550
Медеу СӘРСЕКЕ
бұрын, 1928 жылы Жезқаз
ғанның кен төбелерінде болжамға
ден қо
й
ып, батыл жүргізген ізденісінің «жол бол
ғыштық иә
салымдылық» емес, ғылыми кө регендік екендігіне тағы да тәнті
етті. Сондықтан да оны ғылыми
қауым болжамдау ілімінің, бол-
жам карталарын жасау ісінің нағыз білгірі деумен бірге, одақтық
гео
логия
ны жаңа деңгейге ілкі көтерген, жаңа тармақпен
байытқан, яки МЕТАЛЛОГЕНИЯ ілімінің негізін бекемдеуші
теоретигі деп таныған-ды. Соған орай Қаныш Имантайұлы іргесін
қалаған ғылыми жаңа мектеп – Қа зақ стан геологтарының дер-
бес ұясы өмірге келіп, оның талантты түлектері ізденіс бастаған
аймақтарда
ерекше жолды болып, қазақ даласының жер асты
байлығын көптеп аша бастады...
Әрине, осыншама айтыс-тартыстан соң Қазақстан металло-
генистерінің мадақ дақпырты күллі Одақтың геология қауымына
(олардың жалпы қарамы он мыңнан астам маман!) мәлім болып,
ондаған, жүздеген кен іздеуші ұжымдардың кәсіби қызығуын
туғызған. Соған орай Алатау баурайындағы алма бағына оранған
әсем қала Алматы – геология жұртшылығының өзіндік Меккесі-
не айналды. Оған Одақтың алыс түкпірлерінен де
іздеп келіп,
іс-тәжі
ри
бесін үйренуге талаптанған. Чехословакия, Польша,
Болгария, ҚХР, Индия мен Алба ния дан да геолог-ғалымдар ке-
ліп, болжам карталарын жасау әдістемесін меңгерген. Рас, сол
табысқа Қазақстан іздеушілерінің ұзақ жылғы еңбекпен жеткенін
ескермей, мүд делі картаны оп-оңай жасап алып, олжаға бейнетсіз
қарық болуды көздегендер де болған...
Озық мектептің даңқты жетекшісін өздерінде өтпек келелі
жиындарда баяндама жасауға шақырғандар да аз емес. Кейбірі
академик Сәтбаевтың ғылыми мәжіліске қатысуын да мәртебе
санаған. Қазақ ғалымының Кеңес Одағы геологтарының
Ұлттық комитеті төрағасының орынбасары болып сайлануы да
сол қарсаңда, ал «Кеңестік геология»
журналы оны редакция
алқасына мүшелікке шақырды.
Сүйсінерлік жайт: ғылыми даңқының биікке көтерілуі Қа-
ныш Имантайұлын өзгерткен жоқ, мадақ ле біздер мен мәртебелі
сыйлық, түрлі атақ, құр меттердің бәріне ол өткінші рәсімдей
қарап, күнбе-күнгі машық мінезінен, беріле жұмыс істеуден
жаңылмады; мақсат-мүддесі де бар білімін, қуат-күшін,
ойында-
ғы ісін ел игілігіне жұмсау болып, бәз-баяғы қалпында қала бер-
ген.
551
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ГҒИ болса игі нәтиже берген зерттеуді бұрынғыша жалғас-
тырудан айнымаған. 1958 жылы-ақ онда «Өспен тектоникалық
аймағының геологиясы мен металлогениясы» тақырыбы бойын-
ша жұмыс басталған. Содан бірнеше жыл бұрын институттың бір
топ ғалымы Шығыс Қазақстанның болжам картасын әзірлеуге
кіріскен-ді. Екі ізденістің де ғылыми жетекшісі –
академик
Қ.И. Сәтбаев.
Сайып келгенде бәрі де, басқа аймақтар бойынша жүрген
ізденістер де – ғылыми-зерттеу институтының күнбе-күнгі зерт-
теу тақырыбы. Әрі соларды сәтті атқаруға ұжымда қалыптасқан
тәжірибе бар. Алайда Қаныш Имантайұлының өзі болжам кар-
таларын жасау ізденістің бастапқы кезеңі деп есептеген. Ал,
екінші кезеңде, оның пайымда
уынша, пайдалы қазбалар кен
орындарын өзара топтап, металло гения лық ізденісті тереңдете
жүргізіп, ақыр аяғында өте ірі кө лемді болжам карталарын жа-
сау қажет. Сәтбаевтың пікірінше, бұл жұмыс – күн дердің кү нін де
жер қыртысында кен шоғырларының
пайда болу заңдылықтарын
ашуға жеткізер – сенімді кілт. Ал одан әрі ғұмыр жетсе – кен
қабаттарының жаралу құпиясын білуге құлаш ұруға болады. Сірә,
оны шешу үшін он бес жыл шамасы уақыт керек.
Шынын айтқанда, бұл – жер қыртысының жүздеген метр
қатпарлы қойнына миллиондаған жылдар бойы мықтап жасы-
рып, адамзат қауымының небір көреген де кемеңгер білгірлері
талап қылып, бірақ шеше алмай келе жатқан ғасырлық құпиясы.
Соны шешпекке талаптанудың өзі ғажап ерлік, заңғар ойдың қол
жетпес шығанға ұмтылысы!..
(Әлбетте, қазақ ғалымының бұл істегі игі талабы елеусіз қал-
ған жоқ. 1957 жылы академик Сәтбаев Жер планетасының
металлогениялық жалпы картасын жасау жөніндегі Халықара-
лық комиссияға Кеңес Одағы атынан мүше болған.
Американың
Принстон, Англияның Кембридж университеттері оған арнайы
хат жолдап, 1964 жылы өзіне қолайлы уақытта металлогения
тақырыбында дәрістер оқуға шақырған. Нақ сол жылы жаз ға са-
лым Делиде өтпек дүние жүзі геологтарының конгресіне қазақ
ғалымы тап осы тақырыпта бас баяндамашы болуға келісімін
берген. Амал қанша, қатал тағдыр академик перзентімізге
соларға қатысып, қордалы мә селедегі
ұтымды ойларын мәртебелі
мінберден жария етуге мүмкіндік бермеді. Сол үшін әзірлей
бастаған ғылыми ой-толғамдары ғұламаның ең соңғы еңбегі бо-
лып, жазу үстелінде аяқталмай қалды...)