Ш. М. Жумадина Химиялық технологиялар және жаратылыстану оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 2012 ж., № хаттамасы



Дата11.07.2016
өлшемі155.38 Kb.
#192576
түріЖұмыс бағдарламасы

Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы





ПМУ ҰС Н 7.18.3/30


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Биология және экология кафедрасы
Жасушалық биология пәнінен

6М060700 - Биология мамандығының магистранттарына арналған


жұмыс ОҚУ бағдарламасы

Павлодар



Мамандығының мемелекеттік стандарты және типтік оқу бағдарламасы негізінде әзірленген жұмыс бағдарламасының бекіту парағы







ПМУ ҰС Н 7.18.3/31


БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

_______________ Н.Э. Пфейфер 2012 ж.“____”_____________

Құрастырушы: б. ғ. к., доцент Нурлина А.Б. ___________
Биология және экология кафедрасы
Жасушалық биология пәні бойынша
6М060700 - Биология мамандығының магистранттарына арналған


ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жұмыс бағдарламасы 20___ ж. «____»____________ бекітілген жұмыс оқу жоспарларының және мамандықтың элективті пәндер каталогының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 2012 ж. «___»_________________ №_____хаттама
Кафедра меңгерушісі ___________________ Ш.М. Жумадина
Химиялық технологиялар және жаратылыстану оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды «___» ___________ 2012 ж., № ___ хаттамасы
ОӘК төрағасы _____________________ Р.Ж. Нургожин


КЕЛІСІЛДІ

ХТжЖ деканы _____________ К.К. Ахметов 2012 ж. «____» _____


МАҚҰЛДАНДЫ
ОӘІ бастығы _________________ А.А. Варакута 2012 ж. «____»__________

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

2012 ж. «___»______________ №____ Хаттама








  1. Пәннің мақсаты мен міндеттері:

Пәннің мақсаты – про- және эукариотты клеткалардың атқарушы және реттеуші механизмдері, молекулалық ұйымдасуы, құрылымы туралы қазіргі кездегі қөзқарастар мен фундаменталды негіздерімен таныстыру.

Пәннің міндеттері:



  • тірі клеткалардың молекулалық ұйымдасуы мен реттеуші механизмдерін құрылысының фундаменталды негіздерін беру;

  • клетка эволюциясы, клетканың ортамен қарым-қатынасы, энергетикасы, клетканың қорғану механизмдері, клеткааралық байланыстар, клетка репродукциясы мен цитодифференцировка туралы түсініктер беру.

Магистрант біліуі керек:

  • бактериялардың, өсімдіктер және жануарлар клеткаларының құрылысы мен қызметі жағынан ұқсастықтары мен айырмашылықтарын байқап, оны түсіну.

Магистрант істей біліуі керек:



  • көп клеткалы организмнің клеткалық популяцияларының құрамын тұжырымдауын;

  • ультрақұрылымдық микроскопия, сандық цитохимия, аналитикалық цитология, молекулалық биологияның цитогенетикалық әдістерін меңгеру қажет.




  1. Пререквизиттері: мамандыққа кіріспе, цитология, генетика, микробиология, молекулалық биология, жануарлардың физиологиясы, биохимия, адамның анатомиясы, жеке даму биологиясы, экология.


3 Постреквизиттері: Павлодар өңірінің қосқанат қансорғыштары, Табиғатты қорғау заңдары, Ф.
4 Пәннің мазмұны

4.1 Пәннің тақырыптық жоспары






п/п

Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Дәр.

Тәж.

МӨЖ

1

Кіріспе.

1

-

12

2

Клеткалар эволюциясының негізгі кезеңдері.

1

-

12

3

Қоршаған ортамен клетканың қарым-қатынас.

3

5

12

4

Ядролық геномның ұйымдасу және эволюциясы.

1

-

12

5

Клетка бөлінуінің механизмдері.

2

2

12

6

Биомембрананың құрылымы, қызметі және молекулалық ұйымдасу.

2

2

12

7

Клеткааралық сигнализация.

1

2

12

8

Цитоқанқаның ұйымдасуы.

2

2

12

9

Клеткадағы энергия түзілу механизмдері.

1

-

12

10

Бағдарланған клеткалық өлім.

1

2

12

БАРЛЫҒЫ:

15

15

120



4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұны

1 тақырып. Кіріспе.

Биология ғылымының соңғы 50 жыл ішінде көптеген жетістіктері. Зерттеушілердің қызығышылығының қеңеюі мен жаңа методикалық көзқарастардың дамуы. Клеткалық биологияның осы замандағы мәселелері мен жетістіктері және клетка ғылымының тарихы.



2 тақырып. Клеткалар эволюциясының негізі кезеңдері.

Тіршілік алдындағы молекулалық эволюция. Аминоқышқылдардың нуклеотидтердің, липидтердің атомдар мен жай қосылыстардың пайда болуы қамтамасыз еткен геохимиялық және геофизикалық факторлар. Клетка эволюциясының жолы жіне көп клеткалы организмдердің пайда болуы. Клеткалардың негізгі типтері және алуан түрлері.



3 тақырып. Қоршаған ортамен клетканың қарым-қатынас.

Физикалық ортадағы клеткаға әсер ететін негізгі факторлар (гравитациялық өріс және акустикалық толқын, электрлік өріс және электромагнитті толқын). Химиялық қоршаған ортаның табиғи және антропогенді факторлар (қоректік заттар, реттегіш молекулалар, геномдар және ксенобиотиктер). Клетка мен организмдердің кооперациясы және бір-бірімен бәсекелестілігі.



4 тақырып. Ядролық геномның ұйымдасуы және эволюциясы. Клетка ядросының ұйымдасуына қазіргі кездегі қөзқарас. Ядролық саңылаулардың және ядролық қабықшалардың құрылысы. Хромосоманың құрылымы және репликациясы. РНҚ процессингі және синтезі. Геннің экспрессиясының бақылануы. Клетка дифференцировкасы және оның гендері мен цитоплазманың рөлі. Детерминация және копметенция.

5 тақырып. Клетка бөлінуінің механизмдері.

Клеткалардың бөлінуі және өсуі. Клетка циклының фазасы және олардың бір-бірімен байланысы. Сүтқоректілердегі клетка бөлінуінің реттелуі. Митоздың стимуляция факторы. Циклиндер. Алғашқы және кейінгі қалдырылған жауапты қамтамасыз ететін гендер. Миграциялаушы клетка. Бағана клеткалары және олардың популяциясын реттеу. Патологиялық және қалыпты жағдайдағы бағана клеткалардың рөлі.



6 тақырып. Биомембрананың құрылымы, қызметі және молекулалық ұйымдасуы.

Биомембрана тұрақтылығын анықтаушы факторлар. Биомембрананың ультрақұрылымы мен химиялық құрамы. Белоктар мен липидтердің биомембранада шоғырлануы. Мембрана ішіндегі компоненттердің молекулааралық байланыстары мен қозғаласы (электростатикалық, дисперсиялық, гидрофобты).



7 тақырып. Клеткааралық сигнализация.

Клеткааралық қарым-қатынас. Эндокринді, паракринді және синапстың жүйенің химиялық сигнализациясы. Екінші реттік мессенджерлер, клетка бетінің рецепторлары. Бір клеткадан басқа клеткағасигнал беру жолдары (аденициклазды, гуанициклазды, фосфоинозитті). Арахидон қышқылының және оның туындыларының клеткаішілік сигнализация процестеріне қатысуы Са2+ рөлі. STAT- белок көмегімен сигналды клеткалық рецепторлардан геномға жеткізу.



8 тақырып. Цитоқанқаның ұйымдасуы.

Қозғалысты қамтамасыз ететін орындаушы мехапнизмдердің негізгі типтері мен молекулалық ұйымдасуы. Цитоқанқаның транспортты және тітіркену қызметі. Микротүтікшелер мен актинді жіпшелердің полимеризациясы (деполимеризация) және өзара әсерлерінің негізінде қамтамасыз етілетін қозғалыс жүйесі. Цитоқанқаның құрылысы және қайта құрылуы. Тубулиндер, G- және F-актин миозин, МАР, БАМ және басқа цитоқанқа құрылымына «конструктур» болатын белоктар. Микрофиламенттер, микротүтікшелер, аралық филаменттер.



9 тақырып. Клеткадағы энергия түзілу механизмдері.

Пластид пен митохондрияның молекулалық жіне ультрақұрылымдық ұйымдасуы. Энергия түзілуінің алғашқы механизмі, редокс циклі және клетка цитозоліндегі макроорганикалық қосылыстардың синтезі. Тотығу фосфорлану және фотосинтетикалық процестердегі энергия түзілуі. АТФ синтезінің хемиосмостың теориясы. Энергия түзілуінің екінші қатардағы механизмі. Механикалық қозғалысты, заттарды трансмембраналық тасымалдануын, биосинтезді, клетка бөлінуін энергиямен қамтамасыз ету жолдары.



10 тақырып. Бағдарланған клеткалық өлім.

Клеткалық өлім: некроз жіне апоптоз. Апоптоз жіне некроздың биохимиялық және морфологиялық айырмашылығы. Бағдарланған клеткалық өлімнің реттеуші факторлары (апоптоз). Каспазалар. р53 белогы. Токсиндер.


4.3 Практикалық (семинар) сабақтардың мазмұны мен тізімі

1 тақырып. Клеткаішілік транспорттың вакуолдық жүйесі.

  1. Вакуолдық жүйе қызметінің жалпы сипаттамасы. Вакуолдық жүйдегі органоидтардың қарым-қатынас.

  2. Гранулярлық эндоплазмалық тордың құрылысы мен қызметі туралы қазіргі кездегі қөзқарастар.

  3. Еритін белоктардың котрансляциялық транспорты. Мембраналық белоктың синтезі.

  4. Гольджи аппараты мен ЭПС-тың аралық транспорты.

2 тақырып. Пластинкалық комплекстің қызметі, құрылымы туралы қазіргі кездегі қөзқарастар.

  1. К. Гольджидің пластинкалық комплексінің ашылу тарихы.

  2. Әр түрлі типтегі клеткалардағы Гольджи аппаратының ұйымдасу ерекшелектері.

  3. Цис- және транс- Гольджи торы. Гольджи аппаратындағы белоктардың сұрыптау және модификациялау.

3 тақырып. Лизосом құрылымы мен қызметі туралы қазіргі кездегі.

  1. Лизосоманың ашылу тарихы.

  2. Лизосомның молекулалық маркерлері. Лизосом класификациясы.

  3. Лизосомдық ферменттер жиынтығы.

  4. Лизосом қызметі. Лизосомдық аурулар (тұқым қуалаушы және жүре пайда болатын).

4 тақырып. Клеткадағы везикулярлы тасымалдау (эндо және экзоцитоз).

  1. Спецификалық емес және спецификалық эндоцитоз.

  2. Сырты қоршалған қөпіршіктердің, пайда болатын жері, қызметі және маңызы.

5 тақырып. Цитоқанқаның қызметі мен құрылысы.

  1. Микротүтікшелердің молекулалық құрылымы.

  2. Микрофиламенттердің ультрақұрылымдық және молекулалық ұйымдасу.

  3. Жасушаның аралық филаменттерінің молекулалық ұйымдасуы.

6 тақырып. Эукариот жасушаның культурасы.

  1. Жасуша культурасын алудың қазіргі кездегі технологиясы. Эукариотты жасушалардың культурасы.

  2. Қартаю. Мутанттарды сұрыптау.

  3. Жасушалық линия: in vitro жасушаның дифференцитровкасы.

  4. Әр түрлі жануарлардан және ұлпалардан жасуша культурасының алыну әдісі (фибробластар, эпителий жасушалар, гипатоциттер және т.б.).

7 тақырып. Қоршаған ортаның қолайсыз факторларының эсерінең жасушалардың қорғану механизмдері.

  1. Ксенобиотиктердің метаболизмін катализдейтін ЭПС ферменттерінің молекулалық ұйымдасу.

  2. Жасушаның антиоксидантты жүйелері.

8 тақырып. Эукариот жасушалардағы хромосом ұйымдасу.

  1. Хромосомның морфологиялық идентификациясы.

  2. Хромосомның нәзік құрылымы.

  3. Соматикалық жасушаның ішінен шығатын хромосом аномалиясы.

9 тақырып. Жасуша орталығының ұйымдасуының қазіргі кездегі қөзқарастары.

  1. Біржасушалы организмдердің, өсімдіктердің, жануарлардың микротүтікшелерінің ұйымдасу орталықтары.

  2. Центросомның және центриольдің құрылысы. Центросомды цикл.

10 тақырып. Плазматикалық және жасушаішілік мембраналардың қызметі.

  1. Плазматикалық және жасушаішілік мембрананың реттеуші, тасымалдаушы, барьерлік қызметі.

  2. Биомембраналар арқылы заттардың пассивті, энергия тәуелді және активті тасымалдануы. Биомембраналар арқылы тасымалданатын заттардың жылдамдығын анықтаушы факторлар.

  3. Трансмембраналық заттар тасымалдануының қозғаушы күші, электрохимиялық потенциалды рөлі. Мембраналық тасымалдау жүйесінің молекулалық ұйымдасуы (қозғалғыш, тасымалдаушылар, ионды каналдар, тасымалдаушы АТФазалар).

11 тақырып. Рецепция және жасушааралық қарым-қатынас.

  1. Ақпараттарды таңдамалы түрде қабылдау механизмі мен жолы және сыртқы сигналдардың әсерлерін жасушалардың іске асыруы.

  2. Фото-, механо-, термо- және хеморецепторлар құрылымы. Сигналдардың трансмембраналық берілу жолдары.

  3. Сыртқы сигналдарды қабылдауда жасушалық функцияларды басқару әдісі мен механизмі. Жасушааралық тану (гемофильді және гетерофильді адгезиялық белоктар).

  4. Жасушааралық арнаулы байланыстар.

Әдебиет: [1-9]

4.4 Магистраттардың өздік жұмысының мазмұны

4.4.1 МӨЖ түрлерінің тізімі


МӨЖ түрі
Есеп беру түрі
Бақылау формасы мен түрі
Сағат көлемі
1
Дәрістік сабақтарға дайындық
Сабақтарда қатысу
30
3
Тәжірибиелік сабақтарға дайындық
Конспект
Сабақта жауап беру
15
4
Аудитория сабағының мазмұнына кірмеген материалды меңгеру
Конспект
(және басқалар)
Коллоквиум
(және басқалар)
40
5
Бақылау шараларына дайындық
МБ 1, МБ 2, коллоквиум (тестілеу және басқалар)
5
Барлығы:
90

4.4.2 Магистранттардың өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі

  1. Ферменттер. Жұмыс атқару механизмі.

  2. Эукариот және прокариоттардағы жасушааралық қарым-қатынастар.

  3. Вирустар. Эволюциялық шығу тегі.

  4. Биотехнология және генетикалық инженерияның соңғы жетістіктері.

  5. Онкологияның молекулярлық негіздері.

  6. Басқа жасушаларға тұқымдық қаситеттерді еңгізу.

  7. Цитоқанқанның жиырылуы мен тасымалдау қызметтері.

  8. Бастауыш жасушалар және олардың популяциясының реттеу.

  9. Жасушалық теорияларының пайда болуы мен дамуы.

  10. Жасушаның органикалық және бейорганикалық заттар.

  11. Гендердің табиғаты.

Әдебиет: [1-9]
5 Әдебиетер тізімі

Негізгі

  1. Грин Н., Cтаут У, Тейлор Д. Биология. – М.: Мир, 2001. – тт. 1-3.

  2. Молекулярная биология клетки. – М.: Мир, 2002. – т.т.1-5.

  3. Ченцов Ю.С. Введение в клеточную биологию. М.: Академкнига, 2004. –495 с.


Қосымша:

  1. Свенсен К., Уэбстер П. Клетка. – М.: Мир, 2004.

  2. Босток К., Самнер Э. Хромосома эукариотической клетки. М.: Мир, 2009.

  3. Епифанова О. Н. Лекции о клеточном цикле. – М: Scientific press, 2004. – 321 с.

  4. Журналы «Цитология», «Молекулярная биология», «Успехи современной биологии» и др.

  5. Короленко Т.А. Катаболизм белка в лизосомах. Новосибирск, Наука, 2003. – 245с.

  6. Костюк П.Г. Клеточная сигнализация. М., Наука, 1999. – 342 с.



Мамандықтың жұмыс оқу жоспарынан көшірме




ПМУ ҰС Н 7.18.3/32

6М060700 – Биология мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме



Пән атауы Жасушалық биология


Оқу нысаны

Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр бойынша бақылау түрлері

Семестр

Семестр бойынша магистранттардың жұмыстарының көлемі

ккре-дит-тер

академиялық сағат

кредиттер

аудиториялық сабақ

(ак. сағат)



МӨЖ

(ак. сағат)



ббар-лығы

аауд

СМӨЖ

еемт

ссын

ККЖ-а

ККЖ-с

барлығы

дәр

пр.

зертх

барлығы

СМӨЖ

ЖБО негі-зіндегі күндізгі

2

150

30

120

1

--

-

--


-

4

1

2


30

15


15

-

120

30

Кафедра меңгерушісі _________Ш.М. Жумадина 2012 ж. «___» ________








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет