бірдей ". Осы айтылғаннан Спинозаның ойынша адам жаны тəнімен байланысып ғана
емес, жан мен тəннің бірлігі болуы қажет. Жан мен тəн бір индивидуум(ойлайтын дене)
ғана құрап қоймай, бір жағдайда түйін басқа жағдайда ойлауды көрсетеді. Сондықтан дене
жағдайының тəртібі мен байланысы басқа заттармен əрекеттесуінен болатын ықпалдан,
жандағы көріністер мен идеялар қандай байласаныс пен тəртіпте орналасуын көрсетеді,
олар сезімдер, ерік жəне т.б. психикалық процестерге байланысты.
Осылай Спиноза Декарт дуализмін шешті. Декартқа қарағанда ол адам ойлауын
табиғи
қасиет деп есептеді, ойлау көрінісі барлық субстанцияның қасиеті ретінде. Түйін
жəне ойлау Декарттікіндей бір біріне ісер тигізбейді, керісінше бір біріне сəйкес келеді,
бір бірінен жəне субстанциядан айырылмайтын бөлшек ретінде қарастырылады.
Екі қасиет те əр көріністе бірігіп əрекет етеді, ол табиғаттағы себепті байланыс.
Сондықтан идеялар тəртібі мен байланысы заттардың тəртібі мен байланысымен бірдей.
Спинозада адам мен жануардың жетілгенінің əр түрлі дəрежесіне нұсқаулықтар
бар. Осыдан субстанция қасиетін тек адам ойлауының ұүлгісі ретінде қарастыруға
болмайды. Адам ойлауы - субстанция қасиетінің ойлаудың жеке жағдайы ретінде
қарастырылады. Табиғатта ойлаудың түрлі қалыптары бар. Ойлаудың жетілуінің деңгейін
Спиноза дененің əрекетке аз немесе көп деңгейде қабілетін байланыстырады. ойлау заттар
əлемінде дененің əрекеті ретінде білінеді. Бұл Спинозаның параллестикалық
түсіндірмесін жоққа шығарады, өйткені ойлау жүйелік-анатомиялық ұйымнан емес,
əлемдегі сыртқы денелердің əрекет формасын байланыстырады. Бұл жан мен материяның
мəселелірінің жоғарғы шешімі жəне дуализм мəселесінен шешім көрсетеді.
Л.С.Выготский жазбалары бойынша:" Спиноза гипотезасының артында Галилейдің бүкіл
физикасы тұрды, əлемнің бірлігі мен заңдылығын алғаш қабылдаған дуниетану
ғылымының жалпы тəжірибесін философиялық тілге аударған" деп айтылған.
Спиноза
жүйесі - материалистік монизм. Субстанция түйін жəне ол да ойлай алады. Өзгеше діни
субстанция жоқ. Алайда материя мен ойлаудың арақатынасының мəселесін соңына дейін
шеше алмады. Материя мен ойлау бірлігі мəңгі түсінік. Осы жағдайда, субстанцияның əр
көрінісі жаны бар ма жəне психика жəне т.б. қажеттілігі қандай деген сұрақтарға жауап
беруде қиыншылықтар туындайды.
Субстанция туралы оқу негізінде Спиноза тану мен аффект мəселелерін шешеді.
Тануды өабылдаудың төрт тəсілі бар: есту бойынша немесе басқа бір кездейсоқ жолмен
білу; тəртіпсіз өмір тəжірибесінен; жалпы жағдайдан дара жағдайға қорытындылау
жолымен, шарт бойынша - себеп немесе т.б; болмысты оған жақын себек бойынша тану.
"Этикада" бұл тəсілдер тану тəсілінің үш түріне бірігеді. Алғашқы екі тəсіл бір түрге
бірігеді. Бұл пікір мен елестету; бейне ретінде көрінеді. Бұл танудың себебі, жан сыртқы
денелерді өзінің денесінің жағдайы арқылы қабылдайды, сондықтан, бейнеде заттардан
жəне өз денесінен келетін заттар араластырылып қабылданады. Бірінші түрдің тану əдісі
абстракттіғ яғни толық емес, бөлек заттардың түсініктері (мысалы, адам, жылқы, ит жəне
т.б.). Екінші түрді тану, сана заттардың қасиеттері туралы жалпы ойларды береді. Олар
ғылымның негізін құрайды. Олардың кемшілігі болып, олар білдіретəн мəнінен заттардың
жеке дара ерекшеліктерінен айырмашылығы. Үшінші түр - интуитивті тану. Заттардың
болмысы туралы барлық əр түрлілігіне қарай себепті-салдарлы байланыстар туралы білім
береді. Спиноза тану əрекетін жəне нақты нəрседен
абстракттіге дамытады, ол
диалектикалық материализмде білінеді.
Монизм негізінде субстанция оқуында жəне таным оқуында аффект анализі
беріледі. Л.С.Выготский бағасы бойынша: "Тек қана Спиноза адам құштарлығының
табиғи детерменистикалық материалистік себепті түсіндірме үшін күресті. Ол адам
психологиясын өзінің тура мағынасында ғылым ретінде қарастыру мүмкіндігін
философиялық түрде дəлелдеді жəне оның дамуына жол ашты". Аффект туралы оқулар
мынанда сұрақтардан құралады: аффект пайда болуы мен табиғаты(анықтама мен
классификация), адам құлдығы немесе аффект күші (бағалау), сана күші мен адам
бостандығы (аффектпен күрес). Спиноза аффектті табиғаттың табиғи көрінісі ретінде
қарастырады. Түйін қасиетінде алынған аффекттар - ол дене күйі, басқа денелер əсер ету
кезінде бұл дененің тіршілік етуге жəне əрекет етуге мүмкіндігі асырылады немесе
кемітіледі. Ойлау қасиетінде алынған афекттар - жалған,
қоршаған заттардан алынған
идея,
дененің
тіршілік
етуге
немесе
əрекет
етуге
үлкен
немесе
кіші
мүмкіндігі.Спинозаның
эмоциялардың
динамогенді
əсері
туралы
теориясы
эксперименталды дəлелденді.
Спиноза үш негізгі аффект қарастырады: ықылас, рақаттылық, наразылық.
Олардың айырмашылықтары, адамға қандай əсер етуші факторлар қолдануына
байланысты айырылады. Бастапқы аффектардан құмарлықтың барлық көптүрлілігі
байқалады, адамның затқа деген кқзқарасынан үш принцип өзгеріске ұшырайды.
Əр түрлі адамдардың аффекттары жеке дара ерекшеліктері болады, жəне олардың
бір бірінен айырмашылығы адамдар болмысы бір бірінен қандай айырмашылықта
болуына байланысты. Аффект бағалау мəселесі үлкен орын алады. Спиноза аффект адам
еркіне бағынышты жəне онымен шексіз бағыштауға болад деген оймен келіспейді.
Тəжірибе үйретеді, ал аффектті асаулату жəне мүмкіндігін шектеу үшін аз емес тəжірибе
мен тырысу қажет. Осы,ан байланысты, аффектінің адамға көрсететін күш пен билігі бар.
Аффект адамның əрекеті мен қылықтарын анықтайды. Өзінің күші мен маңызына сəйкес
аффекттар бірдей емес. Пайда тигізетін аффектар бар, олар: рақаттану, көңіл көтеріңкілік
жəне т.б. олар адам денесінің қабілеттерін күшейтеді. Зиян тигізетін аффекттар бар,
жеккөрушілік, аяушылық жəне т.б. олар адамды қорлайды. Алайда осы
айырмашылықтарына қарамастан аффекттар адамды шатастырып, заттардан тəуелді
етеді."Адамның аффектті бағындыруда деген əлсіздігі оны құлға айналдырады. Өйткені
аффектке ұшыраған
адам өз өзіне есеп бермейді, сəттілікпе бой ұсынатыны сондай
деңгейде, өзінің алдында жақсылықты көріп тқрса да, жамандыққа бой алдыртады".
Аффект өмірге кедергі келтіретіндіктен одан əр құлшылықтан құтылу сиякты құтылу
қажет. Өзімізге сыртқы заттарды бейімдеткізе алмағандықтан, тек тану барлық күш
жігерімізді көрсетеді. Онын көсегімен заттардың шын кейпі ашылады. Бірақ бір танудың
өзі жеткіліксіз. Спиноза байқауы бойынша аффект басындырғаннан рақат алмаймыз. Тек
жоғарғы, яғни екінші, үшінші түрді танығаннан кейін жаңа аффект жоғарғы деңгейдегі
раққаттану, əлемге деген интеллектуалды махаббат сезінеміз.
Сонда, бостандықтың мəні аффектіге бой бермей, ал өажеттілікті тану жəне сол
қажеттілікке бағыну. Бостандық қажеттілікке емес,
міндетті болуға қарама қайшы
қойылады. Спиноза "Этиканы" мына сөздермен аяқтайды: "Егер мен көрсеткен жол қиын
болып көрінсе де, алайда оны табуға болады!"
Спинозаның психолиясы - жаңа, маңызды, Декарттан кейін сана болмысының
мəселесі психологиялық зерттеу объектісі қарастырған.
Спинозаның құмарлық теориясы қазіргі заманғы ғылыми білімге енген. Ол
Э.Фроммның адам тану туралы ғылымға, С.Л.Рубинштейннің теоретикалық
ұстанымының қалыптасуына əсер еткен. "Менің теоретикалық ұстанымым - Спиноза жəне
Маркс". Спиноза - аффектіні басқарудың бостандық идеалы болып табылады
.
Өзін өзі тексеру сұрағы:
1. Ассоциалды психологияның негізін салушы ХІХ-ХХ ғасыр өкілі кім?
2. Б.Спинозаның басты шығармасы болып табылады?
3. Спиноза үш негізгі аффектіні қарастырған? Олар қандай?
Достарыңызбен бөлісу: