Сабақтың тақырыбы:
|
Қазақстан туризмі
|
Күні:02.05.2019ж
|
Мұғалімнің аты-жөні:Мырзахметова А.
|
Сынып:8 А,Ә
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
8.1.1.1 мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау;
8.4.5.1 сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдану.
|
Сабақ мақсаттары
|
Мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжайды.
Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолданады.
|
Тілдік мақсат
|
Сексен көл, сая, жібектей жел, көк желекті аппақ қайың.
|
Бағалау критерийлері
|
Мәтінге тақырып қойып, мәтін түрін анықтайды.
Тілдік бірліктерді нормаға сай жазады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Мәңгілік ел құндылығы: бұл-тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.
Мектеп құндылығы: жұмыс барысында мәдениеттің дамуына, тілдің мәртебесіне көңіл аударту
|
Пәнаралық байланыстар
|
Тақырыпқа байланысты кейбір ұғымдарды түсіндіру үшін биология пәнімен байланыстыруға болады.
|
Бастапқы білім
|
Қазақстандағы туризм және экотуризм. Пункуация
|
Жоспарланған уақыт
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Басталуы 5 минут
|
1.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Сынып реттілігін қадағалау. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.Топқа бөлу.
2.Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Оқушыларға сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. Оқылым мәтіні бойынша топқа сұрақтар таратылады.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
|
Оқулық, дәптер, қалам
|
Жаңа білім 10 минут
|
Білу және түсіну. Сұрақтарға жауап бер.
1. Қою қаріппен берілген сөздерді эмоционалдық - эксперименттік қатарға жатқызуға бола ма? Олардың өлеңдегі рөліне талдау жасаңдар.
2."Суретті шежіре" деген тіркестің астарлы мағынасы бар ма? Бар болса, қандай?
3.Қазақстанға келетін туристар үшін "Кім? Не? Қашан? Қайда?" деген сұрақ-тарға жауап беретіндей төрт бағытта зияткерлік карта жасаңдар.
|
Сұрақ-жауап
|
Сабақтың ортасы.
20 минут
|
Қолдану. "Отандық туризмді дамыту" аудиомәтінін тыңдап, тапсырмаларды орындаңдар.
1.
|
Мақаланың 3 ерекшелігін жазыңдар.
|
2.
|
Туризмді дамытудың маңыздылығына мәтін бойынша 3 мысал келтіріңдер.
|
3.
|
"Менің Отаным - Қазақстан" экспедициясының болашағына болжам жасаңдар. Болжамдағы егізгі сөйлемдер "Егер.., онда", "Алайда" деген сөздерден басталсын.
|
4.
|
Мәтіннің стилін, сөз қолдану ерекшеліктерін, құрылымын оқылым мәтінімен салыстырыңдар.
|
|
|
А4 парағына жазылған сөздер
|
Достарыңызбен бөлісу: |