Қүрастырушы аға оқытушы Уахитов Ж. Ж. 1 сабақ Шошқаның дене бітімі мен экстетьер бойынша бағалау Мақсаты



бет1/11
Дата09.06.2016
өлшемі0.66 Mb.
#124581
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
С.Торайгыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті
Биология – химия факультеті
Генетика және биотехнология кафедрасы

Шошқа шаруашылығы пән бойынша зертаналық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар

Қүрастырушы аға оқытушы Уахитов Ж.Ж.

1 сабақ Шошқаның дене бітімі мен экстетьер бойынша бағалау



Мақсаты: шошқаның дене бітім типін, олардың экстерьерінің ерекшелігін үйрену.

Сабақтың мазмұны мен жүргізу әдістемесі. Сабақ оқу шаруашылығының бөлімшесінде, не аудиторияда оқытушының басшылығымен өткізіледі. Әр студент дене бәтімін, оның кемшілігін және ауытқушылығы экстерьер бойынша, кешенді экстерьерлік баға, конституциясының типін анықтайды. Экстерьерлік бағалау кезінде шошқаның жасын анықтау міндетін де қояды, сол сияқты физиологиялық жағдайын, малдың денсаулығын, конституциясының типін, тұқымын, өнімділігін, өнеркәсіптік технология жағдайында пайдалануға жарамдылығын анықтайды. Экстерьер мен конститутциясын оқып білуді көзбен анықтау, фотографиялық әдістермен жүргізеді. Экстерьерін анықтауды жеңілдету үшін шошқа денесін шартты түрде – алдыңғы, артқы бөліктерге бөледі.

Алдыңғы бөлікке: басы, мойны, иықтары, өркеші кеудесі, алдыңғы сирақтары жатады.

Ортаңғы бөлікке: арқасы, белі, бауыр жағы, шаптары, емшектері.

Артқы бөлікке: сегіз көз, артқы сирағы, жыныс мүшелері, сан еті.

Шошқаны экстерьері бойынша бағалауды басқа малдар үшін де мынадай реттілікпен жүргізу керек.

Бас – оның үлкендігін бүкіл дененің дамуын ескеріп анықтайды. Бас дене бітіміне пропорционал болуы керек. Басы өріскел болса, ол кеш пісіп-жетілген. Басы – нәзік, аса дамыған болса, онда шошқаның конститутциясы нашар; басы ұзын, жінішке болса, ол – азғындаған белгісі. Қалынты бастың кең маңдайлы, көздері бір-бірінен алыстау орналасқан. Егер астыңғы, үстіңгі жақ сүйектері нашардамыса, ол мал азықты толық жеуі нашар болады. Дұрыс азықты тістеуі, шайнауы – үлкен кемшілік.

Құлақтары - әр тұқымда әр пішінді және көлемінде әртүрлі болады. Ландрас шошқасында, ірі қара шошқада, брейт, ливен және басқа тұқымдарда – салпылау, ал ірі ақ шошқаларда, солтүстік Кавказдарда – тік тұратын, аса үлкен емес. Салпы – флегматичны, жуас.

Мойыны – денесіне білінбей ауысады, тегіс, ұзын мойын болса, ол мал кеш пісіп-жетілген болса, ол мал кеш пісіп-жетілген.

Кеудесі – барлық тұқымдарда кең, терең. Жіңішке, қысқа, тегіс қабырғалы төс болса, ол денсаулығы нашар, өкпе ауруына бейім шошқа деген сөз. Төсі жетілмеген – аз өнім береді. нағыз дұрыс төс – тереңдігі 60 пайыз, ал ені – 50 пайыз щоқтығына қарай биіктігі.

А – жақсы дамыған төсті шошқа, төс сызығы тізесінен төмен болады.

Б – жас аталық шошқада жіңішке, қиылысуы жауырынның ар жағында.

В - өте жақсы дамыған төсті шошқа.


1 сурет - Шошқаның төсі.
Жауырындары – көлбеу орналасқан және денесіне жақын орналасқан. Жауырынның артында қиылысуы сүйектің әлсіздігін және конститутциясы да әлсіз. Бұл кемшілік тұқым куалап беріледі.

Арқа мен белі – барлық тұқымдарда кең түзу не аздаған арка тәрізді болуы керек. Жіңішке, әлсіз, солшыған арқа – үлкен кемшілік.

Арқаның доғалдануы – кемшілік емес, аналық шошқалардың буаз кезінде төмен түспейді.

Кең, ұзын арт жағы – сан етінің жақсы дамығанын көрсетеді.

Бүйірлері дұрыс болуы – егер ұзын, терең тіктелген қабырғалы және жақсы жетілген ұлпа. Алдыңғы және артқы сирақтары тік, кең қойылған бөлу керек. Жіңішке, қисық пішінді не талтақ аяқты болса, ол үлкен кемшілік болып саналады.

Әлсіз сирақты шошқалар өнеркәсіптік технология жағдайларына бейімделмеген. Асылдандыру кезінде сирақтарын бағалауға көңіл бөлу керек. Сирақтары әлсіз бөлу етті шошқа тұқымдарына тән белгі. Аяқтың тұяқша көлбеу болғанды тиімді. Ұзын, жұмсақ, өте көлбеу орналасқан тұяқша болса, мал барлық төрт тұяғына салмағын салады. Бұл сирақтарының ауруына, мертігуіне әкеледі, және малдың конститутциясы әлзіздігін білдіреді. Мұндай малды, жастарын жарамсыздарды іріктеу керек. Жақсы жетілген және дұрыс орналасқан аяқтары кең адымдап, жүрін келе жатқанда артқы жағын бұлғандатпайды. Арқа және белі тегіс бөлу керек.



А – бақай. Б – аяқтарының қисық

орналасуы, жақын болуы.

2 сурет - Алдыңғы аяқтарының дұрыс орналаспауы.


А – кәдімгі. Б - өте тік.

3 сурет - Артқы аяқтарының орналасуы
А және Б – дұрыс құрылыстысы. В – сүт бездері дұрыс орналаспаған. Г – мұққыр емшекті.

4 сурет - Сүт бездерінің құрылысы.


Сүт бездері мен емшектері. Аналық, сол сияқты аталықтарда 12 біркелкі орналасқан емшектер бөлу керек. Сұрыптау, таңдау арқылы емшек санын шошқаларда 16-ға жеткізді. Сүт бездері шошқаларда жеке бөліктер түрінде дамыған, олар бауырында екі қатар болып орналасқан, әсіресе емізетін аналық шошқаларда жақсы дамыған.

Сүт бездері бос, қатпарлы болса, ол аналық шошқаның аз сүттілігі және сүт бездерінің азғындауы. Сүт бездерінің кемшілігі – мұққырлы бұнда емшектің ұшы ішке кірген болады. Торай мұндай емшекті бүйірінен қысып, оның тесігін бекітіп тастайды, сондықтан емшектен сүт шықпайды. Бұл кемшілік тұқым қуалайды. Бұл шошқаларды жарамсыз деп іріктейді, басқа пайдалы белгілері болса да.

Терісі мен қылшығы. Терісі тегіс, тығыз, қылшығы қалың, жылтыр болады. Қатпарлы, бос тері – конститутциясы қатпарлы. Кемшілігі – қылшықтары сирек, күңгірт болады.

Сыртқы жыныс мүшелері аталықтарында – жақсы дамыған болу керек. Пренуциальды қапшығы жіңішкерген болса, бұл кемшілік болады.

Малдарды бітімі бойынша бағалағанда сипаттау кілтін пайдаланады. Дене бітімі бойынша сипаттағанда мына реттілікті қолданып, кесте 1:

Дене бітімі бойынша малды бағалау үшін оны тегіс жерге шығарады да, жалпы сыртқы түрінен оның дене көлемін, тұқым ерекшклігінің белгілерін, күйлілігін, дене бітімінің келімсімділігін, конститутциясын, жасын көзбен байқап, физиологиялық жағдайларын анықтайды. Одан кейін жекелеген дене бітімі анықтайды. Малды басқа табындағы мал мен тұқымның жақсы дарақтарына қарап салыстырады. Бағалау кезінде дене бітіміне қарап және анықтағанда аталық шошқаның күйлігін, ал аналық шошқаның торайлағаннан соңғы 5 күндегі жағдайын байқайды.



Дене бітімін анықтау үшін шошқаның бітімін болу керек. (5-сурет қара). Шошқаның дене бітімін 100 ұпай шкала бойынша. Жекелеген бітімінің маңыздылығына сәйкес, оған әртүрлі ұпай береді. ( 2 Кесте).

Кесте 1 Дене бітімі


Бітімі

Негізгі белгілері дене бітімінің

Дене бітімінің кемшілігі мен жетіспеушілігі

Тұқым белгілері, дене бітімінің келісімділігі, конститутциясы. Сүйегі, тұқым ерекше белгілері.

Тұқымның айқын белгілері: бойы жақсы, конститутциясы біріктігі, денсаулығы, дене келісімдігі, кең, терең дене бітімі,байсалдытемпераменті. Бос жеңіл қозғалысы, артын бұлғалтатпай. Терісі тегіс, жұмсақ, тығыз, бірақ жұқа емес. Қылшығы қалың, жылтыр.

Тұқым белгілер нашар көрген, кеукелден, өте өріскел тип, жетімсіз бой, дене бөліктері үйлемсіз біткен, нашар сүйек, артын былғалтатын кібіртіктен қозғалады.Сылбыр қобалшыған темперамент терісі қатпар-қатпар, бос. Қылшығы сирек, күңгірт.

Басы мен мойыны

Басы өріскел емес, тұқымға сәйкес. Маңдайы кең тұмсығы кең, орташа ұзынша Сағағы кең, етті. Көздері бір-бәрәнен алыс орналасқан. Мойыны орташа ұзындау, бұлшық етті, жалсыз, жоғарғы жағы денемен білінбей ауысқан.

Өте өріскел бас, профилі иікмеген, монсо сияқты тұмсығы жіңішке, тым ұзын, бір жақ сүйегі екіншісінен қысқа. Сағағы жіңішке, етсіз, шикі. Көздері бір-біріне жақын.

кесете 1 жалғасы

Иығы, шоқтығы,кеудесі.

Иығы кең, көлбеу, бұлшық етті. Шошқтығы кең, түзу, жауырын арасы ой емес. Кеудесі кең, терең, жақсы жетілген.

Иығы жіңішке, жауырыны өріскек, шығыңқы, ауыр, нашар, бұлшық етсіз. Шоқтығы жіңішке, үшкір. Кеудесі-жіңішке терең емес.

Арқа, белі, бүйірі.

Арқасы кең, түзу, не аздаған көтеріңкі, етті, сегіз көзбен қосылған жері ойыңқы емес. Бүйірі кіріңкі, ұзынша, дөңгелеген қабарғалы.

Арқасы жіңішке, үшкір, сегіз көзбен қосылған жері салпылау Бүйірі терең емес, қысқа, аса тегіз қабырғалы.

Сегіз көз, сан етті.

Сегіз көз симды ұзын кең, түзу не аздаған покатый. Сол еті жақсы дамыған.

Сегіз көз қысқа, салпылау жіңішке, артқы жағы біздей. Сан еті нашар.

Аяқтары

Мықты, жақсы орналасқан, қисықтық жоқ, аралары жақын емес. Тұяғы мықты, шабу буыны жақсы дамыған.

Аяқтарыы әлсіз, дұрыс орналасқан. Тұяқ дұрыс орналасқан.

Сүт бездері, емшектері.

Аталық және аналықтарда 12 бірдей орналасқан. Сүт бездері, емшектер аналықтарда жақсы дамыған болу керек.

Емшек саны 12-ден аз. Емшектері дұрыс орналаспаған шұңқырлы ойыстар, сүт шығатын тесігі жоқ. Сүт бездері нашар дамыған, ісіп кеткен.

Аталықтардың жыныс мүшелері

Жұмыртқалары жақсы дамыған, бірдей көлемді. Ұмасы салбырамаған, тығыз.

Нашар дамымаған жұмыртқалары көлемі жағынан әртүрлі. Ұшасы салбыраған бос


Кесте 2 - Шошқаның дене бітімін пунктирлі анықтау



Жекелеген дене бітімінің жалпы түрі.

Жоғары ұпай аталық.

Жоғары ұпай аналық.

Тұқым белгілері, терісі, қылшық конститутция, жалпы түрі.

20

20

Басы, мойыны.

5

5

Иығы, шоқтығы, кеудесі.

10

10

Арқа, бүйір, белі.

15

15

Сегіз көз, сан еті.

20

20

Алдыңғы аяқтары.

7

7

Артқы аяқтары.

8

8

Сүт бездері, емшектері.

5

5

Жыныс мүшелері аталықтың.

10

10

Барлығы.

100

100


1-тұмсығы. 2-көздері. 3-тұмсығы. 4-құлақтары. 5-сағақ. 6-мойыны. 7-иығы. 8-алдыңғы аяғы. 9-артқы аяғы. 10-кеудесі. 11-подпруга. 12-арқа. 13-бел. 14-бүйірі. 15-құйрығы. 16-қолтық. 17-шап. 18-бүйір шұңқыры. 19-жая. 20-қарын. 21-сан ет. 22-толарсақ. 23-өкше. 24-тілерсек. 25-бақайшақ. 26-бақай.


5-сурет. Шошқа бітімі
Дене бітімі бойынша бағалағанда олардың кемшіліктері мен жетіспеушілігіне көңіл болу керек. Егер кемшіліктері өте анық болса, ол малды жарамсыздыққа жатқызып іріктейді. Денесіне қарап сипаттау кілті 1 кестеде және 7 - суретте.


А-бірінші контуры: 1-басы қалыпты. 2-бүйірінен көрінісі күшті қайқы. 3-құлақтары горизонтал. 4-жауырын үстінен қауысу. 5-кеудесі кең. 6-жаясы қалыпты. 7-сан етті. 8-бабки әлсіз. 9-оброслость.

Б-екінші контур: басы ұзын. 2-бүйірінен көрінісі түзу. 3-мұрыны тік тұрған. 4-арқасы карпообразная. 5-кеудесі жіңішке. 6-жаясы жалпақтау. 7-сан ет арықтау. 8-аяқтар қылышқа ұқсас. 9-оброслость қалың.

В-үшінші контур: 1-басы қысқа. 2-бүйір көрінісі қалыпты қайқы. 3-құлағы тік тұрған. 4-арқасы түсіңкі. 5-кеудесі жіңңішке. 6-жаясы түсіңкі. 7-сан еті арық. 8-аяқтары х-пішінді. 9-оброслость жаман.

Г-төртінші контур: 1-басы қысқа. 2-бүйірі көрінісі күшті қайқы. 3-құлағы салбыраған. 4-белі әлсіз. 5-кеудесі кең. 6-жаясы түзу. 7-сан еті жетілген. 8-бабки әлсіз. 9-оброслость қалыпты.


6-сурет. Шошқаны дене бітіміне қарап сипаттау кілті.
1 тапсырма.

Бес аталық және бес аналықтың конститутциясының типін анықта. Анықтау кілті мен дене бітімін, кемшіліктерін және жетіспеушілікті сипатта.


2 тапсырма.

Сурет пен кілтін пайдаманын дене бітімін сипатта. Жүз ұпайлық шкала бойынша экстерьерін бағала. Пунктерлі әдіспен екі аталықтың және төрт аналық шошқаны бағалау.

2 сабақ.

Шошқаның тірідей салмағын анықтау және оны өлшеу.

Мақсаты: Таразыға салу және өлшеу әдістемесін меңгеру.

Сабақты жүргізу әдістемесі мен мазмұны.

Сабақ оқыту шаруашылығында жүргізіледі. Бұл сарамандық сабақты шошқаларды таразылау, бағалау не айлық есеп жасаумен бір мезгілде жүргізген дұрыс. Студенттер топпен жұмыс істейді. Жұмыс тұралы жұмыс дәптеріне жазады. Малдың өсуі мен дамуын есепке алу өнімділігін анықтауға көмектеседі. Шошқа шаруашылығының негізгі өнімі – ет, сондықтан тірідей салмақ қосуын анықтаудың маңызы зор. Асыл тұқымды шошқаларды әртүрлі жаста таразымен салмағын өлшейді, өсуін сипаттау үшін керек. Шошқаларды бордақылау кезінде салмақ қосуын нақты анықтайды, белгілі мерзім кезінде белгілі болады. Шошқаны өлшеу оның өнімдерінің сапасын, дене бітімінің типін, индексін анықтау үшін қажет. Бұл мәліметтер шошқаның өнімділігінің бағытын, типін анықтайды. Шошқаның жекелеген дамуының ерекшелігін білу селекциялық процесті бақылауға, шошқа тұқымдарын жетілдіру үшін, өсу және дамуын басқару үшін керек.

Малды таразымен өлшеу: Тірідей салмағын таңертең, не түсте азық берместен бұрын 1кг дейінгі дәлдікпен анықтайды.

Шошқаны денесінің өлшемдерімен өлшеу: Дамуының көрсеткіштерін мына көрсеткіштер арқылы жүргізеді. Денесінің ұзындығы жауырын тұсындағы орап алған арамның ұзындығы, шоқтығының биіктігі, кеуде ені мен тереңдік өлшемі.

Дене ұзындығы өлшегенде: өлшегіш лентаның бір ұшын желке тұсындағы дөңнен қойып, лентаны мойының жоғарғы жағымен шоқтық, арқа, бел, сегіз көзден құйрық түбіне дейінгі аралықты өлшейді, осы ұзындық дене ұзындығы болып саналады. Төменгі сызық бастың, мойының, кеуденің, қарын сызығы – барлығы бор деңгейде тұрады.

Жауырын артының кеуде орамын вертикаль. Жазықты, жауырынның артқы бұрыш қамтиды. Лента ұшын сол қолмен ұстап, басқа ұзын оң қолмен арқа арқылы қарсы жағына лақтырады да ұшын сол қолмен ұстаған үшына қосады.

Лента кеуде тұсын орап алады, лента малдың денесіне батпай, ал қылшықтың үстінде тұрмау керек.

Шоқтың биіктігі - өлшегіш таяқ арқылы шоқтығының биік жерін өлшейді. Мал төрт аяғымен тік тұру керек. Өлшегіш таяқты тік қойып, қозғалатын ағашын шоқтығына дейін түсіреді, одан соң таяқты жанына қарай алып, өлшемін анықтайды.

Кеуде тереңдігі - өлшеу үшін таяқты қолданады, шоқтығынан кеуденің төменгі жеріне дейінгі аралығын өлшейді.

Кеуденің енін өлшеу үшін – жауырын иықтық біріккен жеріндегі дөңнен, малдың денесінің кең жерінен, рейкаларды бір-бірінен айырып, ұшын төмен қаратады, содан кейін оларды жылжытып малдың денесіне тигенше қозғайды, сосын өлшемін анықтайды.

7-сурет. Денені, кеуде арамын өлшеу. Өлшеу нүктелері 8-серетте көрсетілген. Шошқаны бағалау кезінде барлық өлшемдерден тек дене ұзындығын алады. Селекция жұмыстарында шаруашылықтың жоғарғы санатында – барлық өлшемдерді алады.



1 тапсырма: тірідей салмағын, өлшемдерін 5 аталық пен 10 аналықтарда 36 айлық жастағы 15 бас жас төлдің 6 және 12 айлықтарында. Жас топтарының көрсеткіштерін анықтау керек.

3 таблицаны толтыру керек.

Тірідей салмағының, өлшемдерінің көрсеткіштері.


Лақан аты және №

Жасы, айы

Тірі салмағы кг

Дене ұзындығы см

Кеуде арамы см

Шоқтың биіктігі см

Кеуде тереңдірі см

Кеуде ені см

























3 сабақ.

Нақты және салыстырмалы салмақ қосуды анықтау, өсу энергиясының әдістерін бағалау.

Мақсаты: Нақты және салыстырмалы салмақ қосуды анықтау әдістемесін меңгеру.

Сабақ жүргізу әдістемесі мен мазмұны.

Сабақ аудиторияда өтеді. Нақты және салыстырманы салмақ қосуды анықтау қалыпты жас төлдің дамуын бақылауға, өнімділігін бағалауға, жақсы малдарды таңдап алуға, тиімді азықтандыру нормасын жасауға көмектеседі. Салмақ қосуды бақылауды таразымен өлшеу, дене өлшемдері арқылы зоотехникалық есеп негізінде жүргізеді. Бұнда нақты және салыстырмалы салмақ қосу есептеледі, оны мына формула бойынша анықтайды.  t - о

D = ------------



t

t
D-тәулікті салмақ қосу, г; wo-бастапқы тірідей салмақ, кг; wt-соңғы тірідей салмақ, кг; t-уақыт соңғы екі таразымен өлшеу аралығындағы мерзім.

Салыстырмалы салмақ қосу (К), куаттылықты, салмақ қосу энергиясын мына формуламен есептейді.

 t - о




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет