Сабақ:
|
Мектеп: «Жангелдин жалпы білім беретін мектебі» КММ
|
Күні: 31.01.2023
|
Мұғалімнің аты – жөні: Латен Ақбота Оралқызы
|
Сынып: 6
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
|
6.1.1.1 – әдеби шығарманың жанрын фабуласын, сюжетін анықтау
|
Сабақ мақсаттары:
|
Барлық оқушылар орындай алады:
Мұратбековтің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Әңгіме неліктен "Жусан иісі" аталғанын түсіну.
.Кейіпкерлер сөзі арқылы шығармашылыққа үйренеді.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Әдеби шығарманың жанрын фрабуласын,сюжетін анықтай алады.
|
Бағалау критерийлері
|
Жетістік критерийлері
|
Тілдік мақсат:
|
Оқушылар отбасы мүшелерінің атауларын және ана туралы көркемдегіш сөздерді меңгереді. Шығармадағы мұң, қасірет, жетім сөздерінің мағынасын түсінеді.
|
Жоспарланған уақыт:
|
Мұғалімнің қызметі:
|
Оқушының қызметі:
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
7 мин
Сабақтың ортасы
5 мин
15 мин
Сабақтың соңы
5 мин
5 мин.
3 мин
|
Мұғалім оқушылармен амандасады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Кубик» әдісі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Балалар кубиктегі іс - қимылдарды қайталайды.
Үй тапсырмасын тексеру.
«Фри таяқшалары» әдісі арқылы. Фри таяқшаларындағы сұрақтарға жауап береді.
Жаңа сабақ
Кейіпкер –көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам, әдеби образ.
Типтік бейне дегеніміз көркем әдебиеттегі жинақталған адам образын айтамыз. Жазушы өз заманында өмір сүріп отырған адамдардың ұқсас мінездерін бір кейіпкердің бойына жинайды. Мысалы: Аян образы арқылы соғыс кезінде өмір сүрген барлық жетім балалардың образын жинақтап беріп тұр. Берілген үзінділерден кейіпкерлердің типтік бейнелерін біледі.
1-тапсырма: Жеке жұмыс Сюжеттік композициялық талдау:
Оқиғаның басталуы: Соғыс кезінде әжесі мен Аянның ауылға көшіп келуі .
Оқиғаның дамуы: Аян мінезінің жайлылығы арқасында ауыл балаларымен тез тіл табысады.
Оқиғаның шиеленісуі: Аянның әжесі қайтыс болып, оны Бапай атты туысы қасына алады
Оқиғаның шарықтау шегі: Аянның тобығын тайдырып алуы. Бапайдың Аянға немқұрайлы қарауы.
Оқиғаның шешімі: Майдандағы әкесінен қара қағаздың келуі.
Оқиғаның аяқталуы: Аянның ауылдағы достарымен қимай қоштасып, қаладағы балалар үйіне жіберілуі.
Дескриптор:
Әңгімені толық түсіне біледі;
Сюжеттік композициялық талдау жасай алады.
2-тапсырма.
Үзінді Типтік бейне
1 --Үйбай, бетім-ай, бұ дүбірлеген не десем, мыналар екен ғой. Аулақ жүріңдер әрі, өй,өңшең топырлаған немелер! Онысы несі-ай, тап терезенің түбіне кеп үймелегендері!-деп қуып жіберді.
Бала жанын түсінбейтін, қаталдау апаның бейнесі
2 -Мен бүгін таң алдында түсімде ағамды көрдім. Рас айтам.Түнде жатарда ағамның пальтосын басыма жастап, көпке дейін иісін иіскеп жатқам. Ағамның иісі сіңіп қапты. Біртүрлі жусанның иісі сияқты жақсы иіс... Соғыс кезінде туған балалардың әкелеріне деген сағынышын көрсететін образдар.
Балалық шағы ұрланған балалар бейнесі.
Дескриптор:
Жусан иісі әңгімесіндегі типтік бейнелер үзіндісін оқиды;
Типтік бейнені табады.
|