ЖШС «Мейірбике» колледжі
Бекітемін
ДӘЖЖ орынбасары
К.Б.Еспагамбетова_________
«______»________2015 жыл
Акушерия және гинекология
пәнінен тыс ашық сайыс сабақ.
Тақырыбы: «Үздік акушер»
Дайындаған: Бегимова А.Н
Акушерия және гинекология пәнінен тыс ашық сайыс.
Тақырыбы: «Үздік акушер»
Сайыстың маңыздылығы: Оқушылардың меңгерген білім деңгейің анықтау, білімді,жан-жақты болуға үйрету, теориялық білімін тәжірибемен ұштастыра отырып, білім дайындығын анықтап, оқушылар арасында білім бәсекелестігін арттыру.
Сабақтың түрі: Бинарлық
Сайысқа қатысушылар: 456 тобының оқушылары.
Пән аралық байланыс: Анатомия, физиология, ішкі аурулар,педиатрия, фармакология.
Сайыстың мақсаты:
«Акушерия және гинекология » тарауын сайыс түрінде өткізе отырып оқушыларды акушерия, маңызын, қызметін білуге үйрету. Сайыс кезінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру.
Білімділік: «Акушерия және гинекология » пәні бойынша оқушылар білімдерін қорытындылап, бағалау.
Дамытушылық: «Акушерия және гинекология » пәнін қорытынды сайыс түрінде өткізе отырып, оқушылардың білімін, ұйымдастырушылық қабілетін, ой өрісін нығайту.
Тәжірибелік: Жаңа технологияны игере отырып, оқушылардың танымдық қабілетін арттыру.
Сайысқа қатысушылар: 456 Акушерия тобының оқушылары.
Пән ішілік байланыс: «Акушерия және гинекология» жұмысының сыртқы көрінісі.
Пән аралық байланыс: сестралық іс негізі «Функциональды жағдайды бағалау», терапия
Қолданылған оқулықтар: А. Рақышев «Адам анатомиясы», Ж. К. Ермахан «Тәнтану», М. Дайырбекова «Адам анатомиясы»
Сабақтың хронокартасы
І. Ұйымдастыру кезеңі - 3 мин.
ІІ. Таныстыру - 5 мин.
ІІІ. 1 тур –тесттілеу (50 сұрақ) - 20 мин
ІҮ. 2 тур – билет сұрақтары (алгоритм бойынша тәжірибелік іс-әрекеттерді көрсету) - 7 мин.
Ү. 3 тур – билет сұрақтары (ситуациялық жағдаяттарды шешу) - 5 мин
YI. Сайысты қорытындылау - 5 мин.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқытушылар аудиторияның сайысқа дайындығын тексереді. Сайыстың өткізу маңыздылығын мәнін атап өтеді. Сайыстың өту барысын, сайысқа қатысатын оқушыларды таныстырады.
Әділқазылар алқасының мүшелері: әдіскер: Еспагамбетова К.Б., ЦМК төрағасы: Ахтанова Н.Х., Тәжірибе меңгерушісі: Аяпова И.Н., арнайы пән оқытушысы: Серік Қасым.,
Оқушылардың деңгейін бағалау бақылау парағына белгіленеді.
ІІ. Таныстыру - Әр студент өз-өзін таныстырады.
ІІІ. 1 тур –тесттілеу (50 сұрақ) беріледі.
ІҮ. 2 тур – билет сұрақтары (алгоритм бойынша тәжірибелік іс-әрекеттерді көрсету) - муляждар мен фонтомдардан айтып көрсету.
Ү. 3 тур – билет сұрақтары (ситуациялық жағдаяттарды шешу) -
YI. Сайысты қорытындылау.
Әділқазылар сайыстың өту барысын, оқушылардың дайындығын бағалап, қорытындылайды.
Әрбір белсене қатысқан оқушыларды атап өтеді.
Сайысқа қатысқан оқушыларға алғыстарын білдіріп, марапаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |