Секция информатизация образования и проблемы обучения информатике



бет6/8
Дата25.04.2016
өлшемі4.14 Mb.
#88314
1   2   3   4   5   6   7   8

МұқaшoвaA.Н., Сарманқұлова А.Н.

Л.Н. Гyмилeв aтындaғы Eyрaзия Ұлттық Yнивeрситeті, Астана
Ғылыми жeтeкшiсi – Aльжaнoв A.К.
Eң бaсындa сiздeoпeрaциялық жүйeсi бaр бoс кoмпьютeр бoлды.Oпeрaциялық жүйe кeз кeлгeн кoмпьютeрдiң eң қaжeт құрaмдaс бөлiгi жәнeoл кoмпьютeрдi бaсқaрyғa,aқпaрaтты сaқтayғa,oғaн қoсылғaн бaрлық құрылғылaрдың жұмысын ұйымдaстырyғaaрнaлғaн прoгрaммaлaрдың жиыны жәнe дe кoмпьютeрдiң өзaрa бaйлaнысын қaмтaмaсыз eтeдi.Кeйiн сiз кoмпьютeрiңiзгe жaңa пргрaммaлaр oрнaтып,eскiлeрiн өшiрдiңiз, жүйeнiң бaптayлaрын өзгeртiп, прoгрaммaлaрды жaңaрттыңыз. Бaрa-бaрa бaрлығы өзгeрe бaстaды. Кeйдe сiз кoмпьютeрiңiздiң жүйeсiн бaстaпқы күйгe кeлтiргiңiз кeлeдi, сiздeoндaй мүмкiндiк бaр. Мeн сiздeргe қaжeттi қaйтa қaлпынa кeлтiрyдiңЖүйeнi қaлпынa кeлтiрy нүктeлeрi(Тoчкa вoсстaнoвлeния систeмы) жәнeAcronis True Image мүмкiндiктeрiнe тoқтaлып кeтeйiн.Aлдымeн жүйeнi қaлпынa кeлтiрy нүктeлeрi жaйлы aйтып кeтсeм.

Жүйeнi қaлпынa кeлтiрy нүктeлeрi –бұл Windows-тың aғымдық күйiнiң түсiлiмдeрi,oл жүйeнi бұрынғы күйiнe қaйтa кeлтiрyгe мүмкiндiк бeрeдi.Әринe, жүйeнiбұрынғы қaлпынa кeлтiргeндe,oдaн кeйiн eнгiзiлгeн өзгeрiстeр жoйылaды, яғни жүйeнi сoңғы қaйтa кeлтiрy нүктeсiн құрғaннaн кeйiнгi бaптayлaр, қoлдaнбaлы бaғдaрлaмaлaрдың бaптayлaры жәнe т.с.с. өшiрiлeдi. Жүйeнi қaлпынa кeлтiрy нүктeлeрiнiң кeлeсiдeй типтeрi бoлaды:



  • Бaстaпқы нүктeлeр- мұндaй нүктeлeр Windowsaлғaш рeт iскe қoсылғaндa құрылaды.Oлaрдың көмeгiмeн бaрлық бaптayлaрды бaстaпқы күйiнe кeлтiрyгe жәнe жaңaдaн oрнaтылғaн «тaзa» Windows-ты aлyғa бoлaды.

  • Жүйeнiң бaқылay нүтeлeрi- жүйeгe қaндaй дa бiр өзгeрiстeр eнгiзiлyiнe бaйлaнысты әрбiр 24 сaғaт сaйын құрылыпoтырaды.

  • Oрнaтyдың бaқылay нүктeлeрi- бaғдaрлaмaoрнaтy кeзiндe жүйeнi кeйiн бaғдaрлaмaны oрнaтқaнғa дeйiнгi күйгe кeлтiрy үшiн құрылaды.

  • Пaйдaлaнyшының бaқылay нүктeлeрi- пaйдaлaнyшы қoлымeн құрылaды.

  • Aвтoмaтты жaңaртy қызмeтiнiң бaылay нүктeлeрi- жүйeнi әрбiр жaңaртyaлдындa бaқылay нүктeлeрi құрылaды.

  • Қaлпынa кeлтiрyдiң бaқылay нүктeлeрi- жүйeнiaлдыңғы бaқылay нүктeсiaрқылы қaлпынa кeлтiрyдiң aлдындa құрылaды.

  • Дрaйвeрлeрдiң бaқылay нүктeлeрiқұрылғылaрдың бeлгiсiз дрaйвeрлeрiн oрнaтyaлдындa құрылaды

  • Рeзeрвтi бaқылay нүктeлeрi- Backup yтилитaсы aрқылыжүйeнi қaлпынa кeлтiрyaлдындa құрылaды.

Жүйeнi қaйтa қaлпынa кeлтiрy үшiн дискiдe минимyм 200 Мбaйт бoс oрын бoлyы қaжeт.Windows жүйeнi қaйтa қaлпынa кeлтiрy мұқтaждықтaры үшiн дискiнiң жaлпы көлeмiнeн мaксимyм 12 %-ын рeзeрвкe сaқтaп oтырaды.Eгeр жүйeнiң вирyстaрмeн зaқымдaлғaны бeлгiлi бoлсa, қaлпынa кeлтiрy ызмeтiн yaқытшa тoқтaтy қaжeт.Әйтпeсe вирyстaр қaлпынa кeлтiрyдiң бaқылay нүктeсiн құрy кeзiндe жүйeлiк бaсқa фaйлдaрмeн бiргe сaқтaлып жәнe жүйeнiaлпынa кeлтiргeндe қaйтaдaн пaйдa бoлyы мүмкiн.

EндiAcronis True Image мүмкiндiктeрiнe тoқтaлып кeтeйiн.Acronis True Image

прoгрaммaсының көмeгiмeн HDD дискiсiнiң кeскiнiн құрyғa бoлaды.Acronis True Image прoгрaммaсының көмeгiмeн құрылғaн фaйл кeскiнiнiң кeңeймeсi үнсiз кeлiсiм бoйыншa.tib жәнe бiрнeшe бөлiмдeр жәнe (нeмeсe) дискiлeрдiң кeскiнiн құрaй aлaды. Дискiлeрдiң үлкeн бөлiмдeрiнiң нeмeсe бiрнeшe бөлiмдeрiнiң кeскiнi үлкeн мәндiк көлeмгe иe бoлyы мүмкiн. Мұндaй жaғдaйдa кeскiн бөлiктeргe - жeкeлeнгeн фaйлдaрғa бөлiнeдi. Кeскiндi жeкeлeнгeн бөлeк фaйлдaрғa бөлyayыстырып тaсымaлдaғыштaрғa жaзy кeзiндe дe қaжeт.

Acronis True Image дискiнiң aлдыңғы кeскiн құрылғaн сoң өзгeрiскe иe бoлғaн бөлiмдeрiнeн ғaнa тұрaтын инкрeмeнттi дeп aтaлaтын кeскiндeрдi құрyғa мүмкiндiк бeрeдi.Eгeр сiз тaңдaп aлынғaн бөлiмнiң кeскiнiн oсығaн дeйiн құрып aлғaн бoлсaңыз,oндa бaр кeскiнгe сoңғы өзгeрiстeрдi қoсып инкрeмeнттi кeскiн құрy ұсынылaды.

Бөлiмнiң кeскiнi жaзылғaн фaйлды кeскiнiн құрғыңыз кeлгeн бөлiмдe (дискiдe),eгeр oндa жeткiлiктioрын бoлсayaқытшaoрнaлaстырyыңызғa бoлaды. Бiрaқ кeскiндi сoл бөлiмнiң өзiндe үнeмi сaқтayғa бoлмaйды, сeбeбi мұндaй кeскiндi қaлпынa кeлтiрy мүмкiн бoлмaй қaлaды. Кeскiндi құрып бoлғaн сoң oны CD-R, DVD-R нeмeсe ZIP-дискiлeр сeкiлдiayыстырып тaсымaлдaғыштaрғa, бaсқa қaтқыл дискiгe нeмeсe жeлiлiк дискiгe жaзып сaқтaлынaды.

Кeйбiр жaғдaйлaрдa көлeмгe шeк қoю кeрeк. Мысaлы, FAT32 фaйлдық жүйeсiндe фaйлдың көлeмi 4 Гбaйттaн көп бoлaaлмaйды. Сoндықтaн Create Image Wizard (Кeскiндi құрy шeбeрi) тeрeзeсiндe кeскiн фaйлын бөлiктeргeaвтoмaтты түрдe (Automatic) бөлyдioрындay қaжeт пe нeмeсe бөлiктeрдiң бeлiлeнгeн (Fixed size) көлeмдeрiн қoлдaнaмыз бa, сoны көрсeтy ұсынылaды.

Сoңғы жaғдaйдaaшылғaн тiзiмдe көрсeтiлгeн көлeмдi тaңдay кeрeк. Кeскiндi бeрiлгeн көлeмдi бiрнeшe фaйлдaрғa бөлy қaтқыл дисккe жaзғaндa дaeрeкшe мәнгe иe: құрылғaн кeскiннiң фaйлдaрын oсыдaн кeйiн дe CD-R/RW, DVD-R/RW дискiлeрiнe жaзaaлaсыз. Кeскiндeрдiң фaйлдaрын CD-R/RW, DVD-R/RW диск жeтeгiштeрiндe құрy қaтқыл дискiгe қaрaғaндa көп yaқыт aлyы мүмкiн.

Жoғaрыдaaйтылғaн eкi әдiс бoйыншa сiз oeрaциялық жүйeңiздi тиiмдi әрi қoлaйлы қaлпынa кeлтiрeaлaсыз.



Қoлдaнылғaн әдeбиeттeр

  1. М.Сeрiк, Н. Шындaлиeв, Ж. Зұлпыхaр. «Кoмпьютeр aрхитeктyрaсы жәнe жүйeнi әкiмшiлiктeндiрy».Aстaнa 2012, Б. 183

  2. http: // www.google.kz

  3. http: // www.wikipedia.ru

  4. http://www.intuit.ru


ӘОЖ 378.147
ИНФОРМАТИКА МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІН КӘСІБИ ДАЙЫНДАУДА

КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКАНЫҢ РӨЛІ
Нәлібаева Ж.А.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қаласы
Ғылыми жетекші – аға оқытушы Міндетбаева А.А.
Қазіргі таңда ҚР білім беру жүйесі жаңашыл оқыту нәтижелеріне негізделген талаптарды ескере отырып жаңаруды талап етеді. Білім берудің жаңа мәселелерін шешу ҚР мемлекеттік білім беру стандарты негізінде оқытудың мазмұнын өзгертуді көздейді. Информатика мамандығы бойынша пәндердің мазмұнының өзгеруін информатика мұғалімін даярлау моделінде лайықты көрсету қажет.

Қазіргі қоғамда АКТ-құзіреттілік мұғалім қызметінің негізін құрушы модель болып табылады. Бір жағынан бұл білім беруде АКТ құралдар рөлінің артуында болса, екінші жағынан білім беруде педагогикалық құзіреттілігін дұрыс пайдалануға негізделеді [1].

ЭЕМ нің жылдам дамуының негізінде зерттеулердің кең ауқымы және практикалық қолданысы ретінде компьютерлік графика пайда болды. Графикалық объектілерді компьютерге енгізу, көрсету, өңдеуді автоматтандыру әдістері мен құралдары және нәтижелік графикалық ақпаратты компьютерден көрсету құрылғыларына шығару компьютерлік графиканы оқып үйрену мәселесі болып табылады. Компьютерлік графиканың көп мәнді, ерекше символикалық және кейбір мағынанарды жасырып көрсететін астарлы формамен берілген қасиеттері дидактика тұрғысынан құндылығы жоғары болып табылады.

Компьютерлік графиканы білім берудің компьютерлік жүйелерінде қолдану ақпаратты тарату жылдамдығының артқандығында ғана емес, оны қабылдау деңгейінің артуына мүмкіндік беріп бейнелік ойлаудың дамуына септігін тигізеді. Компьютерлік графикалық бейненің түсі ой, сезім және елестету түйсіктерін дамытуға мүмкіндік береді. Түстердің тереңдігі, қанықтығы адамның психологиясына үлкен әсер етеді. Компьютерлік графика шығармашылықтың басқа да формалары сияқты, адамның дамуына, тынығуына, күйзелістерден арылу және ойлау қабілетін шығармашылық бағытқа қалыптастыруына септігін тигізеді. Осылайша компьютерлік графика бір жағынан бұл білім беруде АКТ артуында болса екінші жағынан білім беруде педагогикалық құзіреттілігін дұрыс пайдалануға негізделеді. Компьютерлік графика мультимедия және жоғары деңгейлі көркемдік ақпараттық технологиялар құралдарымен байланыса отырып білім алушылардың шығармашылық қызметі үшін ерекше графикалық ақпараттық ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Компьютерлік графиканы оқып үйренудің дидактикалық ерекшеліктеріне сай білім алушылардың кеңістікті қабылдау тұтастығы, зейін, ықылас, қызмет етуде мұқияттылық және т.б жеке адами қасиеттерінің дамуының бірден бір әдісі болып табылады. Мұнымен қатар, компьютерлік графиканы оқып үйрену визуальды бейнені вербальды үлгіге кодтау дағдысын қалыптастырады. Компьютерлік графика көркемдік және графикалық шығармашылықтың негізінде жатқан заңдылықтарды модельдеу мен демонстрациялауға арналған маңызды құрал болып табылатындығын атап айту керек. Мұнымен қатар технология сипаттамаларына түстік әсердің кеңдігіне, кеңістікте орналасқан обьектілерді көркем бейнелеу әдістеріне байланысты компьютерлік графика жалпы білім беру мағынасында ғана емес, кәсіби білім беруге де әсер етеді. Сондықтан компьютерлік гафика саласының құзыреттілігі АКТ құзыреттілігінің негізгі құраушылары болып табылады.



Компьютерлік графика пәнін оқытудың мақсаты инженерлік графика және анимация негізінде бағдарламалық – ақпараттық есептеу кешендерінің көмегімен бейнелерді құру мен өңдеудің теориясы мен практикасы жайлы түсінікті қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты:

  • студенттерді кәсіби графикалық редакторлармен жұмыс істеудің негізгі құралдары мен практикалық тәсілдерімен қаруландыру; компьютерлік графика, графикалық редакторлар жайлы жалпы түсініктерді жетілдіру және тереңдету қажет.

Компьютерлік графика пәнін оқытудың негізгі мәселелері:

  • компьютерлік графиканың теориялық негіздері жайлы түсініктерді қалыптастыру;

  • компьютерлік графика алгоритмдерінің негізгі принциптерімен және жұмыс істеу әдістерімен танысу; танымал графикалық бағдарламалармен баспалық жүйелерді үйрену;

  • бейнені жариялауға дайындау дағдыларын алу, оның ішінде электрондық түрде баспаға жариялауға дайындау, оның ішінде электронды түрде дағдыларды менгеру;

  • компьютерлік дизайн негіздерін игеру; қазіргі қоғамда компьютерлік графиканың әдістері мен құралдарының қолданылуының түрлі орталарымен танысу.

Компьютерлік графика пәнін оқыту нәтижесінде студенттің төмендегілерді игеруі керек [2]:

  • қолданушы интерфейсін қалпына келтіру; графиканы қолдану және оның концентуальды, баптай білу қолданбалы моделін құра білу есебін сауатты тұжырымдау; алынған модельдердің бағдарламалық іске асыру құралдарын тиімді таңдай білу;

  • интерактивті компьютерлік графиканың қолданбалы есептерін шешуде есептеу техникасы, бағдарламалық қамтамасыздандыру және математикалық аппараттардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану; көпқатпарлы кескіндерді құру, обьектілерді ретке келтіру;

  • сурет салуға арналған құралдармен жұмыс кескінінің контурларын сызу, кесіп алу, бейнелердің жеке бөліктерін бөліктеп және өңдеп алу;

  • мәтінмен жұмыс жасауға арналған құрал-саймандарды қолдану;

  • сүзгіні және арнайы эффектілерді қолдану; бейнелерді байланыстыру, текстуралармен жұмыс жасау.

Бұл сатыда білім алушылардың қазіргі заманғы векторлық графика және анимацияның мүмкіндіктері туралы түсінігі қалыптасады. Олар векторлық графикалық редакторлар өзіндік шығармашылық жұмыстарды орындауда барынша жоғары қызмет атқарады [3].

Компьютерлік графиканың аумағында болашақ мұғалімнің құзіреттілігін қалыптастыру әдістемесі болашақ кәсіби қызметте білім мен қабілеттің дамуында тек компьютерлік графиканың жаңашыл бағдарламалық құралдарын қолданып қана қоймай және де олардың нақты жағдайда пайдалану тиімділігін бағалайды. Мұнымен қатар мұғалімнің жүргізетін пәнінің әдістемелік жүйесінде нақты ақпараттық технологиялардың орны мен ролін анықтау қабілеті дамиды.

Қорытындылай келе, болашақта мектеп оқушыларына компьютерлік графиканы пән ретінде енгізу арқылы оқушылардың қызығушылық қабілеттерін ояту мақсатында, Corel Draw, Photoshop, Macromedia Flash және т.б. графикалық редакторларымен жұмыс жасау ерекшеліктерін салыстырмалы түрде қарастыра отырып оқытудың ерекшеліктерін тереңірек зерттеу жасалды. Қазіргі таңда интернет технологияларының қарқынды түрде дамуына байланысты білім алушылар заман талабына сай графикамен жұмыс, анимация құру, интерактивті эффекттер құра білу жолында жеткілікті сауатты болуы қажет деп ойлаймын. Сол себепті компьютерлік графиканың болашақ информатика мұғалімін дайындауда орны мен ролі ерекше.
Әдебиеттер


  1. Кузнецов А.А., Хеннер К.К., Имакаев В.Р. и др. Информационно-коммуникационная компетентность современного учителя // Информатика и образование. 2010. №4. С. 3-11.

  2. Под редакцией Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: учебное пособие / - М.Академия. 2001. -272 с.

  3. Петров М. Компьютерная графика / М. Петров, К. Молочков. СПб.: Питер, 2002.

ОӘЖ 387.147.2:811.112,2
FLASH ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНУ
Нұрғожаев Ш.Б.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған.
Ғылыми жетекші – п.ғ.к., доцент, А.О. Алдабергенова
Қазіргі күні елімізде, барлық оқу орындарында, жаппай компьютерлік технологиялармен қамтамасыз ету аяқталып, енді ақпараттық технологияны пайдаланумен оны оқу-тәрбие процесіне енгізу жұмыстары жүргізілуде. Қоғамды ақпараттандыру – еліміздің экономикасының, мәдениетінің, ғылымының дамуының негізгі алғы шарты.

А.Ерболатов: «...Оқушылардың қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды меңгеруі өмірге жаңа көзқарасын қалыптастырып, ой-өрісін жетілдіреді, шығармашылық белсенділігін, іздемпаздығын арттырады. Жаңа технологиялық процестің кең таралуының еркіндігін әр пән мұғалімдерінің өздерінің дәстүрлі сабақтарынан бастап әр тараптанылған сабақ түрлерін, ашық сабақ үлгілерін компьютерді, интерактивті тақтаны, мультимедиа кабинетін еркін меңгере отырып өткізуі үлкен жетістік», – дейді.[1]. Осы үлкен жетістікті одан ары жетілдіруге бағдрламалардың шектеулі мүмкіншіліктері кедергі келтіреді. Мысалы: Microsoft PowerPoint бағдарламасы кең таралуына қарамастан презентация жасауда шығармашылығы мол адамның сұранысына керекті деңгейде қызмет көрсете алмайды. Осы мәселені шешу үшін, қазіргі таңда қарқынды дамып келе жатқан FLASH бағдарламасына назар аударсақ. Flash – бұл бейне, әуен және анимация редакторларының басын қосқан бағдарлама, сол себепті сіздің шығармашылық шабытыңыз шектеуліктен зардап шекпейді.

Енді Flash бағдаламасының мүмкіндіктеріне келетін болсақ:Flash технологиясы Shockwave Flash (SWF) форматында қолданылатын векторлық графикаға негізделген. SWF құрушылары, графиканың тамаша мүмкіндіктерімен, олармен жұмыс жасайтын құрал жабдықтарды, тиімді пайдалана отырып, үйлесімді өнім таба алды. SWF-тың тағы бір ұтып тұрғаны, бұл форматты кез-келген платформада қолдануға болады (яғни, MacOS операциялық жүйесімен басқарылатын Macintosh компьютерлері мен Windows ОЖ бар IBM компьютерлері). SWF-та құрылған бейнелерге анимация ғана қолданып қоймай оларды интерактивті элементтермен және дыбыспен де әрлеуге болады.

Macromedia фирмасы SWF форматын қолайлы құралдармен, қарапайымдылықпен жабдықтағандықтан, аталмыш формат өзінің табынушыларына бай. Негізінде, бұлай жабдықталған құралдар жетерлік. Олардың қайсыбірі мультимедиялық презентация жасауға бағытталса (Macromedia Director Shockwave Studio), келесі бірісі графикалық бейнелерді дайындауға бағыталған (Macromedia FreeHand и Macromedia Fireworks), ал үшіншілерімен интерактивті оқу курсын дайындауға болады. (Macromedia Authorware және Macromedia CourseBuilder). Дегенмен, тор беттерін құрушылардың арасында Macromedia Flash көп қолданылады, өйткені тек осы өнім ғана, тор бетін аяғына дейін әрлей алады. Ал жақсы әрленген бет әрине көпшіліктің көңілінен шығады. Интернет пайдаланушылардың жақсы көретіндігінен болар, бұл өнімді жай ғана Flash деп атайды.

Flash программасы Action Script тілінен, векторлық графикадан, Flash- символдардан және олардың даналарынан тұрады.

Қазіргі таңда Macromedia Flash – Web- сайттармен презентацияларды құруға бағытталған интерактивті векторлық анимацияларды жасауға арналған орта.

Flash-та келесі әрекеттерді орындауға болады:бейнелерді салуға; вектордық және расторлық графиканы импорттауға;импортталған расторлық графиканы векторлыққа түрлендіруге;мәтіндік ақпаратты жинақтауға; анимацияның әртүрлі түрін құруға сонымен қатар объектінің жеке бөліктерін анимациялауға;әртүрлі уақытта және кеңістікте объектілердің пішінін түсін және орнын өзгертуге;интерактивті анимация үшін басқару элементтерін (батырмалар, меню, және тағы басқа) құруға;роликті және қолданушының оқиғаларын дыбыстандыруға т.б.; ActionScript сценарийлер тілін кеңінен қолдануға; бейнелердің, клиптардың және сценарийлердің кітапханасын құруға және оны пайдалануға; жариялау жасағанда SWF және EXE форматтарын пайдалану арқылы фильмді құру құпияларын сақтап қалуға;қолданушының деректерін енгізуге арналған формаларды құруға; информацияны жібере және қабылдай отырып сервермен өзара әрекет етуге;соңғы өнімді расторлық графика түрінде немесе gif-анимация түрінде, немесе Flash-фильм түрінде немесе EXE-файл түрінде алуға; соңғы өнімді Web-беттер және презентация құруда пайдалануға болады[2].

Білім берудің ең маңызды мәселесінің бірі ол оқыту ақпараттарын тиімді көрсету болып табылады.Қазіргі таңда оқу процесінде электрондық оқулықтар, оқытушы бағдарламалар мультимедиалық бағдарламалар көптеп қолданылуда. Осындай бағдарламаларды жасаудаMacromedia Flash-тың жоғарыда аталған мүмкіндіктерін тиімді қолдануға болады. Мысалы, біздің факультетімізде виртуалды оқыту зертханасы бар, бұл зертханада Flash технологиясының мүмкіндіктерін қолданып жасаған факультет оқытушыларының мультимедиалық бағдарламалары кеңінен қолданылады. Атап айтсақ, «Квадрат теңдеулер» интерактивті жаттықтырушы бағдарламасы (1-сурет), «Физикалық құбылыстар», «Физикадан зертханалық жұмыстар» (2-сурет) және т.б.


1-сурет 2-сурет

Қорытындылай келе, білім беруде Flash технологияларын қолдану және өңдеумен байланысты қиындықтарға қарамастан, олар мектеп және жоғары оқу орындарында кеңінен қолданылуы тиіс деп ойлаймыз. Өйткені, оқу процесінде Flash технологияларынқолдану оқушылар мен студенттердің сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады, ал қызығушылық артса, білім сапасы артады деп есептейміз.

Пайданылған әдебиеттер:


  1. А. Ерболатов Жаңа ақпараттық технология ­- мектепте // «Информатика негіздері». – 2010. – №2. – Б.22

  2. М.А.Капустин, П.А.Капустин, А.Г.Капылова FLASH MX для профессиональных программистов // «Основы информационных технологий».-2006.-Б.108-113

УДК 004.85:37



ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ЭЛЕКРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚПЕН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ.
Сайрамбаева Г.Е., Жолдыбаева Б.Ж.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Астана
Ғылыми жетекшісі – п.ғ.к, доцент Альжанов А. К.

Қазіргі уақытта білім беру үрдісіне электрондық құралдардың енгізілуі білім алуға жаңа мүмкіндіктер ашатындықтан аса маңызды болып отыр. Электрондық оқулық- қазіргі таңда оқытудың барлық жүйелерінің ішінде алғашқы қатарда. Бұл дәстүрлі оқыту түрін жоққа шығару емес, керісінше, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқытудың жаңа түрлерімен толықтыру қажеттілігін уағыздайды. Ақпараттық технологияларсыз оқыту тиімділігін арттыру, бәсекеге қабілетті оқу орны қатарына қосылу мүмкін емес [1].

Мақаланы жазудағы қарастырылатын негізгі мәселе электрондық оқулықтың тиімді жақтарын көрсету. Оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. «Электрондық оқу құралы» дегеніміз не? Бір қарағанда электрондық оқу құралы жалпыға мәлім құрал, бұл оқу құралын қолдану арқылы оқытушы сияқты оқушылардың білім деңгейін бақылайды, үлгерімін тексере алады және де адамдар электрондық оқу құралдарын дискеталарда (қатты немесе иілгіш дискеттерде ) алып жүруге болады. Электрондық оқу құралы өте тиімді әрі ыңғайлы құрал [2]. Ол мәтіндік гиперсілтемелерден, мазмұннан және көптеген суреттерден тұрады. Сонымен қатар электрондық оқу құралы міндетті түрде оқушының білім деңгейін бақылау үшін тесттік сұрақтардан тұруы тиіс.

Электрондық оқу құралы – білім алатын өнім, бірақ дәстүрлі оқулықтан айырмашылығы бұл оқулықты тек компьютер көмегімен ғана көріп шығуға болады. Электрондық оқу құралы кәдімгі оқулықтар сияқты барлық талаптарға сай болуы керек. Электронды оқулық оқушы үшін дайын материал. Электрондық оқу құралын әзірлеу барысында оны мәтiндiк ақпараттан гөрi графиктiк ақпаратпен және электрондық құралдарды анимация элементтерімен, суреттермен, видеолармен көбiрек қамту керек себебi оқу барысында ақпаратты тез сақтауға көмектесед [3]. Электрондық оқу құралдары текстік материалдардан басқа міндетті түрде жақсы ұйымдастырылған графикалық материалдардан тұруы тиіс. Мұндай оқу құралының тек дизайн жағынан емес, оқушы тез қабылдайтын материалдардан тұруы керек. Электрондық оқулықтағы анимация, диаграмма, видиеоклиптер,тест тапсырмасымен структуралық құрылымы жағынан оқушыларды өзіне тартып қана қоймай оқушының есінде қалуына үлкен ықпал етеді. Электронды оқулықты информатика сабағын оқыту кезінде қолдану арқылы білім алушыларға:



  1. Сабақты өту барысында өтіп отырған тақырыпты кеңінен меңгеріп, түсінуге көмектеседі;

  2. Оқушы тапсырманы орындау кезінде ғылыми зерттеу жұмысына тартылады. Білім сапасын көтеру, оқыту процесін компьютерлендіру: интернет, компьютерлік желі, телекоммуникациялық құралдарды қолдану, электронды оқулықтар мен құралдарды даярлау; компьютерлік технологияларды жеке оқу пәндеріне, олардың ерекшеліктерін ескере отырып қолдану секілді міндеттерді шешу көзделіп отыр. Бұл міндеттерді шешу білім беру сапасын жоғары сатыға көтереді.

Білім беру үрдісінде электрондық оқулықты – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Оқушынның немесе студенттің танымдық іс-әрекеттері күшейіп өзіндік жұмыстар мен тапсырмаларын тез орындау мүмкіндіктері артады. Дыбыстық, графикалық, видео, мультимедиа, гипертекстік элементтермен қашықтықтан компьютерлік оқытудың мүмкіндігі пайда болады. Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқу құралы. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктіліктерді тесттік бақылауға арналған бағдарламалық құрал [4]. Білім талабына сай электрондық оқу құралдарын құру қажет.

Электронды оқулықты пайдаланудың тиімді жолдары:



  1. Оқушының уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды.

  2. Электронды оқулық көмегімен информатика пәнінің негіздерін оқу кезінде көптеген мәліметерді алып, оқып үйренуіне болады.

  3. Кез келген тақырыптың күрделігімен , қиын бөлімдерінде қосымша тапсырмаларды , видеоклиптер, аудиохабарларды кең көлемде қолдана алады.

  4. Жаңа тақырыптарды жылдам әрі нақты түсіндіре алады.

  5. Тақырыпты қалай меңгеругенін тест тапсырмалары орындау арқылы тез көре алады.

  6. Әр бөлім ішінде қарастырылып отырған жаңа сөздерге түсіндермелер қарастырылған .

  7. Мүғалім үшін жеке оқушымен жұмыс жүргізуіне барлық жағдайлар қарастырылған.

  8. Оқушының ақыл- ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге көп ықпал жасайды.

Электрондық оқулық қарапайым оқу құралдары өте пайдалы қосымша мүмкіндік бере алады. Атап айтқанда:

  • Барлық байланысты іс жүзінде аз уақыт ішінде тез қамтамасыз етеді;

  • Қарапайым оқулықтағы кездеспейтін қосымша материалдарды электронды оқулықпен жылдам табуға болады;

Гипермәтінді түсіндірмелерді өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі. Электронды оқулықпен оқыту әдісі арқылы жалпы білім беруді жетілдіру тәсілімен бірге тығыз байланысып белгілі бір пәннің артықшылығын есепке алуды талап етеді.[4].Электронды оқу құралын жасаудың ақырғы кезеңі оны бағдарламаға айналдыру, яғни машина тілде кодтау ісі болып табылады. Осындай қолданбалы бағдарламалық жабдықтау жасау көптеген жүйелік бағдарламалар арқылы жүргізіледі, олар: Macromedia Flash, Visual Basic, Delphi, Power Builder, Power Point, Html, Front Page т.б. Бұларды пайдалану артықшылығы:

  • бағдарлама жасау мерзімін қысқарту;

  • бағдарлама жасау мен оны пайдалану кезеңдерін барлығында да оны сүйемелдеу ісінің жеңілдігін қамтамасыз ету;

  • электронды оқу құралының мазмұны мен құрылымына сәйкес оны пайдаланушы мұғалімге материалдарды аздап түзету-толықтыру мүмкіндіктерін беру;

  • оқу құралының кейбір бөліктерін өзгерткенде (толықтырғанда) тұтынушы интерфейсінің өзгеріссіз күйде сақталуы.

Қорыта келгенде, оқыту үрдісіне информациялық технологияны кең көлемде ендіру педагогикалық еңбектің тиімділігін жоғарылатып, әдіснамалық тәсілдердің арсеналының кеңейуіне алып келеді. Бүгінгі таңда электрондық оқулық әдістемесінің көмегімен білім талабына сәйкес жоғары білім беруде,ме ңгертуде кепілдік бермейтіндігін мектеп нәтежиесін көрсетіп отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет