Атырау мұнай және газ технологиялық колледжі
Химия және биология пәнінің оқытушысы Далеуова Алмагуль Асауовна
Тәрбие сағатының тақырыбы: Адам әлемді қаншалықты таныса, өзінде соншалықты тани түседі.
Сабақтың мақсаты:
Химияның құндылықтары бойынша дөңгелек үстел өткізу;
Оқушы өз бойындағы қасиеттерді танып білуге, жетілдіруге ұмтылу.
Оқушыларды төтенше жағдай кезінде дұрыс шешім қабылдай білу қабілеттілігін дамытатын қажетті білім, білік,дағды қалыптастыру.
Түрі: дөңгелек үстел басындағы ой бөлісу.
Әдіс – тәсілдері: проблемалық сұрақтар.
Жүру барысы:
Мақсатым тіл ұстартып өнер шашпақ
Наданның көңілін қойып, көзін ашпақ.
Үлгі алсын деймін ойлы жастарымыз,,
Думан- сауық ойда жоқ әуел баста –ақ деп Абай атамыз жырлағандай , құрметті студенттер мен ұстаздар бүгінгі ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Сіздер бүгін « Адам әлемді қаншалықты таныса, өзін де соншалықты тани түседі» атты пікір алмасу үшін дөңгелек үстелімізге жиналып отырмыз. Бұлай атау себебім, барлық адамзат, яғни біз өзімізді қоршаған ортаны, бүкіл әлемдегі болып жатқан жаңалықтарды, достарымызбен қарым- қатынастарымызды танып білуіміз, ажыратуымыз үшін көптеген ізденіс пен білім қажет. «Ғылым таппай мақтанба» демекші барлықтарыңды бүгінгі тәрбие сағатымызға өздеріңнің білімдеріңізді ашық ортаға салуға шақырамын.
Адам ғалам ғажайып жеке дара,
жан құмары ізденген мәңгі сана.
Өзіңді өзің танысаң істің басы,
Түзеген өз ғаламын болған дана» демекші бүгінгі cтуденттерімізден өз ойларын , өзін өзі қаншалықты көрсететінін саралап көрейік. Ал енді студенттерімізге қойылатын сұрақ мынадай:
-
Адам өзінің орташа ғана қабілетімен әлемнің дамуына ықпал жасай ала ма?
Адам баласы өзі өмір сүріп отырған әлемін танып біледі. Әр адам өзінің ойлау қабілетіне сәйкес өз әлемін іштей қалыптастырып алады.
-
«Өмірдегі ең басты мәселе не?».
Химия пәнін меңгерудің қандай маңызы бар?
-Болашақ мамандық таңдауда шешуші рөл атқарушы- дәрежесі жоғары институтта оқу ма, жоғары еңбекақы алу ма, шетелге жиі іс – сапарға шығу ма, әлде өз қабілетіңізді толық ашу ма?
3. «Жер саулығынан – адам саулығына.» баяндама
«Судың ластануының жер саулығына тигізетін әсері» баяндама
Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние
Кіріспе.
Денсаулық баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш-жігерді , не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек.Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады.Денсаулықсыз өмір қызық сыз әлем деп санаймын.
Міне , студенттеріміз білімдерімен, алғыр ойларымен өз ойларын ортаға салды.
Диафильм көрсетілімі /5-мин/
Мен бүгінгі тәрбие сағатымыздың барысында «Сөз мерген» ойынын ұйымдастырғым келіп тұр.
Бұл – көне сөз, астарлы ұғым, мақал-мәтелді бір кісідей білетін сенімді жандар сайысқа түсетін бағдарлама. Қатысушылар үшін мақсат – жеңу. Өзін-өзі сынап көру. Жүргізуші мен,химия және биология пәнінің мұғалімі Далеуова Алмагуль Асауовна
Мен сендерді жұлдызша арқылы бағалаймын. Көп,әрі дұрыс жауап беріп жұлдызша жинаған студент жеңімпаз атанады.
Ойын 3 кезеңнен тұрады:
-
«Сөз тапқанға қолқа жоқ» 3 тапсырма
-
«Мақал сөздің мәйегі» 14 тапсырма
-
«Ойлы болсаң озып көр» 6 тапсырма
Олай болса ойынымызды бастаймыз, барлығыңызға іске сәт!
І- кезең: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»атты кезеңде бірінші бағанадағы сөзбен екінші бағанадағы сөздің сәйкестігін тауып, мағынасын ашу.
Болат
|
Берік бол
|
Шойын
|
Темір
|
Қорғасын
|
Жауабы: Болған іске болаттай берік бол
Алюминий
|
Табылса бар там-тұмнан,
Қазір көп әрбір өлкеде.
Қымбат болды алтыннан,
Қандай металл ертеде.
|
Бал
|
Алма
|
алмұрт
|
Жауабы: Алюминий
Қобыланды батыр жырында
|
«Қылышпен өлтірсем, қиқаладың дерсің сен.
Найзаменен өлтірсем, миқаладың дерсің сен.
Садақпенен өлтірсем, қатты кеттім дерсің сен.
Мылтықпенен өлтірсем, жазым қылдың дерсің сен»
|
Алпамыс батыр жырында
|
Махамбет батыр жырында
|
Қыз-Жібек жырында
|
Жауабы: Қару- жарақтың– темірден
Жасалғандығын айтады.
ІІ- кезең: «Мақал сөздің мәйегі» мақал –мәтелдің жалғасын табу.
1. «Тұзсыз ас, темiрсiз халық болмайды»
2.«Темiр сырын отта танытады»
3.«Тегi жаман темiрдi қанша қайрасаңда өтпейдi»
4.«От— көмiр жейдi, тат — темiр жейдi»
5.«Көптің аузы-темір талқы»
.6.«Темірші – көміршіге үйір»
7.«Темірді қызған кезде соқ»
8.«Болат қайнауда шынығады
9.Батыр майданда шынығады»
10«Алмас пышақ қап түбінде жатпас»
11.«Темірдің бір басы-ыстық, бір басы-суық»
12.«Темір кессең қысқа кес,
Ұзартуың оңай.
Ағаш кессең ұзын кес,
Қысқартуың оңай».
13.«Болат бүгілмес-морт сынар».
14.«Оқ жетпес жерге қылыш сілтеме».
ІІІ- кезең: «Ойлы болсаң озып көр» екі бағананың сәйкестігін табу.
Аспирин
|
Дене қызуын
төмендететін
кең таралған дәрі
|
Мукалтин
|
Глюкоза
|
Бесептол
|
Жауабы: Дене қызуын төмендететін кең таралған дәрі-аспирин
Бром
|
Жүйкені
жайландыратын
дәрі-дәрмек
құрамына кіретін элемент
|
Йод
|
Натрий
|
Темір
|
Жауабы: Жүйкені жайландыратын дәрі-дәрмек құрамына кіретін элемент -бром
Кальций
|
Сүйекті
қаптайтын
элемент
|
Калий
|
Магний
|
Натрий
|
Жауабы: Сүйекті қаптайтын элемент -кальций
Күкірт
|
Терінің қышыма ауруына қарсы жасалатын майдың құрамының басым бөлігін құрайтын химиялық элемент
|
бром
|
Кремний
|
Йод
|
Жауабы: Күкірт
Йод
|
5 ℅ спирттік
ерітіндісі қан тоқтатуға
қолданылатын элемент
|
Бром
|
Фтор
|
Азот
|
Жауабы: Йод
Нашатр спирті
|
Есінен танған адамға алғашқы
көмек ретінде қолданылатын
сұйықтық
|
йод ерітіндісі
|
Этил спирті
|
Метил спирті
|
Жауабы: Нашатр спирті
Енді жеңіп шыққан оқушымызды «Сөз мерген» атты ойынымыздың жүлдегері деп жариялаймыз. Қане кім көп жұлдызша жинады. Құттықтаймыз!
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй» деп Абай атамыз жырлағандай кезекті әнге береміз.
«Көк тудың желбірегені» хормен айтылады.
Қорытынды:
Адам өміріндегі ең қажетті білім . Адам білім арқылы өмірді, қоршаған табиғатты , айналаны танып біледі. Адам ойлылығын, іс әрекетінен, ақылынан көруге болады. Әр ісін ойлап ақылмен істеген адам өз мақсатын айқын көріп мұратына жете алады. Өз ортасына сыйлы болады. Сонымен « Адам әлемді қаншалықты таныса өзін де соншалықты тани түседі» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |