Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.
|
Ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру
|
Келесі кезекте сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты жарияланады. Сынып ішінде көміртектің физикалық қасиетін ауызша сұрау арқылы талқылау жұмыстарын жүргізеді.
АДСОРБЦИЯ - газ немесе сұйықтық молекулаларының қатты денеге сіңірілу үдерісі. Газ және сұйықтық молекулаларын бетінде адсорбциялайтын заттар адсорбенттер деп аталады.
Жоғарыда көрсетілген препарат қандай мақсатта қолданылады?
|
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
|
https://twig-bilim.kz/kz/film/carbon-monoxide-poisoning
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
Содан кейін көміртектің химиялық қасиетін талқылап, реакция теңдеулерін жазып көрсетеді.
|
1 Көміртек жай заты – кокс арқылы жоғары температурада су буын өткізгенде су буы деп аталатын газ қоспасы түзіледі:
C + H2O = CO + H2
2 Тотықсыздандырғыш қасиетін металдарды оксидтерінен тотықсыздандыруға (металлотермия), сондай-ақ металл карбидін алуға да қолданады:
2CuO + C = CO2 + 2Cu
CaO + 3C = CaC2 + CO
3 Қыздырғанда көміртек оттекпен екі түрлі оксид түзеді:
2С + O2 = 2CO
(көміртек монооксиді,
иіс газы)
C + O2 = CO2
(көміртек диоксиді, көмірқышқыл газы)
4 Катализатор қатысында табиғи газдың негізгі бөлігі болатын метанды түзеді:
C + 2H2 = CH4
|
|