап, аз уақытта олар 150 үйге көбейді. Генерал губернатор оларды қашқындарды жасырып, контрабанда жасайды деп күдіктеніп, Арқаттан кетуді бұйырады. Олар Ресей боданына өткеннен соң, не мещандар деп жазылуға, не бұл арадан кетулері керек болды. Олар, шамасы, соңғысын жөн деп тапса керек.
Достарыңызбен бөлісу: |