168
нің айнасы және ондағы тұлғаның іс-әрекеттері анық. Тұлғаның
бұрынғы уақыттағы позитивті және
негативті тәжірибелерімен
жұмыс істеуге болады. Мысалы,
бұрынғы жарыстарда жеңген
сәтін позитивті тәжірибе ретінде пайдалана отырып, қорқыныш-
пен күресте тірек ретінде қолдануға болады. Бұл тірек «бір рет
қолымнан келді, екінші рет те қолымнан келеді» деген зәкірмен
ұштасады.
Мақсаты:
«Өткеннен хат» қалдыру болашақтағы Менді қол-
дау үшін қажет. Жеңіліс пен жеңістерден құралған өтпелі кезең-
дерден хат өзін-өзі қолдаудың маңызын көрсетеді. Мұнда өткен
шақ ресурстық рөл атқарады.
Барысы:
Қорқыныштарыңызды
жеңгеннен кейін болашақ
өзіңізге хат жазыңыз.
–
«болашақ Мен» сезімін түсінуге тырысыңыз;
–
қазіргі өзіңізге сенімді, мықты, белсенді күйіңізбен бөлісіңіз;
–
қорқынышты жеңуге әсер еткен ойлар, іс-әрекет, сенім-
дер, әрекет немесе әрекетсіздіктерді еске түсіріңіз;
–
өзіңізді қолдап, алғыс айтыңыз!
Хатты өзіңізге белгілі жерге сақтап қойыңыз, әр сәтсіздікте
қолдау хат сізге демеу болады.
Аталған әдістер кез келген қорқынышты басқару мен жеңуге
бағытталады.
Арт-терапия
Арт-терапия (ағылшын тілінен аударғанда art – өнер, therapy
– терапия дегенді білдіреді) –
тұлғаның шығармашылық іс-
әрекеттеріне негізделген психотерапияның саласы. Қазіргі таңда
кең етек жая бастаған
саланы алғаш рет тек сырқат, ауру
адамдарды емдеуге ғана пайдаланды.
Хилл бұл ұғымды тубер-
кулез ауруына шалдыққан пациенттерімен
жұмысын сипаттау
үшін қолданған болатын. Ал АҚШ пен Германияда екінші дүние-
жүзілік соғыстан кейін фашистік лагерлерде күйзеліске ұшыра-
ған балалардың эмоциялық-тұлғалық мәселелерін түзету мақса-
тында қолданды.
Заманауи арт-терапияның негізгі үш бағыты көрсетіледі:
1. Клиникалық арт-терапия
медицинада көмекші терапия
ретінде қолданылады. Қарым-қатынасқа түсуде
қиындығы бар
пациенттермен қолдануға тиімді.
169
2. Психологиялық мәселелері бар адамдармен жұмыс істеу-
де қолданылатын нақты өмірлік мәселелерді шешуге бағыттал-
ған арт-терапия.
3. Тұлғаның дамуы мен өзін-өзі
жетілдіруге бағытталған
арт-терапия.
Достарыңызбен бөлісу: