Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою ерекшеліктері. Сабақтың негізгі кезеңдері мен рефлексиясы



бет1/4
Дата26.06.2023
өлшемі0.63 Mb.
#475394
түріСабақ
  1   2   3   4
Сабақ мақсаты Дурманов Бакдаулет

Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою ерекшеліктері. Сабақтың негізгі кезеңдері мен рефлексиясы.

Дурманов Бакдаулет Дербисалиович


И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі

Белсенді сабақты жоспарлау неден басталады?

Сабақ – педагогикалық туынды, мұғалімнің жұмысының көзге көрінетін негізгі бір бөлігі. Әрбір сабақ біртұтас педагогикалық үдерісті жүзеге асыруға бағытталады: оқыту, дамыту, тәрбиелеу. Сабақ сыныпқа кіргенге дейін оған алғашқы дайындықтан басталады және сабақ жоспарын дайындау – табысты сабақты құрылымдаудағы жауапты кезең. Белсенді сабақ – табысты сабақтың алғышарттарының бірі.

Кез келген сабақ оның түпкілікті мақсатын – мұғалім нені көздейтінін түсініп, оны дұрыс, нақты анықтаудан басталады; содан соң құралдар – мұғалімге мақсатына жетуге үшін не септігін тигізетіні, тек содан кейін ғана тәсіл – мақсатқа жету үшін мұғалім қалайша әрекет ететіні анықталады.

Сабаққа дайындалуға ұсынымдар:

  • өзіңіз үшін оның тақырыбын нақты анықтау және тұжырымдау;
  • тақырыптың оқу бағдарламасындағы орнын анықтау;
  • осы сабаққа негіз болатын басты ұғымдарды анықтау, басқаша айтқанда, бұған дейін өтілгендерге шолу жасау;
  • сонымен қатар, алдағы уақытта қолданылатын оқу материалын белгілеу, басқаша айтқанда, сабаққа болашақ қызметі тұрғысынан қарау.

Сабақтың нысаналы мақсатын өзіңіз және оқушылар үшін нақты анықтау және тұжырымдау – ол не үшін қажет? Бұл сабақтан балалар не алады?
Мұғалім әрбір кезеңде қолданатын
  • оқыту үлгілеріне (жеке, жұптық, топтық, бүкіл сыныптық);
  • оқытудың әдіс-тәсілдеріне мән беруі керек, себебі белсенді сабақта мұғалім мен оқушының атқаратын қызметі мен іс-әрекеттерінде үлкен өзгеріс бар;
  • сабақты жоспарлағанда мұғалім педагогикалық іс-әрекетінің мазмұнын анық көрсетеді, яғни өзінің және оқушыларының орындайтын әрекеттерін ашып көрсетеді.

  • Белсенді сабақта оқушылардың әрекеті танымдық, коммуникативтік және өзін-өзі басқару тұрғысында көрініс табады.
    Оқу мақсаттары нені оқып-білу және нені бағалай алу керектігін көрсетеді. Егер нәтижесінде неге қол жеткізуіміз керектігін білмесек, оқу мен оқытудың табыстылығын бағалау да мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет