Биология. 8-сынып.
Сабақтың тақырыбы: КІРІСПЕ
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың биология ғылымдарың зерттейтін салалары туралы білімдерін жүйелеу тереңдету.
2. Оқушылардың биология ғылымдар саласы туралы білім деңгейін кеңейту.
3.Оқушыларды ғылымқұштарлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу .
Сабақтың типі:Жаңа с абақ
Сабақтың түрі: .Білімді жүйелеу
Сабақтың әдісі: сұбхат, сұрақ-жауап,.
Сабақтың пән аралық байланысы:Медицина.
Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа,карточка, есептер жинағы.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру.
V. Үй тапсырмасын сұрау.
І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу, Сабақ мақсаты. § 1.6.
Адам табиғатпен үйлесімді әрекеттестікте болады.
Ғылыми-техникалық революцияга байланысты адамның коршаган ортамен жана қарым-катынасын зерттеу, тіршіліктің тез өзгеретін жағдайларына бейім-делуіне көмектесетін әдістерді іздеу, көптеген еңбек процестерін тездету қажеттігі туындады.
Адам организмінің әрекеттерінің механизмдері мен заңдылықтарын білу — аурулардың алдын алу, денсаулықты сақтау және ұзақ өмір сүру мүмкіндіктері туралы мәселелерді шешуге септігін тигізеді. Бүкіл дүниежузілік Денсаулық сақтау Ұйымының (БДҮ) анықтамасы бойынша: "Денсаулык дегеніміз — аурулар мен дене кемістігінін болмауы ғана емес, дене, рухани және әлеуметтік саулыктың толық болу жағдайы".
Адам биилогиясы — адамның іпығу теғі, эволюциясыь географиялык таралуы және онын орғанизмінің кұрылысы, қызметі мен дамуы туралы ғылым.
Адам анатомиясы (грек, anatome — бөлшектеу) — организмнін кұрылысы мен оның жеке мүшелерін және жүйелерін зерттейтін ғылым. Оның күрамына қалыпты анатомия, топографиялық анатомия және патологиялык анатомия пәндері кіреді. Зерттеулер жүргізуге прелараттар жасау, бөлшектеу, төжірибелік, микроскопиялык, салыс-тыр'малы анатомиялык жене баска да өдістер колда-нылады.
Анатомия үлпалар (ткань) туралы гистология, үрыктың дамуы туралы эмбриология ғылымдарымен тығыз байланысты.
Адам физиологиясы (грек, physis — табиғат және logos — сөз, ілім) — организмнің және онын жеке мүшелері мен жүйелерінің кызметі туралы гылым. Организм кьіз-метін, тіршілік өрекеттерін зерттеу үшін әр түрлі химия-лык әдістер, құрал-жабдыктар колданылады.
Гигиена (грек, hygieinos — дені cay) — денсаулыкты сактау және нығайту, адамның калыпты енбек етуі мен
демалуы үшін колайлы жағдайлар жасау туралы ғылым. Ол ортаның әр түрлі факторларының адам организміне, оның тіршілік өрекеттеріне, денсаулығына өсерін де зерттейді. Гигиенаның міндеті — аурулардың алдын алу, еңбекке кабілеттілікті жогарылату, сырткы орта, жұмыс және демалыс жағдайларын сауьщтыру. Гигиенаны оқып-үйрену адамға өз организмін шыныктыруға, әр түрлі аурулардан жөне т.б. сактануға септігін тигізеді.
Адам анатомиясы мен физиологиясы медицинаның негізі болып табылады. Адам анатомиясы, гистологиясы, цитологиясы, антропологиясы мен эмбриологиясы организмнің бітімі мен пшііні, күрылысы мен дамуы туралы ғылым — адам морфологиясын (грек, тогрһе — форма жөне logos — сөз, ілім) күрайды. Ол адам организмінің жеке даралык, жасына байланысты, жыныстык жөне экологиялык өзгергіштігін зерттейді.
Түсініп, есте сақтаңдар! Адам биологиясы. Анатомия. Физиология. Гигиена. Морфология. Зерттеу әдістері.
Биология. 8-сынып. .2009.
Сабақтың тақырыбы: АНАТОМИЯ ЖӘНЕ ФИЗИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДАМУЫНА ҚЫСКАША ШОЛУ
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды анатомия және физиология ғылымдарының даму жолдары туралы толық түсініктер алу.
2. Биология ғылымынның даму ерекшеліктерін жүйелі сипатау,ғалымдар еңбегі есте сақтау, бұл еңбектердің маңызын білу.
3, .Оқушыларды ғылымқұштарлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың типі:Жаңа с абақ
Сабақтың түрі: .Панарамалық
Сабақтың әдісі: сұбхат, баяндау.,.
Сабақтың пән аралық байланысы: Тарих,Қазақ әдебиеті..
Сабақтың көрнекілігі: Ғалымдар портреті..
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру.
V. Үй тапсырмасын сұрау.
І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу, Сабақ мақсатымен таныстыру.
ІІ.
Клавдий Гален (130—200 жж.) — риманатом-физиологі, антикалык дүние дәрігері. Ол адам денесінің анатомиясын сипаттады. Гладиаторлар мектебінде хирург болып жұмыс істеп, анатомиялык танымын кеңейтті. Сүйектерді, көптеген бұлшық еттерді, сіңірлерді, қан тамырларын накты сипаттады. Артерияда ауа емес, кан болатынын ең бірінші сипаттаған ғалым. Бүрын артерияда ауа болады деп саналған. Бүлшык еттердің жиырылуы мен кимыл-козға-лыстағы жүйкелердің рөлін аныктады. Гален өз еңбек-терінде көптеген ауруларды сипаттап, емдеу гимнастикасы жөнінде біркатар практикалык кеңестер берді. Мидын қызметін дүрыс анықтады.
Анатомия басқа да ғылымдар сияқты Қайта өрлеу дәуірінде ерекше жетістіктерге жетті. Өсіресе анатомияның дамуына Леонардо да Винчи(1452—-1519жж.)үлкенүлес косты. Ол дене бітімін зерттеді; ең бірінші болып бұлшык еттердің жіктелуін (классификация) жасады; сүйек, бұлшық ет, жүрек және баска мүшелердің 800-дей суретін салып, оларға ғылыми түргыда сипаттама берді.
Әбу Насыр әл-Фараби (870—950 жж.) —ұлы ойшыл, философ. Әл-Фараби заманында медицина жаратылыстану ғылымдарьшың ішіндегі едөуір дамыганы еді. Оның теориялык медицина саласындағы білімі терең болды. Ол: "Меди-цинаның міндеті — ауру себептерін анықтау ғана емес, ден-саулықты сақтау, ауруды емдеу жолдарын зерттеу", — деді. "Қайырымдылық қаласы" атты еңбегінде жүректі "табиғи жылу көзі" деп, ол туралы күнды деректер келтіреді. "Жүрек — басты мүше, ол баска мүшелерге
бағынбайды", — деп тұжырымдады. Әл-Фарабидің 160-ка жуық
ғылыми еңбегі бар.
Әбу Эли ибн Сина (Авиценна) (980—1037 жж.) — шығыстың ұлы энциклопедист ғалымы. "Дерігерлік ғылымның ережелері" деген энциклопедиялык еңбегінде сол замандағы медицина туралы көптеген деректер бар. "Адам анатомиясы" деген тарауында адам денесінің кызметі мен кұрылысы жайлы жалпы сипаттама беріліп, сүйек, буын, сінір, тістің кұрылысы, бас суйек, жүйке туралы мәліметтер келтірілген. Бұл кітап көптеген ғасырлар бойы дәрігер-лердің міндетті нұскау кұралы болды. Әбу Әли ибн Синаның медициналық еңбектері мен философиялық трактаттары, математика, астрономия, геология, тіл білімі, музыка теориясы жөнінде жазған еңбектері бар.
Уильям Гарвей (1578—1657жж.) — ағылшындәрігері, казіргі заманғы физиологияның негізін қалаушы. "Жануарлардағы жүрек пен кднның козғалысы туралы анатомиялык. зерттеулер" деген еңбегінде жүректің бүлшык етті мүше екенін жөне канды кан тамырларына айдап шығарып, оның үздіксіз козғалысын камтамасыз ететінін, қан тамырларының канайналымның екі түйық шедберін күрайтынын дәлелдеді. Онын еңбектері мүшелердің кызметі туралы жеке ғылымның
— физиологиянын қалыптасуына эсер етті.
Андреас Везалий (1514—1564 жж.) — қазіргі заманғы ғылыми анатомияның негізін калаушы. "Адам денесінің күрылысы туралы" деген негізгі еңбегінде (7 кітап) барлык мүшелер мен жүйелерге ғылыми сипаттама берді. Өзінің еңбектерінде ізашарларының анатомиялық қателерін көрсетіп, сол үшін қарсыластарынын қуғындауына ұшырады. Везалий ерлер мен әйелдерде қабырға саны бірдей болатынын дәлелдеді. Ол адамнъщ шынайы анатомиясының негізін қалауға көп еңбек сіңіріп, анатомдар мектебін кұрды.
ІІІ. Сұрақтар
1. Гиппократ және Аристотель адам туралы ғыпымның дамуына қандай үпес қосты?
2. Адам организмінің қызметіме қандай ғалым ең бірінші болып қызығушылық танытты?
3. К. Гален қан тамырпары жүйесінің қүрылысы турапы не айтты?
4. Леонардо да Винчи анатомияның дамуына қандай үлес қосты?
5. Адам денесінің құрыпысы туралы ғылымның дамуына қандай отандық ғалым зор үлес қосты
ІV. §2
Николай Иванович Пирогов (1810—1881 жж.) — көрнекті орыс анатомы, хирург. Практикалык дәрігер үшін анатомиялык білімнін маңызы зор екенін түсінді. "Артерия дінінің хирургиялык анатомиясы" деген кітабында "Адам денесінің колданбалы анатомиясының толык курсын" жариялады. Кейін Н.И. Пирогов "Топографиялық анатомия" атты әлемге өйгілі еңбегін жарықка шығарды.
Ол бірінші болып эфирлі наркозды, сүйек сынғанда гипс таңғышты, жара іріндегенде спирт пен йодты пайдаланды. Н.И. Пирогов хирургиялық операциялар жасаудың жол-дарын үсынып, далалык хирургия өдістемелерін күрас-тырды және практикада колданды. Н.И. Пироговтың түрған үйінде мұражай ашылды.
Иван Михайлович Сеченов (1829—1905 жж.) — орыс физиологиялық мектебін ашкан ғалым. Қанның тыныстык қызметін зерттеді. Орталык жүйке жүйесіндегі тежелу кұбылысын ашты. "Ми рефлекстері" атты еңбегінде адамның саналы және санасыз іс-әрекеттерінің рефлекстік табиғатын негіздеді. Еңбек физиологиясын кұрастырды.
Иван Петрович Павлов (1849—1936 жж.) —үлы орыс физиологі. Қанайналым және ас корыту саласындағы зерттеулері үшін Нобель сыйлығын алған алғашкы орыс ғалымы. Оның піартты рефлекстер туралы теориясы тірі организмдердің сырткы ортамен байланысьш және олардың сырткы өсерлерге көрсететін реакцияларын түсіндіруге септігін тигізді. И.П. Павловтың зерттеулері физиология, медицина және психологияның дамуында үлкен рөл аткарды.
Халел Досмухамедов (1883—1939 жж.) — біздің республикамызда медицина ғылымының қалыптасу кезеңінде өмір сүрген казак ғалымы. Ол көптеген еңбек жазды: "Қырғыз аймағындағы халыктар арасында обамен калай күресу керек" (1918 ж.), "Табиғаттану" (1924 ж.), "Окушылардың денсаулығын сактау" (1925 ж.), "Адамның тіршілікөрекеттері"(1927ж.)жәнет.б. 1922 жылы"Адам анатомиясы мен физиологиясы" деген окулығын жарыкка шығарды. Осы окулыкта адам денесйіің күрылысы мен оньщ мүшелерінің қызметі туралы мәліметтер алғаш рет казак тілінде берілді.
И. И. Мечников
И. П. Павлов
Н. И. Пирогов
X. Досмухамедов
И.М. Сеченов
Биология. 8-сынып. .2009.
Сабақтың тақырыбы: Адамның жануарлар дүниесіндегі орны.
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды адамның жануарлар дүниесіндегі орны туралытүсініктер беру.
2. Биология ғылымынның даму ерекшеліктерін жүйелі сипатау,ғалымдар еңбегі есте сақтау, бұл еңбектердің маңызын білу.
3, .Оқушыларды ғылымқұштарлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың типі:Жаңа с абақ
Сабақтың түрі: .Дәріс
Сабақтың әдісі: сұбхат, баяндау.,.
Сабақтың пән аралық байланысы: Тарих,Қазақ әдебиеті..
Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру.
V. Үй тапсырмасын сұрау
І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу, Сабақ мақсатымен таныстыру.
ІІ. Ғалымдар жануар дүниесіндегі адамды хордалылар типі,омыртқалылар тип тармағы,сүтқоректілер класы,приматтар отряды,гоминидтер тұқымдасы,адамдар туысы.
Жануарлар сияқты жүуке жүйесі, ми мен жұлыннан,қанайналымның ортақ жүйесі-жүрек. Тыныс алу-жұтқыншақ,мұрын және ауыз.
Ұқсастығы: ұрпағын тірі туадыж\есүтпен қоректендіреді,температурасы тұрақты,көкеттің болуы.мойын омыртқасы 7-еу: тістері әр түрлі, сыртқы ж\е ішкі құлақ,түкті тері жамылғысы, еміздік бездері.
Рудиментер-бір кездері біздің арғы тегімізде белсенді қызмет атқарған,қазіргі кезде жартылай сақталса да,өз мәнін жоймаған мүшелер (соқыр ішек,3-ші қабақ,құйымшақтар)
Атавизмдер-өте сирек жағдайда қайталанып,арғы тегімізге тән белгілер(түкті жамылғы,көпемшектілік,құйрықтың болуы)
Адам –миы күрделі құрлысты, қаңқасы тік,әр түрлі қимыл қозғалысты жасайды,ұсақ хзаттарды ұстайды,қолдары бейімді,түстерді ажырата алады.
ІІІ.
1. Адамның шығу тегі туралы қандай көзқарас-тар бар?
2. Адам жануарлар дүниесі жүйесінде қандай орын алады?
3. Адам мен адамтәрізді маймылдардың жақын туыстығын не дәлепдейді?
4. Адамның басқа гоминидтерден айырма-шылығы неде?
5. Тік журетін адамды қандай типке жагқызәды?
ІV. §3
V. 1. Гиппократ және Аристотель адам туралы ғыпымның дамуына қандай үпес қосты?
2. Адам организмінің қызметіме қандай ғалым ең бірінші болып қызығушылық танытты?
3. К. Гален қан тамырпары жүйесінің қүрылысы турапы не айтты?
4. Леонардо да Винчи анатомияның дамуына қандай үлес қосты?
5. Адам денесінің құрыпысы туралы ғылымның дамуына қандай отандық ғалым зор үлес қосты
Достарыңызбен бөлісу: |