Сабақтың нөмірі: 3 Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның индустриялы-инновациялық даму бағыттары



Дата02.01.2022
өлшемі14.49 Kb.
#453657
түріСабақ
география 9 кл каз, 3 саб


Құрастырушы: Мұрат М.М, оқу бөлімінің әдіскері, Алматы қаласының Білім Басқармасының «ҚББЖТҒӘО» қолдауымен

География пәні бойынша 9 - сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

IV тоқсан

Сабақтың нөмірі: 3

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның индустриялы-инновациялық даму бағыттары

Мақсаты: Бұл сабақта оқушы Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағыттарын анықтап, болжам жасайды

Қысқаша конспект

Мемлекетіміздің даму стратегиясындағы инновациялық бағыт – бұл ұрпақ үлесін ғасырлар қойнауына апаратын сара жол. Инновация дегеніміз – жаңалықтарды іске асыра отырып, жасалынып жатқан үдерістер мен өнімдердің сапасын арттырып, оларды нарық үшін бәсекеге қабілетті ету болып табылады. Біздің   алдағы   мақсатымыз   – елімізде болып жатқан демократиялық сипаттағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салалардағы инновациялық өзгерістердің мәнін жете түсіну үшін ғылыми-әдіснамалық және қолданбалық зерттеулер жүргізу, оларды жүзеге асыру шарттарын анықтау мен оған ғылыми болжам жасау болып табылады. Сарапшылардың пікірлері бойынша, кең мағынада  индустриалды-инновациялық  даму -  бұл экономикалық жүйенің жедел түрде дамуы, ғылыми білімдерді инновацияларға және өндірістік қызметке айналдыру процесі. Оның ажырамас бөліктері ретінде сарапшылар жаңа технологиялық құралдарды енгізу, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жою, инновациялық қызметті ынталандыру, алдыңғы қатарлы технологиялар мен халықаралық стандарттарды енгізуді қамтамасыз етуді атап отыр. 



Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме: bilimland.kz, «Мектеп» баспасы, 90-84 беттер

Оқушыларға арналған тапсырмалар:

1. Тапсырма Оқушылар Қазақстанның индустриялы-инновациялық даму бағыттарын таллдайды:


2. Тапсырма. Мұғалім тарапынан оқушыларға инновациялық дамудың негізгі кедергілерін (бағыттар бойынша) анықтап, оларды шешу бойынша ұсыныстар жасалады және инновациялық даму бағыттарының болашағына болжам жасауға ұсынылады

Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет