Садирбекова динара калымбековна


Тұлғалық, педагогикалық, менеджерлік



Pdf көрінісі
бет36/74
Дата18.05.2022
өлшемі2.32 Mb.
#457039
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   74
Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру-Дис-2018

Тұлғалық, педагогикалық, менеджерлік 
ПЕДАГ
О
Г
-МЕ
НЕД
Ж
ЕР

Демократиялық 
Гумандық 
Оқушының тұлғасын дамыту, сынып, 
сабақ үдерісі 
Ақпараттық-аналитикалық, мотивациялық-мақсаттылық,
жоспарлық-болжамдық, ұйымдастырушылық - 
орындаушылық, реттеушілік-түзетушілік 
Әдіскер, сарапшы, басқарушы, орындаушы, 
эмоционалдық реттеуші, шешен, шебер және т.б. 
Стилі 
Бағыты 
Нысаны 
Функциясы 
Ролі 
Құзыреті 


63
эмоционалдық реттеуші, шешен, шебер рөліндегі; тұлғалық, педагогикалық, 
менеджерлік құзыреттерге ие пән мұғалімі» деп тұжырымдай отырып, осы 
ойымыздың негізінде болашақ педагогтың басқарушылық құзыреттілігін 
оның оқушы тұлғасының дамуын, сыныпты, сабақ үдерісін басқару іс-әрекетін 
қамтамасыз ететін тұлғалық сапаларының, педагогикалық және менеджерлік 
білім, білік, дағдыларының кіріктірілген жиынтығы деп түйіндейміз.
Зерттеу барысында болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін 
қалыптастырудың моделін жасап алу қажеттілігі туындады. Ол туралы 1.3 
бөлімінде баяндалады.
 
1.3 
Болашақ 
педагогтардың 
басқарушылық 
құзыреттілігін 
қалыптастырудың моделі 
Болашақ педаготардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың 
мазмұнын жасау мен оны нәтижелі жүзеге асыру үшін алдымен оның 
құрылымдық-мазмұндық моделін жасап алу қажет. Өйткені, ол бізге осы 
қалыптастырудың құрамдас бөліктерін анықтауға, технологиясын жасауға, 
ұйымдастыру кезеңдері мен формаларын, әдіс-тәсілдерін, өлшемдері мен 
көрсеткіштерін айқындауға, диагностикалық құралдарын таңдауға және олардың 
барлығын бір құрылымға жинақтап, оған сәйкес жүйелі іске асыруға мүмкіндік 
береді. Осы тұрғыдан біз қалыптастыру, модель түсініктерінің мәнін 
қарастырамыз.
Ғылыми әдебиеттерде қалыптастыру ұғымы «белгілі бір пішін беру, бір 
нәрсені толықтыру», «әртүрлі факторлардың ықпалында жеке тұлғаны 
қалыптастыру»; нәтиже (тұрақтандырудың кейбір деңгейі, нысанды игеру, жеке 
тұлғаның қасиеттері); сыртқы және ішкі факторлардың (білім беру, оқыту, 
әлеуметтік және табиғи орта, өз іс-әрекеті) әсерінен тұлғаны дамыту үдерісі 
тұрғысынан қарастырылған [141, б. 67]. 
Біздің түсінігімізде «қалыптастыру» тікелей әсер ету ғана емес, сонымен 
қатар білім беру үдерісі субъектілерінің басқарушылық ұстанымдары, яғни 
басқару құзыреттілігі арасындағы диалогке дайындықты қалыптастыру үшін 
студентті белгілі бір нысандармен және іс-әрекет шарттарымен қамтамасыз ету.
Әртүрлі ғылыми проблемаларды шешу, білім беруде жаңа ақпараттар алу, 
зерттеу жүйелерін, құбылыстарды, үдерістерді негіздеу барысында модельдеу 
әдісі жиі қолданылады. Модельдеу шындықты зерделеудің кең таралған ғылыми 
әдістерінің бірі және жалпыланған және дерексіз объект, зерттелетін 
құбылыстың сұлбасы ретінде оның құрылысын білдіреді. Соңғы жылдары 
модельдеу әдісінің ғылым мен тәжірибенің көптеген салаларында кеңінен 
қолданылатындығын Ю.К.Бабанский, А.Н.Беляева, В.П.Беспалько, Н.Д.Хмель 
және т.б. еңбектер дәлелдейді. Ю.К.Бабанскийдің пікірінше, модельдеу 
зерттелетін үрдіс немесе құбылыс туралы білімді жүйелеуге көмектеседі, 
олардың тұтас сипаттамаларының жолдарын болжайды, компоненттер 
арасындағы толық байланыстарды анықтайды, біртұтас жіктемесін жасау үшін 
мүмкіндіктер ашады [160]. 


64
Философиялық тұрғыдан алғанда, модельдеу – бір жағынан адамның 
жасанды түрде жасаған жүйесі арқылы, тікелей зерттеу объектісі болып 
табылатын, күрделі жүйе арқылы білім алуға мүмкіндік беретін әдіс болып 
табылса, екінші жағынан білім алу, ал бүкіл жүйені зерттейтін жүйе үлгі 
саналады. Философиялық сөздікте модель «объектінің сипаттамаларын зерттеу 
үшін арнайы құрылады» деп түсіндіріледі [161].
Егер объектіні зерттеу мүмкін емес немесе қиын болса, онда модельдеу 
қажет. Философияда «модельдеу» адам танымының тәсілдерінің (әдістерінің, 
тәсілдерінің, жолдарының) бірін сипаттайтын ең маңызды санат ретінде 
ерекшеленеді. Психологияда модельдеу – шындықты зерттеудің кең таралған 
ғылыми әдістерінің бірі және жалпыланған әрі дерексіз объектінің құрылысы, 
зерттелетін құбылыстың схемасы. Бұл объект зерттеу үлгісі болып саналады 
[162]. 
Модель – физикалық объектілер мен жағдайлардың тиісті таңдаулы 
маңызды аспектілерін қамтитын күрделі нысандардың оңайлатылған 
сипаттамасы. Модельдеу – модельдерді құру және зерттеу әдісі, педагогикада 
кең таралған, себебіпедагогикалық объектілер басқалардан өзіне тән 
күрделілігімен ерекшеленеді. Н.В.Кузьмина модельдеуді педагогикалық іс-
әрекетті талап ететін объект тұрғысынан қарастырады.
Педагогикада модельдеу өздерінің күрделілігі мен көлеміне байланысты 
зерттеу және өндіріс түрінде қиындық тудыратын объектілерді жақындастыруды 
білдіреді. Модельдеу әдісі диаграммалардың, суреттердің және қысқаша ауызша 
сипаттамалардың көмегімен кіріктірілген динамикалық жүйе түрінде 
педагогикалық феноменді бейнелеуге мүмкіндік береді. Педагогикалық жүйенің 
моделін құру – педагогикалық теория мен тәжірибе арасындағы байланыс, 
зерттелетін құбылыс саласындағы теориялық тұжырымдардың толықтығын 
тексерудің тиімді құралы [163].
Модельді құру – жалпы және бірлік арасындағы байланыстың жалпы 
ғылыми принципін нақтылау, онда олардың жаңа сапасын құру кезінде пайда 
болатын араласуы мен өзара әрекеттесуінен жаңа модель пайда болады. Бұл 
модель маңызды теориялық және әдіснамалық түсініктемелерді талап етеді
ондай болмаған жағдайда оның сипаттамасы өмір тіршілігіне қатысы жоқ, жай 
ғана сұлбаға абстракцияға айналуы мүмкін.
Педагогика саласында модельдің мінез-құлық жүйесіне тән «ерекшеліктер 
жүйесін» қамтитын стандартты түрі бар. Екінші түрі – құрылым ретіндегі 
модель; іс-қимыл, құрылатын үдерістің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз 
ететін механизм.
Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің басқару құзыреттілігін 
қалыптастырудың ерекшеліктері оның құрылымдық компоненттері, басқару 
құзыреттілігінің мазмұны, осы модельдің тиімділігін қамтамасыз ететін 
механизмдер, қағидалар мен технологиялар екінші типті модельді пайдалануды 
талап етеді.
Біз болашақ педагогтың басқару құзыреттілігін қалыптастыру үшін модель 
әзірлеу кезінде педагогика ғылымында негізделген модельдеу принциптерін 


65
басшылыққа алдық. Соның ішінде, адами басымдықтар қағидаттарын
ізгілендіру тұжырымдамасын, оған сәйкес модельдің орталық бейнесі – адам 
тұлғасының дамуын, өзін-өзі дамыту қағидаларын негізге аламыз. Модельді 
жасауда динамикалық тұрғыдан икемді болуы ескеріледі, ол – өзгерістер енгізу, 
қайта құрылымдау, күрделендіру немесе жеңілдету, сондай-ақ зерттеліп жатқан 
құбылыстың белгілі бір аспектілерін нақты бөлу кезінде көрінетін модельдің 
мәнерлілігі мен айқындық принципін сипаттайтын көріну принципі, 
зерттеушінің жеке нанымынан зерттеудің дербестігінде көрінетін объективтілік 
принципінен көрінеді. 
Осы әзірленген болашақ педагогтың басқарушылық құзыреттілігін 
қалыптастырудың моделі педагогикалық жүйелердің сипатына тән тұтастық, 
ашықтық, құрылымдық, қоршаған ортаның өзара байланысымен сипатталатын 
динамикалық педагогикалық жүйе деп саналады. 


66


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет