Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы
Қаракөл елдімекені
Қаракөл бастауыш жалпы білім беретін мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Кушкинбаева Балжан Сейфуллиевна
Сабақтың тақырыбы: Ертегі сабақ /қайталау сабағы/
Сабақтың мақсаты:
-
1-ден 10-ға дейінгі сандарды, олардың таңбалануын, құрамын қайталау, білімдерін бекіту.
-
Баланың ақыл-ой қабілетін дамыту әрі олардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
-
Білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ертегі кейіпкерлерінің суреттері
әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ауызша, жазбаша есептеу.
Сабақтың өту барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Бір, екі, үш,
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз тастаймыз.
ІІ Қайталау
-
Балалар, біз қандай сандарды өттік?
-
0-10 санау, кері санау.
-
Балалар, біз бүгін 10-ға дейінгі сандардың құрамы туралы алған білімдерімізді тиянақтаймыз.
ІІІ Ертегі сабақ
Мұғалім:
-
Балалар, бүгінгі сабақ ерекше болмақ. Сабаққа келген қонақтарға білімімізді көрсетейік.
-
Баллар, біздің бүгінгі сабағымыз «Ертегі сабақ» деп аталады. Бүгінгі сабағымызға өздерің жақсы білетін «Бауырсақ» ертегісі қонаққа келіпті.
-
Бауырсақ атасы мен әжесінен орманға қашып кетіпті. Орман жолымен бауырсақ қашып келе жатқанда алдынан қандай аңдар шықты?
-
Олай болса бауырсаққа көмектесіп, аңдарға жегізбейін. Ол үшін аңдардың тапсырмаларын орындайық.
-
Бауырсақ ең бірінші кіммен кездесті? (қоянмен)
Қоян:
Қоянның қарны аш, бауырсақты көрген кезде бір тоятын болдым деп қуанда.
-
Бауырсақ, мен сені жеймін, егер менің қойған шартымды, оқушылар орындаса, мен сені босатам.
Қоянның шарты
Жұмбақ есептерді шешу.
-
Екі күшік жүгіре түсіп,
Үш досқа барып қосылды.
Барлығы қанша күшік,
Қайрат білмей тосылды. /5/
-
Табақта бар бес алма,
Қолымда тұр екі алма.
Қоссақ егер барлығын,
Болады екен неше алма. /7/
-
Анасы бес шар алды,
Біреуін мысық әкетті.
Ойлаңдаршы тездетіп,
Нешеуі бізге қалды? /4/
-
Тұмсығын көкке көтерген,
Қоянда бар сегіз сәбіз.
Сүрініп жерден жығылып,
Жоғалты екі сәбіз,
Қолында қалды неше сәбіз? /6/
-
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едік екеуін
Болып шықты неше саусақ? /10/
Алдынан қорбандаған аю шығады.
Аю бауырсақты жемекші болады, бауырсаққа көмектесу үшін тапсырмаларды орындау керек
Аюдың шарты
Салыстыру
1=1 3>2 2=2 7<5 5>4 3<6
Сергіту сәті «Бауырсақ» ойыны
Бауырсақ шаршадым дейді. Енді балалар сендермен бауырсақ ойын ойнағысы келеді.
Ойын: мына аңдардың қимылын жасауымыз керек: аю, түлкі, қасқыр, қоян.
Әрі қарай бауырсақ кете береді. Бір кезде алдынан ашулы қасқыр шықты.
Қасқырдың шарты
«Көрші-көрші» ойыны
-5- -1- -8- -9- -3-
Қасқыр:
-
Балалар, менің шартымды дұрыс орындадыңдар, мен бауырсақты
жіберемін, - деп кетіп қалды.
Бауырсақ одан әрі домалап келе жатса, алдынан
мең бұралған қу түлкі шығады.
Түлкі:
Балық аулау ойыны:
5-5 3+6 4-2 2+1 4+5 7-3
Әр балықтың артына 10-ға дейінгі сандарды қосу, азайту өрнектері жазылған. Ұстаған балықтағы өрнектерді тез ойлап, дұрыс шешу керек.
-
Балалар, біз түлкінің шартын орындадық.
Түлкі:
-
Балалар, өте дұрыс орындадыңдар. Мен бауырсақты жемеймін – деп жөніне кете берді.
Мұғалім:
-
Балалар, сендерге көп-көп рахмет! Бауырсақты орман аңдарынан құтқардыңдар. Енді бауырсақты атасы мен әжесі аман – сау тапсырыңдар.
ІҮ Бағалау
6>5>
Достарыңызбен бөлісу: |