Сабақтың тақырыбы : Ертегі сабақ /қайталау сабағы/ Сабақтың мақсаты



Дата02.07.2016
өлшемі32.65 Kb.
#172603
түріСабақ

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы

Қаракөл елдімекені

Қаракөл бастауыш жалпы білім беретін мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Кушкинбаева Балжан Сейфуллиевна


Сабақтың тақырыбы: Ертегі сабақ /қайталау сабағы/

Сабақтың мақсаты:

  1. 1-ден 10-ға дейінгі сандарды, олардың таңбалануын, құрамын қайталау, білімдерін бекіту.

  2. Баланың ақыл-ой қабілетін дамыту әрі олардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

  3. Білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.


Көрнекіліктер: ертегі кейіпкерлерінің суреттері

әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ауызша, жазбаша есептеу.
Сабақтың өту барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

Бір, екі, үш,

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз тастаймыз.
ІІ Қайталау


  • Балалар, біз қандай сандарды өттік?

  • 0-10 санау, кері санау.

  • Балалар, біз бүгін 10-ға дейінгі сандардың құрамы туралы алған білімдерімізді тиянақтаймыз.


ІІІ Ертегі сабақ

Мұғалім:

  • Балалар, бүгінгі сабақ ерекше болмақ. Сабаққа келген қонақтарға білімімізді көрсетейік.

  • Баллар, біздің бүгінгі сабағымыз «Ертегі сабақ» деп аталады. Бүгінгі сабағымызға өздерің жақсы білетін «Бауырсақ» ертегісі қонаққа келіпті.

  • Бауырсақ атасы мен әжесінен орманға қашып кетіпті. Орман жолымен бауырсақ қашып келе жатқанда алдынан қандай аңдар шықты?

  • Олай болса бауырсаққа көмектесіп, аңдарға жегізбейін. Ол үшін аңдардың тапсырмаларын орындайық.

  • Бауырсақ ең бірінші кіммен кездесті? (қоянмен)

Қоян:

Қоянның қарны аш, бауырсақты көрген кезде бір тоятын болдым деп қуанда.



  • Бауырсақ, мен сені жеймін, егер менің қойған шартымды, оқушылар орындаса, мен сені босатам.


Қоянның шарты

Жұмбақ есептерді шешу.



  1. Екі күшік жүгіре түсіп,

Үш досқа барып қосылды.

Барлығы қанша күшік,

Қайрат білмей тосылды. /5/


  1. Табақта бар бес алма,

Қолымда тұр екі алма.

Қоссақ егер барлығын,

Болады екен неше алма. /7/


  1. Анасы бес шар алды,

Біреуін мысық әкетті.

Ойлаңдаршы тездетіп,

Нешеуі бізге қалды? /4/


  1. Тұмсығын көкке көтерген,

Қоянда бар сегіз сәбіз.

Сүрініп жерден жығылып,

Жоғалты екі сәбіз,

Қолында қалды неше сәбіз? /6/



  1. Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ

Қосып едік екеуін

Болып шықты неше саусақ? /10/

Алдынан қорбандаған аю шығады.

Аю бауырсақты жемекші болады, бауырсаққа көмектесу үшін тапсырмаларды орындау керек
Аюдың шарты

Салыстыру

1=1 3>2 2=2 7<5 5>4 3<6
Сергіту сәті «Бауырсақ» ойыны

Бауырсақ шаршадым дейді. Енді балалар сендермен бауырсақ ойын ойнағысы келеді.

Ойын: мына аңдардың қимылын жасауымыз керек: аю, түлкі, қасқыр, қоян.
Әрі қарай бауырсақ кете береді. Бір кезде алдынан ашулы қасқыр шықты.


Қасқырдың шарты

«Көрші-көрші» ойыны


-5- -1- -8- -9- -3-

Қасқыр:

  • Балалар, менің шартымды дұрыс орындадыңдар, мен бауырсақты

жіберемін, - деп кетіп қалды.
Бауырсақ одан әрі домалап келе жатса, алдынан

мең бұралған қу түлкі шығады.



Түлкі:

Балық аулау ойыны:



5-5 3+6 4-2 2+1 4+5 7-3



Әр балықтың артына 10-ға дейінгі сандарды қосу, азайту өрнектері жазылған. Ұстаған балықтағы өрнектерді тез ойлап, дұрыс шешу керек.

  • Балалар, біз түлкінің шартын орындадық.


Түлкі:

  • Балалар, өте дұрыс орындадыңдар. Мен бауырсақты жемеймін – деп жөніне кете берді.


Мұғалім:

  • Балалар, сендерге көп-көп рахмет! Бауырсақты орман аңдарынан құтқардыңдар. Енді бауырсақты атасы мен әжесі аман – сау тапсырыңдар.


ІҮ Бағалау




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет