Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Үшбұрыштар Мектеп: №19 ЖОББМ
Күні: 08.11 .2017ж Мұғалімнің аты-жөні: Кабушева Галия Кенесовна
Сынып 7 «а» Қатысқаны: 22 Қатыспағаны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Үшбұрыш және оның түрлері
|
Осы сабақта қолжеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
7.1.1.13 үшбұрыштардың түрлерін ажырату;
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушылардың бәрі: үшбұрыш түрлерімен, элементтерімен танысады, ажыратады;
Оқушылардың көпшілігі: үшбұрыштардың қасиеттеріне байланысты үшбұрыш салу дағдысын қалыптастырады, периметрін есептей алады;
Кейбір оқушылар: Мәтінді, логикалық есептердің шешімін тұжырымдап, талдап түсіндіреді, қорытындылай алады;
|
Бағалау критерийі
|
үшбұрыш элементтерін таниды, түрлерін ажыратады;
үшбұрыштардың элементтерін таба алады, қасиеттерін пайдалана отырып үшбұрыш салу дағдысын есеп шығаруда қолданады және периметрін есептейді;
үшбұрыштарды қоршаған ортамен байланыстырып, тұжырымдай алады, талдайды, логикалық есептерді шеше алады;
|
Тілдік мақсаттар
Оқушыларға
|
есептің шығару жолын түсіндіре алады;
тақырып бойынша ұғымдары мен терминдерін түсінеді және қолданады;
есеп мәтіні бойынша қажетті сызбаны салады;
сызбада берілген элементтерін сипаттай алады;
|
Лексика мен терминология
|
сүйір бұрышты, доғал бұрышты, тік бұрышты үшбұрыштар;
теңқабырғалы, теңбүйірлі, қабырғалары әр түрлі үшбұрыштар;
үшбұрыштардың элементтері;
катет, гипатенуза;
қабырғалар арасындағы бұрыш;
қабырғаға іргелес жатқан бұрыш;
қарсы жатқан бұрыш;
|
Диалогтік
|
Үшбұрыш деп қандай геометриялық фигураны атаймыз?
Үшбұрыштың бұрышы дегеніміз не?
Қандай кесінділер тең деп аталады?
Қандай бұрыштар тең деп аталады?
Барлық қабырғалары тең үшбұрыш, ... деп аталады;
Екі ... қабырғасы тең үшбұрыш, ... үшбұрыш болады;
Үшбұрыштар тең болғандықтан ... тең болады;
|
|