ФОЛЬКЛОРДЫҢ ДЕРЕК КӨЗДЕРІ
РЕТІНДЕ ПАЙДА БОЛУЫН СЫНАУ
Орындаған
: Тоқтарбеков Мəди, Марал Əділет, Құнанбай
Ернар
, Махмутова Арай, Кəдір Норрис
Фольклор ағылшынша— халық даналығы, халық білімі
деген ұғым білдіреді.
Ауыз əдебиеті фольклор əр түрлі тарихи дерек көздері
арасында қазақ халқының
өткен өмірін бейнелеу жағынан теңдесі жоқ деректер тобын құрайды.
Біріншіден
, тарихымызды қамтитын хронологиялық шеңберінің
кеңдігі,
екіншіден
, беретін мəліметтерінің молдығы,
үшіншіден
,
көлемінің көптігі жағынан фольклор
басқа дерек көздері арасында
ерекше орын алады.
Фольклор халық өмірінің белгілі бір кезеңінде пайда болмай
қоймайтын барлық халықтарға тəн табиғи құбылыс. Ол
туралы
белгілі фольклортанушы ғалым С. Қасқабасов:
«Фольклорлық ой-
лау, фольклорлық дəстүр, фольклорлық шығарма міне, осының
бəрі тарихта болатын нəрсе, оны аттап өту мүмкін емес. Бұлардың
бəрі тарихтың белгілі бір кезеңінде болуы тиіс, сол дəуірдің жемісі,
адамзат мəдениетінің бір сатысы деп танылуы керек»-
дейді.
Əр халықтың өзіндік даму ерекшеліктеріне байланысты фольклордың бір
халықтарда ерте,
бір халықтарда кеш пайда болуы, біреулерінде ұзақ уақыт тарих
айтудың негізгі түрі
ретінде сақталуы, біреулерінде жазба тарихқа жол беруі
мүмкін. Академик Ə. Марғұланның айтуынша: