9 сынып ____________________
Сабақтың тақырыбы: Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық.
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Акустикалық резонанспен, дыбыстың шағылуымен, жаңғырықпен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
-
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
-
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша Акустикалық резонанспен, дыбыстың шағылуымен, жаңғырықпен танысамыз.
-
Дыбыс дегеніміз не?
-
Дыбыс қалай таралады?
-
Вакуумда дыбыс тарала ма?
-
Дыбыс жылдамдығы таралатын ортаға байланысты ма?
-
Ауада қандай толқын тарайды-көлденең бе, әлде бойлық па?
-
Дыбыстың қанадй сипаттамаларын білесіңдер?
-
Қандай дыбыстар музыкалық деп аталады?
-
Дыбыс қаттылығ немен аныталады?
-
Дыбыс тембрі дегенді қалай түсінесіңдер?
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
1. Акустикалық резонанс
2. Дыбыстың шағылуы.
3. Жаңғырық-қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта оралған дыбыс толқындары.
4. Реверберация-дыбыстың әр түрлі кедергілерден шағылуы барысында естілу ұзақтығының артуы.
5. Ультрадыбыс.
VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§33,34 дайындық сұрақтарын талдау.
-
Акустикалық резонанс дегеніміз не?
-
Камертон орнатылған жәшікті неліктен резонатор деп атайды?
-
Акустикалық резонансты қалай байқауға болады?
-
Жаңғырық дегеніміз не?
-
Жазық далада жаңғырық пайда болуы мүмкін бе?
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
-
27-жаттығу 1,2
-
Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей.
-
Найзағай кезінде адам күннің күркірегенін найзағай жарқылынан 15с-тан кейін естіген. Разряд одан қандай қашықтықта болған?
-
Дыбыс қоңыраудан дыбыс қабылдауышқа қалай жетеді?
ІІ деңгей.
-
Дыбыстың ауадағы таралу жылдамдығы 340 м/с болса, жиіліг 340 кГц. Дыбыс көзінен ауаға таралатын ультрадыбыс толқынының ұзындығын анықтаңдыр.
-
Ер адамның ең төмен дауысы үшін ауадағы дыбыс толқынының ұзындығы 4,3м-ге, ал әйел адамның ең жоғарғы дауысы үшін 25см-ге жетеді. Осы дауыстардың тербеліс жиілігін табыңдар.
ІІІ деңгей.
-
Мылтық атылғаннан соң, дыбыс пен оқ 1360м биіктікке бір мезгілде барып жетсе, оқтың бастапқы жылдамдығы қандай? Мылтық вертикаль жоғары қарай атылған. Оққа әсер етуші ауа кедергісін ескермейік. Дыбыс жылдамдығы 340 м/с.
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §33,34 27-жаттығу (3,4).
Достарыңызбен бөлісу: |