Бекітемін: Б.Шерімова
Бөлім:
|
Лексика.
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Қ.Жанбалаева
|
Күні:
|
08.09.23ж
|
Сыныбы: 7а
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Неологизм.Неологизмның жасалу жолдары
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу;
|
Сабақтың мақсаты:
|
неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата біледі;
|
Құндылықтарға баулу:
|
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
|
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
1.Неологизмдер дегеніміз не?
2. Қандай жолдар арқылы жасалады?
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
Неологизм– (гр. neos – жаңа, logos – сөз) ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер.
Неологизм төрт түрлі жолмен жасалады.
1.Бұрын-соңды тілде болып көрмеген, жаңа ұғымдардың пайда болуымен байланысты. Мысалы, революция, колхоз, кино, театр
2.Бұрыннан тілде бар атауларды жаңартып, ескіні жаңғыртып, жаңаша мән беріп, түрлендіріп қолдану негізінде пайда болады
3.Сөздердің бірігуі арқылы: жеделсаты, жылыжай, төлқұжат, жеделхат, әуежай т.б.
4.Сөздердің тіркесуі арқылы: эл. күнделік, жан сақтау, органикалық тыңайтқыштар т.б.
|
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК
|
|
1-тапсырма:
Берілген сөздерге ұйытқы сөздерді қосып, жаңа сөз жаса.
АҚЫ, ЖАЙ, ХАТ, СӨЗ, ТОЙ
|
Жол,әуе, баян, келіс, жаға, жарыс, сүндет, зейнет, мүшел, сая, мәлім, көсем, сый, ашық, мерей
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |