2.2.4 Аймақтық (кеңістік) орналасуы
01.01.2011 жылы Сайрам ауданы әкімшілік-территориялық бөлінуде былай көрінеді:
- 17 ауыл округтері;
- 71 елді мекен.
Оның ішінде 11 елді мекен жоғары потенциалды, 60 елді мекен орта потенциалды дамуда. Ал 2005 жылы 73 елді мекеннің 7-і жоғары потенциалды, 63 елді мекен орта потенциалды, 3 елді мекен төмен потенциалды дамуда болған.
71 елді мекендегі халық саны 2010 жылы 282588 адамды құраса, оның 2 елді мекенінде тұрғындар саны 50-ден 200 адамға дейін, мұнда орта есеппен бір елді мекенге 123 тұрғыннан келіп тұр; 9 елді мекенде тұрғындар саны 200-ден 500-ге дейін, мұнда бір елді мекенге 381 тұрғыннан; 28 елді мекенде тұрғындар саны 500-ден 2000-ға дейін, мұнда бір елді мекенге 1159 түрғыннан; 20 елді мекенде тұрғындар саны 2000-нан 5000-ға дейін, мұнда бір елді мекенге 3317 түрғыннан; 12 елді мекенде тұрғындар саны 5000-нан астам, мұнда бір елді мекенге 14847 түрғыннан келіп тұр.
Негізгі проблемалардың мінездеме жиынтығы, тәуекел ету, факторлардың кідіруі, орта жоспарлау жетістігінде бәсекелестік басымдықтың және аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылық мүмкіндігі болып табылады.
2009 жылы ауданның ауыл округтері шеңберінде тепе-тендес даму дәрежесін бағалау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
- әкологиялық-әкономикалық дамуы бойынша;
- әлеуметтік сала бойынша;
- инфрақұрылым кешені бойынша;
- аймақтық (кеңістіктік) дамуы бойынша
Аймақтың дамуының әлеуметтік-әкономикалық нәтижелерін кешенді талдау, аймақтың дамуының күшті және әлсіз жақтарын, оның дамуының шектеулері мен мүмкіндіктерін анықтайтын, басымдықтандырылған SWOT- талдауда көрсетілген.
Кесте 3 – Басымдықтары анықталынған SWOT- талдау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
Басымдылық А
1. Ауданның экономико-географиялық
орналасқаны:
- қалаға жақындығы және 6 ауданмен шекаралас;
- Алматы-Самара халықаралық тас жолы бойында;
- халықаралық темір жол бойында;
2. Жеткілікті дамыған және көп салалы
ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптік
өндірістік болуы
3. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін топырақ-климаттық қолайлы жағдайлар
4. Қолайлы географиялық орналасу – ауыл шаруашылығы өнімдерінің ірі нарықтарына жақын орналасуы
5. Стратегиялық маңызды ресурс – кең мал жайылымы болуы
6. Азық-түлік бойынша көп түрлерімен өзін өзі қамтылуы
7. Құрылыс материалдары, жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін дамыту үшін пайдалы қазбалар мен минералдық ресурстардың бай кен орындарының болуы
8. Жұмыссыз әйелдер санының төмендеуі
9. Экономикалық белсенді халық санының арасында әйелдер санының өсуі
10. Еңбек миграциясы
11. Белсенді, кәсіпкерлікке жақын адами капитал
12. Отбасылық құндылықтар, ұлттық дәстүрлерді құрметтеу
13. Жоғары медициналық-демографиялық көрсеткіштер
14. Медицина ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жақсаруы
Басымдылық В
1.Әкспортқа бағытталған өндірістің болуы (тамақ, минералды су,металлургия өнеркәсібі).
2 . Жеңіл және тамақ өнеркәсібін дамытуға қажетті шикізаттардың болуы. Еңбек ресурстардың болуы.
3.Тарихи және мәдени орындардың болуы.
Басымдылық С
1. Ауыл шаруашылығы өнімін өткізуге сыртқы және ішкі нарықтың болуы.
|
Басымдылық А
1. Тұрғындардың әлеуметті-маңызды ауыруларының жоғарғы деңгейі
2. Аса қауіпті жұқпалы аурулардың ошағы
3. Тууға қабілетті жастағы әйелдердің денсаулығының төмен индексі. Бала және ана өлімінің жоғары деңгейі
4. Кадрлар жетіспеушілігі және кадрларды даярлауда төмен деңгей
5. Шешім қабылдау деңгеінде әйелдердің аз болуы
6. Денсаулық қорғау сұрақтары бойынша халықтың төмен деңгейде ақпараттандырылуы
7. Сапалы ауыз сумен тиісті деңгейде қамтамасыз етілмеуі.
8.Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында инфрақұрылым деңгейінің төмендігі, трактор паркінің машиналарының тозып кетуі (80% астам)
9. Ауыл шаруашылығы саласына қызмет көрсететін қаржы қызметінің тапшылығы
10. Ауыл шаруашылығы өндірісінің инфрақұрылымының төмен дамуы
11. Өндірістердің ұсақтылығы
12. Қолданылатын астықпен малдардың генетикалық потенциалының төмен деңгейі
13. Ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік деңгейінің халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі
14. Әлеуметтік бағытағы көрсеткіштердің төмен деңгейі – аудан бойынша бала бақшалардың, мектептердің, спорт клубтарының, профилакторий, санаторийлардың, медициналық-әлеуметтік ұйыдардың жетіспеушілігі
15. Абаттандырудың төмен деңгейі
Басымдылық В
1. Облыстың әнерго ресурстарының тапшылығы (ауданның әлектро-әнергиясына жалпы қажеттілігінің 45%-47% қамтамасыз ету).
2. Қолданылу уақытының көп болуы және капиталдық салымдардың жеткіліксіздігі салдары ретінде газ, су құбырлары мен жылу тармақтарының қанағаттанаралықсыз техникалық жағдайы.
3.Ауданның инновациялық белсенділіктің төмендігі
4. Табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалану.
Басымдылық С
1. Елді мекендердің көшелері мен облыстық және жергілікті маңыздағы жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайы (жалпы тармақтардың 55% күрделі жөндеуді талап етеді).
|
Мүмкіндіктері
|
Қауіптері
|
Басымдылық А
1. Энергияның альтернативті көздерін (гидроәнергия, жел, күн) қолдану және жасау жолымен аймақтың энергетикалық тәуелсіздігіне жету
2.Ауыл шаруашылық өнімдерін сақтау және тасымалдау үшін көлікті-логистикалық терминал салу
3. Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуы.
4. Азық түлік қауіпсіздікті қамту.
5. Агроөнеркәсіп кешенінде сапалы бәсекеге қабілетті өнім өндіру.
6. Кедендік Кенеске кіру нарықтың кеңеюіне байланысты жаңа мүмкіндіктер береді.
7. Агроөнеркәсіп кешеніне кадрларды даярлау.
8. Кластерлерді құру және дамытуға қажетті жағдайларды құру: құрылыс индустриясы, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу, туристтік кластер.
9. Төмен бағалар
10. Туризм.
11. Шағын бизнес.
12. Қол өнері.
13. Денсаулық сақтау нысандарының құрылысы және материалдық-техникалық базасын нығайту есебінен халықтың сапалы медициналық көмекке қол жетімділігін қамту.
14. Потенциялын пайдалану мақсатында салаларды қаржыландыру жүйесін және құрылымын жетілдіру.
15. Алдын алу шараларын қамту.
16. Заманауи нарықтық жағдайға бейімдеу.
17. Жаңа құрал жабдық сатып алуға шығындарды қаржыландыру механизмін әзірлеу.
18. Жас мамадарды жұмыс орнында қалу және тарту жұмыстарын күшейту, әсіресе ауылдық елді мекендерде.
Басымдылық В
-
«Оңтүстік» СПК АҚ базасында аймақтың экологиялық және әкономикалық мәселелерін шешу мүмкіндігін беретін, технопарктер, бизнес-инкубаторлар құру жолымен инновациялық инфрақұрылымды құру және дамыту.
-
Экологиялық мәселелерді шешуде жаңа технолгияларды, табиғатты басқару әдістерін қолдану, табиғи кешендерді қалпына келтіріп және деградациясының алдын алу.
Басымдылық С
1. Қазіргі туристтік инфрақұрылымды, оның ішінде экотуризмді, діни туризмдерді дамыту.
2. Қолайлы инвестициялық климат құру жолымен құрылыс материалдарының, ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекелік қабілеттілілігін арттыру.
3. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу, көлік салаларында кіші және орта бизнесті дамыту.
|
Басымдылық А
1. Әлектротасымалдаушылары және сумен қамтамасыз ету бойынша облыстың көрші мемлекеттерден тәуелділігі.
2. Азық-түліктік қауіпсіздік қаупі, импорттық тауарлар үлесіне ішкі және сыртқы нарықтарды жоғалту.
3. Импорттың үлесінің өсуі.
4. Ауыл шаруашылығы өніміне республика ішінде бағалардың өсуі.
5. Экономикалық және қаржы дағдарысы салаларға қаржы тартылуына кедергі жасауда.
6. Аудан тұрғындарының денсаулықты қорғау мәселеріне немқұрайлы көзқарасы
7 Қаржыландырудың жеткіліксіз болуы денсаулық сақтау ресурстарының (құрал-жабдық, ғимарат) тозуына, дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілмеуіне әкеліп соғады, ал бұл, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігінің сапасын төмендетеді.
8. Медициналық қызметкерлерінің еңбекақысы және жұмыс жағдайларының төмендігі медициналық кадрлардың әсіресе ауылдық жерлерде, саладан кетуіне әкеліп соғуда, бұл, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін төмендетеді.
Басымдылық В
1. Өндірістік және тұтыну қалдықтарын өңдеу бойынша қазіргі қуаттылықтардың болмауымен байланысты, тіркелмеген қоқыс орындарының көбеюіне орай, санитарлы-әпидемиологиялық қызметтердің төменгі деңгейімен байланысты әпидемиологиялық жағдайлардың нашарлауы.
2. Кәсіпорындар мен көлік құралдарының атмосфераға көптеп шығару салдарынан әкологиялық қауіпсіздік қаупі
3. Тұрғындардың жасырын миграциясы мен контрабанданың артып кетуі.
4. Әлеуметтік өсімі.
5. Өмір сапасының төмендеуі.
Басымдылық С
1. Ресурстардың тиімсіз қолданылуынан ауданның минералды – шикізат базасының тозуы.
|
Аудан мынадай салалық өнімдерді өндіру бойынша аймақтық нарыққа шығады. Олар:
-
өнеркәсіп өнімдерімен жабдықтаушы – металлургия (қара металдан жасалатын бұйымдарды өндіру), машина жасау салалары бойынша (ауыл шаруашылық машиналары және оларға қажетті қосалқы бөлшектер), құрылыс материалдары (цемент өндіру, кірпіш, темірбетон өнімдерін өндіру);
-
ауыл шаруашылығы өнімдері және оның өнімдерін қайта өңдеу;
-
ауданда жеміс-көкөніс кластерін құру мен дамытуға жағдай жасау мүмкіндік бар;
-
ауданда туристік-жергілікті әлеует орын алған.
Сайрам ауданы –шарап жасау саласын, ауыл шаруашылығы өнімдерін – сүт, көкөніс, жеміс, бақша дақылдарын қайта өңдеу, туристік саласын дамытуға негізделген.;
Ауылдық елді – мекендердің әлеуетін көтеру және жағдай жасау.
2010 жылдың қорытындысы бойынша 71 елді мекенде адам саны 281898 адамды құрады. Аудандағы 104 мектептің 49 %-ы типтік ғимараттарда, 53,8 %-ы бейімделген, оның ішінде 3 мектеп авариялық жағдайда тұр. Мектептің 33 күрделі жөндеуді қажет етеді. Мектептің 86%-ы 1990 жылға дейін салынған. Мектептің 5-і бір аусымда, 92-і екі аусымда, ал 7 мектеп үш ауысымда жұмыс істейді. 2011 жылы апатты жағдайдағы мектептердің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар, 3- ауысымдық мектептерді жою күтілуде.
Ауданымызда 10 балабақшада 2009 жылы 1210 бала тәрбиеленді. Бүгінгі таңда 25 мектепке дейінгі мекмелерде 2055 бала тәрбиеленуде. 2011 жылы ауданда қосымша 1660 орындық 19 мектепке дейінгі мекемені іске қосу жоспарлануда.
Сайрам ауданы денсаулық сақтау саласында 7 амбулаториялық-емханалық ұйымдар (4 жекеменшік,3 мемлекеттік) және 5 аурухана ( 1 жекеменшік,4 мемлекеттік) жұмыс атқарады. Оның ішінде, жалпы 835 төсек орындық 5 аурухана: 420 төсек орындық «Ақсукент» Сайрам аудандық орталық ауруханасы,130 төсек орындық «Қарабұлақ» аудандық ауруханасы, 185 төсек орындық «Сайрам» аудандық ауруханасы, 60 төсек орындық аудандық туберкулез ауруханасы, 40 төсек орындық «КАНТ» жекеменшік клиникасы.
Амбулаториялық –емханалық ұйымдар; 3 емхана, 5 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы,10 дәрігерлік амбулатория және олардың құрамына кіретін 46 медициналық пунктер,аудандық жедел жәрдем стансасы және жекеменшік стоматологиялық емхана жұмыс атқарады.
Аудан бойынша денсаулық сақтау саласында 426 маман-дәрігер, 1712 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс атқаруда. Әрбір 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз ету көрсеткіші - 14,6, орта буын медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету көрсеткіші – 58,8 құрайды.
Жұмыс істеп жатқан дәрігерлердің 37,8 (158) пайызы, орта буын медицина қызметкерлерінің 47,8 (812) пайызы мамандықтары бойынша біліктілік санаттарына иеленген.
2011-2015 жылдарға 12 жаңа денсаулық сақтау нысандарының құрылысын жүргізу жұмыстары жоспарлануда.
Ауданда 59 елді мекен орталықтандырылған құбыр суын, 10 елді мекен құдық суын, 2 елді мекенде 817 тұрғын тасымал суын пайдаланып отыр. 2011-2015 жылдарға 26 ауылдық елді-мекендердің ауыз су жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады, бұл тасымалды су мәселесін шешетін болады.
Ауданда газ құбырларының жалпы ұзақтығы – 1041,9 км, оның ішінде жоғары қысымды – 57,3 км, орташа қысымды – 133,5 км, төменгі қысымды – 851,1 км.
Жалпы аудан бойынша 71 елді мекеннің 43 елді мекені табиғи газбен қамтамасыз етілген, ал 28 елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етілмеген. 2011-2015 жылдар аралығында 24 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Аудан бойынша жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 1452,0 шқ. құрайды, оның 51 шақырымы республикалық маңызы бар жолдар, оның ішінде жабынды түрлері бойынша: асфальтобетон 51 шқ құрайды.
Облыстық маңызы бар жолдар 296,6 шқ., оның ішінде жабынды түрлері бойынша: 296,6 шқ. – асфальт-қара-қиыршық тасты.
Аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы 1104,6 шқ. құрайды. Оның ішінде жабынды түрлері бойынша: 350,5 шқ. – асфальт-бетонды, 504,0 шқ.– қиыршық тасты және 150,1 шқ. – табиғи-топырақты.
Автокөлік жолдарының тармақтарын дамыту, сапасы мен өткізу қабілеттілігін арттыру мақсатында облыстық бюджеттен 2011 жылы 35,9 шақырымды , 2012 жылы 39,3 шақырымды, 2013 жылы 39,5 шақырымды, 2014 жылы 42,7 шақырымды , 2015 жылы 37,3 шақырымды жолдарды орташа жөндеуден өткізу жоспарлануда.
2015 жылға дейін жолдардың 58% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда болады.
Мақсатты индикаторлар:
№
|
Көрсеткіштер
|
1 кезең
|
2 кезең
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
Міндет 1. Берілетін білімнің сапасын жақсартуы
|
1
|
Апатты жағдайдағы мектептердің орнына жаңа мектептердің құрылысын жүргізу, бірлік
|
3
|
|
|
|
|
2
|
Мектептердің құрылысы, бірлік
|
|
3
|
5
|
3
|
|
3
|
Ауылдық мектепке дейінгі мекемелердің құрылысы, бірлік
|
1
|
|
|
|
|
Міндет 2. Медициналық көмектің қол жетерлікпен қамтамасыз ету
|
1
|
Денсаулық сақтау нысандардың құрылысы, бірлік
|
4
|
|
3
|
2
|
3
|
Міндет 3. Ауылдық тұрғындарды орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету
|
1
|
Орталықтандырылған сумен қамтылған ауылдық елді мекендердің үлесі (жалпы бар АЕМ санынан) , %
|
83,0
|
92,0
|
92,0
|
91
|
100,0
|
2
|
Сумен қамтамасыз ету нысандардың құрылысы, бірлік
|
7
|
5
|
|
7
|
7
|
Міндет 4. Ауылдық елді мекендерді газдандыру
|
1
|
Ауылдық елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету, бірлік
|
1
|
|
|
10
|
12
|
Міндет 5. Облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жағдайын жақсарту
|
1
|
Облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың деңгейінің жақсы және қанағаттандырарлықтай жағдайы, %
|
50
|
52
|
53
|
56
|
58
|
2
|
Авто жолдарды күрделі және орташа жөндеу (км)
|
35,9
|
39,3
|
39,5
|
42,7
|
37,3
|
2.2. 5 Мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың жүйесі
Билік институттарының жұмыстарына талдаудың нәтижесі, мемлекеттік қызмет тұтынушылардың алдында міндеттемелердің орындалуының төмен тиімділігімен сиппаталатын облыстық әкімшілік ресурстарының толық қанды нәтижесіздігі туралы қорытынды жасауға болады.
Бұл, медициналық қызметердің төменгі дәрежеде көрсетілуі (балалардың және аналардың өлімі, әлеуметтік маңызы бар аурулардың өсуі), білім беру қызметтерінің төменгі дәрежеде көрсетілуі (мамандандырылған орта білім беру мекемелерінің жетіспеуі, бұл мекемелерде кәсіпқой мамандардың жетіспеуі, еңбек ресурстарында техникалык мамандандырылған жұмыскерлердің тапшылығы), ауданның аумақтық даму бағдарламаларының толық дәрежеде іске асырылмауы. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қаржыландырудың жеткіліксіздігі орын алды, алайда, әксперттык бағалау бойынша, облыстың әкімшілік ресурстарының нәтижесінің жеткіліксіздігі соңғы фактор бойынша 20 % болса, жоғарыдағы аталғандар бойынша 80 %-дан жоғары болуда.
Сонымен, Сайрам ауданының әлеуметтік-әкономикалық жағдайын талдау ең алдымен бәсекелестіктің зор мүмкіндігін қамтитын маңызды ресурстарды анықтады, сонымен қатар, бар ресурстарды пайдаланудың төмен нәтижелігін анықтады.
Гендерлік даму.
Сайрам ауданы бойынша жалпы халық саны – 2010 жылдың 1 қаңтарында – 262733 болса. Оның ішінде әйелдер – 137885, немесе 52,1% құрайды .
Әйелдермен қабылданатын шешімдердің деңгейі бойынша: 3 әйел – ауылдық округтердің әкімдері, 1 әйел – бөлім бастығы.
Мемлекеттік қызметпен айналысатын әйелдер 92, мемлекеттік қызметкерлердің жалпы санының 34,8 %-ын құрайды. Әйелдер - экономикалық қызметтердің мынандай түрлері: денсаулық және әлеуметтік қызмет көрсету, білім салаларында, қонақ үй және ресторандар бойынша басымдық танытады.
Аудан бойынша психологиялық- педагогикалық түзету кабинеті жұмыс атқаруда.
2005 жылдан бері аудан әкімдігі аппаратында әйелдер ісі және жанұялық-демографиялық саясат Комиссиясы жұмыс істейді. Комиссия тарапынан «8-наурыз Халықаралық әйелдер күні», «22-наурыз Ұлыстың ұлы күні-Наурыз», «1- Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні», «9-мамыр Ұлы Жеңіс күні», «1-маусым -Балаларды қорғау күні», «Қарттар күні» және «Мүгедектер күні» күніне арналған іс- шараларды жоспарлау, елдің бірлігі мен ынтымағын нығайту және жастар арасында ұлттық салт-дәстүрді насихаттау мен тәлім-тәрбие беру, ауыл округіндегі аз қамтылған отбасыларды, мүгедектерді демеушілер есебінен көмек беру, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсарту, ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы бойынша кәсіпкер әйелдерді қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу тақырыптарында отырыстар өткізілді. 2010 жылдың 4 қыркүйекте Ақсукент ауылында орналасқан «Манкент шипажайы» АҚ-ның конференц-залында «Әйелдердің құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының үш заңының орындалу барысы және Орта Азия әйелдерінің құықтарын қорғау» тақырыпта дөнгелек үстел өткізілді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында, әйелдер құқығы бойынша ақпараттық мәлімет беру, әйелдерді мәжбүрлеу факторлары туралы, сонымен қатар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерлерге шығуы және сол жерлерге жұмысқа орналасудың қауіптілігі туралы жұмыстар атқарылуда.
Ауданда 12 БАҚ тіркелген, оның біреуін әйел кісі басқарады. Аталған мерзім ішінде, отбасылар, әйелдер және балалар туралы проблемалық мәселелер бойынша 52 мақала жарияланды.
-
АУМАҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМЫ
Сайрам ауданы - экологиялық таза және агроөнеркәсіп саласында жоғарытехнологиялық бәсекеге қабілетті тауарлар шығаратын, шарап жасау саласын, ауыл шаруашылығы өнімдерін – сүт, көкөніс, жеміс, бақша дақылдарын қайта өңдеу, туризмді және спорттың, даму және адами потенциялды жүзеге асыру мүмкіндігі өскен қолайлы бизнес ортасы бар аймаққа айналады.
Сайрам ауданы жоғары демографиялық және басқа сапалы көрсеткіштері бар аймаққа айналып, бұл өз кезегінде халықтың тұрмыс-жағдайының тұрақты өсуіне жағдай жасайды.
Сайрам ауданының даму бағдарламасының негізгі басымдықтары айқындалды:
I басымдық: Импорттың үлесін азайту, өнеркәсіпті дамыту арқылы бәсекеге қабілетті өнім шығару;
II басымдық: Кәсіпкерлікті және туризмді дамыту;
III басымдық: Ауыл-шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін өндірістің үлесін ұлғайту, еңбек өнімділігін 2 есеге арттыру;
IV басымдық: Энергияның альтернативтік көздерін дамыту арқылы энергия тапшылығын азайту;
V басымдық: Халықтың өмір сүру деңгейін көтеру.
МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЛАР
- Өнеркәсіптегі өнім шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 105,5 % жеткізу (2011 ж. – 108,5 %);
- Кен өндіру өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 111,0 % жеткізу (2011 ж. - 127,0 %);
- Өңдеуші өнеркәсіптегі өнім шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 105,0% жеткізу (2011ж. - 110,2 %);
- Металлургия өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 110,0 % жеткізу (2011ж. - 89,3 %);
- Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 105,0 % жеткізу (2011ж. - 96,7 %);
- Өзге металл емес минералдық өнімдерді шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 112,0 % (2011ж. - 3,5 есе);
- Жиһаздан басқа ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 105,0 % (2011 ж. - 100,0 %);
- Машина жасау өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 110,0 % ( 2011 ж. - 125,1 %);
- Жеңіл өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 108,0 % жеткізу (2011ж. - 136,0 %);
- Химия өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 106,0 % жеткізу (2011ж. – 62,9 %);
- Резеңке және пластмасса бұйымдарын шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 106,0 % жеткізу (2011ж. - 2,8 есе);
- Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндірудің нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 110,0 % жеткізу (2011ж. - 127,1 %);
- Тамақ өнімдерін өндірудің нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 105,0 % жеткізу (2011ж. - 95,4 %);
- Инновациялық өнімдер өндірісі көлемінің өсуін 2015 жылға дейін 2,6 % жеткізу (2011 ж. – 27,9 %);
- Ауыл шаруашылығы өнімінің (қызметінің) нақты көлем индлексін 2015 жылға дейін 105,2% жеткізу (2011 ж. – 106,5%);
- Бөлшек сауданың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 110,0 % жеткізу (2011 ж. – 112,9 %);
- Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамтуды 2015 жылға дейін 80% жеткізу (2011 ж. –32,06%);
- Техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған типтік жастағы (14-24 жас) жастардың үлесін 2015 жылға дейін 12,5% жеткізу (2011 ж. –10,5 %);
- 15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесін (NEET – англ. Not in Education, Employment or Training) 2015 жылға дейін 9,6 % жеткізу;
- Халықтың туылғаннан бастап күтілетін өмір сүру ұзақтығын 2015 жылға дейін 70,0 жасқа жеткізу (2011 ж. - 69,86 жас);
- Жұмыссыздық деңгейін 2015 жылға дейін 4,6% төмендету (2011 ж. – 4,9 %);
- Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесін 2015 жылға дейін 9,4 % төмендету (2011 ж. – 10,4 %);
- Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағын (қызмет алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында) 2015 жылға дейін 86,0% жеткізу (2011 ж. – 90,0 %);
- Мәдениет ұйымдарына 1000 адамға шаққандағы келушілердің орташа саны: кітапханаға 2015 жылы 906,8 (2011 ж. – 694,7); театрға 2015 жылы 24,3 (2011ж. – 6,5);
- Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы түрғындарды қамтуды ұлғайтуды 2015 жылға дейін 19,0 % жеткізу (2011 жылы – 13,6 %);
- Мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесін 2015 жылға дейін 94,3 % жеткізу (2011 ж. – 90,0 %);
- Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағын 2015 жылға дейін 21,9% төмендету (2011 ж. – 15,1%);
- Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 98,17% жеткізу (2011ж. – 118,1 %);
- Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру көлемін, жалпы алаңның шаршы м. 2015 жылға дейін 17,0 мың шаршы м. жеткізу (2011 ж. – 24,8 мың шаршы м.);
- Жақсы және қанағаттанарлық жай-күйдегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 2015 жылға дейін 80,5 % жеткізу (2011ж. – 14,5 %);
- Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі бар тұрғындардың үлесін ұлғайтуды 2015 жылға дейін 97,6 % жеткізу (2011ж. – 83,1 %);
- Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның тозуын төмендетуді 2015 жылға дейін 42,7 % жеткізу (2011ж. – 46,2 %);
- Сумен жабдықтауды 2015 жылға дейін 31,7% жеткізу (2011ж. – 35,7 %);
- Электрмен жабдықтауды 2015 жылға дейін 47,1% жеткізу (2011 ж. – 49,5 %);
- Су бұруды 2015 жылға дейін 49,5 % жеткізу (2011 ж. – 53,6 %);
- Халықтың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейін 2015 жылға дейін 100 % жеткізу (2011ж. – 87,1 %).
Достарыңызбен бөлісу: |