Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты



бет1/4
Дата11.06.2016
өлшемі415.5 Kb.
#127754
түріСабақ
  1   2   3   4
8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе

Сабақтың мақсаты:


  • Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған «Дүние жүзі тарихы» оқулығымен, оның авторларымен таныстыра отырып, жаңа заман тарихында не оқытылатына тоқталу, кезең кезеңдерге қысқаша мәлімет беру.

  • Белсенділігін арттыру, білімін тереңдету.

Сабақтың түрі:кіріспе

Әдісі:сұрақ жауап, әңгімелесу

Көрнекілігі:карта, оқулық кітап

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • 7-сыныпта өткен «Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы» оқулығымен айырмашылығын айта отырып, өткен жылғы материалдарды еске түсіру

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

Оқулық екі бөлімнен тұрады.



  1. Жаңа заманның алғашқы жаотысы деп аталады, яғни ХҮІІ ғасыр мен ХҮІІІ ғасырдың соңына дейінгі уақыттағы дүние жүзі тарихының негізгі оқиғалары.

  2. Жаңа заманның соңғы дәуірі, яғни ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы тарихи оқиғалар.

Жаңа заман қазіргі өркениет әлемін қалыптастырған дәуір. Бұл дәуірдің ортағасырлық заманнан айырмашылығы өте айқын білінеді.

«Жаңа тарих» немесе «жаңа заман» ұғымы ХҮ ғасырдың соңынан ХХ ғасырдың басына дейінгі кезеңді қамтиды. Ол шартты түрде екі бөлімге бөлінеді.

Аграрлы өркениет-

Индустриялы өркениет-

Жаңғырту-

ІҮ. Сабақтың бекіту:



  • Кенттену, яғни урбанизация-қалалардың бұрын-соңды болмаған өсуі, қала тарихта тұңғыш рет ауылды екінші кезекке ығыстыра отырып, эконмикалық басымдылыққа ие болды;

  • Индустрияландыру-өндірісте машиналарды ұдайы үдемелі түрде пайдалану, оның басы ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі болып табылады;

  • Секуляризация-сана-сезімнің тоқырап, атеизмнің дамуы, рухани және әлеуметтік өмірдің діни ықпалдан азат етілуі.

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:Кіріспе бөлімді оқып, терминдерді түсініп, жаттап келу.




8-сынып .Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §1. Англиядағы капитализмнің жеңісі және орнығуы./2 сағат/

Сабақтың мақсаты:


  • Оқушыларға революция қарсаңында болған өзгерістерді әңгімеле отырып, аграрлық сала негізінде реформалар жасалғанын, шаруалардың екі жақты қыспаққа ұшрағандығын түсіндеру.

  • Ағылшын революциясының себептерін аша отырып, елдегі әлеуметтік, саяси және діни мәселелердің шиеленісуі ағылшын буржуазиялық революциясына жол ашып, халықтың жаппай бас көтеруіне әкелгендігін, Англиядаға революция халықтық қозғалысқа айналып, феодалдық корольдік тәуелділікті жоюға ұмтылғандығын әңгімелеу.

  • Бүкіл Англия парламентті жақтаушылар және феодалдық абсолюттік құрылысты жақтаушыларға бөлінгендігін, республиканың ішкі саяси жағдайының дағдарысы, елде жаңа заңдар мен реформаларды жүргізуді қажет еткендігін айту. Белсенді, білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:карта, касте, сызба.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Дүниежүзі тарихы нені оқытады?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Революция қарсаңындағы Англия

  2. Ағылшын революциясының себептері

  3. Англиядағы азамат соғысы.

Маңызды оқиғалар:

1628 ж. - «Құқық жөніндегі петиция» құжаты

1639 ж. - Шотландиямен соғыс

1640 ж.- Ағылшын революциясының басталуы

1640 жыл, 13 сәуір-5 мамыр- «Қысқа парламент»

1640 жыл, 3 қараша- «Ұзақ парламент»

1640 жыл, желтоқсан – «Түп және тармақтар жөніндегі петиция»

1641 жыл, желтоқсан – «Ұлы ремонстрация»

ІҮ. Сабақтың бекіту:


  • Революция қарсаңындағы Англияның жағдайына сипаттама беріңдер

  • Революцияның басталу себептерін атаңдар.

  • Англиядағы азамат соғысы қандай мақсатты көздеді?

  • Ағылшын буржуазиялық революциясының ерекшелігі неде, ол өз мақсатына жетті ме?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма: §1


8-сынып .Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §2. ХҮІІІ ғасырдағы дүние жүзі. Ағартушылық дәуірі

Сабақтың мақсаты:


  • ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысынан соңына дейін үстемдік еткен идеялар дәуірі-ағартушылық ғасыр Еуропа халықтарының өміріндегі ірі құбылыс болғандығын әңгімелеу. Ағартушы элита мен қарапайым халық арасындағы айырмашылықты ашу. Алдыңғы қатарлы ағартушылардың еңбектерін оқып, оларды құрметтеп, өнегелі ісін үлгі тұтуға баулу.

Сабақтың түрі:Пресс-конференция

Әдісі: Сұрақ –жауап, оқушылардың ауызша хабарлама әдісі.

Көрнекілігі:ХҮІІІ ғасырдағы дүниежүзі картасы, кесте, сызба, тақтаны пайдалану

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Революция қарсаңындағы Англияның жағдайына сипаттама беріңдер

  • Пресвитерліктер мен интепенденттер деген кімдер, олардың көзқарастары неліктен қарама-қайшылықта болды?

  • Революцияның басталу себептерін атаңдар.

  • Англиядағы азамат соғысы қандай мақсатты көздеді?

  • Ағылшын буржуазиялық революциясының ерекшелігі неде, ол өз мақсатына жетті

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Ағартушылықтың бастауы және оның негізін салушылар

  2. Халық мәдениеті

  3. Ағартушылардың діни көзқарастары

  4. Ағартушылардың қоғам туралы пікірлері

  • «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі: Ағартушылық ғасырының алдыңғы қатарлы адамына қандай қасиеттер тән деп ойлайсыңдар?

Ағартушылық ғасырында ғылымға деген ынта күшті болды. Ғалым, ойшыл, философ адамдарды халық ерекше құрметтеді. Ғалымдар арнаулы орындарға шақырылып, зор ықыласпен тыңдалды.

  • «Ақ жол» газетінің тілшісі: Католик, лютерандық және православиелік елдерде Ағартушылық ғасыры адамды қандай сапаларына қарап екіге бөлді?

  • «Білім шуағы» газетінің тілшісі: ХҮІІІ ғасырда кейбір елдерде, мысалы Герман княздіктерінде бастауыш білім беру енгізілсе, Пруссия королі ІІ Фридрих неге білім алуға қарсы шықты?

  • «Ар-Ай» газетінің тілшісі: Ағартушылар арасында халыққа жақын мәдениеттің дамуын қуаттаушы Германияның ұлы ойшылрады кімдер және олар нені жақтады? Ағартушылық ғасырдың қандай ұлы қайраткерлерін білесіңдер? Ол кезеңде ғылымның қай салаларына баса көңіл бөлінді?

Құдайды жоққа шығарушы атеистер-дүниені ешкім жаратқан жоқ, ол мәңгілік және шексіз деп санаған. Материалистердің пікірі қандай болды? Олардан кімдерді айта аласыңдар? Ағартушылық ғасырында Еуропада «өркениеттілікпен», білім мен ғылым дамуымен байланысты қоғамдық прогресс идеясы қалыптасты.

ІҮ. Сабақтың бекіту:



  1. Ағартушылық ғасырының алдыңғы қатарлы адамына қандай қасиеттер тән деп ойлайсыңдар?

  2. ХҮІІІ ғ. ағартушы элита мен қарапайым халық арасында қандай айырмаш. болды?

  3. Ағартушылық ғасырының қандай ұлы қайраткерлері болды?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§2



8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §3. ХҮІІІ ғасырдағы Солтүстік Америка /2 сағат/

Сабақтың мақсаты:


  • Еуропалықтар Солтүстік Американы отарлай бастауының мақсаттарын аша отырып, солтүстік және оңтүстік отарлар шаруашылығында қалыптасқан ерекшеліктер туралы айту.

  • Тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары, пісіп-жетілгендігін түсіндіру, бостандық пен құқыққа қысым жасаушыларға төзгісіз көзқарас қалыптастыру.

Сабақтың түрі:Дәріс-сабақ

Әдісі: Баяндау.

Көрнекілігі:Карта, сызба, кесте

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Ағартушылық ғасырының алдыңғы қатарлы адамына қандай қасиеттер тән деп ойлайсыңдар?

  • ХҮІІІ ғасырдағы ағартушы элита мен қарапайым халық арасында қандай айырмашылық болды?

  • Ағартушылық ғасырының қандай ұлы қайраткерлері болды?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. ХҮІІІ ғасырда Еуропалық державалардың Солтүстік Америка құрлығын отарлауы.

  2. Отарлардың әлеуметтік-экономикалық дамуы.

  3. Америкада басқарудың олигархиялық түрінің орнығуы.

  4. Америкада өз еңбектерінің арқасында меншікке қол жеткізген орта таптың қалыптасуы

Отарлар

Қай ерлер жатты?

Қандай қатынаста болды?

  1. Корольдік




Виргиния

Жоғары меншік иелеріне-корольге немесе лордқа салық төлеп тұрды.

  1. Жеке

Солтүстік және Оңтүстік Каролина

Англияның ірі феодалдары отар жеріне толық қоныстануға және үндістермен бейбіт қатынаста болуға мүдделі болды.

  1. Қауымдық (корпоративті)

Олар жаңа Англиядағы меншік иелеріне берілмеген жерлер

Америкаға қоныс аударған діни қауым мүшелері жатты.

Американың құрылуы:

  1. 1776 жылы шілдеде қабылданған «Тәуелсіздік декларациясы» жөнінде декларацияның мақсаттары, принципі айтылады.

  2. 1787 ж. АҚШ Конституциясы қабылданды

  3. 1789 ж. тұңғыш президен ДЖ.Вашингтон

ІҮ. Сабақтың бекіту: «Иә-жоқ» ойыны

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§3

8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §4. Француз буржуазиялық революциясы /2сағат/

Сабақтың мақсаты: Француз буржуазиялық революциясының басқа революциялардан айырмашылығын , оның бүкіләлемдік тарихи маңызын түсіндіру

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілігі:карта

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі


  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • ХҮІІІ ғасырда Еуропалық державалардың Солтүстік Америка құрлығын отарлауы.

  • Отарлардың әлеуметтік-экономикалық дамуы.

  • Америкада басқарудың олигархиялық түрінің орнығуы.

  • Америкада өз еңбектерінің арқасында меншікке қол жеткізген орта таптың қалыптасуы

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Кіріспе.

  2. Революцияның бастауы және ХҮІІІ ғасырдың соңына дейінгі Францияның әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуы.

  3. Француз буржуазиялық революциясы:

    • Революцияның басталуы, барысы.

    • Құрылтай жиналысы, конституция.

  1. Монархияны құлату және революцияны жариялау.

  2. Якобиншілдер диктатурасының құрылуы.

  3. Революцияның мәні.

Француз революциясының нәтижесі

Революция феодалдық қалдықтарды жойып, елде аграрлық проблеманы шешті.

Тарихта тұңғыш рет азаматтар жалпыға бірдей сайлау құқығына, жиналыс құқығына, буржуазиялық-демократиялық республика құру құқығына мүмкіншілік алды.

ІҮ. Сабақтың бекіту: Францияның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында қандай өзгерістер болды?

  1. Революция қалай басталды? Революция барысында ел билігіне кімдер келді? Якобиншілдер диктатурасы туралы айтып беріңдер.

  2. Революцияның маңызы қандай

Ү. Бағалау: ҮІ. Үйге тапсырма:§4

8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §5. ХҮІІІ ғасырдағы Ресей /2 сағат/

Сабақтың мақсаты:


  • ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Ресейдің жағдайына сипаттама беру.

  • ХҮІІ ғасырда Ресейдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы ауыл шаруашылығы өнімдерінің дамуы болғандығын атап көрсету. Сондай –ақ Ресейдің даму жөнінен алдыңғы қатарлы Еуропа Еуропа елдерінен артта қалу себептерін ашып беру.

  • І Петр тұсіндағы мемлекеттің өнеркәсібінде маңызды өзгерістер болғандығы және Солтүстік соғыстың салдары шаруаларға ауыр міндеткерлік тудырғаны жайлы баяндау. Әсіресе І Петр енгізген әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен реформалардың мәнін түсндіру

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:карта, І Петрдік суреті

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Францияның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында қандай өзгерістер болды?

  • Революция қалай басталды?

  • Монархия қандай әрекеттер жасады?

  • Революция барысында ел билігіне кімдер келді?

  • Якобиншілдер диктатурасы туралы айтып беріңдер.

  • Революцияның маңызы қандай

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Ресей.

  2. ХҮІІІ ғасырда ресейдің әлеуметтік-экономикалық дамуы.

  3. ХҮІІІ ғасырда Ресейдің ішкі және сыртқы саясаты

  4. І Петр және оның өкіметі

  5. І петр реформалары

  6. Солтүстік соғыс және оның нәтижелері.

  7. Феодалдық басыбайлы шаруаш. ыдырауы және халықты қанаудың күшеюі

Маңызды оқиғалар:

  • 1715 ж. – өкіметтің жарлығы бойынша зығыр, сора себу ұлғайтылды.

  • 1714 ж.- жеке мұралық туралы жарлығымен барлық дворяндар меншік жеріне шаруалар жері кіріп, помещиктік жеке меншікке айналды.

  • ХҮІІІғ. басында – І Петр әлеуметтік-экономикалық өзгертулер, реформалар енгізді.



І Петр реформалары

Әскери реформалар

Салық реформасы

Басқару мен өкімет органдары реформасы

Шіркеу реформасы

Мәдениет пен тұрмыс саласындағы реформалар

ІҮ. Сабақтың бекіту:

  1. ХҮІІІ ғ. Ресейдің әлеуметтік-экономикалық дамуы ерекшеліктерін сипаттаңдар.

  2. ХҮІІІ ғ. Ресейдің ішкі және сыртқы саясатында қандай әрекеттерді атар едіңдер?

  3. І Петр реформаларын атап көрсетіңдер.

  4. Солтүстік соғыстың себептері қандай болды?

  5. ІІ Екатерина билік жүргізген кезде қандай реформалық өзгерістер болды?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§5



8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §6. Үндістан

Сабақтың мақсаты:


  • Ұлы Моғол мемлекетіне және оның билігіндегі Үндістанның дамуына, ондағы халықтар мен ұлыстардың әлеуметтік саяси жағдайына сипаттама бере отырып, халық көтерілістерінің нәтижесінде ХҮІІІ ғасырдың ортасына қарай Моғол мемлекетінің Үндістандағы билігінің құлауын ашып көрсету. Үндістанды еуропалықтардың, әсіресе ағылшындардың жаппай отарлап алу және оның зартаптары туралы түсінік беру.

Сабақтың түрі:Аралас, лекция.

Әдісі: баяндау.

Көрнекілігі:Карта, сызба, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • ХҮІІІ ғасырдағы Ресейдің әлеуметтік-экономикалық дамуы ерекшеліктерін сипаттаңдар.

  • ХҮІІІ ғасырдағы Ресейдің ішкі және сыртқы саясатында қандай әрекеттерді атар едіңдер?

  • І Петр реформаларын атап көрсетіңдер.

  • Солтүстік соғыстың себептері қандай болды?

  • ІІ Екатерина билік жүргізген кезде қандай реформалық өзгерістер болды?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. ХҮІІ ғасырдың екінші жартысындағы Ұлы Моғол мемлекеті.

  2. Үндістанда тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы. Сикха және Маратха мемлекеттері.

  3. Ұлы Моғол империясының ыдырауы. Халық көтерілістері.

  4. Үндістанды еуропалықтардың отарлай бастауы.

  5. Үндістанның экономикалық дамуы. Ауыл шаруашылығы, қолөнері мен қалалардағы сауданың дамуы.

Маңызды оқиғалар:

  • ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ.- Ұлы Моғол мемлекетінің Үндістандағы билігі (1526-1758жж.)

  • ХҮІІІ ғ. ортасы – Ұлы Моғол мемлекеті билігінің құлауы

  • 1756-1769 жж.-Француз және ағылшындық Ост-Үнді компанияларының Үндістан үшін болған Жетіжылдық соғысы.

  • 1773 ж.- Үндістанды билеу жөнінде ағылшын үкіметі заң қабылдады.

ІҮ. Сабақтың бекіту:

  1. Ұлы Моғол империясының құрамына Үндістанның қандай ірі аймақтары мен халықтары кірді?

  2. Касталық жүйе деген не?

  3. Моғол империясы ыдырағаннан кейін қандай үнді ұлсытары пайда болды?

  4. Үнді қалалары ортағасырлық батысеуропалық қалалардан несімен ерекшеленді

  5. Ұлы Моғол империясының өмір сүрген кезеңінде мұсылман мен үнділердің арасында қандай қарым-қатынастар болды?

  6. ХҮІ-ХҮІІІ ғасырларда Үндістан аумағында қандай мемлекеттер өмір сүрді?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§6.



8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §7. Осман империясы /2 сағат/

Сабақтың мақсаты:


  • ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Осман империясының саяси, әлеуеттік-экономикалық даму ерекшеліктері, империяның құрамына кірген халықтардың жағдайы және олардың ұлт-азаттық қозғалыстары жан-жақты түсіндіріледі. Империяның жүргізген соғыстары оның күш-қуатын әлсіретіп, дағдарысты күшейткені және жүргізген реформалардың нәтижесіз болғанын ашып көрсету. Сұлтан үкіметі сыртқы саясатта дербестіктен айырылып, еуропалықтардың үстемдігіне бағына бастағанына назар аудару. Отаншыл азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:карта «Осман империясы».

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Ұлы Моғол империясының құрамына Үндістанның қандай ірі аймақтары мен халықтары кірді?

  • Моғол империясы ыдырағаннан кейін қандай үнді ұлсытары пайда болды?

  • ХҮІ-ХҮІІІ ғасырларда Үндістан аумағында қандай мемлекеттер өмір сүрді?

  • Неліктен Үндістан секілді үлкен елді ағылшындардың өзіне бағындыруға сәті түсті? Отаршылдыққа түсудің себептерін айтыңдар

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. ХҮІІ ғасырдағы Осман империясының дамуы және оның құрамына кірген халықтардың жағдайы.

  2. ХҮІІ ғасырдағы Осман империясының жүргізген соғыстары, империядағы дағдарыстің күшеюі.

  3. Осман империясының әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қалалар мен сауданың дамуы.

  4. ХҮІІІ ғасырдағы Осман империясының сыртқы саясаты. Халық көтерілістері мен ұлт-азаттық қозғалыстар.

  5. ІІІ Селим сұлтанның реформалары.

Маңызды оқиғалар:

  • 1730 ж.- әскери салық енгізілді.

  • 1789-1807 жж. Сұлтан ІІІ Селим таққа отырды.

  • 1768-1774 жж.- Орыс-түрік соғысы.

ХҮІІ ғасырда Осман империясының жүргізген соғыстары



Жылдар

Қай елмен соғысты?

Соғыстың себебі

Соғыстың нәтижесі

















































Тестік сұрақтар

  1. ХҮІІ ғасырда түріктердің Ресеймен және Австриямен соғыс жүргізуінің себебі не?

  1. еуропадағы билігінен айырылғысы келмеді

ә. халықтардың наразылығын басу үшін.

б. Дағдарыстан шығу үшін

ІҮ. Сабақтың бекіту:


  1. Осман империясы жаңа дәуір басында қандай ел еді?

  2. Осман империясының әр түрлі ұлт аймақтарының даму деңгейі бірдей болды ма?

  3. Осман империясында ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы жаңа заманға сай қандай өзгерістер жүрді?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§7.



8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §8. Қытай. /2 сағат/

Сабақтың мақсаты:


  • Қытайды ианьчжурлардың жаулап алуына себеп болған жағдайларды ашып көрсету. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырдардағы Цин империясының мемлекеттік, саяси-әлеуметтік құрылысына сипаттама беріп, жүргізген соғыстарының басқыншылық сипатына оқушылардың назарын аудару. Қазақ-қытай қатынастарында екі жақтың көзеген мақсатын анықтап, сауда байланыстарының екі ел үшін де тиімді болғанын көрсету.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі: «Орта ғасырлардағы Қытай мен Үндістан»картасы, «1779-1786 жылдарға дейінгі отарлық иеліктер».

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Осман империясы жаңа дәуір басында қандай ел еді?

  • Осман империясының әр түрлі ұлт аймақтарының даму деңгейі бірдей болды ма?

  • Осман империясында ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы жаңа заманға сай қандай өзгерістер жүрді?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Халықтың жағдайы.

  2. Қытайды маньчжурлардың жаулап алуы.

  3. Цин империясының мемлекеттік, саяси-әлеуметтік құрылысы.

  4. Цин империясының жүргізген басқыншылық соғыстары.

  5. Қазақ-қытай қатынастары.

  6. ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. Қытайдағы егіншілікпен сауданың дамуы.

Маңызды оқиғалар:

  • 1644 ж.- Маньчжурлар Пекинде өкімет билігін өз қолына алды.

  • 1644-1912 жж.-Қытайдың Цин империясы деп аталуы.

  • 1755-1757 жж. –Жоңғар хандығын бағындырды.

  • 1759 ж.-Цин империясы Шығыс Түркістанды өзіне бағындырды.

  • ХҮІІІ ғ. бірінші жартысы-Қытайдың қазақ хандықтарымен байланыс жасау кезеңі.

  • 1757 ж. Еуропалықтардың Қытайға келуіне тыйым салынды.

ІҮ. Сабақтың бекіту: «Мұны әркім білуі тиіс» ойын

  1. Қытайды маньчжурлардың басып алуына қандай жағдайлар себеп болды?

  2. Цин империясының мемлекеттік құрылысы қандай болды?

  3. Қандай себептерге байланысты қытайды басып алған маньчжур билеушілері соғыстар жүргізді?

  4. Қай уақытта және қандай оқиғалардан соң қазақ-қытай байланыстары дами бастады?

  5. Қытай экономикасының қандай салалары жақсы дамыды?

  6. ХҮІІІ ғасырда Қытай неліктен оқшаулану саясатын ұстанды?

  7. Ірі сауда орталықтары болған қалаларды атаңдар.

Ү. Бағалау: ҮІ. Үйге тапсырма:§8


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет