Сабақтың тақырыбы 1-сабақ. Өзім туралы Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет6/52
Дата23.02.2023
өлшемі3.34 Mb.
#469924
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Қазақ тілі 2-сынып кмж жаңа.docx

Дәптермен жұмыс.
Жазылым тапсырмасымен жұмыс.


Дескриптор:

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

сұрақтар суреттер

Сабақтың соңы (5 мин)

Кері байланыс. «Неге? Неге?» әдісі.
Сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты қорытындылайды.

  1. Неге үйірмеге барады?

  2. Неге домбыра тартады?

  3. Неге үйірмеге шақырады?









Бөлім

ӨЗІМ ТУРАЛЫ

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сынып: 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

11-сабақ. Менің демалыс күнім

Оқу бағдарламасына
сәйкес оқыту мақсаттары

2.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1–1,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдау/сипаттау;
2.4.1.1 заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, сөйлемді суретпен толықтырып жазу/постер құрастыру/берілген иллюстрация бойынша мәтін (3 сөйлемнен кем емес) құрау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар жасай алады: мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, сурет бойынша сөйлемдер құрайды.
Оқушылардың көбі жасай алады: мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың кейбірі жасай алады: сурет бойынша сөйлемдер құрап айтады.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Қайда?

Кіммен?












Сабақтың басы (5 мин)

Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Оқушылар бір-біріне жақсы көңіл күй сыйлайды.

Шеңберге тұрып, бір-бірін мадақтайды. Мысалы: Шашың қандай әдемі!..

ҚБ: мадақтау




Сабақтың ортасы (35 мин)

1-тапсырма. Тыңдайық.
Ертең жексенбі. Мен отбасыммен аквапаркке барамын. Онда өте көңілді. Ерлан досымен хайуанаттар бағына барады. Хайуанаттар
бағында маймыл, бұғы, қолтырауын, керік, піл, арыстан бар.

  • Мен отбасыммен қайда барамын?

  • Аквапаркте не істеймін?

  • Ерлан досымен қайда барады?

  • Хайуанаттар бағында қандай аңдар бар?

Жаңа сөздер: аңдар, хайуанаттар бағы, саябақ, шөп.
Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрап айтады. Сұрақтарға жауап береді.



ҚБ:

жаңа сөздер суреттер




Дәптердегі №1 тапсырма. 2-тапсырма. Оқиық.
Мәтіннен нелер? сұрағына жауап беретін сөздерді тап.
«Сұрақ ілмегі» әдісі. Оқушының ойын ашық білдіруіне дағдыландыру.
Сергіту сәті.
Жел соқты, гу-гу,
Жаңбыр жауды, тырс-тырс, Жаңбыр басталды,
Күн ашылды. (музыка ырғағымен)

Дәптермен жұмыс. Мәтінмен жұмыс.
Оқушы сабақ төңірегінде ойландырып жүрген сұрақтарын ашық айта алады.


Дескриптор:

  • сұрақтарға жауап береді;

  • мәтінді түсініп оқиды;

  • нелер? сұрағына жауап беретін сөздерді табады.



ҚБ: сұрақ тармақтары

оқулық музыка






Дәптердегі №2 тапсырма. 3-тапсырма. Айтайық.
Суреттерге қара. Сұрақтар бойынша бірнеше сөйлем құрап айт.
4-тапсырма. Жазайық.
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жаз.
Мен анаммен ... барамын.

Дәптермен жұмыс. Кестемен жұмыс
Жазылым тапсырмасын орындайды.
Дескриптор:

  • сұрақтар бойынша сөйлем құрап айтады;

  • суреттерді қолданады;

ҚБ: бірін-бірі бағалау

кесте,
сұрақтар
интербелсенді тақта







Мен әкеммен ... барамын.
Мен досыммен ... барамын.
Керекті сөздер: дүкенге, саябаққа, хайуанаттар бағына.

– көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазады.







Сабақтың соңы (5 мин)

Кері байланыс. Сұрақ-жауап.

  1. Сен отбасыңмен қайда барасың?

  2. Сен кіммен барасың?

  3. Демалыс қалай өтті?










Бөлім

ӨЗІМ ТУРАЛЫ

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сынып: 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

12-сабақ. Менің туған күнім

Оқу бағдарламасына
сәйкес оқыту мақсаттары

2.2.4.1 суретті жоспар және тірек сөздер/сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндау;
2.5.1.5 мұғалімнің қолдауымен үлгі бойынша жай сөйлемдегі сөз тіркестерінің байланысын түсіну және сақтау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар жасай алады: сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндайды, жай сөйлемдегі сөз тіркестерінің байланысын тауып айтады.
Оқушылардың көбі жасай алады: сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндайды.
Оқушылардың кейбірі жасай алады: жай сөйлемдегі сөз тіркестерінің байланысын табады және құттықтау хат жазады.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (5 мин)

Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Тілек» ойыны.
Мұғалім қолындағы гүлін жанында тұрған оқушыға тілек айта отырып сыйлайды. Гүлді алған оқушы келесі адамға басқаша тілек
айтып ұсынады.

Шеңберге тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айтып, гүл ұсынады.

ҚБ: мадақтау

гүл, тілек сөз

Сабақтың ортасы (35 мин)

Жаңа сөздер: сыйлық, балмұздақ, ашықхат, туған күн.


1-тапсырма. Тыңдайық.
Бүгін біз мектепте Айзерені туған күнімен құттықтадық. Біз Айзереге сыйлық жасадық.
Гүлшоғы мен ашықхаттар дайындадық.

Жаңа сөздерді есте сақтайды.
Сурет бойынша сұрақтарға жауап береді.

  • Бүгін кімнің туған күні?

  • Достары қандай сыйлық жасады?

ҚБ:


суреттер, интербелсенді тақта







Сабақтан соң саябаққа бардық. Саябақта балмұздақ жедік. Айзере қатты қуанды.


Дәптердегі №1 тапсырма. 2-тапсырма. Айтайық.
«Бірге ойлаймыз» стратегиясы.
Топтар бірігіп жұмыс жасайды. Досыңның туған күні. Қандай сыйлық беруге
болатынын әңгімелеп айтады. Сандар арқылы топқа бөлінеді.


3-тапсырма. Оқиық.
Сөйлемдерді толықтырып оқы.
Дәптердегі №2 тапсырма. 4-тапсырма. Жазайық.
Досыңды туған күнімен құттықта. Құттықтауды дәптерге жаз.
Тірек сөздер: құрметті, денсаулық, ашық аспан, құттықтаймын, тілеймін.

  • Олар қайда барды?

  • Не жеді?



Дәптермен жұмыс. Топтық жұмыс.
Суреттердің көмегімен әңгімелеу тапсырылады, топпен жұмыс жасайды.


Дескриптор:

  • мәтінді мұқият тыңдайды;

  • сұрақтарға жауап береді;

  • тақырып бойынша әңгімелейді.



Сергіту сәті.
Соз қолыңды оң жаққа, Соз қолыңды сол жаққа.
Қолды айналдыр бұлданбай, Шеңбер жасап тұрғандай. (қимылмен көрсетеді)


Мәтінмен жұмыс.
Сөйлемдерді өздеріне қатысты мәліметтермен толықтырып оқиды.
Дәптермен жұмыс.

Досына құттықтау хат жазады. Тірек сөздерді орынды қолданады.




Дескриптор:

  • сөйлемдерді толықтырып оқиды;

  • досына құттықтау хат жазады;

  • тірек сөздерді қолданады.

ҚБ: бірін-бірі бағалау


ҚБ:


ҚБ: өзін-өзі бағалау

кесте
сұрақтар

Сабақтың соңы (5 мин)

Кері байланыс. Өз пікіріңді сабаққа қос. Сабақты қай санмен бағалайсың?






сандар




Бөлім

ӨЗІМ ТУРАЛЫ

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сынып: 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

13-сабақ. Уақыт кестесі

Оқу бағдарламасына
сәйкес оқыту мақсаттары

2.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, жаңылтпаш, жұмбақ, ертегі, әңгіме) ажырату;
2.2.5.1 мәлімет, кейіпкер, оқиғаларды салыстыру негізінде қарапайым пікір («мен ... деп ойлаймын», «мен ... деп санаймын», «маған ... сияқты», «маған ... тәрізді») білдіру.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар жасай алады: мәтіннің жанрын ажыратады; өз пікірін айтады.
Оқушылардың көбі жасай алады: мәтінді оқып, жанрын ажыратады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады: суреттерді салыстырып, өз пікірін білдіреді.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (5 мин)

Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Досыңды таны» ойыны.

Әр оқушы сыныптағы досының мінезін мақтап айтады. Мысалы: Марат – ақылды бала.

ҚБ: мадақтау







Сабақтың ортасы (35 мин)

Жаңа сөздер: әдетте, күнде, сыры, таңдану.


1-тапсырма. Оқиық. Сұрақ-жауап.
«Суретті әңгімеле» стратегиясы. Сурет бойынша кейіпкерлерді сипаттап әңгімелейді.



Дәптердегі №1 тапсырма. 2-тапсырма. Тыңдайық.
Демалыс күнін жоспарлау қажет. Әдетте отбасы мүшелері демалысты бірге өткізеді.
Демалыста әркім ұнататын істерімен айналысады. Табиғат аясында жақсы демалуға болады.

Жаңа сөздерді қайталайды.


Жұптық жұмыс.
Мысал бойынша сұрақ-жауап:
Мәтіндегі кейіпкерлер кімдер?
Құмырсқаның жақсы оқуының себебі неде?


Дәптермен жұмыс.
Сұраққа жауап береді.


Дескриптор:

  • мысалды түсініп оқиды;

  • сұрақтарға жауап береді;

  • тыңдалған мәтін бойынша жауап береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет