Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор


Actions  – үрейге  қарамастан  әрекет ету Repeat



Pdf көрінісі
бет86/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

Actions 

үрейге 
қарамастан 
әрекет ету
Repeat 

қайталау
Expect 

жетістікті 
күту


160 
Флудинг техникасы 
Флудинг (flooding) сөзі ағылшын тілінен аударғанда бату де-
ген мағынаны білдіреді. Алғаш флудинг техникасы Полиннің жұ-
мыстарында (1959 ж.) кездесе бастады.
Бұл мақсатты бағытталған жоспар негізінде үреймен жұмыс. 
Бұл техниканың идеясы қорқыныштың тригеррлерімен қайта-
қайта, ұзақ кездесуде эмоционалды реакция азаяды.
Оның орнына басқа нейрондық қатынас пайда болады: «қау-
іпті дегенім мүлдем қауіпті емес». Профессор Стефан Хоффман 
экспозиция техникасын – өзіне назар аударудан және көпшілік 
алдында қателік жасаудан қорқатын тұлғалармен жұмыста қол-
дану қажет деп санаған.
Үреймен жұмыста экспозицияның екі түрі қолданылады: 
шынайы (in vivo) және жалған (in sensu). Жалған экспозиция те-
рапияға дайындық барысында немесе жеке жұмыс формасында 
қолданылады. Екі экспозицияның түрі жұмыста бірдей қолданы-
лады, алдымен, жалған дүниемен жұмыс істейді, содан кейін 
шынайы әлемді түзетуге тырысады.
Хоффман бұл техниканы қолдау процесі жүзеге асатын топ-
тық жұмыста қолдануға болатынын көрсетеді. Мысалы, көпші-
ліктің алдына шығудан қорқатын тұлға жаттығу барысында қоғ-
амдық жерде тұрып сөз сөйлеу, музыка ойнау, ән айту және т.б. 
Өз қорқынышымен кездесу, барлық қобалжу мен үрейді саналы 
түрде қабылдау процесі жүзеге асады. Бұл жаттығуды саналы 
түрде бірнеше рет қайталай отырып, қолайсыз сезімдерге үйрену, 
айырылу процесі жүзеге асады. 
Әлеуметтік қолайсыз жайттарға көзқарасы өзгереді.
«Торт» техникасы 
Графикалық ақпараттарды қабылдау процесі тез жүретін 
болғандықтан, диаграмманы үреймен жұмыс істеу барысында те-
рапия құралы ретінде қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет