Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы



бет4/25
Дата15.06.2016
өлшемі2.21 Mb.
#136868
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

9.3 Аспалы жүйелер
9.3.1 Барлық пайдаланылатын байламдар жұмысшыны ыңғайлы жұмыс қалыбында ұстайтындай дизайнда болуы керек, және олар жүйенің басқа құрылғыларының жұмысына кедергі келтірмеу керек.

9.3.2 Байламдар қолдану түріне сәйкес келуі керек және сәйкес келетін стандарттардың талаптарын қанағаттандыруы керек.

9.3.3 Бір төменгі байлам (отырғыш) тек орынды анықтау (түсуді және көтерілуді қоса) және жұмыс қалыбын шектеу (яғни жылжуды шектеу) үшін пайдаланылуы керек.

Құлаудан қорғау қажет болуы мүмкін жағдайларда толық байлам пайдаланылуы керек.

9.3.4 Толық байлам өзара байланыстырылған кеуделік байламнан (иықтық баулары бар сақтандыру белдігі) және төменгі байламнан (отырғыштан) тұратын бөлек болуы, немесе төменгі байлам мен кеуделік байлам өзара фабрикалық әдіспен байланыстырылған төменгі байламнан және кеуделік байламнан тұратын біртұтас болуы мүмкін.

Биіктікке көтерілердің алдында бөлек құрылымның кеуделік байламы мен төменгі байламы өздігінен шешілуді болдырмайтын торапты қолданумен диаметрі 9 мм-ден кем емес жіптің ұшымен бірге байлануы керек.

9.3.5 Байлам жүктеменің жұмысшының денесіне тең бөлінуін қамтамасыз етуі керек: кеудеге (арқаға), белге және жамбасқа – толық байлам үшін, жамбасқа – төменгі байлам үшін. Байламның құрамына бір немесе екі өзін өзі сақтандыратын ілмектерді, құлау кезінде динамикалық жүктемені төмендететін амортизаторларды, тірексіз кеңістікте жұмыс істеу кезінде ілінген қалыпта ұзақ уақыт болуды жеңілдететін жұмыс орындықтарын (шабуылдау алаңшаларын) қосуға болады.

9.3.6 Байлам 10 кН кем емес жүктемеге шыдау керек. Жүктеме түсіру сызбасы байламның құжатында көрсетілуі керек.

9.3.7 Төменгі сақтандырумен биіктікте жұмыс істеу кезінде немесе жұмысшының биіктіктен құлауы нәтижесінде 0,25 кН асатын динамикалық жүктемелер мүмкін болатын жағдайларда байлам 0,30 кН аспайтын іске қосылу шегі бар бәсеңдететін құрылғыға ие болуы керек.

9.3.8 Байламның құрылымы ол денеге тығыз тұратындай, бірақ еркін тыныс алуға кедергі келтірмейтіндей және қимылдарды шектемейтіндей әдіспен оның барлық бөлшектерін жұмысшы денесінің көлемдеріне шақтау мүмкіндігін қарастыруы керек.

9.3.9 Байлам шіруге ұшырамайтын синтетикалық талшықтардың негізінде жасалынған таспалардан дайындалуы керек. Таспаларды тігуге арналған жіптер де осындай материалдан болуы керек. Бұл кезде таспалардың және жіптердің түстері әртүрлі болуы керек.

9.3.10 Жұмысшының денесі сүйеніп тұратын таспалардың (белдік, кеуделік, арқалық және жамбастық) ені кем дегенде 40 мм болуы керек.

9.3.11 Байламның барлық элементтері (табиғи және жасанды талшықтардан, теріден, металдан жасалынған) ылғалдылықтың 100%-ға дейінгі айырмашылығы кезінде өздерінің қорғаныстық және пайдаланушылық қасиеттерін сақтауы керек.

9.3.12 Байламның металдан жасалынған бөлшектері өзара өздігінен шешілуді болдырмайтын тораптардың көмегімен, диаметрі 9 мм-ден кем емес альпинистік жіптің кесіндісінің көмегімен жалғастырылуы керек.

Биіктіктен құлаудан сақтандыру құралдарының металдан жасалынған бөлшектерінің тоттануға қарсы жабыны болуы немесе тоттанудың әсеріне ұшырамайтын металдардан (қорытпалардан) жасалуы керек.

9.3.13 Байламдарды пайдалану кезінде олардың металдан жасалынған бөлшектерін жұмысшының қолтығын, аяқтарының арасына, бауыр мен бүйрек аймақтарына орналастыруға жол берілмейді.

9.3.14 Жұмысшы байламды бірінші рет пайдаланардың алдында байламның көлемі дұрыс, жеткілікті реттеуге ие және мақсатқа сай пайдалану кезінде қолайлылықтың жеткілікті деңгейін қамтамасыз ететініне көз жеткізу үшін қауіпсіз орында ілініп тұрып сынақты жүргізуі керек. Қолайлылыққа және реттелетіндікке сынақтарды жүргізудің мысалы Ж-қосымшасында көрсетілген.

9.3.15 Сақтандырудың жіптік әдісін пайдалану кезінде жұмысшының денесіне түсетін жүктемені төмендету және еңбек жағдайларын жақсарту үшін көмекші құралдарды пайдалану ұсынылады:

- амортизаторлар;

- жұмыс орындықтары (шабуылдау алаңшалары);

- жіптен жасалынған басқыштар.

9.3.16 Амортизаторлар құлау кезінде жұмысшының денесіне түсетін жүктемені төмендету үшін қолданылады. Өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен жүргізілетін биіктіктегі жұмыстар кезінде тек толық ашылу жағдайындағы беріктігі 10 кН кем емес болатын амортизаторларды ғана пайдалануға болады.

9.3.17 Жұмыс орындықтары және жіптен жасалынған басқыштар тек дене немесе аяқтар үшін қосымша тірек ретінде жұмысшыға ыңғайлылық үшін ғана қолданылады және қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралы болып табылмайды.

9.3.18 Жұмыс орындығының (шабуылдау алаңшасының) көлемдері 600 мм х 200 мм-ден кем болмауы керек, тақтайдың қалыңдығы 20 мм-ден кем болмауы (немесе көп қабатты фанерден жасалынған кезде – 12 мм-ден кем болмауы) керек. Орындықтың құрылымында металдан жасалынған пластиналарды пайдалануға болады.

Жұмыс орындығын байлау орындықты міндетті түрде астынан ұстатумен, диаметрі 9 мм-ден кем емес жіппен жүзеге асырылуы керек. Астында, қиылысатын жіптердің ұштары «қарсы келген сегіздік» немесе «қос тоқыма түйіні» түйінімен жалғастырылуы керек. Үстіңгі жазықтықта, алаңшаның екі жағынан, жіпте «өткізгіш» немесе «сегіздік» түйіндерімен ілмектер байлануы керек. Осы ілмектер өзара жартылай сопақ немесе үш бұрышты түрдегі карабинмен блокталуы керек.

Жіп тақтайдың жіп диаметріне сәйкес келетін тесігіне кіргізілуі және тақтайдың шетіне 40 мм-ден жақын емес орналасуы керек. Байлау үшін таспаларды немесе металдан жасалынған арқандарды пайдалануға болады. Тақтайдың барлық жиектері дөңгелектендірілуі керек.

9.3.19 Жұмыс орындығын (шабуылдау алаңшасын) пайдалану кезінде байлам анкерлік тартқышқа бекітудің алғашқы құралы болып қалуы керек.
9.4 Жіптер, арқандар және ілмектер
9.4.1 Жіптер жіптердің созылмалы сапаларына негізделген екі санат бойынша жіктеледі – созылуы төмен жіптер және динамикалық жіптер.
ЕСКЕРТПЕ «Созылуы төмен жіп» терминінің орынына «статикалық жіп» терминін пайдалану дұрыс емес, себебі барлық жіптер созылады және сол арқылы «динамикалық» болып табылады. Сақтандыру үшін арналған жіптерді сатып алу немесе пайдалану кезінде оны сипаттау үшін пайдаланылатын терминге қарамай, оның қасиеттерін білу маңызды болып табылады.
Созылуы төмен жіптерді көптеген жағдайларда жұмыс және сақтандыру жіптері ретінде пайдалану ұсынылады. Динамикалық жіптерді едәуір биіктіктен немесе едәуір биіктікке (мысалы, төменгі сақтандырумен өрмелеу кезінде) құлау нәтижесінде күтілетін үлкен соққы күшін сіңіру қажеттілігі бар болған кезде пайдалану керек. Құлау кезінде пайда болатын соққы күштерін азайту үшін динамикалық жіптер үзілердің алдында 30%-ға дейін созылуы керек. Егер күтілген құлау әсері 0,25-тен асатын болса динамикалық жіптер таңдалуы керек.

1-ден асатын ықтимал құлау әсері бар болған барлық жағдайларда сақтандыру үшін тек динамикалық жіптер ғана пайдаланылуы керек.

Созылуы төмен жіпті сақтандыру жоғарыдан жүзеге асырылуы кезінде сақтандыру үшін пайдалануға болады.

9.4.2 Сақтандыру жіптері немесе жұмыс жіптері ретінде пайдаланылатын жіптер:

- жүктемені көтеретін арқан секілді есілген синтетикалық талшықтардан және өзекті зақымданудан қорғайтын тоқыма қабықтан жасалуы керек;

- 22,2 кН үзілуге паспорттық беріктікке ие болуы керек;

- ең кішкентай диаметрі 11 мм болуы керек.

Тоқыма қабығы жоқ арқан секілді есілген жіптерді пайдалануға болмайды.

9.4.3 Табиғи талшықтардан жасалынған жіптер мен бауларды тек көмекші операцияларда ғана: олардың статикалық беріктігі көтерілетін жүктен екі есе жоғары болу шартымен жүктерді жылжыту, құралдарды беру және с.с. кезінде тартқыш ретінде пайдалануға болады.

9.4.4 Барлық жіптерде, бауларда және таспаларда сәйкес келетін сапа сертификаттары болуы керек.

9.4.5 Орамажан жұмыс ұштарын кесу кезінде диаметрдің қалыңдаған немесе жұқарған бөліктерді, бұзылған немесе тегіс емес есулерді, сынғандарды, майысқандарды, үзілулерді немесе шүйкелердің стандартты емес түстерін алып тастай отырып жіптердің ақаулығын анықтауды жүргізу керек.

9.4.6 Жұмыс жіптері ретінде қажетті құралдармен және керек-жарақтармен бірге жұмысшының салмағынан түсетін жүктемеге есептелген, кем дегенде беріктіктің алты есе қорын қамтамасыз ететін жіптер пайдаланылуы керек.

9.4.7 Өзін өзі сақтандыратын ілмектердің көмегімен сақтандыру үшін синтетикалық материалдардан жасалынған және тоқыма қабықта өзек түрінде орындалған, сондай-ақ арамидтік (кевларлық) талшықтардан жасалынған диаметрі 8 мм және одан да үлкен жіптерді пайдалануға болады.

9.4.8 Ұстаушы тораптарды пайдаланумен өзін өзі сақтандыратын ілмектерді 0,7 кН кем емес үзілгіш күшке ие, диаметрі 6 – 8 мм болатын альпинистік жіптерден жасайды.

Ұстаушы тораптарды пайдаланумен өзін өзі сақтандыратын ілмектерді жасау кезінде репбаудың ұштары қарсы келетін түйіндермен («қарсы келген», «қарсы келген сегіздік», «грейпвайн») байлануы керек.

Өзін өзі сақтандыратын ілмектің барынша ұзындығы 2 м болуы керек.

9.4.9 Карабиннің көмегімен сақтандыру үшін арналған өзін өзі сақтандыратын ұштар диаметрі 9 мм-ден кем емес негізгі жіптерден жасалынады.

9.4.10 Негізгі жіптердің кесінділерін жасалынған сақтандыру ілмектері сақтандыру жіптерін тірек нүктелерімен жалғау үшін аралық түйіндер ретінде пайдаланылады. Пайдалану процесінде құрылымы, беріктік сипаттамалары және бақылау бойынша негізгі жіптерге қойылатын талаптар оларға да қойылады.

9.4.11 Өзін өзі сақтандыруды қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ тартқыштар және жұмыс және сақтандыру жіптерін ұзартқыштар ретінде пайдалану үшін үзілуге беріктігі 22,2 кН кем емес капрондық таспаларды пайдалануға рұқсат беріледі.

9.4.12 Тірек нүктесінде ілмектерді байлау және негізгі жіптерді бекіту тек өздігінен шешілуді болдырмайтын альпинистік тораптардың көмектерімен ғана орындалуы керек.

9.4.13 Ілмегі бар жүк тиелген және жүк тиелмеген сақтандыру жіптерін жалғастыруға тек муфтасы бар карабин арқылы ғана жүргізуге болады. Жіпті ілмекке байлауға немесе оны ілмек арқылы өткізуге болмайды.

9.4.14 Көмекші жіптер мен баулар тек көмекші функцияларды орындау үшін ғана арналған: ілмектерді, тосыннан шығарылған төменгі және жоғарғы байламдарды байлау және басқа да көмекші мақсаттар үшін. Көмекші жіптер мен баулардың қалыңдығы 7 – 8 мм, үзілуге беріктік – 9 кН-нан жоғары болуы керек.

Қалыңдығы 3 мм-ден 6 мм-ге дейін, беріктігі 2,3 кН-нан 7,3 кН-ға дейін бауларды альпинистік басқыштарды жасау, әртүрлі жүктерді және құралдарды іліп немесе басқа да жауапсыз жүктемелер кезінде оларды байламға немесе жұмыс орындығына (шабуылдау алаңшасына) байлау үшін пайдалануға болады.

9.4.15 Өнеркәсіптік альпинизмде пайдаланылатын болаттан жасалынған арқан келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:

-  кем дегенде тоғыз еселік үзілуге деген беріктікке ие болуы керек;

- жүктеме түскен кезде айналмауы керек;

- тоттанудан арнайы жабынмен, мысалы мырыштаумен қорғалуы немесе органикалық, май сіңдірілген өзекке ие болуы керек;

- арқанның қалыңдығы кем дегенде 8 мм болуы керек.

9.4.16  Арқанды ілу кезінде динамикалық сипаттамаларды жақсарту үшін арқан мен нүктелік тірек арасында диаметрі 10 – 12 мм болатын синтетикалық жіптің бәсеңдететін кесіндісін пайдалану ұсынылады.

9.4.17 Арқанды ілу кезінде оны сақинаға жинауға және жіп секілді лақтыруға болмайды.

Арқан жоғарыда тарқатылып және төменге біртіндеп түсірілуі керек.

Арқан шығарып алғаннан кейін дереу «сегіздік» айқастырылып оралуы керек.

Арқан шығарып алу аяқталғаннан кейін айқастырылып жиналуы, ал арқанның ұштары жіңішке баумен немесе оқшаулағыш таспамен оралуы керек.

Арқанды қарапайым орамаға орауға болады.

9.4.18 Болаттан жасалынған арқанды динамикалық жүктемелер (жұлқулар) болуы ықтимал жерлерде пайдалануға болмайды.

Тартылған құлақты бұрандалары немесе түйіндері бар арқанды пайдалануға болмайды.


9.5 Сақтандыру керек-жарақтары
9.5.1 Сақтандыру керек-жарақтарына қойылатын жалпы талаптар:

- сақтандыру жүйесі құлап келе жатқан жұмысшыға әсер ететін тежеудің барынша жоғары күші 8 кН шектеуі керек;

- сақтандыру жүйесі құлап келе жатқан жұмысшыға әсер ететін тежеудің барынша жоғары күші 8 кН шектеуі керек;

- сақтандыру жүйесі жұмысшының еркін құлауын 1,8 м аспайтынға дейін шектеуі керек.

9.5.2 Сақтандыру жүйесінде пайдаланылатын сақтандыру мұрттары:

- қалыңдығы 10 – 11 мм болатын синтетикалық динамикалық жіптерден жасалуы;

- жұмысшы денесінің салмағымен жұмысшыға сақтандыру мұрты бекітілген құрылғыға қолын жеткізуге және пайдалануға мүмкіндік беретін барынша ұзындыққа ие болуы;

- үзілуге кем дегенде 22,2 кН беріктікке ие болуы керек.

9.5.3 Энергия сіңіруші сақтандыру мұрты толық созылған қалыпта кем дегенде 22,2 кН болатын паспорттық беріктікке ие болуы керек.

9.5.4 Сақтандыру мұрттарының ұштарында пайдаланылатын түйіндер энергияны сіңіруге және үзілуге беріктікке қойылатын талаптарды есеп алумен таңдалуы және байлануы керек және тек өкілетті тұлғалармен ғана байлануы керек.

Сақтандыру мұртының пайдалану мерзімінің соңына дейін оның түйіндері шешілмеуі (тіпті жуу кезінде де) керек.

9.5.5 Сақтандыру ұшы тіпті оның сыртқы түрі зақымдануды көрсетпесе де, аспаны әрбір жоспарлық тексергеннен кейін жаңасына ауыстырылуы керек.

9.5.6 Ұстағыштар жұмысшыны сақтандыру жібіне бекіту үшін пайдаланылады.

Ұстағыштар жұмыс кезінде жиі кездесетін қоршаған орта жағдайларында, мысалы, ылғалды, лас, мұз қатқан, абразивті немесе тоттану жағдайларында пайдалану үшін олардың жарамдылығын есепке ала отырып таңдалуы керек.

Сақтандыру жіптерінің немесе құрылғының өзінің апаттық зақымдануынсыз, альпинистік операциялар нәтижесінде пайда болатын және оларға әсер етуі барлық болжанған күштерге төзімді болатын ұстағыштар пайдаланылуы керек.

9.5.7 Сақтандыру жүйесінде пайдаланылатын ұстағыштар:

- құлау немесе көтеруші жүйенің ақаулығы бар болған жағдайда сақтандыру жібін автоматты түрде ұстауы;

- өзіне сақтандыру жіптерінен қасақана емес шешуді болдырмау үшін арналған құралды қосуы;

- құрылғымен бірге пайдалануға болатын жіптердің барынша үлкен және барынша кіші диаметрлерін көрсететін өндірушінің тұрақты таңбалауының бар болуы;

- құрылғы орнатылуы керек, дұрыс бағыттау бөлшектері қашан керек болатынын көрсететін өндірушінің тұрақты таңбалауының бар болуы керек.

9.5.8 Жұмыс жібінің апаты немесе жұмысшының басқаруды жоғалтуы жағдайында ұстағыштар жіптердің апаттық зақымдануына алып келмей, сондай-ақ орын алуы мүмкін шектелген соққылық жүктемені сіңіре отырып сақтандыру жібінде жабылуы керек.

9.5.9 Ұстағыштар барлық уақытта жұмыс жіптерінің жүйесінің апаты орын алғанда жүктеме ұстағышта құлау болдырылмауы немесе ең аз болуы үшін сақтандыру жібінде орналастырылуы керек.

9.5.10 Жұмысшымен салмақты алдын ала шешусіз блоктан шығарылуы мүмкін ұстағыштарды пайдалану ұсынылады.

Осындай ұстағыштарды пайдалану кезінде жүктеме корпус арқылы емес жұдырықша арқылы түсуі керек.

Пайдаланушы тарапынан ең аз қимылдарды қажет ететін құрылғы пайдаланылуы керек.

9.5.11 Өзін өзі сақтау байламдарын анкерлік тартқыштарды тікелей бекітуге болатын сәйкес келетін анкерлер болмаған кезде пайдалануға болады. Өзін өзі сақтау байламдары тоқымадан, сымдық жіптен немесе шынжырдан жасалынуы керек. Егер өзін өзі сақтау байламдары тоқымадан жасалынатын болса, олар тігіліп жалғанған орындарға ие және ең азы 22,2 кН номиналды статикалық беріктікке ие болулары керек.

Пайдалану кезінде өзін өзі сақтау байламдарын абразивті тозудан немесе өткір жиектермен кесілуден қорғау керек (мысалы, сәйкес келетін астарларды пайдалану арқылы).

Бекіту нүктесіндегі аралас бұрыш үлкен және мультипликативті әсер берген кезде, яғни өзін өзі сақтау байламына жүктемені ұлғайтқан кезде (мысалы, өзін өзі сақтау байламы лифт шахтасында корпустың айналасында оралған кезде) осындай жағдайда пайда болатын қосымша күштерді есепке алу керек.


9.6 Желілік тіректермен түсу үшін арналған керек-жарақтар
9.6.1 Түсіру құрылғылары олар түсудің аяқталған жүйесі ретінде жұмыс істейтіндей және өндірушінің ұсыныстарына сәйкес пайдаланылатындай етіп таңдалуы керек.

Келесі әсерлер жұмыс жіптері үшін түсіру құрылғысын таңдау кезінде есепке алынуы керек:

- жіптің диаметрі, ол түсіру құрылғысын өндірушінің техникалық сипаттамасына жауап беруі керек;

- жіпті өңдеудің сипаттамалары;

- түсудің ұзындығы;

- жұмысшы мен жабдықтың салмағы;

- жұмыс кезінде жиі кездесетін қоршаған орта жағдайларында, мысалы, ылғалды, лас, мұз қатқан, абразивті немесе тоттану жағдайларында пайдалану үшін жарамдылық.

9.6.2 Түсіру құрылғылары жұмысшыға түсу жылдамдығын ыңғайлы басқаруға мүмкіндік беруі, тежеу кезінде жұмыс жібіне шамадан тыс соққылық жүктемені түсірмеуі және егер жұмысшы басқаруды жоғалтса түсуді тоқтататындай немесе тек баяу, «қолсыз» қалыпта автоматты түрде басқарылатын түсуге ғана мүмкіндік беретіндей болуы керек.

Түсіру құрылғылары оларды жұмыс жібінен кездейсоқ шешу мүмкін болмайтын және олар адамның салмағын тасу кезінде ешқандай жағдайларда шешіліп кетпейтін түрге жатуы керек.

Егер жалғастыру элементі түсіру құрылғысын жұмысшыға бекіту үшін пайдаланылатын болса, онда бұл мақсат үшін тек сәйкес келетін жабылатын жалғастыру элементі пайдаланылуы керек.

Ұзақ түсулер үшін ыңғайлы түсіру құрылғылары қолдардың күюін және жұмыс жібінің балқуын болдырмау үшін арналған жылуды таратудың жақсы қасиеттері бар, сондай-ақ жіптің оралуын азайтатын түсіру құрылғылары болып табылады.

9.6.3 Жұмыс жібінде пайдаланылатын түсіру құрылғысы:

- жіптің ол арқылы зақымданусыз бірқалыпты өтуін қамтамасыз етуі;

- жұмысшы түсуі үшін қолмен сөндірілуі керек тежеу механизмін өзіне қосуы керек. Тежеу механизмі жұмысшы қолын құрылғыдан алғаннан кейін қайтадан автоматты түрде қосылуы керек;

- жұмысшының екі қолыда бос болған кезде жұмысшыны жұмыс жібіндегі орынында ұстауға қабілетті болуы;

- қажет болған кезде жіпті құрылғы арқылы өткізудің дұрыс процедурасын көрсететін өндірушінің тұрақты таңбалауына ие болуы;

- оның арналу мақсаты, сипаттамалары және қолданылу саласы көрсетілген өндірушінің паспортына ие болуы керек.

9.6.4 Бір жіпке де, екі жіпке де арналған түсіру құрылғыларын пайдалануға болады.

9.6.5 Желілік тіректің түсіру құрылғысының элементтерін қапсыру бұрышы 360 градустан кем болмауы керек.

Түсіру құрылғысындағы желілік тірек бір жазықтыққа майысуы ұсынылады.


9.7 Желілік тіректермен көтерілу үшін арналған керек-жарақтар
9.7.1 Қысқыштар:

- тек қысқыштың өндірушісімен көрсетілген, сәйкес келетін диаметрдің жұмыс жіптерінде пайдаланылуы;

- құрылғыны жұмысшымен қасақана қимылдарды орындаусыз жұмыс жібімен төмен қарай жылжыту мүмкін болмайтын етіп жасалынуы;

- олар арқылы жүк тиелген және бос жіптердің тайғанауына жол бермеуі;

- құрылғыны жұмыс жібінен шешу үшін кем дегенде өзгеше екі қасақана әрекет қажет болатындай етіп жасалынуы;

- өндірушімен бірінші кезекте адамды жіппен көтеру құралы ретінде пайдалану үшін арналуы;

- көтеру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде пайдаланылуы;

- құлаудан сақтандыру ретінде пайдаланылмауы;

- оның арналу мақсаты, рұқсат берілген жүктемелері және қолданылу саласы көрсетілген өндірушінің паспортына ие болуы керек.

9.7.2 Қысқыштар жұмыс кезінде жиі кездесетін қоршаған орта жағдайларында, мысалы, ылғалды, лас, мұз қатқан, абразивті немесе тоттану жағдайларында пайдалану үшін олардың жарамдылығын есепке ала отырып таңдалуы керек.

9.7.3 Қысқыштар жіптен кездейсоқ ажыратылуы мүмкін болмайтын түрге жатуы және пайдалану кезінде жіптің зақымдану тәуекелі ең төмен болатындай етіп таңдалынуы керек.

Қысқыштың кез келген динамикалық жүктемесінен сақтану керек, себебі бұл қысқыштың немесе жіптің зақымдануында апарар.

9.7.4 Өзін өзі сақтандыру үшін тек осы мақсат үшін пайдалану өндірушімен ұсынылған және пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қысқыштарды ғана пайдалануға болады.

Өзін өзі сақтандыру үшін арналмаған қысқыштар жіппен жұмысшының тек қосымша сақтандырумен ғана, мысалы, ұстаушы тораптың көмегімен жылжу үшін қолданылады.

9.7.5 Әрекет ету қағидалары бойынша қысқыштар екі негізгі түрге бөлінеді:

- көтеруші корпусы бар қысқыштар, яғни корпустағы арнайы тесікке бекітілген карабин арқылы жүктеме берілетін қысқыштар;

- көтеруші жұдырықшасы бар қысқыштар, яғни рычагтық түрдің тесігіне бекітілген карабин арқылы жүктеме берілетін қысқыштар.

Көтеруші корпусы бар қысқыштарды желілік тірек ретінде диаметрі 8 – 12 мм болатын синтетикалық жіптер пайдаланылған кезде пайдалануға болады.

9.7.6 Көтеру жүйелерінде пайдаланылатын блоктар егер өндірушімен өзге бекіткіш қарастырылмаса, осьтерде (саусақтарда) қисаюсыз және ұстап қалынбай еркін айналуы және осьтердің (саусақтардың) проушиналардан түсуіне кедергі келтіретін бекіткіштерге (шплинттерге) ие болуы керек.
9.8 Анкерлер мен тартқыштар
9.8.1 Егер анкерлердің көтеруші қабілеті статикалық жеке жүктеме кезінде беріктіктің төрт еселік қорымен бір адамға деп есептегенде (қажетті жабдықтармен және керек-жарақтармен бірге) немесе 5 минут ішінде 7,5 кН күшпен жұмыс бағытында екі еселік жүктемемен – 6,0 кН кем емес, 3-ші біліктілік разрядының өнеркәсіптік альпинисттерінен тұратын үш сарапшының бағалауы бойынша пайдалану үшін жарамды болып табылады.

9.8.2 Жарамды анкерлер наряд-рұқсатта және/немесе жұмыстарды ұйымдастыру жобасында көрсетіледі.

9.8.3 Анкерге бекіту үшін пайдаланылатын тартқыштар:

- синтетикалық талшықтардан немесе болаттан жасалынған сымнан жасалынуы керек;

- немесе білікті тұлғамен сәйкес келетін тораптарды пайдаланумен созылуы төмен жіптен немесе ілмектен жасалынуы;

- немесе адамды ұстау үшін арналынған түрден болуы және анық көрсетілген үзілуге беріктікке ие болуы керек.

9.8.4 Болаттан жасалынған сымдық жіптік тартқыштар анық көрсетілген үзілуге беріктікпен біртұтас бұйым болуы және престелген металдан жасалынған гильзаға бекітілген ұштарға ие болуы керек.

Болаттан жасалынған сымдық жіптер пайдаланылып жатқан кезде, жалғастыру элементтері болаттан жасалынуы керек.

Құрылысқа бірнеше бекіткішті пайдаланатын анкерлік жүйелерге арналған бекіту кез келген жеке алынған бекіткіштің жұмыстан бас тартуы қандай да бір бекіткіштің бас тартуына алып келмейтіндей жүргізілуі керек.

9.8.5 Анкерлерге және анкерлік жүйелерге арналған бекіткіштер бір бекіту нүктесінің жұмыстан бас тартуы жағдайында жұмысшы 1,8 м асатын биіктіктен (тереңдікке) құламайтын етіп, және бекітудің кез келген нүктесінің жұмыстан бас тартуы жүйенің басқа бөліктерінің бірінен кейін бірінің жұмыстан бас тартуы секілді апаттық бас тартуға алып келмейтіндей етіп жүргізілуі керек.

9.8.6 Анкердің құрылғысы үшін пайдаланылатын тартқыштар мен жіптер олар абразивті тозуға немесе кесілуге ұшырайтын барлық жерлерде қорғалуы керек.

Жіптерді қорғаудың сәйкес келетін құрылғысы білікті тұлғамен таңдалуы керек.


9.9 Жалғастыру элементтері
9.9.1 Сақтандыру жүйесінің немесе көтеруші жүйесінің құрылымында пайдаланылатын жалғастыру элементтері (карабиндер, жалғастыру түйіндері):

- зауытта жасалынған болуы;

- кем дегенде осьтің ұзындығынан 22,2 кН және осьтің көлденеңінен 7,0 кН паспорттық беріктікке ие болуы;

- өндірушімен адамдарды ұстау үшін арналған болуы;

- жалғастыру элементінің (мысалы, карабиндегі бұралатын муфта) кездейсоқ ашылуын болдырмайтын бекіткішке (сақтандырғышқа) ие болуы керек.

Жалғастыру элементінің бекіткіші кем дегенде екі өзгеше қасақана қимылдарды пайдаланумен ашылуы керек.

Бекіткіштері жоқ жалғастыру элементтерін тек көмекші операциялар үшін ғана пайдалануға болады.

9.9.2 Болаттан жасалынған жалғастыру элементтері болаттан жасалынған арқандарды, қапсырмаларды немесе проушиналары бар болттарды жалғау кезінде пайдаланылуы керек.

Алюминийден жасалынған жалғастыру элементтерін пайдалану кезінде олар соғылғаннан кейін қажып сынуға көбірек ұшырайтынын және болатпен жалғаған кезде тез тозатынын есепке алу керек (мысалы, көлденең анкерлік желідегі болаттан жасалынған арқанға бекітілген алюминийден жасалынған жалғастыру элементі).

Алюминийден жасалынған жалғастыру элементтерін өте жанғыш орталарда пайдалануға тыйым салынады.

9.9.3 Анкерге бекіту үшін пайдаланылуы керек жалғастыру элементтері (мысалы, шығыршық, проушиналары бар болт немесе қапсырма) олар анкерде еркін айналатындай және анкерге кедергі келтірмей және босатпай дұрыс орналасатындай дизайн мен көлемде болуы керек.

9.9.4 Келесі жағдайларда жалғастыру элементтеріне жүктемелер түсіруден сақтану керек:

- бекіткіш ашық болғанда;

- қысқа осьтің бойымен;

- бір уақытта бір осьтен асатын бойымен;

- бірнеше тартқыштармен немесе жалпақ тартқыштармен;

- жиек арқылы;

- тізбекке жалғанған бірнеше жалғастыру элементтері түрінде.

9.9.5 Жалғастыру элементін таңдау кезінде жалғастыру элементінің пайдаланылатын бекіту жүйесінің түрін және жалғастыру элементі альпинистік жүйеде қалай және қай жерде пайдаланылатынын есепке алу керек.

Жалғастыру элементінің бекіткішіне кездейсоқ әсердің екі ықтимал әдісін есепке алу керек:

- бұралмалы сақтандырғышы бар ысырмалардың кейбір түрлерінің үстінен өтетін, жіптердің немесе ілмектердің әрекеті;

- жұмысшының денесіне немесе құрылысқа қос әрекеттік ысырмасы бар ілгектердегі сақтандырғыштың қасақана емес қысылуы.

Пайдалану кезінде жалғастыру элементіне жүктемелер қалай салынуы мүмкін екенін алдын ала есептеу, содан кейін нақты жағдай үшін дұрыс жалғастыру элементін таңдау ұсынылады.

9.9.6 Мүмкін болған жағдайда жоғалтылмайтын тартпасы бар жалғастыру элементтерін пайдалану ұсынылады, онда сақтандыру мұрты немесе басқа құрамдас бөлік бастапқы қалыпта ұсталып тұрады.

9.9.7 Егер жалғастыру элементі асимметриялық түрге ие болса, жүктеме параллельді және жалғастыру элементінің тірек осьіне жақын салынуы керек.

D-тәрізді карабиндерді пайдалану ұсынылады.

Сопақ карабиндерді блоктар мен ұстағыштар секілді құрылғыларда жүктемені оңтайлы орталандыру үшін пайдалану ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет