Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жіппен бейнелеудің əр түріне түсінік



Дата19.06.2016
өлшемі39.46 Kb.
#146891
түріСабақ
Жіппен бейнелеу түрлерін үйрену

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жіппен бейнелеудің əр түріне түсінік

беру, сəндік қолданбалы өнердің түрлерімен таныстырып, өз қолдарымен

алғашқы бұрыштарды жіппен бейнелеуді үйрету.

Білімділік: Оқушылардың шеберлік деңгейін арттыру арқылы əсемдікпен

сұлулықты бағалай білуге уйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың жұмысты орындау ептілігін дамыту.

Тəрбиелік: Техникалық қауіпсіздік ережесін жетік білуге жəне оны сақтауға,

оқушыларды төзімділікке, шеберлікке, өнерді қадірлеуге, бір- біріне өзара

көмек көрсетуге тəрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сарамандық

Сабақтың əдісі: Баяндау,түсіндіру.

Көрнекілігі: Дайын тігілген изониттер, қатырма қағаз, ине, жіп, қайшы,

сызғыш, шеңбер сызғыш, қарындаш, өшіргіш, қайшы.

Пəнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, математика,тарих.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Алжапқыш тігу үшін өлшемді немен алдық?

2. Өлшемді адамның қай жағынан өлшейді?

3. Алжапқыш бөлшектерін ата?

4. Алжапқышпен орамал тігу үшін матаны қалай таңдап алдыңдар?

5. Алжапқышпен орамал киімнің қай түріне жатады?

6. Ы.Ж.Ө- жұмысы қалай жүргізіледі?

Ой қозғау. Кестенің қандай түрлері бар?

Жіппен

Бейнелеу Шынжыр Бөртпе



Шым кесте Біз кесте

Тышкан ізАйкас Торлау

Жаңа сабақ.«Жіппен бейнелеу түрлерін тігіп үйрену».

Жіппен бейнелеу белгілі жəне əр түрлі аттармен, изонит, жіп

графикасы деп те айтылады. Жіппен бейнелеудің орындалысы көптеген

қызықты өрнектер ойлауға мүмкіндік туғызады. Бұл өнерде

шығармашылықты, көзбен мөлшерлей білуді, қолдың еңбегін, бейнелеуді,

эстетикалық талғамды талап етеді. Жіппен бейнелеу графикасынан панно,

құттықтау қағаздарын, сыйлықтық қалталар, кітап түптеуін жасауға болады.

Алғаш рет жіппен бейнелеу өнері Англияда ХVI ғасырда пайда болды.

Англия ойшылдары ілгектеп бекітудің əдісін ойлап тапты. Олар ағаш

тақтайшасына шеге бекітіп, оған жіпті керіп ілуді, осыдан үй тұрмысына

əсемдік бұйым етіп алуға болатынын білді. Бұл техниканы Г.А.Браницский

ойлап тапқан еді. Бертін келе жіп шеберлерінің сұранысына ие болып,

тақтайшаға емес түрлі түсті картонға, барқыт қағаздарға канва матаға тігетін

болды. Оған тігін жіптерді, мулина, ирис, машина жіптерін пайдаланады. Қол

құралдарынан қайшы, циркул, сызғыш, қарандаш қолданылады.

Өрнектің контурын картонға сызып, нүктелерге бөлеміз жəне қалың

үлкен нүктешелер етіп сызамыз. Арасы қанша жақын болса соғұрлым сурет

əдемі, əрі көрікті шығады. Бірақ қиындау жəне көп жұмысты талап етеді.

Қазіргі кезде жіппен бейнелеу өнері екінің бірінің қолынан келетін іс.

Сондықтан да əдемі етіп бұйымдар жасап үйімізге іліп қойсақ үйдің сəні

кіретіні сөзсіз.

«Ұйымдасып істеген əрбір істің сəні бар. Əр қимылдың өзінше ырғағы

бар, əні бар», - демекші жіппен бейнелеудің əр түрлі əдіс тəсілдері бар. Бүгін

сендер изонить түрлерін өздерің тігіп үйреніңдер. « Шыдамды еңбек, алғыр

ой, нағыз досың біліп қой» - дегендей изонить тігу шыдамдылықты,

төзімділікті талап ететін еңбектің бір түрі.

Жіппен бейнелеу техникасы

Кесте


түрлерір/с Орындалу реті Құрал-жабдықтар

1 Өрнектің контурын түрлі түсті қатты

қағазға сызу.

Түрлі түсті картон, қалам,

сызғыш, кетіргіш.

2 Нүктелерді бірдей етіп бөліктерге

бөлу.

Қалам, сызғыш, кетіргіш.



3 Қалың нүктешелер жасау Қалам.

4 Біз инемен немесе түйреуішпен

нүкте бойынша тесіп шығу.

Түйреуіш немесе біз.

5 Инеге жіпті өткізіп, белгіленген рет

саны бойынша бейнелеу.

Ине, түрлі түсті жіптер, картон.

Жұмыс барысында түр-түсінің үйлесім табуына ерекше көңіл бөлу

керек. Əр түстің де өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы:

Ақ түс- пəктіктің, тазалықтың белгісі.

Қызыл түс – махаббаттың белгісі, шаттықтың белгісі.

Көк түс – бейбітшіліктің, биліктің түсі, көгілдір аспан, көк ту, теңіз

түсі.

Алқызыл – өмір түсі, денсаулық, бақыт белгісі.



Панно – құрастыру.

Икебано – гүл шоғын құрастыру өнері.

Коллаж – мазмұнды сурет.

Эскиз – қағаз бетіне түсірілген сызба үлгі.

Ой қозғау.

1. Бұрыштың анықтамасы.

Бұрыш - екі сауледен құралған геометриялық фигура.

2. Шеңбердің анықтамасы.

Шеңбер - центрден бірдей қашықтықта жатқан нүктелерден құралған

геометриялық фигура.

3. Шаршының анықтамасы.

Шаршы – барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш.

Сарамандық жұмыс. Қауіпсіздік ережелері.

Қане балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер шешуін табыңдар.

Тап- тап, тап жорға,

Табаны жок, боз жорға

Желіп кетсе жеткізбес

Жерге түссе таптырмас. (Ине)

Басыда екеу аяғы да екеу. (Қайшы) Қазір жұмысты бастамас бұрын бір-бірімізге жақсы тілек айтайық «мен бəрін

жасай аламын» - деп əр оқушы батыл болу үшін сөздер айтады.

Орындалу реті.

1.Бұрышты толтыру:

а) қалың қағаздың бетіне бұрыш сызу;

ə) бұрыштың əр бетін 6 бөлікке бөлу;

б) табылған əр нүктенің рет санын қою;

в) барлық нүктелерді инемен мұқият тесу;

г) инеге жіпті өткізу;

д) бұрышты көрсетілген сызбамен толтыру;

2. Дөңгелекті толтыру:

а) радиусы 50мм дөңгелек сызу;

ə)12 бөлікке бөлу;

б) барлық нүктелерді инемен тесу;

в) инеге жіпті өткізу;

г) сызбаны толтыру;

Жіппен бейнелеу арқылы тігілген əр түрлі суреттер көрсету.

Инеге жіп таңдап сабақтап алғашқы тігуді бастаймыз. (жіппен бейнелеу, тігу

кезінде баяу күй ойнайды.)

Сергіту.Оқушылар: Еңбекке ,өнерге байланысты мақал – мəтелдер айтады.

Жұмысты жалғастырады:

Жаңа сабақты қортындылауНені білдік, нені үйрендік, нені білгіміз

келеді?

Үйге тапсырма: Жұмысты жалғастырып тігу.



Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет