Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы



бет1/25
Дата15.06.2016
өлшемі2.21 Mb.
#136868
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25









Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар





Государственные нормативные документы в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, жилищных отношений и коммунального хозяйства






















ӨНЕРКӘСIПТIК АЛЬПИНИЗМДЕГI ҚАУIПСIЗДIК ТЕХНИКАСЫ ЕРЕЖЕСІ





ПРАВИЛА ТЕХНИКИ БЕЗОПАСНОСТИ В ПРОМЫШЛЕННОМ АЛЬПИНИЗМЕ








СП РК 1.03-11-2010

ҚР ҚН 1.03-11-2010










Ресми басылым

Издание официальное
























Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
Агентство Республики Казахстан по делам строительства

жилищно-коммунального хозяйства











Астана 2011






Алғы сөз


ӘЗІРЛЕГЕН:

«Тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы

ұсынған:

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Ғылыми-техникалық саясат және нормалау департаменті

ҚАБЫЛДАНҒАН

ЖӘНЕ ІСКЕ

ЕНГІЗІЛГЕН МЕРЗІМІ:

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 29.04.2010 ж. № 180 бұйрығымен

01.06.2010ж. бастап енгзілді.



орнына:

Алғаш рет енгізілген.


Предисловие


РАЗРАБОТАН:

Акционерным обществом «Казахстанский центр модернизации и развития жилищно-коммунального хозяйства»

ПРЕДСТАВЛЕН:

Департаментом научно-технической политики и нормирования Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства

ПРИНЯТ И

ВВЕДЕН В ДЕЙСТВИЕ:

Приказом Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 29.04.2010 г. № 180

с 01.06.2010г.



ВЗАМЕН:

Введены впервые.






Осы мемлекеттік нормативті ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы Уәкілетті органының рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.



Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без разрешения Уполномоченного государственного органа РК в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, жилищных отношений и коммунального хозяйства
Мазмұны


1.

Қолданылу саласы....................................................................................

6

2.

Нормативтік сілтемелер...........................................................................

6




Терминдер және анықтамалар.................................................................

7

4.

Жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары....................

8

5.

Жұмыстарды ұйымдастыру.....................................................................

12

6.

Жауапкершілік..........................................................................................

15

6.1.

Жұмыстарға тапсырыс берушінің техникалық жетекшісі....................

15

6.2.

Жұмыстардың жауапты жетекшісі.........................................................

16

6.3.

Жұмыстарды тікелей орындаушылар.....................................................

17

6.4.

Бригадир....................................................................................................

18

6.5.

Жабдықтар үшін жауапты........................................................................

18

6.6.

Қауіпсіздік үшін жауапты........................................................................

18

6.7.

Бригаданың мүшелері..............................................................................

18

7.

Өнеркәсіптік альпинистерге қойылатын талаптар...............................

19

8.

Техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқау беру.......

21

9.

Өнеркәсіптік альпинизм үшін арналған жабдық..................................

21

9.1.

Жалпы ережелер.......................................................................................

21

9.2.

Жеке қорғаныс құралдары.......................................................................

22

9.3.

Аспалы жүйелер.......................................................................................

24

9.4.

Жіптер, арқандар және ілмектер.............................................................

26

9.5.

Сақтандыру керек-жарақтары.................................................................

27

9.6.

Желілік тіректермен түсу үшін арналған керек-жарақтар....................

29

9.7.

Желілік тіректермен көтерілу үшін арналған керек-жарақтар.............

29

9.8.

Анкерлер мен тартқыштар.......................................................................

30

9.9.

Жалғастыру элементтері..........................................................................

31

9.10.

Көмекші жабдық.......................................................................................

32

9.11.

Керек-жарақтарды тексеру және ақауын анықтау................................

32

9.12.

Есепке алу және сақтау............................................................................

38

9.13.

Пайдалану және сақтау мерзімі..............................................................

39

9.14.

Керек-жарақтарға және жабдықтарға күтім көрсету............................

40

10.

Жұмыс уақытының нормалары..............................................................

41

11.

Жұмыстарды бастауға дайындық...........................................................

45

12.

Жұмыстарды бастау.................................................................................

58

12.1.

Сақтандыру, жұмыс орынын анықтау және жылжуды шектеу жүйелерін таңдау......................................................................................

58


12.2.

Сақтандыру жүйелерін пайдалану..........................................................

58

12.3.

Аспаптарды, жабдықтарды, материалдарды, қорғаныс құралдарын тасу.............................................................................................................

62


12.4.

Жұмыстарды тікелей бастаудың алдындағы қауіпсіздік талаптары...

62

12.5.

Көтерілу және түсу...................................................................................

63

12.6

Жасанды тірек нүктелерімен өрмелеу....................................................

66

12.7.

Түйіндерді пайдалану...............................................................................

66

12.8.

Биіктікте жұмыстарды жүргізуге қойылатын қауіпсіздік талаптары..

68

12.9.

Биіктікте жұмыс істеу кезінде пайдаланылатын жабдықтармен, механизмдермен, шағын механикаландыру құралдарымен, қол аспаптарымен жұмыс істеуге қойылатын қауіпсіздік талаптары........

73


13.

Жұмыстарды аяқтау.................................................................................

79

14.

Апаттық жағдайлардағы әрекеттер........................................................

79

14.1.

Апаттық жағдайлар..................................................................................

79

14.2.

Апаттық жағдайларға дайындық............................................................

80

14.3.

Өнеркәсіптік альпинистің апаттық жағдайдағы әрекеттері.................

81

14.4.

Құтқару операцияларын жүргізу.............................................................

83

14.5.

Құтқару операцияларын жүргізу техникалары......................................

84

А-қосымшасы

(ақпараттық)

Бофорт шкаласы бойынша желдің күшін анықтау................................

86

Б-қосымшасы

(міндетті)

Өнеркәсіптік альпинистерді оқытуға қойылатын талаптар.................

88

В-қосымшасы

(міндетті)

Өнеркәсіптік альпинисттің біртұтас кітапшасы....................................

95

Г-қосымшасы

(міндетті)

«Өнеркәсіптік альпинист» мамандығы бойынша біліктілік разрядтарын беруге, тоқтатуға және қайтарып алуға қойылатын талаптар.....................................................................................................

97


Д-қосымшасы

(міндетті)

Жарамдылықтың психофизикалық және медициналық шарттары.....


101

Е-қосымшасы

(міндетті)

Шектелген кеңістіктегі жұмыс................................................................


103

Ж-қосымшасы

(ақпараттық)

Байламды қолайлылыққа және реттелетіндікке сынау........................


107


+Кіріспе
Осы «Өнеркәсiптiк альпинизмдегi техника қауiпсiздiгі ережелерi» ISO 22846-1:2003 «Құлаудан қорғану үшін арналған жеке жабдықтар – Өнеркәсіптік альпинизм жүйелері – 1-бөлім: Жұмыстар жүйесінің негізгі қағидалары» халықаралық стандартымен, американдық ASTM E 2502-07 «Өнеркәсіптегі өнеркәсіптік альпинизмнің стандартты тәжірибесі» стандартымен, британдық BS 7985:2009 «Өнеркәсіптік альпинизмнің әдістерін пайдалану жөніндегі ережелер және құрылыс нормалары» стандартымен және Өнеркәсіптік альпинизм қауымдастығының (IRATA International) өнеркәсіптік альпинистердің біліктілігіне және сертификаттауға байланысты талаптарымен сәйкестендірілген. Осы Ережелер сондай-ақ АҚШ Ішкі істер министрлігінің Мелиорация бюросының (U.S. Department of the Interior, Bureau of reclamation) ұсыныстарын және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар және өндірістік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау комитетімен жасалынған «18-бөлім Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы талаптары. Өнеркәсіптік альпинизм әдісімен биіктікте жұмыстарды жүргізу» жобасының талаптарын есепке алады.

Қазіргі кезеңде «өнеркәсіптік альпинист» кәсібі Жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығымен (бұдан әрі – БТБА) қарастырылмағандықтан, «өнеркәсіптік альпинист» кәсібіне қойылатын біліктілік талаптары осы Ережелерде бекітіледі. Келешекте, «өнеркәсіптік альпинист» кәсібін БТБА-ға қосқаннан кейін, сәйкес келетін ережелер осы Ережелердің мәтінінен алынып тасталуы мүмкін.



ӨНЕРКӘСIПТIК АЛЬПИНИЗМДЕГI ҚАУIПСIЗДIК ТЕХНИКАСЫ ЕРЕЖЕСI

ПРАВИЛА ТЕХНИКИ БЕЗОПАСНОСТИ В ПРОМЫШЛЕННОМ АЛЬПИНИЗМЕ
Енгізілген күні – 2010.06.01
1 Қолданылу саласы
1.1 Осы Ережелер келесі жағдайларда ғимараттар мен құрылыстарға қол жетімдік төсеніш құралдарын пайдаланусыз (тіректің қатты нүктесінсіз), осындай ғимаратқа немесе құрылысқа ілінген жіптер арқылы қамтамасыз етілетін, биік ғимараттар мен құрылыстардың құрылысымен, қайта қалпына келтірілуімен, кеңейтілуімен, жөндеуімен және техникалық қызмет көрсетуімен байланысты жұмыстарға қолданылады:

- жіптер тіректің алғашқы құралдары ретінде пайдаланылғанда,

- жіптер құлаудан (жұлынудан) қорғаныстың және орынды анықтаудың алғашқы құралдары ретінде пайдаланылғанда,

- жұмысшылар жіппен көтерілгенде немесе түскенде немесе көлденең немесе еңіске тартылған жіппен жылжығанда.

1.2 Осы Ережелер биіктіктен немесе жердің, аражабынның немесе жұмыс төсемінің деңгейінен 1,3 м асатын тереңдікке құлау қауіпі бар биіктіктегі жұмыстарды орындау кезіндегі қауіпсіздік талаптарын орнатады.

1.3 Осы Ережелер келесілерге қолданылмайды:

- биік ғимараттар мен құрылыстарда өртке қарсы қызметпен, басқа да апаттық және құтқару қызметтерімен жүргізілетін жұмыстарға;

- биіктіктегі жұмыстардың өнеркәсіптік альпинизм әдістерін пайдаланбайтын басқа да әдістеріне, мысалы жоғары өрмелеу жұмыстары, аспалы ағаштарда немесе аспалы бесіктерде жұмыс істеу.

1.4 Биіктіктегі жұмыстарды жүргізу кезінде осы Ережелердің талаптарымен қатар орындалатын жұмыстардың сәйкес келетін түріне (дәнекерлеу, сылақтау, әйнектеу, жинақтау, оқшаулау және т.б.) арналған техника қауіпсіздігінің талаптарын және сәйкес келетін жабдықпен жұмыс істеу кезіндегі техника қауіпсіздігінің талаптарын сақтау керек.

2 Нормативтік сілтемелер
Осы Ережелерді қолдану үшін келесі сілтемелік нормативтік құжаттар қажет:
ҚР СТ МЕМСТ Р 12.4.026-2002 Сигналдық түстер, қауiпсiздiк белгiлерi мен сигналдық белгілеулер. Жалпы техникалық шарттар және қолдану тәртібі

МЕМСТ 12.4.091-80 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Шахтерлік пластмасса каскалар. Жалпы техникалық шарттар

МЕМСТ 12.4.087-84 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Құрылыс. Құрылыс каскалары. Техникалық шарттар

МЕМСТ 12.4.089-86 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Сақтандыру белдіктері. Жалпы техникалық шарттар

Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды жүргізу, нұсқау беру және олардың білімін тексеру ережелері //Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 205-ө бұйрығымен бекітілді.
ЕСКЕРТПЕ Осы Ережелерді пайдалану кезінде сілтеме жасалынған стандарттардың және жіктеушілердің әрекет етуін ағымдағы жылдағы жағдай бойынша жыл сайын шығарылатын «Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар» ақпараттық көрсеткіш және ағымдағы жылы жарияланған, ай сайын шығарылатын сәйкес келетін ақпараттық көрсеткіштер бойынша тексерген дұрыс болады.

Егер сілтеме жасалынған құжат ауыстырылған (өзгертілген) болса, онда осы Ережелерді пайдалану кезінде ауыстырылған (өзгертілген) құжаттарды басшылыққа алу керек.

Егер сілтеме жасалынған құжат ауыстырусыз жойылған болса, онда оған сілтеме жасалынған ереже осы сілтемеге қатысты емес бөлікте пайдаланылады.

3 Терминдер мен анықтамалар
Осы Ережелерде келесі мәндерге ие терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

Анкерлер (бекіту нүктелері) – жұмыс және сақтандыру жүйелерінің арқандарының және жіптерінің жалғастыру элементтерінен күштерді қабылдау үшін қызмет ететін, ғимараттардағы, құрылыстардағы немесе жер бедерінің элементтеріндегі жалғастыру аспаптары немесе сақтандыру ілгектері.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет