Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров «Ағынды менің Ақсуым»



Дата09.06.2016
өлшемі47.5 Kb.
#124212
түріСабақ
Талдықорған қаласы №12орта

мектеп- гимназиясының қазақ

тілі мен әдебиет пәнінің

мұғалімі Қабылқызы Сымбат

Сынып:7

Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров «Ағынды менің Ақсуым»



Сабақтың мақсаты:

Білімділік м: 1) І.Жансүгіров өмірі жайлы мәлімет беру.

2) «Ағынды менің Ақсуым» өлеңін оқыт а отырып, мазмұнына талдап мағынаны ажырата отырып, өлеңнің идеясын ашқызу.

3) Өлеңге сатылай кешенді талдау жасата отырып, ақынның шұрайлы тілі мен шебер кестеленген тіл оралымдарына көз жеткізу.


Дамытушылық мақсаты:

  1. Оқушылардың мәтіндегі қажетті сөздер арқылы негізгі ойды теріп алу дағдыларын дамыту.

  2. Шығармашылық жұмыстар арқылы ой-өрістерін, тіл байлықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:



  1. Топ бойынша жұмыс жұргізу арқылы ұйымшылдыққа

  2. Ізденіп, ерінбей еңбек етуге

  3. Өзінің, өзгенің білімін әділ бағалай білуге

  4. Ақын өлеңі арқылы отанын, туған жерін сүюге, қадірін түсіне білуге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Формасы: жаңа технология элементтері қолданылған топтық жұмыс

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: еркін жазу, ББҮ әдісі, бағыттап оқыту, «үштік» әдісі, сөздік жұмысы, сатылай кешенді талдау, Венн диаграммасы, Дебат, модельдеу, сызба-баяндама, сурет-баяндама, «Болмасаң да, ұқсап бақ» әдісі т.б.

Көрнекіліктер: Қазақсттан картасы, интерактивті тақта, І.Жансүгіров портреті, Ақсу өзенінің сыртқы келбеті (слайд-шоу)

Пәнаралық байланыс: музыка, бейнелеу, география пәндері
Сабақтың өту барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Слайд арқылы 1) жаңа тақырыппен таныстыру І.Жансүгіровтың «Ағынды енің Ақсуым» өлеңі

2) Сабаққа мақсат қойғызу

ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе


  1. Еркін жазу стратегиясы ----------І.Жансүгіров жайлы не білесіңдер? (дәптерден қаламсапты үзбей жазу)

  2. Б.Бк.Ү-------кестесін толтырту

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі

«Мен өзі тауда туып, тасында өстім» деп ақынның өзі жырлағандай, 1894 жылы Жетісу өлкесінің ең бір көрікті жері «Ағынды Ақсуда» дүниеге келген Ілияс ақындығының бастау көзі қазақтың бай ауыз ідебиеті мен Абай өлеңдерінде жатыр. Оған 1928 жылы жазылған «Қысқаша өмірбаянындағы» сөздер дәлел.

«Хат білгеннен кейін өлең кітап оқығыш болдым. «Қыз Жібек» қиссаларын мен оқығанда, талай жан жылайтын».

«...Оған шейінгі оқыған кітаптарымның бәрін Абай жоққа шығарғандай болды, қанбай қайта-қайта оқи бердім».

...Осындай дарын иесінің өмірден кету себебі не? (репрессия құрбаны)


Сұрақ-жауап әдісі:

Картадан көрсету. 1) Ақсу өзені қай жерде орналасқан?

2)Ақсу өзені жайлы не білесіңдер?

Оқушалырдаң қызығушылықтарын ояту мақсатында пәнаралық байланыс.

Ағынды Ақсудың сөзбен салынған суретіне Ақсулық марқұм Жұман Қабдылов атамыз ән шығарыпты. Тыңдап көрелік.

Біржан мен Қуаныштың орындауында «Ағынды менің Ақсуым» әні.


IV. Жаңа сабақтың негізгі бөлімі

Мәтінмен жұмыс

Бағыттап оқыту әдісі 1) Мәтінді мәнерлеп оқыту.

2) Кітапқа қарындашпен белгілеу

3) «Үштік» әдісі Ү-мен білемін

+ мені мынау қызықтырады

? түсініксіз сұрау керек
4) Түсініксіз сөздермен сөздік жұмысы.

1) Ақиланған ашумен - едірею, долдану

2) Торғын түн – қымбат бағалы жібе матаның бір түрі

3) Таймаңдаған тайпақ ай –тайсалмас, именбес, өр кеуде

4) Шүйке шарбы бұлтты – иіруге түтіліп дайындалған жүнге қатысты

5) Қалақай – емдік қасиеті бар шақпашөп (крапива)

6) Таста суыр тантырап – сенделген бос жүріс

7) Сам жамырап – бейуақ, ымырт, алагеуім уақыты

8) Өзен төлі – өзенді мекен етушілер


  1. Мәтінді талдау. Топ бойынша жұмыс




  1. І-топ. Сауал-тапсырма

  1. Өлеңде қандай мезгілдер суреттелген?

  2. Су екпіні, молдығын көрсететін сөз тіркестері

  3. Тыныштық белгісін сипаттайтын сөздер

  4. Жансызға жан бітіретін бейнелі сөздер

  5. Мәтінде кездесетін өсімдік атаулары

  6. Жан-жануарлар атаулары бар ма?

2-топ. «Ағынды менің Ақсуым» өлеңіне поэтикалық сатылай кешенді талдау.



  • Авторы

  • Тақырыбы

  • Жанр түрі

  • Идеясы

  • Шумақ

  • Тармақ

  • Бунақ

  • Буын саны

  • Ұйқас

  • Троптың түрлері

  • Түсіндірме сөздік

  • Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні.

3-топ. І.Жансүгіровтың «Ағынды менің Ақсуым» мен Дулат Бабатайұлының «Аягөз, қайда барасың?» өлеңдерін Венн диаграммасы арқылы салыстыру.




  1. Проблемалық сұрақ: (Дебат)

«Ағынды менің Ақсуым» өлеңі тек Ақсу өзенінің табиғатын суреттеуге арналған ба?


  1. Жаңа сабақты бекіту

Топпен «Мені түсін» шығармашылық жұмысы. Болжам....
1топ. Модельдеу

Табиғат-ана. Ана -мейірімді, баласы үшін барын береді. Ішкізеді, жегізеді, киіндіреді, бар шапағатын береді.

Ана-табиғат, бала-адам
2топ. Сызба-баяндама
Тұман---

Табиғат------ мезгіл----түн---тау---тас---өзен----ағысы----өзен төлі

----тал----жұлдыз----ай----бұлт----өсімдік----құс----жануар
3топ. Сурет-баяндама

Мәтіннің суретін салу.




  1. Жаңа сабақты қорытындылау.

Әркім өз туған жерін жұмақтың төріне балайды. Мен туған жерімді есіме алғанда Жүсіпбек Аймауытовтың мына ой оралымдары есіме түседі.
«Қарт Алтайдың қақ басында, Алақанның аясында, бал татыған айна сулы, түрі де аспан, сыры да аспан, шарап сулы Марқакөлі». Бұдан артық сөздің де, түсіндірудің де қажеті жоқ.

«Болмасаң да ұқсап бақ» деп Абай атамыз айтқандай туған жер, Жетісу тақырыбында топпен ұжым болып 1 тармақтан өлең құрастырып көрейік.
Сабақты аяқтау. Б. Бк. Ү. Кестесін толтырту.
Бағалау: топ жетекшілері----мүшелері-----мұғалім
Үйге тапсырма: Өз өлкеңнің табиғаты туралы шағын шығарма (суреттеме) жаз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет