Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы. Сабақтың мақсаты : Сөз және оның мағынасы туралы білімдерін тереңдету



бет1/3
Дата28.11.2022
өлшемі36.53 Kb.
#465954
түріСабақ
  1   2   3
Ашық сабақ Сөз және оның мағынасы 4 -сынып


Ақмола облысы
Аршалы ауданы
Волгодонов орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы.
Сабақтың мақсаты: Сөз және оның мағынасы туралы білімдерін тереңдету.
Сабақтың міндеттері:Білімділік - қарама-қарсы мағыналы сөздер туралы мағлұмат беру, алған білімдерін пысықтай түсу ;
Дамытушылық сөйлем ішінен қарама-қарсы мағыналы сөздерді табу
қабілеттерін арттыра отырып, сөздік қорларын дамыту;
Тәрбиелік бала бойында қоршаған ортаға деген адами қасиеттерін
қалыптастыру жетілдіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау, сұрақ-жауап,түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: оқушылардың таным қабілеттерінің даму деңгейін анықтауға
бағытталған тапсырмалар, интерактивті тақтада слайдтар,сөзжұмбақ.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика
Сабақ барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгін ерекше күн. Ендеше сабағымызды өлең жолдарымен бастайық.
Психологиялық дайындық.
Қайырлы таң алтын күн!
Қайырлы таң жер ана!
Қайырлы таң достым!
Қайырлы таң қонақтар!
Жақсы балалар біз бүгін сендермен екі орталықта жұмыс жасаймыз.
Бірінші орталық қызықты грамматика орталығы.
Екінші орталық шығармашылық орталығы

  • Оқушыларды смайликтер арқылы екі топқа бөлу. Әр топ бірігіп жұмыс жасайды.

  • Топ ережесімен таныстыру

Ана тілің –арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте.-дей отырып бүгін біз білімдерімізді сарапқа саламыз.
Балалар орталықтағы тапсырмаларды орындау алдында біз аздап ой ұштап алайық.ендіше экранға қараймыз.(сынып ережесін еске салу)
Бірінші слайд
1.Сөз дегеніміз не? (Сөз дегеніміз қандайда бір заттың атауы)
2.Сөз неден құралады? (Сөз дыбыстан құралады)
3.Дыбыстар нешеге бөлінеді? ( Дыбыстар 2-ге бөлінеді)
4.Сөз нені білдіреді? (Сөз мағынаны білдіреді)
5.Сөз мағынасының қандай түрлерін білесіңдер? (сөз мағынасына қарай бір-біріне жуық,бір-біріне қарама-қарсы сөздер,айтылуы да,жазылуы да,бірдей бірақ мағынасы әр түрлі сөздер)
6.-Мағынасы бір – біріне қарама – қарсы сөздер (антонимдер)
Мысалы: ақ-қара,кең-тар,биік-аласа,үлкен-кіші.
7- Мағынасы жуық сөздер ( синонимдер)
Мысалы:сұлу,көркем,әдемі,келбетті,ару.
8-Айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер (омонимдер)
Тал түс,түс көрдім.
Ендіше балалар қалай ойлайсындар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет