Әдебиеттер
Назарбаевт Н.Ә. Қазақстан халқына Жолдау. 18 ақпан, 2010 ж.
Беркімбаева Ш.К., Құсайынов А.Қ.. т.б. Жоғары мектеп педагогикасы. – Алматы, 2009. – 175 б.
Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. Алматы: Ғылым, 1998. –330 с.
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. // Ана тілі. № 52 (1153) 21 желто0сан 2012 – 4 қаңтар 2013 жыл, 1, 8-13 беттер.
Аванесов В.С. Методологические и теоретические основы тестового педагогического контроля. Автореферат…дисс. д.п.н. –СПб, 1994.
Звонников В.И. Измерение и качество образования.-М.: Логос, 2006.-312 с.
Звонников В.И. Измерение и шкалирование в образовании.-М.: Логос, 2006.-136 с.
Звонников В.И., Челышкова М.Б. Контроль качества обучения при аттестации: компетентностный подход: учебное пособие. В.И. Звонников, М.Б. Челышкова.-М.: Университетская книга; Логос, 22010.-272 с.
Ефремова Н.Ф. Тестовый контроль в образовании: учебное пособие.-М.; Логос, Университетская книга, 2007.-386 с .
Ефремова Н.Ф.Современные тестовые технологии в образовании:учебное пособие.-М.; Логос, 2003.-176 с.
Құсайынов А.Қ. Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы. – Алматы, 2013. 196 бет.
2-дәріс. Білім беру саласындағы дидактикалық инновациялар
Білім беру жүйесіндегі инновациялық үдеріс түсінігі және мәні. Әлеуметтік өмірдің барлық саласындағы түбірлі өзгерістер, ғылым мен мәдениеттегі прогресс, педагогикалық қызмет саласындағы жаңа талаптар білім жүйесіндегі қайта құруға әкеліп соқтырды. Бұл салаларды әрі қарай жетілдірудің бірден-бір мүмкін жолы – инновация, яғни педагогикалық жаңалықтарды игеру мен қолдануды басқаратын үрдістер. Бұл білім беру мазмұнына, білім беру және тәрбиелеу әдістеріне, білім беру мекемелерін ұйымдастыру және басқару жұмыстарына байланысты.
Инновация деген не?
« Инновация» ағылшын тілінен аударғанда (Innovation) « новацияға кіріспе» дегенді білдіреді. Бұл термин мәдени антропологияда пайда болды. Ол бір мәдениет жетістіктерін сауда, товар алмасу үрдістеріне пайдалану, аудару дегенді білдіреді. «Инновация» термині антропологиядан экономикаға, сонан соң педагогикаға көшіп, оқыту мен тәрбие жүйесіндегі, оқыту әдістемесіндегі білім беру мекемелерінің практикалық немесе ғылыми әрекетінде туындаған түрлі өзгерістерді зерттеді.
50-ші жылдардың аяғында Германияда, АҚШ-та және тағы басқа елдерде педагогикалық жаңалықтарды оқу және қорыту орталығы пайда болып, білім беру саласының жаңалықтарына байланысты арнайы басылымдар шыға бастады.(мысалы, « information at innovation en education Educatioal innovation in the United States» және басқалар ).
Біздің елімізде дәл осындай үрдістер жүріп жатты. Алайда олар басқаша аталды. Әңгіме педагогикалық тәжірибенің таратылуы туралы, білім қызметкерлерінің оны пайдалануға дайындығы туралы және ұсынылған жаңалықтардың жаңалығы, оларды бағалау тәсілдері туралы болды.
Әдетте инновация дәстүрлі мәселелерді жаңаша шешу нәтижесінде, фактілерді ұғыну және жинақтау үрдісінің ұзақтығы нәтижесінде пайда болды. Қазіргі кездегі инновацияның көбі тарихи тәжірибемен тығыз байланысты және оның өткен уақытта белгісі, ұқсасы бар. Бұл инновациялық үрдістің белгілі тұжырымдарға сәйкес келетін және белгілі бір жағдайларға өзекті және бейімделген, белгілі бір мақсатқа бағытталған және қазіргі заманғы идеяның құрылу, орнығу, қолдану және жойылу үрдісі екенін түсінуге мүмкіндік береді. Ол жаңалықтар кіретін жүйенің сапалы жақсаруына бағытталған, оған қатысушыларды ынталандырады және олардың көзқарастарын жаңалықтар тұрғысынан өзгертеді.
Инновациялық білім беру үрдісінің негізінде педагогиканың екі басты мәселесі жатыр:
Білім берудегі инновациялық үрдістің нәтижесі теориялық және тәжірибелік жағынан жаңалықтарды қолдану болып табылады. Білім беру жүйесінде инновация білім беру мақсатына жаңалықтар енгізу, жаңа мазмұнды жаңа тәсілдер мен тәжірибелер және білім беру формаларын қайта жасауды, жаңа педагогикалық жүйені енгізу және таратуды, мектепті басқарудың жаңа технологияларын жасау және дамытуды, және мектеп жаңа білім беру бағытын ұстанғанда, оның мақсаты, мазмұны, әдісі жаңа талаптарға сай болуын жобалайды.
Олардың дамуын екі факторға бөліп қарастырамыз:
Объективті факторлар – инновациялық әрекеттің қарқынды дамуына жағдай жасау және оның нәтижелерін қабылдауды қамтамасыз ету.
Субъективті факторлар – инновациялық үрдіс субъектісімен тығыз байланысты. Инновациялық үрдіс субъектілеріне ғалым-педагогтар, мұғалімдер және білім беру саласында инновацияға бағытталған әрекеттің басқа да қызметкерлері жатады.
« Инновациялық әрекет» түсінігінің мазмұны қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |