Күні: 09.01.2018ж
Тақырыбы: «Рөлдік ойын –Бауырсақ»
Мақсаты: 1-ші сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделуіне көмек көрсету. Рөлдік ойын «Бауырсақ» ертегісін ойнату арқылы сөйлеу тілін, іс-әрекет қарқынын, қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту
Көрнекіліктер: сенсорлық бөлме жабдықтары, ертегі кітабы «Бауырсақ»
Сабақ түрі: психологиялық тренинг сабақ
Сынып: 1 «А»
Сабаққа қатысқан оқушылар:
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ойын атауы, мақсаты
|
Психологтың іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
«Шаттық шеңбері»
Балалардың көңіл-күйлерін көтеру.
|
Сәлеметсіздерме балалар!
Сендер өте әдемі және сиқырлы бөлмеге келдіңдер.
Сендер сыныптастарыңмен достастыңдар ма?
Ендеше барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, дөңгеленіп тұрамыз. Бір-бірімізге қарап күлімдейміз. Жарайсыңдар!
|
Оқушылар амандасады.
Бір-бірінің қолдарынан ұстап дөңгеленіп тұрады.
Бір-біріне қарап күлімдейді
|
«Бауырсақ» ертегісі
|
Балалар қараңдаршы мына не? Кітап. Бұл қандай кітап? Бұл ертегі кітап. Ертегі кітапқа қараңдаршы ненің суреті бар? бауырсақтың суреті бар. бұл «Бауырсақ» ертегі кітабы.
Балаларға ертегіні оқып беру.
Ерте, ерте, ертеде бір кемпір мен шал болыпты. Олар нашар тұрмыс кешіпті. Бір күні шалдың қарны ашып, кемпіріне:
- Кемпір, кемпір, бауырсақ пісірші, - депті.
- Үйде ұн жоқ,қалай пісірем?-дейді кемпірі.
- Қаптың түбін қырып алып, қалғанымен пісір, - дейді шалы.
Сөйтіп кемпір қаптың түбін қырып, соңғы қалған ұнмен- Кемпір, кемпір, бауырсақ пісірші, - депті.
- Үйде ұн жоқ,қалай пісірем?-дейді кемпірі.
- Қаптың түбін қырып алып, қалғанымен пісір, - дейді шалы.
Сөйтіп кемпір қаптың түбін қырып, соңғы қалған ұнмен бауырсақ пісіріпті. Бауырсақты суысын деп терезенің алдына қойып қояды. Ашық терезеден бауырсақ домалап кетеді. Орманның ішімен жолда келе жатса бауырсаққа қоян кездеседі. Қоян:
- Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін,-дейді.
- Атадан да құтылдым, әжеден де құтылдым, сенен де құтылып кетем,-деп бауырсақ қояннан қашып кетеді.Жолда бауырсаққа қасқыр кездеседі. Қасқыр:
- Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін,-дейді.
- Атадан да құтылдым, әжеден де құтылдым, қояннан да құтылдым, сенен де құтылам,-деп бауырсақ қасқырдан қашып кетеді.
Жолда бауырсаққа аю кездеседі. Аю да бауырсақты жегісі келеді.
- Атадан да құтылдым, әжеден де құтылдым, қояннан да құтылдым, қасқырдан да құтылдым, сенен де құтылып кетем,-деп, бауырсақ қашып кетеді.
Жолда бауырсаққа түлкі кездеседі. Түлкі қулыққа салып:
- Көзім де көрмейді, құлағым да естімейді, тұмсығымның үстіне тұрып айтшы,-дейді.
Бауырсақ сеніп қалып түлкінің тұмсығына шыққан кезде, түлкі бауырсақты жеп қойыпты.
\ролдерге бөліп балалармен ойнау\
Қайталап айту арқылы іс-әркеттермен көрсету.
|
Балалар ертегіні тыңдайды.
|
Релаксация
Оқушылардың демалуына жағдай туғызу.
Кері байланыс
|
Балалар сендер шаршадыңдарма? Ендеше барлығымыз аспанға қарап,аяғымызды созып,ыңғайланып жатайықшы. Түнде біз ұйықтаймыз. Қанекей түн болды барлығымыз көзімізді жұмып ұйықтаймыз. Сөйлеуге болмайды. (1мин демалу сәті)
Таң атты. Балалар ұйқысынан ояна бастады. Орнымыздан тұрамыз, керілеміз.
Сендерге ертегі ұнадыма? Қандай ертегіні білдік? Бауырсақ деп баріміз айтайық. Жарайсыңдар!
|
Көздерін жұмып жатады.
Көздерін ашады. Орындарынан тұрып керіледі, қолдарын жоғары төмен қозғалтады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |