Сабақтар (сағаты) 15 соөЖ (сағаты) 15 СӨЖ (сағаты) 45 Барлық сағаттар 90 Курстың мақсаты


Практикалық (семинар)/ зертханалық сабақтарға арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет41/60
Дата26.04.2024
өлшемі6.9 Mb.
#499894
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   60
Снимок экрана 2024—04—18 в 22.58.51

7.Практикалық (семинар)/ зертханалық сабақтарға арналған нұсқаулық.
№1 практикалық сабақ
Тақырыбы: Ежелгі жəне қайта өрлеу дəуіріндегі психологиялық мəселелер.
Мақсаты: Ежелгі жəне қайта өрлеу дəуіріндегі психологиялық мəселелер жөнінде
білімдерін айқындау.
Тапсырмалар:
1. Ерте гректік философиядағы «жан» мəселесі.
2. Ежелгі грек дəрігерлерінің зерттеулері.
Əдістемелік нұсқау: Жұмыс үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең. Топ үлкен шеңбер болып
отырғыштарға отырады. Мұғалім мəселені ұсынады.
Екінші кезең. Белгілі уақыт ішінде (10 минут) əрбір оқушы жеке осы мəселені шешудің
жолдарын қағаздарын жазады.
Үшінші кезең. Шеңбер бойынша əрбір оқушы өз ұсыныстарын ұсынады, топ бұл
ұсынстарды сынамай тыңдайды, жəне əңгіме бойынша тақтаға жазылып тұратын ортақ
шешімге қосу, қоспауға дауысқа салады.“Үлкен шеңбер” əдісін сұрақтың шешімін тез табу
керек болған жағдайда қолдануға болады.
Өткізілу формасы:
 
«Үлкен шеңбер» əдісі
Əдебиеттер: 1,2,3,4,5
№ 2 практикалық сабақ
Тақырыбы: Антикалық психология.
Мақсаты: Тақырып жөнінде білімдерін айқындау.
Тапсырмалар:
1. Демокрит, Гераклит, Платонның идеялары мен оның психологиялық негізі.
2. Антикалық психологиядағы ғылыми бағыттар.
3. Антикалық заманнан қайта өрлеу заманына өту кезеңі.
Əдістемелік нұсқау: Студент бұл стратегияны да көптеген жағдайларда еркін қолдана
алады. Мысалы, сабақ басталған кезде студент сол ұғым немесе тақырып бойынша не
білетіндігін, білгісі жəне үйренгісі келетіндігін өз кестесіне түсіреді. Бұл кестені тақтаға
сызып, оған топтың ойларын да жазып қоюға болады. Сабақа соңында сол материалды
игере отырып, кестені толтыруға тырысады. Немесе студент оқу жылының басында
белгілі пəн бойынша осы кестені толтыра отырып, өз білімінің толығуын бақылап отыра
алады. Оқытушы да бұл кестені жағдайға қарай өзгертіп қолдануына болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет