Сабақтың түрі: сыныптан тыс сабақ
Пәні: Физика
Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы : «Жас физик» сайысы
Cайыстың мақсаты:
Білімділік: білім алушыларды ауызша есептей білуге,алған білімдерін одан әрі тереңдету;
Дамытушылық: Оқушылардың белсенділігін және логикалық ойлау қабілеттерін арттыру;
Тәрбиелік: оларды зеректілікке, ой шапшаңдылығына,тапқырлыққа, төзімділікке және өзара сыйластыққа, сөйлеу мәдениетілігіне тәрбиелеу.
Көрнекілігі:слайд, интерактивті тақта, піскен жұмыртқа, қағаз, сіріңке,бөтелке
Сайыс барысы:
1. «Бәйге»
2. «Құпия сандар»
3. «Физикалық тәжірибе»
1 кезең. « Бәйге» Алғашқы кезеңде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақтыланған, тез болу керек. Қай оқушы қолындағы белгіні бірінші болып көтереді, сол ойыншы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.
Сұрақтар:
1)Үдеудің өлшем бірлігі(м/с2)
2) Денеге әсер ететін күш масса мен үдеу көбейтіндісіне тең. Бұл қандай заң? (Ньютонның ІІ заңы)
3) Термодинамикалық параметрлер қандай?(қысым, көлем,температура)
4) Термометр нені өлшейтін құрал? (температураны)
5)Идеал газ күйінің теңдеуін ашқан ғалым кім? ( Менделeeв)
6) 1 килоджоульда неше Джоуль бар? (1000 Дж)
7)Тербелістердің уақыт бойынша кеңістікте таралуы қалай аталады? (толқын)
8) Бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулалар аралық бос орындарына өзара өтуі – бұл .... (диффузия)
9) Радионы ойлап тапқан ғалымды ата. (Попов)
10) Тізбектегі ток күшін өлшейтін құрал- (Амперметр)
11)Сандық мәнімен, бағытымен сипатталатын физикалық шамалар (Векторлық)
12) Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы – (Электр тогы)
І кезеңнен ұпайды аз жинаған оқушы ойыннан шығады.
2 кезең «Сиқырлы ұяшық» Төмендегі ұяшықтардан белгіленген сандар бойынша таңдап, жасырылған сұрақтарға беру арқылы, тиісті ұпай сандарын жинайды.
Ұлы физиктер
|
10
|
20
|
30
|
Жұмбақтар
|
10
|
20
|
30
|
Мақалдар
|
10
|
20
|
30
|
Әзіл-шыны аралас сұрақтар
|
10
|
20
|
30
|
Ұлы физиктер:
10. Өзінің табысына шаттанып қуанғанда «Таптым!» деп айғайлаған кім? Жауабы: (Архимед)
20. Зарядталған денелердің өзара әсерін тексерген
Жауабы: (Кулон)
30. « Жердің дәл шар емес екенін далаға шықпай, үйде отырып-ақ қалам
ұшымен дәлелдеген » ғалым.
Жауабы: Исаак Ньютон
Жұмбақтар
10. Жердің жүзін шарлайсың
Онсыз еш жерге бармайсың
Көлікпен де, жаяу да
Саралайсың, таңдайсың.
(Жол)
20. Сипаттайды жұмысты
Тындырады көп істі
Ол көп болса ширақсың
Кімдер әлсіз, кім күшті?
(Қуат)
30. Көтерілсе жоғары
Ерітеді мұхитын
Төмен түссе шамала
Сездірер суық ызғарын
(Температура)
Мақалдар:
10. Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді (диффузия)
20. Тау мен тасты су бұзады,
Адамзатты сөз бұзады. (заттың агрегаттық күйі)
30. Қазан отпен, адам әрекетпен қызады.(жылулық қозғалыс және ішкі энергияның өзгеру тәсілдері)
Әзіл-шыны аралас сұрақтар
10. Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық).
20. Стакандағы суды ішіп қойса ішінде не қалады? (ауа, бу)
30. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)
2 кезеңнен ұпайды аз жинаған оқушы ойыннан шығады.
3 кезең. Физикалық тәжірибе. Бұл кезең ұпайы-50 ұпай
Піскен жұмыртқа, қағаз, сіріңке. Қағазды жағып, бөтелкенің ішіне саламыз да, үстіне жұмыртқаны қоямыз. Жұмыртқа бөтелкенің ішіне кіреді. Неліктен? (Қағаз жанғанда ауа қызады қысым ұлғаяды да, ауаның жарты бөлігі жұмыртқаға шығады.)
Сайыста өзінің оқымыстылығымен көзге түскен оқушы «Жас физик» атағына ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |