Битанова Жеміс Тәжіғұлқызы
География пәні мұғалімі
Қ.Абаханов атындағы орта мектеп
Атырау облысы, Индер ауданы, Өрлік селосы
Сабақтың тақырыбы: Атмосфера және климат.
Сабақтың мақсаты: 1) осы сабақ барысында алған білімдерін
қайталау,кеңейту,бекіту,тексеру,үйрену.
2)Табиғат компанеттерінің арасындағы және табиғат
пен адам арасын байланыстыратын іс-әрекет туралы
түсінікті қалыптастыруды жалғастыру, ой-өрісін
дамыту.
3) Климаттың табиғатты қалыптастырудағы және
адам өміріндегі маңызы туралы түсінікті кеңейту,
табиғатты қорғау.
Сабақтың түрі : Қорытынды қайталау
Өткізу әдісі: Сұрақ –жауап, географиялық диктанат, картамен жұмыс.
Көрнекілік: 1.Компьютер
2.Инерактивті тақта
3.Слайдтар
4.Картасхемалар
Сабақ жоспары:
1.Климаттағы өзгеріс-бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
2.Географиялық диктант (ұғымды меңгеру)
3.Картамен жұмыс (климат элементтерінің арасындағы байланысты анықтау)
4.Жер шарындағы әр түрлі климаттың қалыптасуы(білімді жүйелеу)
5.Климат неге әр түрлі (себеп –салдарлық байланыстарын анықтау)
6.Климаттың табиғат компоненттеріне әсері(өзара қарым-қатынастарын талдау,анықтау)
7.Климат және адам: әсер етудің негізгі бағыттары.
8.Жер шарындағы климаттың өзгеруі туралы болжам.
9. Сабақты қорытындылау(сабаққа өзбетінен қорытынды жасау)
10.Тесті
11.Үйге тапсырма.
Мұғалім: Климат деген терминді алғаш рет ғылымға б.з.д.ІІ ғ. өмір сүрген ежелгі грек ғалымы Гипарах енгізді. Грек тілінен аударғанда «еңгіштік» деген мағынаны білдіреді.Жер шары өз орбитасында көлбеу орналасқан.Сондықтан сол кезде ғалымдар жерге күн сәулесі белгілі бір бұрыш жасай отырып түсетін және оның өзгеретіндігін айтқан, олай болса жер шарының климаты алуан түрлі болатынын және климаттағы өзгеріс ғаламдық проблемаға айналып отырғандығын естеріңе түсіре отырып, бірнеше тапсырма орындаймыз.
І.Гегрфиялық диктант (2мин)
І 1.вариант
1.Жер шарының(газ тәрізді) ауа қабаты-
2.Ауа-райының белгілі бір жерге тән,көп жылдық режимі-
3.Су қоры жеткілікті болған жағдайда булану мүмкіндігі-
4.Тропосфераның бір-бірінен қасиеттері (температурасы,мөлдірлігі,ылғалдығы)жөнінен айырмашылық жасайтын үлкен бөліктері-
5.300 ендіктен экваторға қарай соғатын тұрақты жел.
ІІ вриант
1.Тропосфераның белгілі бір жердегі белгілі бір қысқа мерзімдік (тәулік,апта,ай) жай күйі-
2.Жел жылдамдығы өлшейтін құрал-
3.Темпералары бірдей жерлерді қосатын қисық сызық-
4.Ауа массалары,температурасы ,жауын шашын мөлшері жөнінен айырмашылық жасайтын аймақ-
5.Жыл ішінде маусым бойынша бағытын 2 рет өзгертетін жел-
ІІ Картамен жұмыс
Географиялық терминдермен бірге картамен жұмыс жасай білудің қажеттігін жақсы білеміз.
Олай болса климат картасы және картасхема бойынша климат элементтерінің арысындағы байланысты анықтаймыз.
І тапсырма
Тақтаға 2 оқушы шығады(3мин)
1-ші оқушыға .Схемадан атмосфералық қысымға байланысты жауын шашынды көрсету.
2-ші оқушыға.Жоғарғы және төменгі қысым белдеуіне байланысты тұрақты жел бағытын анықтау.
ІІІ
3 тапсырма
І вариант Климат картасын пайдалана отырып изотерма бойынша көрсетілген аймақтағы шілде айының орташа температурасын анықтап таблицаға жазу
№
|
Аймақтар
|
Жаз айының орташа температурасы
(цельсий градусы бойынша)
|
1
|
Солтүстік Африка тропиктік ендік
|
|
2
|
Санкт-Петербург
|
|
3
|
Гренландия аралы жағалауы
|
|
4
|
Оңтүстік Аустралия
|
|
5
|
Антарктида жағалауы
|
|
2 вариант
№
|
Аймақтар
|
Қыс айының орташа температурасы(цельсий градусы бойынша)
|
1
|
Солтүстік Африка тропиктік ендік (сахара шөлі)
|
|
2
|
Оңтүстік Еуропа
|
|
3
|
Солтүстік Азия
|
|
4
|
Оңтүстік Африка
|
|
5
|
Антарктида жағдайы
|
|
Ауызша қорытынды жасау: ауа температурасының таралуы .... байланысты
4.Жер шарының климаты алуан түрлі екендігі бізге бұрыннан белгілі.Қазіргі сендердің орындаған практикалық жұмыстарының нәтижесі соның дәлелі .
Сондықтан жер шары 13 климаттың белдеуге бөлінгенін білесіңдер.Соған байланысты қазір №4 тапсырманы орындаймыз.
Тапсырмада климаттың белдеулерге сипаттана берілген.Сипаттама бойынша қандай климаттың белдеу екенін анықтап,картадан көрсету.
Р/с
|
Климаттық белдеулерге сипаттама
|
Жауап
|
1
|
Бұл климаттық белдеуге жыл бойына жоғары температура байқалады ж/е жауын-шашын мөлшері мол.
|
|
2
|
Қатты ұзақ қыс ол қоңыржай ендіктің ауа массасы енуіне байланысты қысқа жазбен алмасады.
|
|
3
|
Жаз өте ыстық,жаңбырлы ,ал қыс жылы бірақ құрғақ.
|
|
4
|
Қыста бұнда қоңыржай ендіктің ауа массасы әсер етеді,ол ауа массасы қысқы жаңбыр әкеледі.
|
|
5
|
Поляр күні және поляр түні болады.
|
|
6
|
Жыл бойына құрғақ және суық арктикалық ауа массасы әсер етеді
|
|
7
|
Жыл мезгілдері анық ажыратылады
|
|
8
|
Бұл климаттың белдеуге тропиктік ауа массасы мен қоңыржай ендіктің ауа массасы әсер етеді
|
|
9
|
Бұл климаттың белдеуі экваторлық және торпиктік ауа массасы қалыптастырады.
|
|
10
|
Жыл бойына қоңыржай ендіктің ауа массасының ықпалында болады.
|
|
Берілген сипаттама бойынша негізгі және өтпелі климаттың белдеулерді анықтадық.
Климат неге әр түрлі?
Мұғалім: Сонымен жер шарында климат алуан түрлі.Неге?
5.Сіздерді жалықтырмай,көңіл күйлеріңізді көтеру үшін Вини Пух мультфилімінен үзінді келтіреиік (слайд көрсету)
Мұғалім: Сіздерге мына кейіпкерлер таныс па?
Оқушылар: Таныс
Сонымен Вини –Пух әуе шарында ,бал әкелу ұшқан сапары сәтсіз болды.Оның себебін білу үшін ол географиямен айналысуға бел буды. Ол ойланып тұрып Талпақ танауға жаңбыр жауғысы келіп тұрғанын айтады. Оның қасындағы достары жер шарының қай жерінде жаңбырдан қорғанатын қол шатыр керек ойланып, кеңеседі.
Талпақ танау:тропиктік жоғарғы атмосфералық қысым онаған, жауын-шашыны мол Аусталияға, тіпен Аустралия орталығындағы коалаға қонаққа бару керек деп шешім қабылдайды.
Көжек.
2.Көжек былай деп шешті: Мен белгілі бағбанмын.Сондықтан жаңбыр жауа ма,жаумайма оны білу мен үшін өте маңызды.Сондықтан Оңтүстік Америкаға кетуіміз керек.Оңтүстік Америкада экватор маңында болған тіптен жақсы.Онда жаңбыр күнде жауады. Себебі атмосфералық қысым төмен,ауа жоғары өрлейді дейді.
Үкі: ал маған жаңбыр керек емес, қауырсыным су болады және түшкіре бастаймын. Сондықтан осында Англияда қалуым керек. Жаңбырдан қорғану үшін қолшатыр сатып аламын дейді .
Есек: Ал мен болсам солтүстік полюске кетейін, онда жаз жақсы жаңбырлы. Қолшатырым бар дейді.
Есек тағы мұңайып ең тұрақты жел-Пассат ол экваторға қарай соғады, бұрын желкенді кемеге мұхитта жүзуге көмектесті дейді.
Мультфильм кейіпкерлерінің пікірі талданып жауабын оқушылар айтады.
6. тапсырма слайд. Табиғат кешендерінің сызбасы.
Оқушы : Табиғат комплексін –табиғат компоненттері құрайды, барлық компоненттер бір-бірімен өзара-тығыз байланыста болады. «Комплекс» латын сөзінен аударғанда «тұтасу»деген мағынаны білдіреді. Құрлықтағы табиғат комплексі алуан-түрлілігі тау жыныстарының құрамына, жер бедеріне, топырақ, өсімдіктер, жануарлар дүниесіне зор әсер ететін климатқа байланысты қалыптасады.
Мысалы: Жылуда, ылғалда мол болса орман зонасы , ал жылу мол болып ылғал мүлде аз болса шөлді қалыптастырады.
Мұғалім:Сіздердің назарларыңызды климат әсерінен өзгеріске ұшыраған әр түрлі табиғат кешендеріне аударайық.
1 слайд. Жер бедері.
Мына көрініс бойынша климат әсерінен өзгеріске ұшыраған жер бедеріне мысал келтір.
2 слайд. Ішкі су
Климат әсерінен ішкі суларда болатын құбылыстарға өз пікіріңді білдір.
3слайд.Топырақ
Климаттың топыраққа әсері қандай?
7.Климат және адам.
Ауыл шаруашылығы климатқа тәуелді.(мысал келтіру)
4.слайд.Егіншілік.
5.Слайд. Туризм.
Туризмді қалыптастырудағы климаттың рөлі?
6.Слайд. Апаттық құбылыстар.
7.Слайд.
Климат адамның шаруашылықпен айналысуына ықпал ете отырып, одан да шаруашылық іс-ірекеті арқылы климатқа кері әсер етуде.Климат өзгерістерін Жер шарының көптеген аймақтарынан байқауға болады.Мысалы атмосфераның жалпы циркуляциясындағы ғасырдың өзгерістер,жер шары бойынша жылдың орташа температураның жоғарлауы.
Себебі ғылым мен техниканың қарыштап дамуы оның шаруашылыққа енуі табиғатқа кері әсерін тигізуде.Мысалы атмосфераның шаң-тозаңдармен улы газдармен ластануы.
Әр оқушы өз біліміне яғни сабақтағы іс-әректіне анализ жасайды.
Мен бүгін білдім
Маған қызықты болды
Қиын болды
Тапсырма орындадым
Мен түсіндім
Менің қолымнан келеді
Мен үйрендім
Мен істеп қараймын
Менің өміріме пайдасы тиді
Сабағымызды тесті арқылы қорытындылаймыз.
1.Тау етегінде атмосфераалық 700 мм,ал шыңында 360мм тау биіктігі қанша?
а) 340м; б)300м; в)360м д)400; е)440м
2Таудың етегінде температура +220,ал шыңында -18 болса,таудың биіктігі қанша?
а)6м; б) 8м с)6,6м д)8м е)5м
3.Барометр тау етегінде 720мм,ал тау басында 420мм қысымды көрсетті. Таудың биіктігі қандай?
а)5000м в)4000м с) 2000м д)3000 е)5500м
4. Аустралияның қысқы айлары
а) ақпан,желтоқсан аралығы
в) наурыз,сәуір аралығы
с)қаңтар ,ақпан аралығы
д)желтоқсан,ақпан аралығы
е)шілде,тамыз аралығы
5. Жер бетінің ең төменгі темепратурасы байқалады
А) Гренландия аралында
В) Исландия аралында
С) Экваторда
D) Географиялық полюстерде
Е) Мұхит түбінде
6. Жоңғар Алатауының маңындағы оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай соғатын ең күшті жел
А) Ебі
В) Сайқан
С) Муссон
D) Бриз
Е) Арыстанды-Қарабас
7. Желдің бағытын қадағалайтын құрал
А) термометр
В) флюгер
С) анероид
D) барограф
Е) анемометр
8. Ауа райы ауысуының алғашқы нышандары
А) ауа мөлшерінің өзгеруі
В) бұлттар
С) ауаның және температураның өзгеруі
D) температураның өзгеруі
Е) желдің бағыты мен қысымның өзгеруі
9. Тропосфераның ең қалың жері
А) солтүстік полюсте
В) полюс үстінде
С) қоңыржай ендікте
D) тропиктік ендікте
Е) экватор үстінде
10. Жыл бойы ауа температурасы жоғары жауын-шашын мол жауатын белдеу
А) тропиктік
В) қоңыржай
С) полярлық
D) экваторлық
Е) субтропиктік
11.Жер бетінің әр шаршы сантиметріне ауа қабатының түсіртеін салмағы
А) шамамен 1кг 800г
В) шамамен 1кг 33г
С) шамамен 1кг 50г
D) шамамен 2кг 200г
Е) шамамен 1кг 500г
12. Әр түрлі ауа массаларының арасындағы өтпелі аймақтар
А) циклон
В) атмосфералық фронт
С) антициклон
D) ауа массалары
Е) ылғалдану коэфициенті
13. Ылғалдану коэфициенті – бұл ....
А) буланудың температураға қатынасы
В) жылдық жауын-шашын мөлшерінің булануға қатынасы
С) жылы және суық күндердің қатынасы
D) мұндай коэфициент болмайды
Е) жауын-шашынды күндердің ашық күндерге қатынасы
14. Мұхит суын қозғалысқа келтіретін басты себеп
А) өсімдіктер
В) температура
С) жануарлар
D) тұздылық
Е) жел
Достарыңызбен бөлісу: |