Сабақтың тақырыбы: «Алаш»-ұлттық рухтың арқауы 12 жылдық білім беру тәжірибе сыныбы 9-сынып



Дата13.06.2016
өлшемі169.39 Kb.
#131622
түріСабақ
М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебі



Сабақтың тақырыбы:

«Алаш»-ұлттық рухтың арқауы

12 жылдық білім беру тәжірибе сыныбы

9-сынып

Мүғалім: Тұрғанбаева Гүлшарипа

Тарих, құқық пәнінің мұғалімі

М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебі

Түпқараған ауданы

Маңғыстау облысы

2013

"Алаш"-ұлттық рухтың арқауы

Сабақтың мақсаты:

1.Халқымыздың ардақты ұлдары бүкіл түркі тілдес халықтарға кеңінен танымал "Алаш"партиясы жайлы мәлімет беру.

2.Өз отанын,елін сүйетін ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу

3.Жеке тұлғаның интеллектуалды дамуын өз бетінше іздену,оқу арқылы оқушылардың саяси көзқарасын қалыптастыру

Сабақтың түрі :Іздену-зерттеу сабағы.

Сабақтың әдісі:Топпен жұмыс.

Сабақтың көрнектіліктері: ҚР картасы,интерактивті тақта,слайдтар,"Алаш"бағдарламасына кесте.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

Сабақтың барысы:

І.Кіріспе.

Мұғалімнің сөзі.

Бүгінгі сабағымызда: 1905 жылдан бастау алған «Алаш» қозғалысы неліктен 1917 жылғы ақпанға дейін өрлеу аясын тарылтты? Алаштың көшбасшылары кімдер? «Алаш» партиясының мақсаты не болды? Бүгінгі сабағымыздың арқауы осы болмақ

Кез-келген елдің жүріп өтетін тарихи жолы бар. Барша мемлекеттің тарихи сүрлеу-соқпағында аса күрделі, тіпті сол елдің мемлекеттілігіне қауіп төндіретін жолдар да кездеседі. Кей мемлекет тарихи бір кезеңде мемлекеттігінен айырылып жатады. Сол сияқты Қазақ елі де күрделі жолдардан өтті. Ел тарихындағы үлкен кезеңді қазақ хандығы десек, оны арғы-бергі тарихымыздағы мемлекетшілдік үлкен бір кезең деп айқындауға тиіспіз. Қазақ хандығы - мемлекетшілдіктің алтын көпірі. Кейіннен барып қазақ хандығы жойылды. Ресми түрде, хатталып-құжатталып жойылған соң, билікке ешкім шығарылмады. Ал енді қазақ елі өзінің мемлекеттік өзегін, мемлекеттік арқауын әрі қарай қандай күшпен жалғады?! Осы тұрғыдан қарағанда, Алашорда, Алаш үкіметі, Ұлттық кеңес сынды ұғымдардың мемлекетшілдік арқау болғанын түсінеміз.Алашорда бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның бастауында тұрған, қазақ тарихындағы мемлекетшілдік арқауды жалғастырған, ресми тілмен айтқанда, мемлекетшілдік тәжірибені көрсеткен билік құбылысы және құрылымы ретінде тарихтан өз орнын алды.

Ендеше"Алаш"-ұлттық рухтың арқауы" атты іздену-сабағын бастайық.

ІІ.С.Торайғыровтың "Алаш ұраны"өлеңі жатқа оқылады.

«Алаш» туы астында

Күн сөнгенше сөнбейміз,

Енді Алашты ешкімнің

Қорлығына бермейміз.

 

Өлер жерден кеттік біз,



Бұл заманға жеттік біз.

Жасайды Алаш, өлмейміз,

Жасасын «Алаш», жасасын! 

ІІІ.Іздену жұмыстары.

.

1-топ Алғашқы қадамдар немесе «Халық еркіндігі» партиясының сәтсіздігі

1 - оқушы. 1905 жылы 6тамызда Мемлекеттік Дума құру жөніндегі патша манифесі басқа ұлттармен бірге қазақ еліне де депутат сайлау құқын берді. 1905 жылдың желтоқсанында Оралда бес облыс қазақтары өз съезін өткізіп, Ресей конституциялық демократиялық партиясының бөлімшесін құруға әрекет жасады. 1906 жылы ақпанда қазақтардың екінші съезі өткізілді Қазақ кадеттерінің өмірде ұстанған мұраттары орыс кадеттерінің бағдарламасынан мүлдем өзгеше болды.

Олардың талаптары: Қазақ жерін қазақ елінің меншігі етіп жариялау, ішкі Ресейден қөшіп келушілерге тежеу қою, қазақ жұмысшыларына теңдік беру, қазақ балалары үшін мектеп ашу болды. Ұлттық мәдениетті дамытуға,қазақ тілін басқа тілдермен тең қолдануды талап етті.

1906 жылы маусымда Семей қаласында Мемлекеттік Думаға депутат сайлау үшін өкілдер жиналысы өтті Ә. Бөкейханов жиналғандарды «Халық еркіндігі» партия бағдарламасымен таныстырып, қатысқандарды партияға қосу жөнінде қаулы қабылдады.Алайда алғашқы жалпыұлттық партия құру әрекеті сәтсіз аяқталды Себебі: қазақ даласында саяси партия құратын алғышарттар қалыптаса қоймаған болатын Екінші себебі Ресей үшін Қазақстанда ұлт еркіндігін мұрат тұтқан саяси ұйым пайда болуы тиімсіз еді.



2-оқушы «Алаш» партиясының тарихы

"Алаш" Ұлттық қозғалыс басшылары 1917 жылы шілде съезінде өздерінің алдына ерекше ұлттық саяси партия құру мақсатын қойды.

Алаш партиясының бағдарламасының негізін қалаған Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы еді.Партияның қалыптасуына сол кездегі көзі ашық қазақ интелегенциясының барлығы атсалысты.

Партияның негізгі екі мақсаты болды:

1.Қазақ елін отарлық езгіден азат ету

2.Қазақ қоғамын орта ғасырлық мешеуліктен өркениетті әлеуметтік экономикалық және мәдени даму жолына алып шығу.

«Алаш» партиясының ерекшелігі оның өз Орталық Комитеті, жер жерлерде партия органдар жүйесі, губком /Семей/ және ұсақ уездік комитеттері болды.

1917ж. 21қарашада «Қазақ» газеті «Алаш» партиясының бағдарламасын жариялады. Слайд



З- оқушы «Алаш» бағдарламасының негізгі мәселелері:

а/Мемлекетті басқару формасы, сот, дін, жерді пайдалану, т.б

ә/ Білім беруде жастарды ұлттық мүдде негізінде оқыту,ана тілін дамыту ақысыз,жалпыға бірдей оқытуды қолдады.

Ақпан революциясының жеңісінені кейін Ә. Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан либерал-демократиялық көзқарастағы қазақ интелегенциясы өкілдері ұлттық партия құру мәселесі бойынша өз жоспарын жүзеге асыруға кірісті.Олар қазақ халқын тап пен жікке бөлмей бүкіл ұлттың мүддесін көздеді. «Алаш» партиясына партия бағдарламасын қолдайтын,шыншыл, әділ, тура,адамдар ғана мүше бола алды. Буржуазиялық кадеттер партиясының идеясы Алашор дашылдар идеясынан мүлде басқа екендігіне көз жеткізді Оның мысалы Ә.Бөкейхановтың «Қазақ» газетінде кадеттер партиясынан шығатыны туралы ашықтан ашық мәлімдеуі еді.



2- топ «Алаш» партиясының ұйымдастырушылары


Партиясы:

Алаш

Білімі:

Омбы техникалық училищесі
Орман шаруашылығы институты(Санкт-Петербург)

Мамандығы:

публицист, ғалым, аудармашы

Діні:

ислам

Дүниеге келуі:

5 наурыз 1866
Қарқаралы уезі, Семей облысы,Дала Өлкесі

Қайтыс болуы:

27 қыркүйек 1937 (71 жас)
Мәскеу, Ресей КФСР


1- оқушы Әлихан Бөкейханұлы кім еді?


Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы



1866[1]ж. наурыздың 5[2] бұрынғы Семей облысыҚарқаралы уезі, То­қы­рауын болысының 7-ші ауылында туған. Бұл қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы бұрынғы Қаратал кеңшарының жеріне қарасты, Әлихан Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ата тегі: Бөкей - Батыр - Мырзатай - Нұрмұхамед - Әлихан. Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды канағат тұтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны "техник" мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894 жылдар аралығында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті.[3]. Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды.

2- оқушы Әлихан Бөкейханұлының қазақ халқының келешегін ойлап, ұлттық мемлекет құру туралы көзқарасын «Қазақ» газетіне жариялаған мына мақаласынан көруге болады: «Кадеттер партиясы жерді жекеменшікке беру керек деп отыр Біздің жағдайымызда жерді жекеменшікке беру , жеріміз көрші мұжықтың қолына өтіп (Башқұртстандағы жағдай сияқты) қазақтар жерсіз қалып, қайыршылыққа ұшырайды.Кадеттер ұлттық автономияға қарсы шығып отыр.Біз Алаш туын жоғары көтеріп, ұлттық автономия құруға ұмтыламыз» деген.


Лақап аты

Мир Якуб

Туылған күні

25 қараша 1885

Туылған жері

Сарықопа уезі, Торғай облысы

Қазір Қостанай обл ,Жангелдин ауд



Қайтыс болған күні

5 қазан 1935 (49 жас)

Азаматтығы

Түркістан автономиясы

Ұлты

қазақ

Мансабы

ақын, жазушы, саясаткер

Бағыты

саяси

Жанры

реализм

Шығармалардың тілі

қазақша
3- оқушы М.Дулатов

Қазақ зиялылары қазақтың ешкімге тәуелді болмауын көздеген «Алаш» партиясы мен «Алашорда»үкіметі еліміздің тәуелсіздік тарихындағы ерекше құбылыс.Бұл істерді ұйымдастырып, елі үшін аянбай еңбек еткен ерлердің бірі – Міржақып Дулатовтың болғандығын Кеңес заманы құпиялап келгенімен шындық беті ашылды 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады Міржақып Дулатов 1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсыновпен кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта біpi — ұстаз, бipi — ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1905 жылы Міржақып А. Байтұрсыновпен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. 1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында болады. 1906 жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын болып оралады. 1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетіне “Жастарға" деген өлеңін, бүркенпік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақала жариялайды. Мақалада Міржақып қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелейді. Патша өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанмен, бүркеншік аттың иесін таба алмайды. 1909 жылы Петербургте М. Дулатовтың "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Бұл

кітап та патша әкімшілігінің қуғындауына ұшырайды.

1913 жылы ол Ахмет Байтұрсыновпен бipre "Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады.1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы “Ақжол" газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.

Ол «алаш» қозхғалысының жетекшілерінің бірі ретінде1917ж болып өткен 1-ші, 2-ші Бүкілқазақ съезіне белсене қатысып, «Алаш» партиясының бағдарламасын жазды. Таптық емес ұлттық мүддені жоғары қойған алаш азаматы большевиктер ұстанған төңкерісшіл саясатын қолдамады.Басты мақстаы Кеңес билігіне қарсы күресу емес,қазақты дербес еғл етіп біріктіру еді.М Дулатовтың: «Совет үкіметіне қарсы күрес деп шуласып жүргендері қазақ ұлтын өз бетінше өмір сүрсін дегенмүддеден туған ниет қана.Өз отауымыз өзімізге бұйырсыншы деген ой.»деп жауап береді ОГПУ тергеушілеріне берген жауабында.Демек Міржақыптың да оның саяси серіктерінің басты мақстаты тәуелсіз ұлттық мемлекет құру болатын.3-оқушы Ахмет Байтұрсынов

Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылыбітіріп,Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы АқтөбеҚостанайҚарқаралы  уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қала лық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады.Байтұрсыновтың саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 жылыҚоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы  петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі . Байтұрсынұлы болды. Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Байтұрсынұлы 1909 жылы 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды.


Есімі:

Ахмет

Қызметі:

ақын, әдебиетзерттеушіғалым, 

түркітанушы,публицист, педагог

,аудармашы, қоғам қайраткері


Туған күні:

5 қыркүйек 1872

Туған жері:

Ақкөл (Сарытүбек) ауылы,

Жангелді ауданы, Қостанай облысы



Азамат

тығы:

Қазақ елі

Ұлты:

Қазақ

Қайтыс  болған күні:

8 желтоқсан 1937 (65 жас)

Қайтыс  болған жері:

Алматы

Әкесі:

Байтұрсын Шошақұлы

Анасы:

Күңші Құлыбекқызы

Жұбайы:

Бадрисафа Мұхамедсадыққызы

Балалары:

Аумат, Қазихан, Шолпан

Марапаттары:

Қазақ халқының рухани көсемі, ұлт ұстазы



Ресей ІІМ-нің Ерекше Кеңесі 1910 жылы 19 ақпанда Байтұрсыновты қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады.

Осы шешімге сәйкес Байтұрсынұлы Орынборға 1910 жылы 9 наурызда келіп, 1917 жылдың соңына дейін сонда тұрды. Байтұрсынұлы өмірінің Орынбор кезеңі оның қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды. Ол осықалада 19131918 жылы өзінің ең жақын сенімді достары 



Ә.Бөкейханов,М.Дулатовпен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Газет қазақ халқын өнер, білімді игеруге шақырды.

Ахмет Ресейде патша үкіметі құлағаннан кейін қазақ жерінде «Алашорда» үкіметін құру үшін бар күшін салды. Большевиктерді мойындамай, қарсы шықты.1921-1928 жылдары Қазақ халық ағарту институтында сабақ береді. 1929жылы 2 маусымда Алаш қайраткерлерімен бірге Алматыда тұтқынға алынды.Кейін босап шықты бірақ қайтадан 1937 жылы қамауға алынып, атылды.



4-оқушы Мағжан Жұмабаев






Қызметі:

Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі

Туған күні:

25 маусым 1893

Туған жері:

Солтүстік Қазақстан облысы

Ұлты:

Қазақ

Қайтыс болған күні:

19 наурыз 1938 (44 жас)

Қайтыс болған жері:

Алматы

Мағжанның тәуелсіздік жолындағы күресі 1917 жылғы 1-2 көкектегі Орынборда өткен Торғай облысы қазақтарыныың құрылтайынан кейін басталды. «Бірлік» ұйымының мүшесі болып,Алашорда үкіметін сайлауға дауыc берді.

Мағжанның Алашорда үкіметінің өкілі ретінде бірнеше рет басқа саяси құрылымдармен келіссөз жүргізгені туралы деректер бар.Ол өмірінің соңына дейін Алаш азаматы болды бірнеше рет абақтыға қамалып, өмірінің ұзақ жылдары айдауда өтсе де алаш ардақтысы болып қалды.

5-оқушы. Алаш азаматтары туралы жабылған сырлар ашылып келеді Алашым деп тәуелсіздікке ұмтылған аталарымыз туралы шындық әлі де ашылар Тек қана Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов,Халел Досмұханбетов тбб жалғаса береді . Біз слайд арқылы өзіміз ғаламтордан тапқан Алашордашылар тізімін береміз. Слайд
З-топ. «Алаш Орда» үкіметі және қызметі
1-оқушы Ұлттық автономия

Алашорда және алашордашылар 1927жылы Қызылорда қаласында жарық көрген А.К.Бочагов «Алашорда» кітабы ұзақ жылдар архивте сақталған

Ұлттық буржуазиялық Ақпан революциясы ұлттық қозғалыстың ең маңызды сипатын көрсеткен Орынбор съезі болды. 1917 жылы сәуірде өткен съезі аймақтық буржуазиялық ұлттық өкімет құрудың негізі дайындалды. 1917 жылы желтоқсанда ІІІ Бүкілқазақ съезі шақырылып,

Ә. Бөкейханұлы, А. Байтұрсынов, М.Шоқай, М.Жұмабаев, М. Дулатов

Ұлттық автономиялық облыс құру, автономияға қазақ- қырғыз облысына

«Алаш» атын беру ұйғарылды. Алашорданың уақытша өкіметі 25 адамнан

Тұрды Үкімет басшысы баламалық негізде сайланды, олар:

Ә.Бөкейханов 40дауыс, А.Тұрлыбаев 20 Құлманов 19 дауыс жинады. Съезде 15 мүшесі сайланды,қалған орын басқа ұлт өкілдеріне қалдырылды. Оған «Алаштың уақытша халық кеңесі» атын берді.

1918 жылдың басында Орынбор мен Орал қазақ көтерілісіне байланысты Алашордашылар кіммен болуды шешу туралы мәселе тұрды.

1. Контреволюциялық казачествомен бе, әлде ұлттардың өз мемлекеттік құрылысын өзі шешу құқын жариялаған Кеңес үкіметімен бе?

Алайда, бірнеше оқиғалардың барысына қарай, қазақ халқын Кеңес үкіметіне қосылуға шақырған ерекше үндеу шығарды .Алашордашылардың шын ниетпен кеңес үкіметі жағына өтіп,ынтымақтастық құру ниеті дәлелденген жоқ.

2- оқушы Жер мәселесі

«Алашорда» 1917жылы 21 қарашада «Алашорда»партия бағдарламасының 10-бабында, 1-кезекте жер дала тұрғындарына беріледі.

2-ші кезекте қоныстанушылардың қырғыздардан бұрын алған жерлері қайтарылады.

3-ші кезекте жерді сатуға тиым салады деп көрсетілді.



3- оқушы. Ұлттық әскер

«Халық жасағы» милицияны құру не үшін керек?

1917 жылы 5 желтоқсан ІІ Қазақ съезіндегі басты мақсат Алаш әскерін құру болғандықтан, съезд «Қазақ милициясын құру» жоспарын жасап,бекітті.Алаш әскерінің атқаратын басты қызметі соғысқа бару емес, елдің тыныштығын сақтау, елді қорғау болатын. Қаржы болмағандықтан милиция шығыны халыққа салынған салық есебінен алынды.Ұлт әскерін құру үлкен қиындықпен жүргізілді.Осы жолда құрбан болған Қажы Нұрмұхамедов (Cемей),Отыншы Әлжанов (Зайсан) Міржақов Дулат «Милиция неге керек?» деген сұраққа «Қайтсек жұрт боламыз?» атты еңбегінде жауап береді.

-Атасы басқа елдермен көрші болып отырмыз,солардың бізге тиіспеуі үшін керек

- Автономиялы жұрт екенімізді жат елдерге көрсету үшін

-Ішкі губерниялардан келген аш жалаңаш мұжықтар аяғының астында қалмау үшін деп түсіндірген.


IV.Тақырыпты қорытындылау сұрақтары бойынша оқушылар өз білімдерін жинақтай келе, бүгінгі демократиялық даму жолы мен мемлекеттік құрылым жөнінде өз пікірлерін ортаға салып, Алаш идеясы, алаш мұраты жүзеге асқанын дәлелдеді.

І топ - Алаш идеясы, Алаш мұраты дейміз, бұл - қазақтың құқығын қорғау еді. Қазақтың құқығын қорғау дегенде айтарымыз, ұлтымыз ол кезде Ресей империясының ішінде отырды. Әрине, зиялыларымыз тәуелсіздікке әп-сәтте қол жеткіземіз деп ойлаған жоқ. Ал енді «Алаш мұраты тәуелсіз Қазақстанға не береді?» дегенге келсек, әрине, біз сол Алаш зиялыларының ақыл-ойы арқылы, пікірлері арқылы бүгінгі елдің болмыс-бітімін тіктеуді үйрендік. Қазір де көп жауапты істе Алаштың айнасына қараймыз. Өйткені бұл азаматтар батысшыл десеңіз - батысшыл, әрі білімді, әрі дәстүрден қол үзбеген, тамыр үзбеген тұлғалар ретінде, Алаш зиялылары әрқашан тарихымызда лайықты бағасын алады.

ІІ топ - Кеңестік ХХ ғасыр өте күрделі ғасыр болды. Бір жағынан большевизм Алашқа қиғаш көзқараста еді, яғни оны мойындаған жоқ. Ең қиын кезең -большевизм Алашты сынады. Қазір большевизм қара бояумен, күрделі бояумен сипатталады, дегенмен большевизм арқылы біз Алаштың биік мақсатын, Алашты шыңдаған жолды байқадық. Сонымен «Алашорда» арыстары арман еткен егеменді, тәуелсіз ұлттық мемлекет құрылды.Білім беру, жастарды оқыту, ұлттық білім ордалары жүзеге асты.
ІІІ топ Алаш әскерін құру мәселесі ғасыр басында яғни 90 жыл бұрын сөз болса, тәуелсіз мелекеттің тұрақты әскерін құру ғасыр аяғында жүзеге асты. Егеменді еліміздің Елбасы жарлығымен Қазақстан Қарулы Күштері және Республика Ұланы жасақталып, әскери техникамен қамтамасыз етілді. Жарлыққа қол қойылған 8- мамыр күні-жауынгерлердің әскери мереке күні болып қабылданды.

V.Бағалау

VI.Үйге тапсырма: § 7

І топқа Эссе «Алаш» қозғалысының көсемдері ұрпақ есінде»



ІІ топқа Шығарма «Ағалар армандаған қоғам»

ІІІ топқа «Алаш партиясының мүшелері туралы дерек жинақтау

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет