Әбуова Гауһар ономастика



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата23.12.2023
өлшемі144.38 Kb.
#487762
  1   2   3   4   5
Әбуова Гауһар ономастика



Орындаған: Əбуова Гауһар 
Жалпы ономастиканың негізгі бөлімдері: 
1) Антропонимика (адам аттары мен фамилияларын зерттейді) 
2) Топонимика (жер, су, қала, дала аттарын зерттейді) 
3) Этнонимика( ру, тайпа, ел, халық аттарын зерттейді) 
4) Космонимика ( ай, жұлдыз, əлем, аспан аттарын зерттейді) 
5) Зоонимика ( үй- хайуандарын зерттейді) 
Топонимикаономастиканың жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен 
пайда болуын (этимологиясын), мағынасын, құрылымының дамуын, таралу 
аймағын, қазіргі жағдайын, грамматикалық, фонетикалық пішінін, жазылуы мен 
екінші бір тілде берілуін зерттейтін құрамдас бөлігі. Бұл гректің «топос» — 
орын, жер, «онома» — атау деген екі сөзінен тұрады, яғни жер-су атаулары 
деген сөз. Топонимика сол жердің тарихи сырын ашуға көмектесумен бірге, 
олардың саяси жəне этнографиялық шекараларын анықтаға да көмектеседі. 
Географиялық атауларды зерттеудің қазіргі лингвистика, география жəне тарих 
ғылымдары үшін ғылыми-теориялық жəне қолданбалы маңызы зор. 
Лингвистикалық зерттеулер көбінесе тарихи талдаумен қатар жүргізілетінін де 
осы құбылыспен түсіндіруге болады. Географиялық атауларды семантикалық 
тұрғыдан зерттеу топонимнің немесе терминнің мағынасын тілдік тұрғыдан 
талдауға мүмкіндік береді. М.Қашқаридың “Түрік сөздігіндегі” географиялық 
атауларды лексикалық-семантикалық тұрғыдан талдау жасау барысында арнау-
топонимдер (меморативтер), сипаттау-топонимдер (дескриптивтер) жəне 
окказионалды (аппелятивтер) топонимдер тобы анықталған. Топонимдер, яғни 
жер-су аттары, негізінен үш бағытта зерттеледі: 
1. семантикасы (мағынасы); 
2. жасалу жолдары; 
3. этимологиясы. 
Топонимика география, тарих, тіл білімі, этнология ғылымдарының деректеріне 
сүйеніп, өзара байланыста дамиды. Кез келген аумақтың географиялық 
атауларының жиынтығы сол жердің топонимиясын құрайды. 
Түркілік географиялық терминдер мен атаулардың мағыналық талдамасын 
алғаш жасаған ғалымдардың бірі ХІ ғ. өмір сүрген М. Қашқари болып 
табылады. Ғалымның “Диуани лұғат-ат-түрк” (Түрік лексикасының жинағы) 
еңбегі Қазақстан аумағындағы кейбір тарихи атаулардың мағынасын талдауда 
басшылыққа алуға болады. Бұл еңбекті қазақ тіліне аударған А. Егеубаев оған 
“түрік өркениетінің алтын кілті” деген баға берген. 
Қазақстан аумағындағы көне жəне қазіргі заманғы түркі топонимиясы зерттеуде 
В.В. Радловтың, А.Н. Кононовтың жəне т.б. қосқан үлесі зор болды. Академик 
В.В. Радлов өзінің «Опыт словаря тюркских наречий» (1895-1911) атты 
кітабында түркі лексикасындағы топонимикалық жəне терминологиялық 
ақпараттарды жинап, өңдеген. В.В. Радлов көптеген түркі терминдері 
мен топонимдеріне түсінік берген. А.Н.Кононов дүние бөліктері 


терминологиясымен айналысты. Өз еңбектерінде ол географиялық терминдегі 
«қара» жəне «ақ» аппелятивтеріне семантикалық сипаттама берді. Топонимика 
үшін ғалымның түркі халықтарының көкжиек бағыттарын анықтау əдістеріне 
қатысты зерттеулерінің де маңызы зор деп айтуға болады. 
Е.Қойшыбаев (1985) хронологиялық жіктеу негізінде Қазақстан аумағында 5 
тілдік қабатты бөліп көрсеткен: 
1) Ежелгі тілдер элементтерін сақтап келе жатқан тым көне қабаттар (санскрит, 
үнді-иран тілдері элементтері: тал, ар, бал, сар, ғар, кан); 
2) Шартты түрдегі түркі-монғол тіл бірлестігі элементтерін сақтап келе жатқан 
көне қабаттар (ал, ала, бала, қар, шар, чар, көк, бай, тоғай); 
3) Түркі тіл қабаттары немесе түркі тілдер семьясы құрамының ерекшеліктерін 
көрсететін қабаттар; 
4) Осы күнгі түркі түркі тілдері ерекшеліктерін көрсететін қабаттар (қазақ, 
қырғыз, алтай, қарақалпақ, башқұрт, ұйғыр, түрікмен, əзірбайжан, өзбек жəне 
т.б.); 
5) Орыс тілі негізіндегі топонимикалық қабаттамалар, яғни Э.М.Мурзаевтың 
айтуынша, “ең үстіңгі қабат”. 
Қазақстан топонимикасын зерттеуде тілтанушы ғалым А.Əбдірахмановтың да 
сіңірген еңбегін атап өткен жөн. Ол өзінің “Қазақстанның жер-су атаулары” деп 
аталатын ғылыми жұмысында Қазақстандағы 800-ден аса ойконимдерге жəне 
теміржол бекеттеріне топонимикалық сараптама жасаған. Ал “Топонимика жəне 
этимология” еңбегінде этимологиялық зерттеулердің əдістері қарастырылып, 
еліміздің 140-тан астам топонимдеріне этимологиялық талдама жүргізілген. 
Ғалымның көптеген мақалаларында топонимиканың жалпы проблемалары 
көрініс тауып, қазақ топонимдеріне этимологиялық талдау берілген. 
Профессор Т. Жанұзақов қазақ топонимдерінің этимологиясын, қалыптасу 
əдісін, құрамы мен құрылымдық түрлерінарнайы зерттеген. Оның «Очерк 
казахской ономастики» (1982) деген еңбегі топонимиканы зерттеуде елеулі үлес 
қосты. Ғалымның басшылығымен Жезқазған жəне Ақмола облыстары бойынша 
географиялық атаулардың 2 сөздігін құрастырылды. Жетісу топонимдерін 
зерттеген Е. Қойшыбаев та Қазақстанда топонимика мен терминологияның 
дамуына өзіндік үлесін қосты. Ғалым Қазақстан топонимдерінің қысқаша 
түсіндірме сөздігін құрастырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет